⚡️Мемлекет басшысы: «Жасанды интеллекті мен цифрлық экономика – дамыған елдерге тән басты үрдіс»
«Мен үш жыл ішінде Қазақстан цифрлық ел болу керек деген мақсатты айқындадым.
Жасанды интеллекті мен цифрлық экономика – дамыған елдерге тән басты үрдіс. АҚШ және Қытай – бұл саладағы ең озық елдер. Қазақстан да өркениеттің даңғыл жолынан шет қалмауы керек. Сондай жағдай болса, келер ұрпақ бізді кешірмейтіні сөзсіз. Ондай қателікке жол бермейміз.
Жолдауымда мен осы тақырыпқа көп зейін қойдым. Қазіргі таңда Үкімет белсенді жұмысқа кірісті, біраз жоба іске асырылды, бірақ алдымызда ауқымды жұмыс бар.
Алдағы жыл шын мәнінде үлкен бетбұрыс жылы болады. Түбегейлі өзгерістердің жаңа кезеңі басталады. Бұл туралы кейінірек жариялап айтамын.
Бәріміздің мақсат-мүддеміз – ортақ. Бұл – Әділетті, Қауіпсіз, Күшті және Таза Қазақстанды құру.
Ең бастысы, еліміздің ынтымақ-бірлігі мықты болуы керек. Мемлекет пен қоғам бірлесіп, тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет. Бір ел, бір халық болып, жұмыла білсек, міндетті түрде мақсатымызға жетеміз».
t.me/aqorda_resmi

❤1
⚡️Президент Таразда жаңадан ашылған әскери мектеп-интернатқа Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынды
«Мен бүгін Таразда жаңадан ашылған әскери мектеп-интернатқа бардым. Бұл – оңтүстік аймақтарда ашылған осындай алғашқы оқу орны. Мен мектеп-интернатқа осы өлкенің тумасы, әйгілі батырымыз Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынамын.
Осындай Бауыржан мектептері барлық аймақта ашылуы керек. Үкімет бұл мәселені пысықтайды. Біз жас ұрпаққа сапалы білім беріп, оларды отаншылдыққа тәрбиелеуіміз қажет».

⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді
«Кеше Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толды. Даңқты қолбасшының нағыз ерлік жолы елімізбен қатар, шетелдерде өте танымал.
Халқымыз оны қаһарман тұлға ретінде құрмет тұтады. Бірақ әйгілі батырға ресми түрде «Халық қаһарманы» атағы берілмеген. Облыс жұртшылығы, зиялы қауым өкілдері, тіпті, жастарымыз да осы мәселені көтеріп жүргенін білеміз. Тарихи әділдікті қалпына келтіруіміз керек.
Сондықтан мен Мемлекет басшысы ретінде Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдадым. Тиісті Жарлыққа бүгін қол қойдым, бұл құжат міндетті түрде жарияланады.
Батырдың есімі нағыз отаншылдық пен өшпес ерліктің символы ретінде әрдайым көпке үлгі-өнеге болуға тиіс.
Баукеңнің ерлігі жай аңыз емес, бұл – нақты құжаттармен дәлелденген, Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар мойындаған сөзсіз ерлік. Елге ерлігімен танылған, еңбегі сіңген азаматтарын бағалай білген жұрт ешқашан ұтылмайды».

👍2
⚡️Мемлекет басшысы: «Әулиеата – нағыз еңбекқор адамдардың мекені» – Президент жамбылдықтардың ел дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты
«Өздеріңіз білесіздер, биыл бір ел болып «Жұмысшы мамандықтары жылын» атап өттік. Жыл бойы еңбек адамдарына айрықша құрмет көрсеттік. Осы жақсы дәстүр алдағы уақытта да жалғасын табады.
Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, қызметін мінсіз атқарған адам қашанда қадірлі болады. Мен мұны үнемі айтып жүрмін.
Бұл тұрғыдан алғанда, Жамбыл жұртының ел дамуына қосқан үлесі мол, еңбегі ерен екені белгілі. Әулиеата – нағыз еңбекқор адамдардың мекені.
Қазір ортамызда жұмысын адал атқарып, халқымызға аянбай қызмет етіп жүрген азаматтар отыр. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін».

В новом Генплане Алматы усилена транспортная связанность пяти полицентров
Полицентричное развитие города Алматы поможет решить множество проблем мегаполиса, сообщил руководитель НИИ «Алматыгенплан» Асхат Садуов в ходе общественных обсуждений по проекту корректировки Генплана.
Согласно проекту Генерального плана развития Алматы до 2040 года намечено создание пяти крупных полицентров: «Исторический центр», «Восточные ворота», «Запад», «Юго-Запад» и «Север».

Генплан-2040: «Развитие общественного транспорта – это формирование высококвалифицированного технического рынка труда» - эксперт
В обновленном Генплане города Алматы до 2040 года приоритет ставится на общественный транспорт, включая расширение сети метро, запуск первой линии ЛРТ, развитие БРТ и выделенных полос. Как отметил заместитель директора Алматинского колледжа транспорта и коммуникаций Марат Джайдаров, это помимо прочего изменит и структуру компетенций.
– Современные поезда метро и ЛРТ, электробусы и автобусы БРТ – это высокотехнологичная техника с цифровыми системами управления, тяговыми приводами, бортовой диагностикой, системами безопасности и связи. Поэтому возрастёт потребность в кадрах с навыками работы с электроникой, силовой электротехникой, автоматикой, программно-аппаратными комплексами, системами мониторинга и искусственным интеллектом, – пояснил он.
Напомним, что в Алматы в данное время проходят общественные обсуждения корректировки Генерального плана — ключевого градостроительного документа, определяющего развитие мегаполиса до 2040 года.

❤2
Алматы выстраивает устойчивое и сбалансированное развитие – эксперт о корректировке Генплана
Корректировка Генерального плана является одним из важных этапов трансформации Алматы. Рост мегаполиса требует своевременного обновления градостроительных решений, однако основным фактором пересмотра документа стало поручение Президента РК о запрете застройки в предгорной зоне.
По словам почётного архитектора страны Жаната Айтлеу, Генплан — это не только отражение текущего состояния, но и инструмент долгосрочного регулирования городской среды.

«Ограничение застройки предгорий требует изменения модели роста мегаполиса и пересмотра градостроительных параметров. Предгорья — природный ресурс, определяющий качество жизни. Поручение Президента становится фундаментом новой градостроительной политики. Пересмотр Генплана позволит направить развитие города в более устойчивое русло, защитить природный каркас и учесть стремительное увеличение населения, которое опережает прежние прогнозы. Корректировка предусматривает актуализацию потребности в школах, медучреждениях, жилье, а также перерасчёт пропускной способности транспортной инфраструктуры», — подчеркнул эксперт.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Дархан Сатыбалды обозначил приоритеты экологической политики Алматы в рамках программы «Таза Қазақстан»
В Алматы под председательством акима города Дархана Сатыбалды состоялось совещание, посвященное ходу реализации экологической программы «Таза Қазақстан». Обсуждались конкретные результаты, системные меры по улучшению городской среды и повышение личной ответственности всех участников процесса: от коммунальных служб до жителей города.
В ходе совещания были подведены итоги работы по санитарной очистке, благоустройству и экологическому просвещению в восьми районах города. Отдельное внимание уделено практическим мерам по снижению загрязнения воздуха, мониторингу транспорта и промышленных предприятий, очистке русел рек и каналов, а также формированию устойчивого зеленого фонда.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық және өнеркәсіптік дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Жамбыл облысының бір топ азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады
Сонымен қатар Президент Алғысын жариялады.
t.me/aqorda_resmi
Сонымен қатар Президент Алғысын жариялады.
t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Тараздағы мамандандырылған әскери мектеп-интернатқа барды
🟦 Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында мамандандырылған әскери мектеп-интернатының қызметімен танысты.
🟦 Мемлекет басшысы оқу кабинеттері мен спорт залын аралап көрді.
🟦 Президентке мекемеде 180 бала білім алып, интернатта тұратыны жөнінде баяндалды.
🟦 Мектеп жас өскіндерге білім беріп, тегін тамақтандырады әрі тұрғынжаймен қамтамасыз етеді. Оқу бағдарламасы 7-11 сыныптарға арналған.
🟦 Білім ошағының негізгі мақсаты – келешектегі Отан қорғаушыларды даярлау, оларға әскери-патриоттық тәрбие беру. Әскери интернатта курсанттар сабақтан тыс уақытта роботты техника, дронды басқару, жасанды интеллект үйірмелеріне қатысады.
🟦 Болашақ әскери қызметшілерге ағылшын тілі тереңдетіп оқытылады.
🟦 Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылармен әңгімелесіп, мемлекет тарапынан әскери білім беру жүйесін дамытуға ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті.
🟦 Іс-шара соңында Мемлекет басшысы білім ошағына Бауыржан Момышұлының портретін және елімізде құрастырылған мектеп автобусын сыйға тартты.
t.me/aqorda_resmi
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты
✔️ Президент жүрек соғысының бұзылуын жедел емдеуге маманданған медициналық мекемеге барды.
✔️ Өңірдегі бірегей орталық жүректі радиожиілік пен криоаблация тәсілдерімен емдейді.
✔️ Қасым-Жомарт Тоқаевқа клиниканың кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек, соның ішінде жоғары технологиялық араласу арқылы дәрігерлік жәрдемнің толық спектрін көрсете алатыны жөнінде баяндалды.
✔️ Мекеме бір ауысымда 150 адамға дейін қабылдай алады. Сондай-ақ 47 орындық стационар бар.
✔️ Орталыққа құйылған жалпы инвестиция көлемі 2,5 миллиард теңгені құрады.
t.me/aqorda_resmi
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Атырауда құтқарушылар өрттің таралуына жол бермеді
Атырау қаласының Привокзальный шағынауданында орналасқан бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің балконында өрт шықты.
Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері баспалдақ арқылы бір адамды эвакуациялады. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің пәтер ішіне және жоғарғы қабаттардағы балкондарға таралуына жол берілмеді.
Өрт 3 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2025 жылғы 25 желтоқсан сағат 22:30-дан бастап республикалық маңызы бар бірқатар автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Шектеу енгізілетін учаскелер:
📍 Абай облысы
– «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 971–1013 шақырым аралығы (Қалбатау ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін);
📍 Шығыс Қазақстан облысы
– «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1013–1062 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасынан Рубеж бекетіне дейін).
Алдын ала мәлімет бойынша, жол қозғалысын 2025 жылғы 26 желтоқсан сағат 09:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.
Жүргізушілерден жолға шығар алдында ауа райы жағдайын ескеріп, қауіпсіздік талаптарын сақтауды сұраймыз.

Қазақстан халықаралық спорт ұйымдарымен өзара іс-қимылды күшейтуде
📌 2025 жылы елімізде 135 спорт нысаны пайдалануға берілді, олардың басым бөлігі ауылды аймақтарды орналасқан. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2025 жылдың қорытындылау барысында хабарлады.
Ол ірі жобалардың жүзеге асырылғанын атап өтті. Оның ішінде Түркістандағы ескек есу арнасы және Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионы бар. Астанадағы Ұлттық спорт университетінің құрылысы жалғасып жатыр.
Паралимпиадалық және сурдлимпиадалық қозғалыс жүйелі түрде дамып келеді. Алғаш рет заңмен «мүгедектігі бар спортшыны сүйемелдейтін адам» ұғымы бекітіліп, ерекше қажеттілігі бар спортшылардың қатысу мүмкіндігі кеңейді.
2025 жылғы маңызды бағыттардың бірі — халықаралық спорт ұйымдарымен өзара іс-қимылды күшейту болды. Қазіргі таңда Қазақстанның 81 өкілі халықаралық және континенттік спорт федерацияларында жұмыс істейді. Бұдан бөлек, биыл елімізге 22 халықаралық спорт ұйымнан басшылар келді. Бұл еліміздің ұйымдастырушылық және инфрақұрылымдық әлеуетінің халықаралық деңгейде мойындалғанын дәлелдейді.
Тұрақты түрдегі халықаралық ынтымақтастықтың нәтижесінде 2027 жылы Қазақстанда үстел теннисі, дзюдо, стенд ату, бокс және джиу-джитсудан бес әлем чемпионатын өткізу туралы келісімдер жасалды. Бұл еліміздің халықаралық спорт алаңы ретіндегі сенімді әрі бәсекеге қабілетті мәртебесін одан әрі нығайтуда маңызды кезең болмақ.

2025 жылы қазақстандық спортшылар халықаралық аренада 50-ден астам тарихи жетістікке қол жеткізді
📌 2025 жылы Қазақстан ірі халықаралық спорттық жарыстар өтетін алаңға айналды. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2025 жылды қорытындылау барысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, биыл шорт-тректен ұлттық құрама Азия ойындарындағы алғашқы алтын жүлдені жеңіп алса, фристайл-акробатика мен семсерлесу спорт түрлерінен тұңғыш медаль бұйырды. Сонымен қатар дзюдо, бокс, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, садақ ату және парабиатлон бойынша жоғары нәтижелер тіркелді. «Қайрат» футбол клубы өз тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққанын айрықша атап өтуге болады.
Сондай-ақ 2025 жылы Қазақстанда бокстан және фристайлдан Әлем кубогі кезеңдері, дзюдодан Grand Slam турнирлері, сондай-ақ бірқатар олимпиадалық спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстар өткізілді. Бұған қоса, елімізде алғаш рет Азия Паралимпиялық комитетінің конференциясы мен Бас ассамблеясы ұйымдастырылып, Қазақстанның Азиядағы инклюзивті спорт орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін нығайта түсті.

Шығыс Қазақстан облысында пиротехникалық бұйымдардың айналымына бақылау күшейтілді
Шығыс Қазақстан облысында 5 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында пиротехникалық бұйымдардың заңсыз айналымының алдын алуға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр.
Іс-шара аясында сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді сату мен пайдалануға жол бермеу мақсатында құқық қорғау және төтенше жағдайлар органдары бірлесіп профилактикалық рейдтер жүргізуде.
Рейдтер барысында базарлар мен өзге де сауда орындары тексеріліп, контрафактілік пиротехникалық өнімдер анықталып, тәркіленді. Жалпы облыс аумағында 345 профилактикалық рейд ұйымдастырылып, 60 пиротехникалық бұйым айналымнан алынды.
Тексеру нәтижесінде сегіз әкімшілік құқық бұзушылық дерегі тіркеліп, заң бұзушыларға айыппұл салынды. Мамандар азаматтарға пиротехникалық бұйымдарды тек сертификатталған және ресми сауда орындарынан сатып алуға кеңес береді.

🤡2