Тіл кеспек жоқ
3.58K subscribers
4.58K photos
1.12K videos
13 files
3.13K links
Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://www.y Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq outube.com/@tilkespekjoq
Download Telegram
Қайрат Сатыбалдыұлы ісі бойынша мемлекетке тағы 50 млрд теңге қайтару жоспарлануда

Бұл туралы Антикор хабарлады.

Еске салайық, осы уақытқа дейін экс-президенттің немере інісінен 732,8 млрд теңгенің активі қайтарылған.

Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Ресейдің Орынбор қаласында 7700 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Ресейдегі Жайық өзенінің суы тағы 44 сантиметрге көтеріліп, бір метрден асып кеткен. Осыған байланысты Орынбор қаласында тұрғындарды эвакуациялау жалғасып жатыр.

Облыстағы 85 елдімекенде 12 мыңнан астам үйді су басқан. Әсіресе, Орск қаласындағы жағдай қиын — 6,5 мыңдай үй су астында қалды.

Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Ақтөбе өңірін қалпына келтіруге жергілікті бюджеттен 10 млрд теңге бөлінеді

Әйтеке би, Қобда және Ойыл ауданындағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен 877 отбасыға 100АЕК көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілетіні айтылды.

Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында тасқын қаупіне байланысты екі ауылдың тұрғындары эвакуацияланды

Торғай өзенінің су деңгейі көтерілгеніне байланысты Мамыр ауылынан 74 адам, Нұра ауылынан 6 адам Ырғызға көшірілген.

Мамыр — Ырғыз ауданындағы Нұра селолық округіне қарасты ауыл. Бұл ауыл облыс орталығы Ақтөбеден 590 шақырым жерде орналасқан.

Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75% деңгейінде қалдырды

Базалық мөлшерлеме — елдегі орталық банктің ақша құнын басқару тетігі.

Ұлттық банк базалық ставканы екінші деңгейлі банктерге кредит бергенде қолданады.

Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Төтенше жағдай жарияланған Атбасар ауданындағы жағдай

11 сәуірде Атбасар ауданында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, өңірдегі Жабай өзенінде су деңгейі көтерілген.

Фото: Власть | Тамара Валь, Кира Прейс

Telegram ~ Instagram ~ Facebook
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Соттың әділ болуын талап етемін»

Алматыда белсенді Қырмызы Рүстембекова Салтанат Нүкенованың ісін әділ тергеуді талап етіп, жалғыз адамдық пикетке шықты.

Видео: @vlastkz

Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді

Сейсмобақылау институтының мәліметінше, жер сілкінісі 12 сәуірде сағат 13:13-те болған.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан — афтершок.

Сездіңіз бе?👇🏻💬

Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда тасқын басталғалы 99 869 адам қауіпсіз жерге көшірілген

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратынша, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында 3563 үй мен 563 аула су астында қалған.

9 млн текшеметр қар суы сорылған, 1,6 миллион қап және 1,2 млн тонна инертті материал төселген. 98 мыңнан астам мал қауіпсіз жерге айдалған.

Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Атыраудан шығатын рейстерге билет бағасы 40 мың теңгеден аспайды – Азаматтық авиация комитеті

13-24 сәуір аралығында Атыраудан ұшатын Air Astana, Fly Arystan и SCAT әуекомпанияларының рейстеріне билет бағасы 40 мың теңгеден аспайтын болады, бұл туралы азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Қазірге кезде Атыраудан аптасына 73 рейс ұшады, оған қосымша Астана, Алматы, Ақтау, Шымкент қалаларына 49 рейс қосылды.

Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Петропавда су басу қаупі бар аудандарда эвакуация басталды.

"Жағдай барынша күрделі. Сергеев су қоймасының толуы 168 пайызды құрайды. Су плотина ернеуінен 3,5 метр асып-төгіліп жатыр. Төмендеу байқалады. Дегенмен, бұл жалпы жағдайға әсер етпейді. Яғни, су Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласына барып жатыр. Есіл ауданында 112 үй су астында қалған. Қазіргі уақытта Қызылжар ауданының Тепличное, Затон және Прибрежная ауылдарына негізгі соққы тиіп жатыр. 320 үйді су басып, 1 839 адам эвакуацияланды. Өткен тәулікте Петропавл қаласының екі ауданында 135 үйді су басты. Халық эвакуацияланып жатыр. Олар үш орта мектепке және 2 колледждің жатақханасына орналастырылды. Басым көпшілігі туыстарының үйінде", – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев

Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Тіл кеспек жоқ
No comments
Петропавлда 4,5 мыңнан аса адам эвакуацияланды

Ішінде мыңға жуық бала бар. Қаланың Хромзавод жəне Ойқала шағын аудандарында тəулік ішінде мыңнан аса үйді су басты.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жағдай əлі де күрделі. Сергеев су қоймасы 153% толып, су бөгет шыңынан 2 метр 83 см асты.

Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес тасқыннан зардап шеккен қазақстандықтарды қолдап, Instagram-да «Қазақстан халқы үшін дұға етемін. Атырау және Орал. Біз сіздермен біргеміз» деп жазды.

Telegram ~ Instagram ~ Facebook