Тіл кеспек жоқ
3.95K subscribers
5.45K photos
1.28K videos
15 files
4.14K links
Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://youtube.com/@tilkespekjoq?si=gokZeuGDIQ3Udpnn
Download Telegram
Коронавирустан әбден шаршап, карантиннен оралуды армандап жүрген халық наразылығын білдіре бастады.
Мысалы, Ақтөбеде саудагерлер жергілікті билік орталық базарды ашпаса, көтеріліске шығамыз деп бекініп отыр екен. Сөздерінше, карантин басталған екі айдан бері табыссыз қалған қара халық аштан өлудің алдында отыр. Сондықтан қазір саудагерлер қақпасы жабық базардың сыртынан өздері жабайы базар жасап алып, тауарларын көшеде сатуға көшіпті.
Одан басқа дәл сол митингілерге байланысты жаңа заң бекітіліп, шетелдік көліктердің жағдайы бір шешімін тапты. Ал девальвация кезінде ұйықтап жүрген Келімбетов болса елдің экономикасының дамуына болжам жасады. Бүгінгі шығарылымда осылардың барлығы туралы толығырақ сөз қозғайтын боламыз.


https://www.youtube.com/watch?v=M9nCgvlbFqk
Audio
#ТілКеспекЖоқ

Армян көліктеріне рұқсат берілді, ал митингілерге тиым салынды ма? Басты жаңалықтар
@znuvpodcast
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Күлдіре білу – өнер, күле білу – өмір, күлкіге қалу – өлім немесе жексенбі күнгі съемкі
Осыдан бес күн бұрын Армения, Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан мен Ресей кіретін Еуразиялық экономикалық одақтың отырысында күтпеген оқиға болды – бес елдің президенті ұйым тарихында алғаш рет көзқарас қайшылығына байланысты, алдағы бес жылға арналған даму стратегиясын қабылдаған жоқ. Одан қоймай, Тоқаев тіпті ЕАЭО-ны құру кезінде Қазақстанның көп нәрсеге қарсы болғанын айтты. Ресей бұған қалай жауап берді? Тоқаев саяси ұпай жинап жатыр ма әлде шынында Ресейден тәуелділікті азайтпақшы ма және енді одақтың жағдайы қалай болмақ? Осы туралы ақпаратты жинадық.

https://www.youtube.com/watch?v=xi1po-WeavQ
Бюджетке ақша әкелудің жаңа тәсілі де
https://www.instagram.com/p/CAnAYwXnHPD/?igshid=7tmz01oxgcj2
Алматы қаласы өмірге қайта орала бастады: сауда орталықтары, мейрамханалар, балабақшалар ашылды. Қала сыртында тұратын адамдар Алматыға жұмысқа бара бастады, бірақ біздің полицияның онымен жұмысы жоқ сияқты, блок бекеттерде әлі де қоршаулардан адамдары әрең өткізіп жатыр. Қала сыртында бірнеше шақырымға созылған кептеліс таң сайын пайда болуда.

Блок-посттар жалпы тек халыққа ғана емес, полиция қызметкерлерінің өздерінің де қырынан шықты.
25 мамырда Көксай ауылындағы блок-бекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей қаза тапты. Сол сәтте көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында ал, оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аурухана төсегінде көз жұмды. Баспасөз қызметінің мәліметінше, қаза тапқан екі полицейдің де артында бала-шағасы қалды.
Бүгінгі шығарылымда осы істің іш-қыры туралы сөйлесетін боламыз.

https://www.youtube.com/watch?v=e5EwEP1WyHs
10 миллион онша көп емес. Өткен жылдың соңында Қазақстанда жол бойындағы дәретханаларды 23 миллион теңгеге, яғни жақсы пәтердің бағасымен орнатқан
Қазір елімізде және әлемде көптеген жаңалықтар орын алып жатыр, бірақ бүгін мен сіздермен өткен күндер туралы әңгімелескім келіп отыр.
Кеше 31 мамыр күні Қазақстанда ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болды және де Тоқаев осыған орай үндеу жариялады. Ол тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау және қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырғанын мәлім етті. Бірақ ол құрбандарды ақтау ма басты мәселе әлде кінәлі адамдарды атау ма? Сонымен қатар, елімізде дәл қазір репрессиялар жалғасуда. Саяси көзқарастарын ашық білдіргені үшін заңгер Әлнұр Ильяшев дәл қазір қамауда отыр. Өткен күндерден сабақ алмаған, болашақтан таяқ жейді.
Кешегіні еске ала отырып, оның сабақтарынан да үйренуіміз керек. Бүгінгі шығарылымда осылардың барлығын қозғайтын боламыз.

https://youtu.be/kLuMUaRnkzI
Шамамен үш айға созылған карантиннен кейін, Қазақстанда алғашқы митинг өтті. Оның бір ерекшелігі, адамдарды улау. Алаңды тазарту үшін, үкімет қалың халық арасында химиялық дезинфекциялау жүргізе бастады. Сөйтіп халықты басуға бәрін қойып бас санитарлық дәрігер Бекшин көшті.
Қазақстандағы 6 маусым митингі қалай өтті?

https://youtu.be/gFbUmtgc6H0
Белсенді Әсия Төлесова полицейдің бас киімін қағып жібергені үшін қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылып, қамауға алынды. Ал митингіге шыққан адамдар мен жәй азаматтарға қысым көрсеткені үшін ешбір полицей жазаға тартылмады.

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова симптомы жоқ адамдар басқаларға сирек жұқтырады деп, денсаулық министірлігі енді оларды басқа тізімге жазатын болды. Осының арқасында ресми статистикада аурулар саны екі есе азайды. Одан басқа Есмағамбетова ол туралы ақпаратты қайдан алғанын да толық ашып айтпады.

Неліктен билік органдары халықпен қатынаста ақпаратты толық тарату мен әділеттілік принциптерін ұстанбайды? Халықты ақымақ санай ма әлде өздері ме?


https://youtu.be/4JlKAjPapUo
Алматы мен Астанада кәсіпорындарды қайтадан жаба бастады, полицейдің бас киімін қағып құлатты деп айып тағылған Әсия Төлесова тергеу барысы жүргенше он тәулікке жабылды, халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдына түнеген көп балалы аналарды полиция алып кетті, екі әріптесін қағып өлтірген мас полицей авариядан бірнеше күн бұрын жұмыстан шыққаны белгілі болды, бес жылға сотталған Президент әкімшілігі жетекшісінің бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев мерзімінен бұрын босап шықты, ал Сағынтаев, Тұрғымбаев, Біртановтар бөлінген ақшаны игере алмаған.

Бұл дәл қазір болып жатқан Қазақстан жаңалықтары және осылар туралы бүгін сөйлесетін боламыз.


https://youtu.be/eymwMrUl4HE
Audio
#ТілКеспекЖоқ
Қазақстан Ефремовтің ісінен не үйрене алады? Және Төлесова мен Сағынтаев туралы.
@znuvpodcast
Осыдан бірнеше күн бұрын анам қоңырау шалды. Даусы дірілдеп, біртүрлі, аянышты естілді. Біздің бір алыс нағашыларымыз коронавирустан көз жұмғанын айтты. Бұл менің жанұямдағы осы індеттен екінші өлім. Пандемия басталғалы бері, анам коронавирусқа онша сенбейтін, менің қақсап айтқанымды онша тыңдамайтын, ал енді сенгендей болды.
Сіздің көзіңізге бұл ауру онша көрінбеуі мүмкін, сіз де оған онша сенбей, коронавирус туралы жаңалықтардан жалыққан боларсыз. Бірақ ойланып көріңізші, егер әлемдегі барлық үкіметтер, барлық елдер карантинге жабылып, экономикаларын сонша ауыр жағдайға қойып жатса, онда оның шынында да себебі бар шығар? Коронавирус біткен жоқ және бітпейді де. Біздің елде соңғы күндері аурулардың саны күн санап қорқынышты қарқынмен өсуде. Денсаулық министрі Біртанов коронавирус жұқтырып, премьер-министр Мамин мен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев карантинде. Тек өткен тәуліктің өзінде ғана 800 астам ауру анықталып, бір апта ішінде 21 Қазақстан азаматы көз жұмды - бұл рекорд.

Ал ең қиыны, өткен аптада Біртанов айтқандай біз бай ел емеспіз, Еуропа елдері сияқты карантинді ұзақ ұстай алмаймыз. Біздің қанша уақытымыз бар? Және Қазақстанның жағдайы туралы сарапшылар не деп жатыр? Осы туралы әңгімелесетін боламыз.


https://youtu.be/SUor38AjrqY
Бір аптадан бері әлеуметтік желілерде ұйғыр ауданында болып жатқан қақтығыстар туралы қорқынышты видеолар тарауда.
Бейнелерде әскерилер Алматы облысындағы Ұйғыр ауданын қоршауға алып жатыр. Әдеттегідей билік ол туралы тіс жарып, ешқандай ақпаратты тараптағандықтан, елде өсек тарап, неше түрлі әңгімелер айтылды. Бүгін ақыры ресми ақпарат пайда болып, онда Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында он адам қатысқан қақтығыс шығып, бес адам пышақталды деген ақпарат айтылды.
Облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Азаттыққа берген ақпаратында кикілжіңнің қазақ және этникалық ұйғыр жастары арасында болғанын растады. Алайда аудан ақсақалдары мәселені ұлтаралық қақтығыс емес, бұзақылық деп қабылдауды сұраған.
Ресми түрде қақтығыс себебі – жол үстіндегі көлік жүргізушілердің түсінбеушілігі, бірақ Qazaq Times журналистері оқиғаның себебі басқада деп отыр.
Одан басқа, бүгін Алматы облысы әкімшілігі Ұйғыр ауданы деген атау да өзгеруі мүмкін деген хабар шығарды.
Сонымен Алматы облысында не болып жатыр?



https://youtu.be/971KmJBXoSw
Дариға Сенат төрағасынан шығарылғанынан кейін, қайда жоғалып кетті деп уайымдам жүрсек, яхтадан табылды. Уайым-қайғы, карантин, коронавирус жоқ, билеп жүр. Дариғаға день победы болғанымен, ел үшін жеңіс күні әлі алыстау сияқты. Карантин бар, коронавирус бар, қазақстандықтардың өзін өзі емдеуге көшкені тағы бар. Осылардың барлығы және Әлнұр Ильяшевтің кеше түрмеден шығарылуы бүгінгі шығарылымда.


https://youtu.be/nmvDT1k5NU0
Әдетте мен басқа елдерде болып жатқан жаңалықтарға онша көңіл бөлмеуге тырысам, бірақ кей кездері ол жаңалықтардың біздің елге тікелей немесе жанама қатысы бар. Мысалы, дәл Қазақстан сияқты 30 жылдан бері ұйықтап жатқан Беларусь елінде 9 тамызда болатын президент сайлауының алдында наразылық акциялары мен митингілер өтуде. Екінші жағынан жақында ғана Путин арнайы сұхбат беріп, бұрыңғы Кеңес одағының құрамындағы мемлекеттер Ресейдің біраз жерін жымқырды деген болатын. Украина Ресей ықпалынан шығуға әрекет жасағанынан кейін, Қырымнан айырылды. Қазір Беларусьтегі жағдайдан кейін, Ресейдің қалай әрекет ететіні біз үшін де белгі болмақ. Одан басқа, Тоқаевтың ЕАЭС отырысында Ресейге ашық көрсеткен наразылығы тағы бар.
Дегенмен, кеше ғана Мәскеуде өткен Жеңіс күніне арналған шеруде Тоқаев Путиннің дәл қасында отырды. Сонымен Ресейдің қол астынан шығу мүмкін бе және оның бағасы қандай?


https://www.youtube.com/watch?v=h7OxqbZmmuE
Қасым-Жомарт Тоқаев Ана тілі газетіне сұхбат беріп, коронавирусты бақылауда ұстап отырғаны, орыс тілінің мәртебесі мен митингілер туралы айтты. Сұхбаттағы мәліметтерді тексердік. Бүгінгі шығарылымда сол туралы, және Батыстағы жағдай, Қытайдан қарызға ақша алып жол салу мен Астанада Ақорда маңында жұмыс сұрап, акция өткізіп жатқан жанаөзендіктер туралы сөз қозғайтын боламыз.

https://youtu.be/Cb6hGImmyCI