"Тұлға болам" бәйгесі 📚
20.6K subscribers
14 photos
3 videos
29 files
25 links
"Тұлға болам" бәйгесінің ресми тобы.

🔰 Қазақстандағы үздік жоба!
Download Telegram
Сәлеметсіздер ме, құрметті бәйгеге қатысушылар?
Мұнда сайыс жайлы мәліметтер жарияланатын болады. Жіберіп алмау үшін хабарлама дыбысын қосып қойыңыз.
Қайырлы таң, құрметті сайыскер! Өміріңіздің жаңа парағын ашуға аз уақыт қалды.
Сайысқа қаншалықты дайынсыз?
Anonymous Poll
43%
Бірінші орын менікі😅
53%
Барлығыңызға сәттілік
4%
Бұл не өзі🤦🏻
"Тұлға болам 3" сайысына тіркелу ашық🔥

http://tulgabolam.kz/
Осы сілтеме бойынша тіркеліңіз🙌🏻

Сайысымыздың басты шарты кітап оқу және сол кітаптар бойынша әр кезеңде онлайн тест тапсыру. Сайысымыз үш кезеңнен және финалдан тұратын болады.

Сайысымызға 1-сынып оқушысынан бастап кез-келген жастағы адамдар қатыса алады. Және сайыста қатысушылар 5 топқа бөлінеді.

Ережелері мен сыйлықтар жайлы әлі де толығырақ жазылған посттар шығатын болады, сол себепті өткізіп алмаңыз. Бұл сайыста рандом әр кезеңнен кейін ойнатылатын болады. Рандом ұтысының жалпы қоры - 9 миллион 250 мың теңге🍋

Тіркелу 9 сәуірге дейін жалғасатын болады, егер сіз тіркелмей сайысқа қатыссаңыз сыйлықтардан құр қаласыз.

Әр кезең - жаңа мүмкіндік⭐️
“Тұлға болам 3” бәйгесі жайлы толық ақпаратты осы құжаттан біле аласыз🙌🏻
Құрметті сайыскерлер, бәйгенің бірінші кезеңінде оқылу керек кітаптар DARIYA қосымшасында жарияланды. Жүктеу үшін мына сілтемеге өтіңіз: http://onelink.to/dariya
Кітаптар 📚⬇️

Бірінші кезең кітаптарын төмендегі сілтеме арқылы Word және PDF нұсқаларын жүктей аласыз:

https://inlnk.ru/n0PZ8n
Сайыс ережелері🙌🏻

Сайысқа қалай қатыса аласыз?
- Қатысу ТЕГІН;
- tulgabolam.kz сайтында 10.03.2022-09.04.2022 аралығында тіркелесіз. Тіркеліп үлгермегендер тестке қатыса береді, тек жүлде ала алмайды;
Әр кезеңде өз тобыңызға бекітілген кітаптарды оқып, сол кітап бойынша бекітілген күні тест тапсырасыз.
- Сайыс үш кезең және бес топтан тұрады (ересек және студент, 8-12 сынып, 5-7 сынып, 3-4 сынып, 1-2 сынып), қатысуда жас шектеуі жоқ, яғни сайысқа әріп танитын кез-келген жастағы адам қатыса алады;
- Міндетті түрде «Тұлға боламның» ресми телеграм тобына тіркеліңіз (@tulgabolam). Бұл шара оқырман санын көбейту үшін емес негізгі мәліметтер сонда жарияланатын болғандықтан қатысушы тыс қалып қоймау үшін жасалынып жатыр.

Сайыс қалай өтеді?
1) Қатысушы сайтта бәйгеге тіркеліп болғаннан кейін бекітілген кітапты оқып бастайды. Кітаптарды онлайн және офлайн форматта DARIYA қосымшасынан аудио және электронды нұсқаларын ТЕГІН оқып, тыңдай аласыз, немесе телеграм арнамыздан PDF, Word нұсқаларын ТЕГІН жүктеп алу арқылы оқи аласыздар. Ал қағаз түріндегі кітапты, бар болған жағдайда, (https://instagram.com/kitapal.kz) Kitapal дүкенінен тапсырыс бере аласыздар.

Ескерту‼️: бәйгеге қатысу тегін және де қағаз кітапты сатып алу міндетті емес. Ғаламторда біз ұсынатын кітаптардың басқа да нұсқалары болуы мүмкін, тест біздің нұсқа бойынша дайындалатын болады, сондықтан бәйге барысында біз берген нұсқаларды оқу ұсынылады;

2) Әр кітапты оқуға белгілі уақыт беріледі. Сол уақыт аралығында кітапты мүмкіндігі барынша көп рет оқып дайындаласыз;

3) Бекітілген күні тест тапсырасыз. Үш кезең тесттері онлайн форматта DARIYA қосымшасында немесе Google формада тапсырылады.

4) Финал Қазақстанның 4 ірі қаласында (Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан, Ақтау) офлайн өтеді. Егер финалист офлайн тестке келе алмайтын болса 15 маусымға дейін ұйымдастырушыларды хабардар етуі тиіс. Егер ондай жағдай болса тиісті шаралар қарастырылады.
"Тұлға болам" бәйгесі 📚 pinned «Сайыс ережелері🙌🏻 ⠀ Сайысқа қалай қатыса аласыз? - Қатысу ТЕГІН; - tulgabolam.kz сайтында 10.03.2022-09.04.2022 аралығында тіркелесіз. Тіркеліп үлгермегендер тестке қатыса береді, тек жүлде ала алмайды; Әр кезеңде өз тобыңызға бекітілген кітаптарды оқып…»
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қайырлы түн, достар!
11 наурыз күні еліміздің ресми арналарында прессконференция өткізген болатынбыз. Ол жерде журналистердің бәйгеге байланысты сұрақтарына толықтай жауап беріп, халқымыздың ағарту саласында үлкен маңызға ие осынау сайысымызды көпшілікке жеткізуге шақырдық.
Ал сіз бәйгеміз жайлы өз жақындарыңызға айттыңыз ба?
Anonymous Poll
82%
Әрине
18%
Ұмытып кетіппін, міндетті түрде айтамын!
“Көптің қолы көкке жетеді” демекші, жоғарыдағы видеоны достарыңызбен ватсап статуста, инстаграм стористерде @dariya_damytu @shugylakz парақшаларын белгілей отырып бөлісулеріңізді сұраймыз. Елімізді бірге көркейтейік!
Сайысымыздың жүлделері

Әр топтың негізгі жүлделерінен бөлек сайысымызда “РАНДОМ” сыйлықтары болады.

“РАНДОМ” сыйлықтары дегеніміз не?
Ол - барлық қатысушылардың арасында кездейсоқ ойнатылатын сыйлықтар. Сыйлықтардың 2 түрі бар: кіші және үлкен рандом сыйлықтары. Кіші рандом сыйлықтары әр кезеңнен кейін ойнатылады, ал үлкен рандом үш кезең өткеннен кейін ойнатылады Рандом сыйлықтарын ұтып алу үшін сайтымызға тіркелу МІНДЕТТІ.

“Тұлға болам 3” бәйгесінің жүлделер саны өте ауқымды болмақ. Жүлделер мен сыйлықтардың жалпы қоры 30 млн теңгеге жуық. Жүлделер саны 600-ден астам. Негізгі жүлделер финалистер арасында ойнатылады.
Финалға өту үшін:
1) Міндетті түрде 9 сәуірге дейін tulgabolam.kz сайтында тіркелу;
2) Үш кезеңге де қатысу;👌🏻
3) Үшінші кезең тестінен алғашқы 20 адамның қатарында болып, финалға өту 🌟
4) Финалда алғашқы ондықта болу🏅

Толық тізімді инстаграм парақшамыздан біле аласыз👇🏻

https://www.instagram.com/p/CbIIYVNMVN2/?utm_medium=copy_link
"Тұлға болам" бәйгесі 📚 pinned «Кітаптар 📚⬇️ Бірінші кезең кітаптарын төмендегі сілтеме арқылы Word және PDF нұсқаларын жүктей аласыз: https://inlnk.ru/n0PZ8n»