Turkistan TV
954 subscribers
7.13K photos
13.5K videos
4 files
634 links
Turkistantv
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Түркістан төрінде – Роза Рымбаева!

Киелі Түркістан облысының құрылғанына – 7 жыл! Осы айтулы датаға орай Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева «Түркістан» атты мерекелік ән кешін өткізді.

Сахнада Роза Рымбаеваның ұлдары Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев та кештің сәнін келтіріп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Халық сүйікті әншісін зор қошеметпен қарсы алып, өнеріне шынайы алғысын білдірді.

#TurkistanTV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Түлкібаста Мархабат Байғұт атындағы медиа студия ашылды

Түлкібас ауданында заманауи медиа студия ашылды. Аудандық «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы жанынан орын тепкен орталыққа жазушы, қоғам қайраткері Мархабат Байғұттың есімі берілді.

Cалтанатты шараға аудан әкімі Асқар Естібаев, облыстық Журналистер одағы филиалының төрағасы Мәлік Дәулетов, аймаққа танымал журналистер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Медиа кеңістікке жаңа леп берер орталық соңғы үлгідегі техникамен, жоғары сапалы дыбыс жазу құрылғыларымен және арнайы студиялық жабдықтармен жабдықталған.

#TurkistanTV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ТҮРКІСТАНДА ЖАС МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ ӨТІП ЖАТЫР

Түркістанда «Адал азамат, адал еңбек, адал табыс» атты колледж түлектеріне арналған форум өтіп жатыр. Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, форумға қатысушы жастарға табыс тіледі.

«Түркістан облысы – еңбекқор жандар мекені» дейді облыс әкімі. Бұл сөзді бүгінгі мәліметтер де жоққа шығармайды.

Биыл 12 мың студент колледж бітірсе, басым бөлігі «жұмысшы мамандықтарды» иеленіп отыр.

Бүгін Congress Hall кешенінде өтіп жатқан бос орындар жәрмеңкесіне 40-тан астам жұмыс беруші жас мамандар мен жұмыс іздеушілерге 1500-ден аса жұмыс орнын ұсынып отыр.

#TurkistanTV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Дрондардың диқандарға көмегі мол

Технологияның дамығаны ауыл шаруашылығына көп көмегін тигізуде. Мәселен, егіс алқаптарында 100-ден астам дрон жұмыс істеп тұр. Олар өсімдіктерге арналған дәрі-дірмектер мен тыңайтқыштарды бірдей мөлшерде себуге мүмкіндік береді.

«1 дрон 60 келіге дейінгі салмақты көтере алады. 1 мезгілде 2 гектар аумаққа дәрі себеді. Сондай-ақ, дронның бір артықшылығы – бензинмен емес, батареямен жұмыс істейді. Сондықтан, бұл қоршаған ортаға әсерін тигізбейді», - дейді дрондарды басқару бөлімінің басшысы Цзя Лонгжье.

Толығырақ YouTube арнамыздағы туризм саласындағы жетістіктерді «7 жылдағы 7 үздік жоба» атты арнайы жобадан көре аласыз.

#TurkistanTV
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Әр тиын – халық игілігіне: түркістан облысының әкімі қатаң тапсырма берді

Түркістан облысында мемлекеттік сатып алу саласындағы кемшіліктер мен өзекті мәселелер облыс әкімдігінің мәжілісінде кеңінен қаралды. Жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров төрағалық етті. Мәжілісте өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен мемлекеттік сатып алудың заңнамалық талаптарға сай жүргізілуі мәселесі көтерілді.

Аймақ басшысы мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықтарға жол берген аудан, қала әкімдері мен облыстық басқарма басшыларының салаға жауапты орынбасарларының тәртіптік жауапкершілігін қарауды тапсырды.

#TurkistanTV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Дауларды азайту жолдары талқыланды

Түркістанда әкімшілік істер бойынша білім саласына қатысты дауларды азайту мәселесі талқыланды. Ондағы мақсат - әкімшілік сот өндірісінде білім беру саласындағы даулардың алдын алу және азайту. Кездесуге облыс прокуратурасының басқарма прокурорының басшысы, адвокаттар мен білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.

Жиында білім беру мекемелеріндегі бос лауазымдарға конкурс өткізу тәртібінің сақталуы, мемлекеттік сатып алу ережелерін сақтау мәселесі сөз болды. Сондай-ақ, оқушыларды іс-сапарға, лагерге жіберу мен тамақтандыру тәртіптері қаралды. Баяндамашылар жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берді.

#TurkistanTV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚ ӘНДЕРІ ӘЛЕМ НАЗАРЫНДА🤩

🔹Түркістан облысының 7 жылдығына орай жаһан жұртының назарын аударған халықаралық «Voice of Turan – 2025» қазақ әндері фестивалі өтеді.

🔹Бұл жоба биыл тың форматта, ашық аспан астында алтыншы рет жалауын көтереді. Ән додасына әлемнің 17 елінен келетін кәсіби әншілер екі күн бойы қазақ әндерін әуелете шырқайды. Олардың өнерін еліміздің танымал өнер шеберлері бағалайды.

🗓️20-21 маусым күндері
сағат 20:00-де
📍«Керуен сарай» кешені
🟢КІРУ ТЕГІН!

🔹Келіңіз, тамаша кештің куәсі болыңыз!

#TurkistanTV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Отырар ауданына 11 техника табысталды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, елімізде «Таза Қазақстан» акциясы жүргізіліп жатыр. Бүгін Отырар ауданына осы акция аясында бюджет қаражаты есебінен 11 техника табысталды.

#TurkistanTV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Түркістанда «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында колледж түлектері үшін өткен бос орындар жәрмеңкесінде Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жастарды жұмыспен қамту – басым бағыттардың бірі екенін айтты.

#TurkistanTV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Төлеби ауданында көпір пайдалануға берілді

Төлеби ауданына қарасты Ханарық елдімекенінде жаңа көпір пайдалануға берілді. Ауыл тұрғындары қуанышты хабарды «бұл көпір – тек өткел емес, бұл – сенім көпірі, бірлік пен ілгерілеудің символы» деп бөлісті.

Облыстық бюджет есебінен салынған көпірдің ұзындығы 42, ал ені 10 метр. Бұл стратегиялық маңызды нысанның құрылысын «АВС Group KZ» мердігер мекемесі жүргізген. Жалпы, Ханарық ауылында 250 тұрғын үй мен 2 мыңға жуық тұрғын бар. Енді округ халқы алаңсыз көпірді пайдаланбақ.

#TurkistanTV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ұстаздықтың үлгісі

Кешегі қан майданда жауынгерлермен қатар, тылдағы азаматтардың да еңбегі зор болды. Ер атаулы етігімен су кешкен заманда ауылда қалған еңбектеген баладан еңкейге қартқа дейін ертелі-кеш бел жазбай еңбек етуге мәжбүр болды. Солардың қатарында Қазығұрт ауданының тыл ардагері Заузат Тәліпов те бар.

Бүгінде ардагер – ұрпағының мақтанышы, өнегелі әулеттің темірқазығы. Жұбайымен бірге өмірдің талай белесін артқа тастап, ұл-қыз тәрбиелеп, немере-шөбере сүйіп отыр.

Тәліповтар әулетіне 42 жыл бұрын келін болып түскен Жүзімгүл Ордабаева — отбасының тірегі. Ғасыр жасаған ақсақалдың күнделікті күтімі дәл осы кісінің мойнында. Жүзімгүл апайдың сөзіне сенсек, атамыздың ұзақ ғұмыр жасауының сыры – тек ұлттық тағамдар мен таза табиғи өнімдерді тұтынуында екен.

#TurkistanTV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ауыл шаруашылығы санағы өтуде

Түркістан өңірінде ауыл шаруашылығына қатысты санақтың дайындық кезеңі өтіп жатыр.

Жұмыс барысында қандай деректер жиналды? Олардың маңызы неде? Толығырақ тілші материалынан көріңіз.

#TurkistanTV
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы жастармен бірге!

Айтым Жакупов – елге танымал жаттықтырушы, Janamen жобасының авторы. Ол қазақстандықтардың салауатты өмір салтын ұстануына серпін берген ерекше бастаманы қолға алған.

Бұл жоба арқылы ол қарапайым жаттығуларды қолжетімді әрі жүйелі түрде үйретіп, мыңдаған адамның денсаулығын жақсартуға ықпал етіп жүр.

Айтум Жакуповтың еңбегі желі қолданушылары арасында да танымалдылыққа ие болды. Оның адамзат өмірін өзгертуге ықпал еткен жобасына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та назар аударды. Спорт залына арнайы барып, ондағы мүмкіндіктерді көріп шықты.

Мемлекет басшысы елді бастаған жастардың әлеуметтік, шығармашылық, спорттық жобаларына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Janamen жобасы да сондай қолдауға ие болары сөзсіз.

#TurkistanTV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Түркістан Дубайға ұқсап бара жатыр»

Turkistan телеарнасындағы «Tourist Life» жобасы бүгін тағы да қалаға келген туристермен сұхбаттасты.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген туристер Түркістан қаласы жайлы жарқын пікірлерін білдірді.

Солардың ішінде Орал қаласынан келген демалушы Түркістанға алғаш келгенін, қаланың Дубайдан еш айырмашылығы жоқ екенін айтып өтті.

#TurkistanTV
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАНЫМАЛ КАРАТЭШІГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев каратэ спортындағы ең беделді атақтардың бірі «Grand Winner – 2025» мәртебесіне ие болған Әсел Қанайды қабылдап, жеңісімен құттықтады.

Кездесуге облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшылығы мен спортшының бапкері және өзге де спорт саласының өкілдері қатысты. Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары спортшының жетістігін жоғары бағалап, қашан да спортты дамытуға және елдің мақтанышына айналып, әлі талай биіктерді бағындыратына сенім білдірді.

Әсел Қанай – каратэден халықаралық деңгейдегі жарыстардың жеңімпазы. Биылғы «Karate 1 Premier League Top – 32» рейтингтік турнирлерінің қорытындысы бойынша – 2 қола және 1 күміс медаль жеңіп алды. Әлемдік рейтингте 61 келі салмақ дәрежесінде 1-орында тұр.

#TurkistanTV
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Voice of Turan – 2025» фестивалі басталды

Киелі шаһарда халықаралық «Voice of Turan – 2025» қазақ әндері фестивалі басталды.

Бүгін әлемнің 17 елінен келген фестиваль қатысушылары қазақ әндерін орындаудан бақ сынайды. Фестивальда еліміздің танымал жұлдыздары да өнер көрсетеді. Қатысушылардың өнерін кәсіби қазылар алқасы бағалайды.

#TurkistanTV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Самарқандтан келген делегация Түркістанды аралады

Түркістан қаласына Өзбекстан Республикасы Самарқанд қаласынан туризм басқармасы мен БАҚ өкілдерінен құралған делегация келді. Сапардың негізгі мақсаты — туристік саладағы екіжақты әріптестікті нығайту және мәдени алмасуды дамыту.
 
Сапар аясында Түркістан облысының туроператорларымен және екі салалық басқармамен ресми кездесу өтті.
 
Бүгін делегация Түркістанның басты тарихи-мәдени нысандарын, инфрақұрылымдық және жаңа туристік бағыттарды аралап көрді.
 
#TurkistanTV
ОБЛЫС ӘКІМІ ПОРТУГАЛИЯНЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістанға арнайы келген Португалияның Қазақстандағы елшілігінің сенімді өкілі Жозе Атаиде Амаралмен кездесті. Кездесуде облыстың экономикалық, туристік әлеуеті таныстырылды.

Жозе Атаиде Амарал қонақжай мінез танытқан облыс әкіміне ризашылығын білдірді. Түркістанға «VOICE OF TURAN - 2025» қазақ әндерінің фестиваліне арнайы келгенін, Португалияда қазақ әндерін шырқап жүрген әнші бар екеніне, қазақ ән өнерінің деңгейі биік екеніне тоқталды.

#TurkistanTV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Телеарна ұжымы кәсіби мерекені тауда атап өтті

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні!

Осы атаулы күнге орай, Turkistan телеарнасынының ұжымы кәсіби мерекені тіршіліктен тыс, тамаша таза ауада атап өтті.

Телеарна тауда жүрсе де, көрерменге ақпарат таратуды тоқтатпады.

Turkistan арнасы әрдайым қосулы болсын!

TurkistanTV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Тренд үшін тәуекел: Түркістанда мұндай дерек тіркелмеген


“Нәзік әлем” бағдарламасының кезекті саны “Тренд – түбіне жеткендер” тақырыбына арналды. Эфирде әлеуметтік желіде көзге түсу үшін қауіпті трюктер жасап, өмірін қатерге тіккен жастар жайы талқыланды.

Қуантарлығы Түркістан қаласында мұндай жағдайлар тіркелмеген. Бұл тәртіп сақшыларының алдын алу жұмыстарының нәтижесі. Мамандар жастарды тренд қуу емес, жауапкершілікке шақырады.


#TurkistanTV