Тіл кеспек жоқ
4.68K subscribers
6.37K photos
1.59K videos
15 files
5.31K links
Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://youtube.com/@tilkespekjoq?si=gokZeuGDIQ3Udpnn
Download Telegram
‼️Ыстамбұлда магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінің ошағы Ыстамбұлдың батысынан 80 шақырым жерде 6,92 шақырым тереңдікте орналасқан. Зардап шеккендер туралы мәлімет анықталып жатыр.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
🚑 Енді өмірге қауіп төнбейтін,жеңіл жарақат бойынша шақыртуларға емхана жанындағы мобильді бригада барады.

1 мамырдан бастап жедел жәрдем жұмысының тәртібіне өзгеріс енгізіледі. «Не өзгеріс тағы?» деп миыңыз ашып отса біздің жазбаны оқыңыз.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
⚡️Батыс Қазақстан аймағына қайта-қайта әскери дронның құлауы қоғамды алаңдата бастады. Жыл басынан бері 3 рет әскери дрон құлаған.

Әскери сарапшы құлаған дрон Ресейдікі деп топшылады. Себебі құрылғы бөлшектерінен орысша жазуды байқауға болады.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
Берденовке жасалған шабуыл Шымкентте көпқабатты үйлерді жөндеуге бөлінген 3,4 млрд теңгенің жоғалуына байланысты болуы мүмкін.

Бұл туралы BES.media өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Шымкент әкімдігінің және Respublica партиясының бірнеше өкілі шабуылдың себебі ретінде 2024–2026 жылдарға көпқабатты үйлерді жөндеуге бөлінген бюджет қаржысын атайды. Аталған 3,4 млрд теңге «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-не берілген. Компания басшысы күдікті Ернар Жиенбай. Ақша тендер өткізілмей бөлінген, ал оның нақты қайда кеткені белгісіз. Қазір бұл бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатыр.

Басылым жазуынша, оқиғаға дейін 10 күн бұрын әкімдікте Берденов қатысқан жиналыста Жиенбай агрессивті мінезіне байланысты залдан қуылып, артынан оны қызметінен босату мәселесі көтерілген.

«Компания қаладағы көпқабатты үйлердің капиталды жөндеуімен айналысады. Ал Берденовті қала әкімі осы саладағы тәртіп орнату үшін орынбасар етіп тағайындаған болатын», – деді дереккөз.

21 сәуірде Руслан Берденовке әкімдік маңында оқ атылды, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
Тоқаев: «Тіл мәселесін ту етіп қоғамда алауыздық туғызғысы келетіндер заңмен жазаланады»

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөз сөйледі. Тоқаевтың мәлімдемелерінің мазмұны жақында өткен Ұлттық құрылтайдағы айтылған сөздерден айтарлықтай өзгеше емес.

Сессияда Тоқаев елде ешкімнің азаматтарға қай тілде сөйлеу керектігін бұйыруға құқығы жоқ екенін атап өтті. Оның айтуынша, ҰБТ тапсырушылардың 80%-ы, ал 1-сыныпқа баратындардың 70%-дан астамы қазақ тілін таңдайды.

«Бұл қазақ тілінің ешқандай қысымсыз, табиғи түрде нығайып келе жатқанын білдіреді. Провокациялық әрекеттер заңмен тоқтатылады», – деді Тоқаев.

Президент бұл сөздерін нақты қандай оқиғаға қатысты айтып отырғанын ашып көрсетпеді.

Сонымен қатар, президент құқық қорғаушылар, блогерлер мен журналистерді сынға алып, оларды «сөз еркіндігінің қорғаушысы ретінде көрсеткісі келетін араңдатушылар» деп атады.

«Олар еліміздегі әр оқиғадан саяси астар іздеп, шын мәнінде арандатушылықпен айналысып жүр. Бұлар – Қазақстаннан көшіп кеткен, шетелде отырып халқымызға тіл тигізіп, мемлекеттік органдарды бопсалайтын бұрынғы азаматтар. Оларға ақша бөлген елдердің алдында есеп беріп жатыр. Демократияны біреудің қаржысымен орнатуға болмайды», – деді ол.

Тоқаев нақты қандай азаматтарды меңзеп тұрғанын тағы да ашып айтпады.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Qasqir_kz лақап атымен танылған Әли-Әскер Байғожиннің үстінен «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған.

Бұған оның «Ганюшкин департаменті» атты сатиралық сериалындағы кейіпкерінің айтқан балаған сөздері себеп болған. Онда блогер «Сәкен» деген құқық қорғау органы қызметкерінің рөлін сомдайды.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
Тіл кеспек жоқ
⚡️Qasqir_kz лақап атымен танылған Әли-Әскер Байғожиннің үстінен «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған. Бұған оның «Ганюшкин департаменті» атты сатиралық сериалындағы кейіпкерінің айтқан балаған сөздері себеп болған. Онда блогер «Сәкен» деген…
🚨🥲 Блогер Мұрат Әбділда қайтадан қамауға алынды

TikTok жұлдыздарының бүгін жолы болмай жатыр. Қыркүйекте босап шыққан блогер Мұрат Әбділдә шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу тәртібін бұзғаны үшін қайтадан түрмеге қамалды. Сот шешімімен оның бостандыққа шығуының күші жойылып, қалған екі жыл жазасын түрмеде өтейтін болды.

Сот материалдарына сәйкес, Әбділдәға түнде үйде болу міндеттелген, алайда полиция оның бұл талапты бірнеше рет бұзғанын дәлелдейтін айғақтар ұсынған. Сот оның режимді жүйелі түрде бұзғанын анықтады.

Мұрат Әбділдә — Қазақстанда TikTok-та тікелей эфирде ән айтып, қалжыңдап, эпатажды стримдерімен танылған блогер. Оның видеолары әлеуметтік желіде тез тарап, жиі резонанс тудыратын.

2022 жылы ол ҚР ҚК 174-бабы бойынша — әлеуметтік, ұлттық және діни алауыздықты қоздырғаны үшін 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған. Бұл оның алғашқы соттылығы емес. Бұған дейін де осы баппен екі рет шартты жаза алған. Бір оқиға тікелей эфир кезінде болған: Абдильда мас күйінде қазақ руларының бірінің өкілдерін қорлаған.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
🇺🇦 Трамп пен Путин соғысты тоқтату туралы алдын ала келісімге келгенін мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысты тоқтату туралы алдын ала келісімге келгенін жариялады. Алайда, келісімді жүзеге асыру үшін Украина тарапынан келісім қажет.

Трамптың айтуынша, жоспар бойынша Ресей Қырым мен Украинаның 20%-ына жуық аумағын сақтап қалады, ал Украина НАТО-ға кірмейді. Бұл ұсынысқа Украина президенті Владимир Зеленский қарсылық білдіріп, Қырымды Ресейге беру Конституцияға қайшы екенін айтты.

Трамп Зеленскийді келіссөздерді баяулатып отыр деп айыптады және АҚШ келіссөздерден мүлде бас тартуы мүмкін екенін ескертті.

Путин тікелей Киевпен келіссөз жүргізуге дайын екенін білдірді.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
Тіл кеспек жоқ
😍 2025 жылы 2185 қазақ тарихи отанына оралды Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Қазақтар келген елдер: • Қытай — 46,4% • Өзбекстан — 41% • Түрікменстан — 7,1% • Ресей — 1,9% • Моңғолия — 1,6% Елге келген қазақтар республиканың…
😍 2025 жылы 3203 қазақ тарихи отанына оралды

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Қазақтар келген елдер:

• Қытай — 48,1%
• Өзбекстан — 39,5%
• Түрікменстан — 5,8%

Елге келген қазақтар республиканың түрлі өңіріне қоныстанған.

1991 жылдан бері 1 млн 151 мыңнан астам қазақ Қазақстанға оралған.

Telegram ~ Instagram ~ Threads
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Тіл кеспек жоқ
Тоқаев: «Тіл мәселесін ту етіп қоғамда алауыздық туғызғысы келетіндер заңмен жазаланады» Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөз сөйледі. Тоқаевтың мәлімдемелерінің мазмұны жақында өткен Ұлттық құрылтайдағы айтылған…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
👀 Қасым-Жомарт Тоқаевқа мына сатушы баладан көп нәрсе үйрену керек сияқты

Қысқасы, Sergio деген блогер кәдесый сатып алу үшін базарға барған. Блогер магнит сатып алып, орыс тілінде «Спасибо» деген.

Осы кезде сатушы бала «No, спасибо. Ол орысша. Қазақша «Рақмет» деп айтасыз» деп жауап берген.

Желіде сатушы баланың бұл әрекетіне риза болып жатқандар жетерлік. Көп адам балаға мақтау жаудырып жатыр.

Telegram ~ Instagram ~ Threads
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌊 Есіл өзеніндегі су деңгейі қауіпті межеден асты

Кейінгі екі сағатта +4 см-ге көтеріліп, 1137 см-ге жеткен. Қала маңындағы елдімекендерге қауіп төнді.

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлда тасқынның шарықтау шегі 28–30 сәуірде болады деп мәлімдеген.

Telegram ~ Instagram ~ Threads
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Тіл кеспек жоқ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Тіл кеспек жоқ
👀 Қасым-Жомарт Тоқаевқа мына сатушы баладан көп нәрсе үйрену керек сияқты Қысқасы, Sergio деген блогер кәдесый сатып алу үшін базарға барған. Блогер магнит сатып алып, орыс тілінде «Спасибо» деген. Осы кезде сатушы бала «No, спасибо. Ол орысша. Қазақша «Рақмет»…
🗣 Тоқаевтың тіл туралы айтқаны қоғамда қызу талқыланып жатыр

Президент нақты қай тілді меңзеп тұрғанын айтпаса да, қазақ тіліне қатысты екені байқалады. Президенттің бұл сөздерді орысша айтқаны да жағдайды ушықтырды.

Журналист Жалғас Ертай президенттің тіл жайлы айтқандары мен бұл пікірдің салдары туралы жазды.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ Threads
Тіл кеспек жоқ
⚡️Qasqir_kz лақап атымен танылған Әли-Әскер Байғожиннің үстінен «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған. Бұған оның «Ганюшкин департаменті» атты сатиралық сериалындағы кейіпкерінің айтқан балаған сөздері себеп болған. Онда блогер «Сәкен» деген…
⚡️Астана соты блогер Әли-Әскер Байғожинді ақтады

Бұл туралы блогердің адвокаттары «Власть» сайтына айтқан. Әкімшілік іс құқық бұзу құрамының болмауына байланысты тоқтатылған.

Айта кетейік, Әли-Әскер Байғожиннің үстінен «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған.

Әкімшілік іске «Ганюшкин департаменті» деген сатиралық сериалындағы кейіпкер себеп болған.

Сатиралық сериалда блогер «Сәкен» деген құқық қорғау органы қызметкерінің рөлін сомдайды.

Telegram ~ Instagram ~ Threads
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM