Almaty TV
4.34K subscribers
19.7K photos
4.02K videos
26 files
11.1K links
«Алматы» телеарнасының ресми Telegram парақшасы

Ресми сайт: https://almaty.tv
Instagram: https://www.instagram.com/almaty.tv/
YouTube: https://youtube.com/c/AlmatyUS
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.tv
Twitter: https://twitter.com/almaty_tv
Download Telegram
🔥 В Актобе выясняют обстоятельства пожара в здании областного акимата

В Актобе ликвидировали пожар в здании областного акимата, сообщили в Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

Возгорание началось в 20:28. По данным ведомства, первые пожарные подразделения прибыли на место уже через пять минут после вызова.

По прибытии спасатели обнаружили сразу три открытых очага горения в разных частях здания. Тушение осложнялось быстрым распространением огня, наличием горючих материалов, сильным задымлением и высокой температурой. Также на ситуацию повлияли конструктивные особенности здания.

В ликвидации пожара были задействованы более 80 человек личного состава и около 30 единиц техники. По предварительной информации, площадь возгорания составила около 300 квадратных метров.
Причины пожара устанавливаются.

По предварительным данным, жертв и пострадавших нет.
Ақмола облысында қарулы қарақшылық жасаған қылмыстық топ мүшелері ұзақ мерзімге сотталды

Ақмола облысының Астрахан аудандық соты 2025 жылдың жазында орын алған атышулы қарақшылық шабуылға қатысты үкім кесті. Тергеу барысында анықталғандай, Тараз қаласының 46 жастағы тұрғыны Жамбыл және Түркістан облыстарының тумаларынан қылмыстық топ құрып, Астраханка ауылындағы жеке үйге қарулы шабуыл ұйымдастырған. Қаскөйлер қылмысқа мұқият дайындалып, рөлдерді бөліскен және Астанадан арнайы көлік жалдап келген.

2025 жылғы 14 шілдеде қарақшылар үйге басып кіріп, тұрғындарды қарумен қорқытып, байлап, жертөлеге қамап тастаған. Олар 4 млн теңгеден астам қаражат пен бағалы зергерлік бұйымдарды қолды етіп, жәбірленушінің көлігімен қашып кеткен. Алайда, арнайы жедел-іздестіру тобы бірнеше күн ішінде қылмыскерлердің ізіне түсіп, барлық қатысушыларды құрықтады.

Сот шешімімен топ жетекшісі мен оның негізгі сыбайласы 8,5 жылға бас бостандығынан айырылып, жазаларын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде өтейтін болды. Көшеде бақылаушы рөлін атқарған үшінші қатысушы 5 жылға сотталды. Осы оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары 2025 жылдың шілдесінен бастап Қазақстанда қоғамдық орындарда адамның жүзін жасыратын киімдер мен аксессуарларды (балаклава, никаб, негізсіз медициналық маскалар) киюге заңмен тыйым салынғанын тағы бір мәрте еске салды.
🤨2
Талдықорғанда полицейлер мектеп автобустары мен білім ошақтарының қауіпсіздігін тексерді

Талдықорған қаласында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектептер мен оқушыларды тасымалдайтын көліктерге кешенді тексеру жұмыстары жүргізілді. Тәртіп сақшылары білім ордаларына тиесілі 8 мектеп автобусының техникалық жағдайын егжей-тегжейлі қарап шықты. Тексеру барысында өрт сөндіргіштердің жарамдылығына, алғашқы медициналық көмек қобдишаларының жинақталуына және жолаушылар қауіпсіздігін сақтайтын жүйелердің іске қосылу дайындығына ерекше басымдық берілді.

Сонымен қатар, полицейлер мектеп маңындағы жол инфрақұрылымының жай-күйін де назардан тыс қалдырмады. Оқу орындарына іргелес жатқан көшелердегі жол таңбаларының көріну деңгейі мен арнайы ескерту белгілерінің дұрыс орнатылуы тексерілді. Мұндай профилактикалық шаралар мектеп оқушылары үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

Талдықорған қалалық полиция басқармасының қызметкерлері балалар қауіпсіздігі мемлекеттің басты басымдығы екенін атап өтті. Тәртіп сақшыларының айтуынша, негізгі міндет — тек кемшіліктерді анықтау емес, оларды дер кезінде жою арқылы өскелең ұрпақтың өмірі мен денсаулығына төнетін қатерлерді барынша азайту. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар оқу жылының соңына дейін тұрақты түрде жалғаса бермек.
2
Алматыда «Заң және тәртіп: қауіпсіз қала» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды

Алматы қаласында қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және тұрғындар мен қала қонақтарына жайлы орта қалыптастыру мақсатында ауқымды рейдтік шаралар қолға алынды. Тәртіп сақшылары халық көп шоғырланатын орындарда — саябақтарда, жаяу жүргіншілер көшелерінде және қоғамдық тамақтану нысандарының маңында бақылауды күшейтті. Негізгі назар қайыршылық, жабысқақ мінез-құлық көрсету және өзге де қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттерді анықтауға аударылып отыр.

Іс-шара аясында полицейлер азаматтардың жеке басын анықтап, шетелдіктердің елде болу заңдылығын тексеруде. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың түнгі уақыттағы жүріс-тұрысы мен олардың заңды өкілдерінің жауапкершілігіне құқықтық баға берілуде. Ереже бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заңсыз жүрген шетел азаматтары сот шешімімен ел аумағынан шығарылуы мүмкін.

Алматы қаласы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы полиция полковнигі Тимур Ноғайбаев атап өткендей, ұсақ құқық бұзушылықтарға дер кезінде тосқауыл қою — ауыр қылмыстардың алдын алудың басты кепілі.

«Біздің басты міндетіміз — мегаполис тұрғындары үшін қауіпсіз әрі тыныш орта қалыптастыру,» — деді басқарма басшысы.

Рейдтік жұмыстар қаланың барлық аудандарында жүйелі түрде жалғасуда.
Ақтөбеде жасырын патрульдеу әдісімен жол ережесін бұзған 30-дан астам жүргізуші анықталды

Ақтөбе қаласында демалыс күндері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция батальоны бақылауды күшейтті. Жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушыларды құрықтау үшін арнайы айырым белгілері жоқ азаматтық көліктермен «жасырын патрульдеу» әдісі қолданылды. Бұл тәсіл жүргізушілердің агрессивті мінез-құлқын, атап айтқанда, «шашка» тәсілімен жүру, жолақтарды күрт ауыстыру және өзге көліктерді қысып өту сияқты өрескел әрекеттерін нақты уақыт режимінде тіркеуге мүмкіндік береді.

Жұмыс барысында жасырын патрульдер анықталған заңбұзушылықтар туралы ақпаратты дереу жақын маңдағы ресми полиция экипаждарына жолдап отырды. Нәтижесінде жол ережесін өрескел бұзған 30-дан астам көлік құралы анықталып, олардың жүргізушілері заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды. Жылдамдықты шектен тыс асырған және апаттық жағдай туғызған көліктер мамандандырылған айып тұрағына қойылды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, мұндай шаралар ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін ондаған жол-көлік оқиғаларының алдын алуға септігін тигізді. Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін сақтау — әрбір азаматтың қауіпсіздігінің кепілі екенін еске салып, заң алдында жазаның бұлтартпайтынын қадап айтты. Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар Ақтөбе өңірінде тұрақты түрде жалғасатын болады.
Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтықпен жүрген 17 адам жауапқа тартылды

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы өңірде қос азаматтық деректерін анықтау және оның жолын кесу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Жыл басынан бері облыс аумағында Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтудың 250-ден астам дерегі тіркелді. Бұл тұлғалардың басым бөлігі өзге мемлекеттің азаматтығын қабылдап, бірақ қолданыстағы заңнама талаптарын орындамаған.

Жүргізілген тексеру іс-шараларының нәтижесінде 17 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, Өскемен қаласының 43 жастағы тұрғыны 2026 жылдың ақпан айында көрші мемлекеттің азаматтығын алғанымен, бұл туралы уәкілетті органдарға белгіленген мерзімде хабарламағаны анықталды. Оқиғаға байланысты заңды шаралар қабылданып, азаматтың Қазақстан Республикасы төлқұжаттары тәркіленді және ол ел азаматтығынан айырылды.

ШҚО ПД көші-қон қызметінің бастығы полиция полковнигі Ринат Шалқаров Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елімізде қос азаматтыққа қатаң тыйым салынғанын еске салды. Тәртіп сақшылары азаматтарды заң талаптарын сақтауға және басқа елдің азаматтығын алған жағдайда 30 күн ішінде ішкі істер органдарына немесе шет елдегі консулдық мекемелерге хабарлау қажеттігін ескертеді. Бұл бағыттағы бақылау жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.
Ақтөбе облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының полиция қызметкерлері түнгі рейдтік іс-шаралар барысында ірі көлемдегі мал ұрлығының жолын кесті. Далалық аймақта шамдарын өшіріп, күдікті қозғалған тіркемесі бар жол талғамайтын көлікті байқаған тәртіп сақшылары оны тоқтатпақ болған. Алайда жүргізуші полицияның заңды талаптарына бағынбай, қашуға әрекет жасаған. Қуғын нәтижесінде көлік құрықталып, ішіндегі екі күдікті ұсталды.

Тексеру кезінде көлік тіркемесінен ұрланған бір бас бие мен бір құлын табылды. Белгілі болғандай, Ырғыз ауданының тұрғындары болып шыққан күдіктілер малды еркін жайылымнан жымқырып, сойып сатпақ болған. Полиция жедел түрде мал иесін анықтап, жануарларды иесіне аман-есен қайтарды.

Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту барысында қылмыстық әрекеттердің ауқымы кең екені әшкереленді. Олардың үйінен мынадай заттар тәркіленді:

▪️Киік мүйіздері;
▪️Жылқының бастары мен терілері;
▪️2 дана тегіс ұңғылы мылтық пен бірнеше патрондар.

Қазіргі уақытта екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалып, мал ұрлығы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер олардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде. Ырғыз аудандық полиция бөлімінің бастығы Серік Жанұзақов мал иелерін төрт түлікті қараусыз қалдырмауға шақырып, еркін жайылымдағы мал ұрылардың оңай олжасына айналатынын немесе жол-көлік оқиғаларына себепші болатынын ескертті.
Семейде көлігіне психотроптық заттар жасырған 29 жастағы тұрғын ұсталды

Семей қаласында полиция қызметкерлері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл аясында психотроптық заттарды заңсыз сақтау және тасымалдау дерегінің жолын кесті. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны тізгіндеген Mercedes-Benz автокөлігі тоқтатылып, тінту жұмыстары жүргізілді.

Тексеру барысында көлік салонының алдыңғы бөлігінен қара оқшаулағыш таспамен (изолента) оралған, ерекше иісі бар 6 полимерлі түйіншек табылды. Оқиға орнын әрі қарай қарау кезінде күдіктіден тағы да осындай тәсілмен оралған 19 полимерлі пакет тәркіленді. Пакеттердің ішінде ақ түсті ұнтақ тәрізді зат болған.

Сот-химиялық сараптамасының қорытындысы тәркіленген заттардың психотроптық есірткі екенін және олардың жалпы салмағы шамамен 15 грамм (бұл психотроптық заттар үшін ірі көлем болып саналады) құрайтынын растады. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Абай облысы полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан есірткі қылмысымен күрес басым бағыттардың бірі екенін және заңсыз айналымға қатысы бар кез келген тұлға қатаң жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды.

Бұл келісім АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды.

Мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді.
Курс валют 8 апреля составляет:

USD / KZT — 460.37 (доллар США)
EUR / KZT — 531.87 (евро)
RUB / KZT — 5.82 (российский рубль)
CNY / KZT — 67.14 (китайский юань)
GBP / KZT — 609.58 (фунт стерлингов)
AED / KZT — 125.38 (дирхам ОАЭ)
KGS / KZT — 5.26 (кыргызский сом)
TRY / KZT — 10.32 (турецкая лира)
UAH / KZT — 10.60 (украинская гривна)
👍1
Елімізде алты ай қатарынан инфляция дейгейі төмендеп келеді

Еліміздегі инфляцияны бәсеңдетудің тұрақты үрдісі сақталуда. Наурызда бұл көрсеткіш 0,6%-ды құрады, ал қаңтар-ақпан айларында инфляция сәйкесінше 1,0–1,1%-ды құрады.

Төмендеу алты ай қатарынан байқалып отыр: 2025 жылдың қыркүйегіндегі ең жоғары мәннен кейін (12,9%) инфляция біртіндеп баяулауға көшті және 2026 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша 11,0%-ды құрады.

Ресми мәліметтер бойынша инфляция деңгейі 6 айдан бері төмендеп келеді. Қазіргі уақытта жылдық инфляция 11,0%-ды құрайды (2025 жылдың қыркүйегінде 12,9% шарықтау шегіне жеткеннен кейін).

Бұл ретте, ҚҚС өзгеруіне байланысты бағаның қысқамерзімді бағаның өсуі қазірдің өзінде теңестірілді және ағымдағы қарқынға әсер етпейді.

ҰЭМ болжамына сәйкес, инфляция 2027 жылдың басына қарай бір мәнді деңгейге көтерілуі мүмкін.
В Алматы осуществляется реализация сахара по цене до 445,5 тенге за килограмм

СПК «Алматы» в рамках реализации мер по стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары начала поставку сахара-песка в торговые сети города.

С учетом установленной для ритейлеров торговой надбавки не более 10%, предельная розничная цена на сахар для покупателей составляет до 445,5 тенге за килограмм.
👍3
Алматыда жол қозғалысын цифрлық басқару жобалары пайда болуы мүмкін

Алматыда көлік легін талдап, жол қозғалысын тиімді үйлестіруге бағытталған цифрлық шешімдерді енгізу жоспарланып отыр. Тиісті меморандумға 7 сәуір күні өткен «Алматы – Шанхай» бизнес форумы аясында «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ, «IntegraConstruction KZ» ЖШС және Шанхай институты арасында қол қойылды.

Аталған келісім көлік жүктемесін төмендетуге, жол желісінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ қаланың жол инфрақұрылымын басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған нақты жобаларды жүзеге асыруды көздейді.

Басты бағыттардың қатарында көлік санын сараптау, цифрлық құралдарды кеңінен енгізу және қалалық трафикті басқарудың заманауи шешімдерін әзірлеу мәселелері қамтылған.
😱1
Казахстан стал лидером в Центральной Азии по ВВП на душу населения

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по уровню ВВП на душу населения и обогнал Россию и Китай. Об этом свидетельствуют данные Международного валютного фонда (МВФ).

По данным Международного валютного фонда, в 2025 году ВВП на душу населения в Казахстане составил 14 770 долларов. Для сравнения, в России этот показатель достиг 14 260 долларов, а в Китае - 13 690 долларов.

В Центральной Азии Казахстан значительно опережает другие страны региона. В Туркменистане ВВП на душу населения составил 13 340 долларов, в Узбекистане - 3 510 долларов, в Кыргызстане - 2 750 долларов, а в Таджикистане - 1 430 долларов.
😁1🤡1
В Медеуском районе Алматы активно ведутся весенние работы по благоустройству

С наступлением весны в Медеуском районе города Алматы начались работы по обновлению и благоустройству территории. После зимнего периода на улицах, в парках и аллеях поэтапно проводится покраска и обновление скамеек, урн, лестниц, опор освещения и других элементов.

Работы направлены на улучшение внешнего облика общественных пространств, поддержание санитарного состояния и создание комфортной среды для жителей.

Жители района отмечают положительные изменения. Так, 51-летняя жительница района Шара Тунганова рассказывает, что каждое утро гуляет в парке со своим внуком: «Я люблю с утра выходить на прогулку с внуком. Очень приятно, что в парке всегда чисто, все вовремя приводят в порядок, обновляют. Раньше, в молодости, мы сами выходили на субботники, красили, убирали. Поэтому я особенно ценю этот труд. Спасибо за заботу о нашем районе», — поделилась она.

В свою очередь, специалисты подрядной организации также отмечают, что такие работы проводятся ежегодно.
2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Модернизация ТЭЦ-2 в Алматы будет завершена осенью

ТОО «Eco Almaty» провело мониторинг выполнения поручения Президента Республики Казахстан по модернизации и переводу ТЭЦ-2 Алматы на газ, а также контроль за ходом строительства новой газовой станции. Данная инициатива направлена на существенное снижение экологической нагрузки города и минимизацию вредных выбросов в атмосферу.

В рамках исполнения поручения Главы государства и соблюдения правил охраны атмосферного воздуха представители ТОО «Eco Almaty» посетили строительную площадку ТЭЦ-2, чтобы проследить за ходом модернизационных работ. Основная цель — оценить масштаб проекта, его влияние на экологию Алматы и степень снижения выбросов загрязняющих веществ.

На сегодня ТЭЦ-2, которая ранее работала исключительно на угле и выбрасывала около 37 тыс. тонн вредных веществ ежегодно, переходит на использование газа. После завершения строительства газовой станции ожидается снижение выбросов более чем на 90%, до примерно 2,7 тыс. тонн в год. Объем парниковых газов (СО2) сократится с 4000 до 2700 тысяч тонн. Это значительно снизит уровень взвешенных частиц и других загрязняющих веществ, вызывающих смог и ухудшающих качество воздуха в городе.
👎1
Енді психологтар мемлекеттік тізілімге енгізілуі тиіс

Оларға білім, қайта даярлау және біліктілікті растау талаптары күшейтіледі. Біліктілікті кемінде 5 жылда бір рет арттыру міндеті қарастырылған.

Заңда мамандардың құқықтары мен міндеттері де нақты көрсетілген: құпиялылықты сақтау, клиенттің келісімін алу және этиканы ұстану.

Ал көмек алушылар маманды өздері таңдап, толық ақпарат алып, қажет болса қызметтен бас тарта алады.

❗️ Психологтарға дәрі жазуға және ем тағайындауға тыйым салынады.
😁1
Прокуратура Алматы вернула государству земли стоимостью 17 млрд тенге

Сотрудники прокуратуры выявили два земельных участка общей площадью 288 гектаров, незаконно предоставленные в частную собственность. Спорные земли относятся к землям сельскохозяйственного назначения с наличием водного фонда и не подлежат выкупу, сообщили в пресс-службе ведомства.

По иску прокуратуры Жетысуского района суд признал заключенные сделки недействительными. Решение суда первой инстанции оставлено в силе судебной коллегией Алматинского городского суда.

Земельные участки стоимостью более 17 млрд тенге возвращены в госсобственность.
👍1
Почти 68 км инженерных сетей до конца года построят в Жетысуском районе Алматы

В рамках модернизации инфраструктуры в Жетысуском районе Алматы ведется масштабная работа по строительству и реконструкции инженерных сетей. Об этом аким района Ляззат Жылкыбаева сообщила в ходе брифинга в Региональной службе коммуникаций.

До конца 2026 года планируется строительство 67,8 км сетей по 64 улицам с охватом около 3,7 тыс. абонентов. Также предусмотрена реконструкция 7,8 км водопроводных и 1,1 км канализационных сетей, а также обновление тепловых сетей.

Отдельное внимание уделяется электроснабжению - запланирована реконструкция 29,3 км электрических сетей.

Параллельно продолжается развитие системы наружного освещения. В текущем году планируется заменить 35 км кабельных линий, установить 107 новых опор и обновить более 3 тыс. светильников.
В Жетысуском районе Алматы в 2026 году отремонтируют 42 км дорог и усилят безопасность

Работы по развитию дорожной инфраструктуры в Жетысуском районе Алматы продолжаются системно и охватывают значительные объемы. О ремонте дорог и дальнейших планах по развитию дорожной инфраструктуры на брифинге РСК рассказала аким района Ляззат Жылкыбаева.

В 2026 году средним ремонтом будет охвачено 52 улицы общей протяженностью 42 км с обустройством тротуаров. До конца августа планируется отремонтировать 31 тыс. кв. м дорожного покрытия и обустроить 5 тыс. погонных метров технических тротуаров.

Особое внимание уделяется вопросам безопасности. В районе продолжаются работы по укреплению оползнеопасных участков на ряде улиц и в микрорайоне Кемел.