Тимурдан Инфо | it&tech
2.81K subscribers
952 photos
88 videos
17 files
595 links
Ақпараттық технология (ІТ),
кәсіп бастау,
Интернет маркетинг,
жаңа медиа,
әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жұрттың майонез шығаратын компанияларына дейін пысық;))

Sloboda майонезін өндіруші EFKO Hi-Fly Cargo дрон прототипін ұсынды. Құрылғы 20 шақырымға дейінгі қашықтықпен ұшуға, 100 км/сағ жылдамдыққа және 170 кг-ға дейінгі жүктерді көтеруге қабілетті.

Қолдану мақсаты - ауыр жүктерді жеткізу және зардап шеккендерді эвакуациялау.

Прототип 70% ресейлік құрамдас бөліктерден тұрады.

@timurdaninfo
Жақында дрондар туралы бір подкаст тыңдадым.

Қызық инфо:

Квадрокоптерлердің негізгі идеялық және орындау авторы - энтузиаст ІТ мамандары екен. Яғни, ешқандай да аэронавигация немесе әуесқой-ұшқыштар клубы, болмаса радиоэлектроника мамандары емес, кәдімгі өзіміздің айтишниктер.

Тиісінше, дрон дегеніміз міндетті түрде квадро мотордан тұруы шарт емес. Негізі, нағыз дрон ол өзіміз кинода көріп жүргендей, АҚШтың әскери ұшақтары немесе соңғы кезде қатты танымал - түріктердің “Байрақтары” типтес болады екен.

Ендеше, неліктен біз квадрокоптерлерді дрон атап кеткенбіз? Өйткені, әу баста азаматтық һәм әуесқой дронды, сөзіміздің басында айтқандай, ІТшник энтузиастар құрастырып шыққандықтан, олар тек ардуино тектес микроконтроллерге 4 қозғалтқыш байлап, сол арқылы ұшыруды ғана білген. Осылай, радиобасқару құрылғысы арқылы ұшатын аппаратты жасаудың ең қарапайым жолына жүгінген. Ал ол модель тез танымал болып кеткен соң өздеріңізге мәлім қытайлық компания соны ары қарай жетілдіріп ала жөнелген. Сөйтіп, қарапайым азаматқа дрон дегенде көз алдына квадрокоптер келеді.

Неліктен?

Себебі, аказвайтса, осы күнгі адамдарға дрон дрон күйінде мүлдем қажет емес. Оларға ұшатын камера керек екен:)))

Яғни, дронның аспанды шарлау қасиеті біреулерге айналаны түсіру үшін қажет болса, келесі біреулерге әскери мақсатта қажет…

Ал саған ше? Дрон несімен қажет немесе қызықты?

@timurdaninfo
Зерттеу оқимын.

Research дейді.

Маркетингке қатысты, ІТ-ге, жасанды интеллектке қатысты, әлеуметтануға, экономикаға, желілер туралы.

Солардан үзінділер келтірсем немесе қазақшалап қорытып айтып берсем, қызық бола ма сіздерге? Қажет деп ойлайсыздар ма?
Тарихи оқиға:

Илон Маск Twitter-ді 44 млрд долларға сатып алды

@timurdaninfo
That’s insane.

What a wonderful time we are living

АҚШтың Аризонасында тұратын мына dude Убер арқылы такси шақырған ғой. Сөйтсе, шопыры жоқ көлік кеп тұр😆😆😆

https://fb.watch/cDbtdyLjaQ/
Elon Musk Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алғанына байланысты Twitter желісіне қазақ тілін қосуды сұрап Elon Musk-ті белгілеп жатыр екен.

Егер Twitter аккаунтыңыз болса #kazakhlanguageintwitter хештегімен қазақ тілін қосуын сұрап пост жариялаңыз.
Сұрадыңыздар, берейін

Шынымды айтайын, "Зерттеу (research) және аналитикалық есептерді (отчет, report) оқып тұрамын, сіздерге де айтайын ба?" деген сұрақ қойғанымда сіздердің бір ауыздан "Иә, әрине, қызық және қажет" деген жауаптарыңызды алып қатты қуандым.

Неліктен?

Себебі, мен үнемі зерттей материалдарын оқимын, бірақ не үшін оқитынымды өзім де білмеймін. Былай қарап тұрсаң, өміріңді өзгертуге тікелей қатысы жоқ ақпарат, кейде тіпті артық мәлімет. Екінші жағынан, айналада, әлемде не болып жатқанын біліп отыру - маған сұмдық қызық. Сондықтан, өзімді жартылай "қуатын адаммын" деп есептейтінмін. Сөйтсем, өзімнің жалғыз еместігімді сезініп, мәз боп отырмын:))

Сонымен, мына бір бомба, жо, СУПЕР БОМБА зерттеуді оқыңыздаршы. Санаңызды төңкеріп жібереді.

Бұл деген сөз: ⤵️

https://timurbektur.medium.com/жаңа-әлем-қайта-құру-есеп-ad2f0ece4b3
Новый мир. Перестройка. Отчет.pdf
7.5 MB
"ХХІ ғасырдың жаңа шындығындағы адамдар, бизнес және брендтер: өмір сүру және даму стратегиясы" атты репорт.

Өтініш: егер ұнаса және пайдалы болса, постқа реакция білдіре отырыңыз.

Бұл - өзгелерге жазбаның маңыздылығын көрсетеді, ал маған пайдалы мәліметті жаза түсуге мотивация болады.

Жарияланған жері ➡️ @timurdaninfo
Добрый день, Друзья! Компания Tele2Altel находится в открытом поиске, кандидатов в наши продуктовые команды на следующие позиции:

Android (Senior, Middle, Junior)
IOS ( Senior, Middle, Junior)
Backend Node Js (Senior)
Front end React ( Senior, Middle)
Team lead Backend
Team lead Frontend
1c (Senior, Middle)
Scrum master (Middle+)
UI/UX - (Middle, Senior)

Сейчас компания переходит плавно в IT компанию, 3 месяца назад мы сделали первый шаг, и перешли в inhouse разработку. Сейчас набираем в продуктовые команды с нуля.
Резюме: bibish.ashayeva@tele2.kz

@timurdaninfo
#вакансия
Баршаңыздың жасаған құлшылық-намаз, еткен дұға-тілектеріңіз қабыл болсын 🤲🤲🤲
Вот это поворот
Жан-жағыңызға қараңызшы?

Өмірде қажет қандай сала бар?

- Ойын-сауық (кино, музыка, көңіл-көтеру, ойын, т.с.с.),
- гаджет-құралдар (телефон, ойын құрылғысы, үй-жабдықтары, аудио-видео техникалар, т.с.с.),
- транспорт (көлік-транспорт қосалқы бөлшектері, т.с.с.),
- сауда-саттық (банкинг, төлем жүйесі, маркетплейстер, т.с.с.),
- туризм (брондау, саяхаттау, қызмет көрсету, маркетплейс, т.с.с.),
- т.с.с.

Осы категорияның барлығындағы компаниялар мен сервистер өз қызметтерін Ресейден әкетіп жатыр, Плей Маркет пен ӘпСтордан бағдарламаларын тоқтатып жатыр. Олардың барлығының атын айтқаннан, кетпегендерді айту жеңіл боп қалды. Ал кетпеген ешкім қалмады.

Тіпті Renault компаниясы АвтоВаздағы 60%-дан асатын иелігін қытайлықтарға сатып кеткелі жатыр. “Урал” мацікілдері Қазақстанға қоныс аударады дейді. Тинькофф банкі біздің елімізде филиалын ашуды көздеп отыр. Индрайвер Алматыға келіп алды.

Еуропа мен АҚШ: “Бұл әлі басы…” дейді.

Суретте АлиЭкспрес скриншоты. Ресейде төлем қабылдауды тоқтатыпты…
Студенттерге!

Data Science бағытында білім беретін Kaspi Lab-қа қабылдау басталды.

Курс бағдарламасында:
• MS Excel-дегі статистикалық функциялар
• SQL, SAS Base негіздері
• Python-да бағдарлама жазу
• Деректерді талдау
• Big Data-ға кіріспе және т.б.

Курс Kaspi.kz-тің нақты кейстерімен оқуға, жетекші талдаушылармен танысып, араласуға мүмкіндік береді.

Курстан және әңгімелесуден сәтті өткендердің барлығын ақылы тағылымдамадан өтуге және әрі қарай Kaspi.kz-ке жұмысқа шақырамыз.

Іріктеу тестілеуден өту үшін мына сайтта тіркелу керек:
https://lab.kaspi.kz/

Топқа қабылдау 6 мамырға дейін жалғасады!

Дәрістер 15 мамырда басталады.

@timurdaninfo
Forwarded from Kolesa Group
Стать iOS-разработчиком: полезности по изучению Swift

В преддверии нашего Kolesa iOS Meetup, который состоится 12 мая, мы решили подготовить небольшой гайд. В следующие 5 абзацев мы вложили полезные ссылочки, которые помогут тебе вкатиться в iOS-разработку с нуля.

1. Если ты новичок, то попробуй приложение Swift Playgrounds от Apple. Игровой формат для айпэда или мака, который учит основам алгоритмов в разрезе свифта.

2. Тоже для начинающих, но чуть серьёзнее — курс от Angela Yu на Udemy. Научишься базовым основам и соберёшь своё первое приложение уже в первый день. Можно будет похвастаться друзьям, что ты теперь iOS-инженер (но это не точно).

3. Для более скилловых на Youtube есть отличные бесплатные курсы Стэнфорда CS193p — iPhone Application Development Spring 2020 и Developing iOS 11 Apps with Swift 2017-18.

4. Много отличных видео с разборами у Ray Wenderlich: там и лекции, и план обучения, и вообще куча всего.

5. Ещё один крутой ресурс — Hacking with Swift.
100 days of Swiftчеллендж на 100 дней непрерывного изучения Swift-а. Ещё есть такой же по Swift UI — 100 days of Swift UI.

Если у тебя есть друг, который хочет стать iOS-разработчиком, то перешли ему это сообщение 🤓

А ещё присоединяйся к нашему митапу, регистрация здесь: онлайн и офлайн. На митапе наша сотрудница Айдана Хасенова как раз расскажет о том, как мягко вкатиться в профессию и коллектив 🙃
UX/UI саласында жұмыс істейтіндер немесе енді қызығып жүргендер үшін өте керемет ресурс тауып әкелдім.

Орыстардың ағылшынша материалды құр аударып қана бере салмай, осылайша шығармашылық үн қосып берген кездері ұнайды

http://bit.ly/2Y3DA3j

@timurdaninfo
👆👆👆
Айтпақшы,

менің каналыма енді қосылып жатқандар үшін.

Каналда жарияланған тақырыптарды талқылау үшін немесе ІТ, бағдарламалау, крипто, ғылым-білім, стартап бастау деген сияқты заманауи тақырыптарда сұрақтарыңыз болса,

Немесе өздеріңіздің оқыған-білгендеріңізбен бөліскілеріңіз келсе, чатқа қосылуды сұраймын:

https://t.me/timurdaninfochat
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ковидке байланысты тағы да қатаң карантинде жатқан Шанхайдың бір тұрғыны дронмен балық аулағанын түсіріп алыпты:)))

@timurdaninfo