Almaty TV
4.33K subscribers
19.7K photos
4.01K videos
26 files
11.1K links
«Алматы» телеарнасының ресми Telegram парақшасы

Ресми сайт: https://almaty.tv
Instagram: https://www.instagram.com/almaty.tv/
YouTube: https://youtube.com/c/AlmatyUS
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.tv
Twitter: https://twitter.com/almaty_tv
Download Telegram
Сенбілік барысында Eco Almaty қызметкерлері 25 текше метрден астам қоқыс шығарды

Алматы қаласының Жетісу ауданында «Eco Almaty» ЖШС қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Жұмыстар Райымбек даңғылы мен Аэродромная көшесінің қиылысында, Есентай өзенінің арнасы бойында жүргізілді.

Іс-шараға компанияның 80 қызметкері қатысты. Сенбілік барысында аумақ санитарлық тазалаудан өтіп, қоқыс жиналып шығарылды, іргелес аумақтар ретке келтірілді.

Жұмыс қорытындысы бойынша 25 текше метрден астам қалдық шығарылды.

Мұндай іс-шаралар қалалық ортаның тазалығын сақтауға және аумақтардың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.
Алматыда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына 36 мыңнан астам тұрғын қатысты

2026 жылғы 11 сәуірде Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбіліктер өтті. Іс-шаралар қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға, санитарлық мәдениетті арттыруға және ортаны көркейтуге бағытталды.

«Мөлдір бұлақ» акциясы сегіз ауданның 23 нысанын қамтыды. Оған 36 300 адам қатысып, 365 техника жұмылдырылды.

Нәтижесінде 2590 текше метр қоқыс шығарылып, 50 ағаш пен 700 бұта егілді.

Ең көп қатысушылар Медеу мен Алатау аудандарында болды — 15 мыңнан астам адам. Сондай-ақ Бостандық, Әуезов және Наурызбай аудандарында да кең ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Тазалық жұмыстары өзен жағалауларында, аулаларда, саябақтарда және қоғамдық орындарда өтті. Ерекше назар арық жүйелері мен жасыл аймақтарға аударылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Шавкат Мирзиёевке қонақжайлықпен қарсы алып, бүгінгі бейресми кездесуді ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді.

Президент 2,5 мың жылдан аса тарихы бар киелі Бұхара шаһары әлемдік тарихи-мәдени мұраның ажырамас бөлігі саналатынын атап өтті.
Almaty TV
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Шавкат Мирзиёевке қонақжайлықпен қарсы алып, бүгінгі бейресми кездесуді ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді. Президент…
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентінің «Таза ауа» бастамасына қолдау білдіріп, бұл жоба Қазақстанның ірі қалалары үшін де өзекті екеніне тоқталды

– Сіздің таза ауаға қатысты бастамаңызды құптаймын. Ташкенттегі экологиялық жағдайға алаңдаушылық білдіруіңізді түсінемін. Біздің Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі. Өкінішке қарай, Алматы әлемдегі ауасы ластанған ірі қалалар қатарында тұр. Сондықтан шұғыл шаралар қабылдау қажет. Егер Сіз қарсы болмасаңыз, «Таза ауа» бастамасын бірлесіп іске асыруды ұсынамыз. Президенттер ұйытқы болған бұл жобаны үкіметтеріміз жүзеге асырады. Жұртшылық пен халықаралық қоғамдастық мұны қуаттайды деп санаймын. Шын мәнінде, бұл бастама аясында көп іс атқаруға болады. Осы арқылы жергілікті билік пен кәсіпкерлер экологияны қорғауда, табиғатты аялауда жауапкершілік жүгін жете сезінеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Almaty TV
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентінің «Таза ауа» бастамасына қолдау білдіріп, бұл жоба Қазақстанның ірі қалалары үшін де өзекті екеніне тоқталды – Сіздің таза ауаға қатысты бастамаңызды құптаймын. Ташкенттегі экологиялық жағдайға алаңдаушылық білдіруіңізді…
Президент Узбекистана передал Президенту Казахстана ряд исторических документов

Во время неформальной встречи в Бухаре Шавкат Мирзиёев передал Касым-Жомарту Токаеву  ряд архивных материалов.

В частности, казахстанской стороне предоставлены копии найденных в Узбекистане ценных документов, чертежей и фотоматериалов 1920–1950-х годов, имеющих отношение к мавзолеям Ходжи Ахмеда Яссауи и Рабии Султан Бегим в Туркестане.

Данные материалы, многие из которых до настоящего времени не вводились в научный оборот, имеют большую культурную  и историческую ценность.
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бұхарада Жасанды интеллект бойынша өтіп жатқан жалпыұлттық хакатонды тамашалады.

Мемлекеттер басшыларына бұл сайыс ІТ және жасанды интеллект салаларын меңгерген талантты жастарды тауып, оларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылғаны баяндалды.

Хакатон білім беру мекемелері, бизнес және мемлекеттік құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді. Хакатонға қатысушылар медицина, білім беру технологиялары, сондай-ақ кәсіпкерлік бағыттарындағы нақты міндеттердің түйінін тарқатумен айналысады.

Өңірлік жарысқа мыңнан астам жас маман, студенттер мен бағдарлама әзірлеушілер қатысты.

Президенттерге Govtech Өзбекстан цифрлық үкіметінің соңғы әзірлемелері, көлік, кеден, салық, энергетика, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, құрылыс, өнеркәсіп салаларындағы цифрлық шешімдер таныстырылды.
Женская сборная Казахстана по теннису пробилась в финал Кубка Билли Джин Кинг

Сегодня в Астане в парной встрече Анна Данилина и Жибек Куламбаева в двух сетах переиграли дуэт Бьянка Андрееску / Кайла Кросс – 7:5, 6:1. Кстати, перед самой игрой капитан канадской сборной внес изменения в состав: вместо заявленных ранее Арианы Арсено и Александры Ваграмов на корт вышли Бьянка Андрееску и Кайла Кросс. Однако этот тактический ход не помог гостьям сломить сопротивление казахстанской пары.

Затем на корт вышли лидеры своих сборных – Юлия Путинцева и Бьянка Андрееску. Этот матч стал определяющим в борьбе за путевку в финальную часть чемпионата мира – 7:6, 3:6, 7:6 в пользу казахстанки. Матч продлился 3 часа 37 минут. Он стал самым долгим в карьере и Юлии, и Бьянки, которая является чемпионкой US Open 2019.

Накануне Юлия Путинцева победила Кайлу Кросс, Соня Жиенбаева уступила Бьянке Андрееску. Таким образом, счет противостояния 3:1, и наша сборная осенью сыграет в финальной стадии Кубка Билли Джин Кинг.
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері MERGANTEKS кәсіпорнына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев MERGANTEKS мақта-мата кластерінің қызметімен танысты. Мұнда шикізатты өңдеуден бастап, одан дайын текстиль өнімдерін шығаруға дейінгі толық өндіріс циклі жолға қойылған.

Президенттерге кәсіпорын өндіріс тиімділігі мен халықаралық сапа стандартын қамтамасыз ететін заманауи жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталғаны жөнінде баяндалды.

Кластердің өндірістік құрылымына мақта зауыты, екі жіп иіру фабрикасы, тоқыма және бояу цехтары, тігін фабрикасы кіреді.

Өнім Польша, Түркия, Израиль, Босния және Герцеговина, Иран, сондай-ақ басқа да мемлекеттерге жеткізіледі.
🤝 «Кайрат» сыграл вничью на выезде

В непростом гостевом матче алматинский «Кайрат» поделил очки с «Тоболом».

Хозяева открыли счёт на 12-й минуте — отличился Милованович. Однако уже спустя несколько минут алматинцы сумели отыграться: на 19-й минуте точный удар нанёс Сатпаев.

Матч завершился со счётом 1:1.
🏆2
Оправданных ранее закладчиков приговорили к 9 годам лишения свободы в Алматинской области

Специализированный межрайонный суд на основании вердикта присяжных признал граждан С. и Т. виновными в незаконном сбыте психотропных веществ в особо крупном размере.

У осужденных было изъято более 20 килограммов хлорметкатинона.
Ранее, в январе 2025 года, подсудимые были оправданы, однако прокуратура добилась отмены этого решения.

При новом рассмотрении дела вина была доказана: теперь наркосбытчики проведут девять лет в колонии средней безопасности.

Приговор еще не вступил в законную силу.
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Бұхараның тарихи орындарын аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев IV-III ғасырларда бой көтерген Арк қамалын тамашалады. Көне нысан сан рет қирағанымен қайта қалпына келтірілген. Қазіргі уақытта бекініс аумағында Бұхара мемлекеттік музей-қорығы орналасқан.

Бұдан кейін мемлекеттер басшылары Бұхарадағы танымал орындардың бірі «Ляби-хауз» кешеніне барды. Мұнда XVII ғасырда салынған Нәдір Диуан-Бегі медресесі мен ханакасы, XVI ғасырда іргетасы қаланған Көкілташ медресесі секілді әйгілі сәулет ескерткіштерін көре аласыз.

Қазақстан мен Өзбекстан көшбасшылары XII-XVI ғасырларда салынған Калян мұнарасы мен мешіті, Мири Араб медресесі секілді үш ғимараттан тұратын «Пои-Калян» тарихи кешенінде болды.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматы тауларында құтқарушылар жастарға көмек көрсетті

Құтқару қызметіне «Горельник» шатқалындағы «Орлиное гнездо» бақылау нүктесінің маңында өздігінен төмен түсе алмай қалған жігіт пен қыз туралы хабар түсті.

Оқиға орнына құтқарушылар жедел түрде жетті. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында жастар табылды. Анықталғандай, олар иттердің немесе басқа жануарлардың ұлығанына ұқсас дыбыстардан қорқып, көмек сұраған.

Жастар тауға тиісті киім мен қажетті жабдықсыз шыққан, бұл олардың өздігінен түсуін қиындатқан.

Құтқарушылар оларды Медеу бөгетіне дейін жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады, операция аяқталғаннан кейін олар өздінінен кетіп қалды.
3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Полиция напоминает, что в общественных местах запрещено ношение одежды, затрудняющей идентификацию личности и полностью закрывающей лицо.

Данная мера направлена на обеспечение общественной безопасности и оперативную, точную идентификацию граждан.

Открытость — это не просто требование, а гарантия безопасности каждого гражданина.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға жұмыс сапары
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пасха мерекесімен құттықтауы

Құрметті еліміздің православ қауымы!

Сіздерді Пасха мерекесімен құттықтаймын!

Христиан жылнамасында ерекше орын алатын бұл мереке үміт пен сүйіспеншіліктің, рухани жаңарудың символы саналады. Пасха мейрамында және оған дайындық кезеңінде жанашырлық, мейірімділік, тату көршілік, өзара көмек қасиеттері ел ішінде кеңінен дәріптеледі.

Православ қауымы қоғамда әділдік, бейбітшілік, келісім, төзімділік және сенім қағидаттарын қалыптастыруға елеулі үлес қосып келеді. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан Пасха дәстүрі отбасындағы ынтымақты сақтауға және адамгершілік қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді, үлкенге құрмет көрсетіп, жақыныңа жанашыр болуға баулиды.

Ұлттық бірлік пен конфессияаралық келісімнің сақталуы, дәстүрлі құндылықтар мен жан-жақты жаңғыруға деген ұмтылыстың үйлесім табуы еліміздің өсіп-өркендеуіне арқау болып отыр.

Халқымыз бейбітшілік пен тұрақтылық, заң мен тәртіп, білім мен инновация, қоршаған ортаға қамқорлық пен тазалық қағидаттары берік орныққан озық елде өмір сүріп, еңбек етуге ұмтылады. Республикалық референдумда қабылданған Халық Конституциясы – соның айқын дәлелі.

Біз қастерлі Отанымыздың болашағы жолындағы ортақ жауапкершілікті терең сезіне білсек, кез келген сын-қатерді еңсеріп, биік мақсаттарымызға жететінімізге кәміл сенемін.

Осы жарқын мереке әрбір шаңыраққа шаттық пен бақ-береке сыйласын!

Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт және толағай табыс тілеймін!
2
Курс валют на 12 апреля 2026

USD / KZT — 473.13 (доллар США)

EUR / KZT — 554.08 (евро)

RUB / KZT — 6.13 (российский рубль)

CNY / KZT — 69.29 (китайский юань)

GBP / KZT — 636.36 (фунт стерлингов)

AED / KZT — 128.83 (дирхам ОАЭ)

KGS / KZT — 5.41 (кыргызский сом)

TRY / KZT — 10.59 (турецкая лира)

UAH / KZT — 10.89 (украинская гривна)
Алматы тауларында құтқару үйшігі боранды аман өткеруге көмектесті

Құтқару қызметіне Терра алаңында екі қыздың боран мен қатты қардың салдарынан таудан өздігінен түсе алмай отырғаны туралы хабар түсті.

Көмекке «ҮАШ» БҚП құтқарушыларының экипажы жедел түрде шықты. Күрделі ауа райы жағдайында мамандар көрсетілген аумаққа тез жетіп, іздестіру жұмыстарын бастады.

Көп ұзамай құтқарушылар егіз қыздарды тапты. Анықталғандай, ауа райы күрт нашарлаған кезде олар құтқару үйшігіне паналап, боранды сол жерде күтіп, құтқарушылар келгенге дейін тоңып қалудан аман қалған.

Одан кейін топ таудан төмен түсуді бастап, қыздарды «Алма-Арасан» тұрақ аймағына дейін аман-есен жеткізді.

Оларға медициналық көмек қажет болмады.
Космический путь Казахстана: от первых орбит до экспорта высоких технологий

Путь Казахстана к звёздам — это становление технологического суверенитета. Начало положил полёт Тохтара Аубакирова в 1991 году, продолжили Талгат Мусабаев и Айдын Аимбетов с научными миссиями на МКС.

Сегодня космос стал частью экономики: в Астане действует СбИК КА, Казахстан создаёт собственные спутники, выполняет экспортные заказы и развивает ракетные технологии.

Экономический эффект за 5 лет — 977 млрд тенге. Спутники KazSat обеспечивают связь, а космические решения применяются в образовании, безопасности и транспорте.

Страна участвует в миссиях NASA, развивает систему SSA и готовится к лунным проектам.

Модернизация Байконура и проект «Байтерек» подтверждают долгосрочную стратегию развития отрасли.