Тіл кеспек жоқ
3.87K subscribers
5.41K photos
1.27K videos
15 files
4.09K links
Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://youtube.com/@tilkespekjoq?si=gokZeuGDIQ3Udpnn
Download Telegram
Тіл кеспек жоқ
Белсенді Жанар Секербаева 8 наурыз күні шеру өткізуді талап етіп пикетке шықты Ол Алматыдағы Арбатқа «Досаев, менің жүрегімді жараладың» «Арманымдағы шеруге деген махаббатымды білдіргім келеді» деген плакат ұстап шықты. Жанар Секербаева – «Феминита» тобының…
Белсенді Камила Еңсеген де пикетке шықты

Ол «Әйел құқығы — адам құқығы! Марш болсын!» деген плакат ұстап Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументі алдына барған.

Еске салайық, «Қазақстан әйелдерінің бостандығы мен қауіпсіздігі» баспасөз жиынында белсенділер әкімдік рұқсат бермесе, жалғыз адамдық пикетке шығатынын мәлімдеген еді.

📸: BesMedia

Бізге жазылыңыз
ҚазҰУ университетінде қыздардың гинекологиялық сипаттағы деректерін жариялап жіберген

Желіде қыздардың тізімі, жеке деректері, гинекологиялық сипаттағы деректері жарияланған скрин тарады. Бұл скриннің ҚазҰУ университетіндегі «мехмат» факультетінің чатында жасалғаны мәлім болды.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек кінәлілер жазаланатынын айтты.

«Бұл мәселе бақылауға алынды. Себебі бұзушылық айқын көрініп тұр. Айыптылар заңнамаға сәйкес жазаланады. Дербес деректерді қорғау туралы заң бар. Бұл жерде әкімшілік құқық бұзушылық болатын шығар», – деді ол.

Бізге жазылыңыз
Тіл кеспек жоқ
ҚазҰУ университетінде қыздардың гинекологиялық сипаттағы деректерін жариялап жіберген Желіде қыздардың тізімі, жеке деректері, гинекологиялық сипаттағы деректері жарияланған скрин тарады. Бұл скриннің ҚазҰУ университетіндегі «мехмат» факультетінің чатында…
ҚазҰУ әкімшілігі түсініктеме берді. Университет не дейді?

6 ақпанда университетке шарт негізінде медициналық қызмет көрсететін «Smart Health UniversityCity» ЖШС медбикесі WhatѕАрр мессенджері арқылы механика-математика факультеті деканатының маманы Ж.Смағұловаға осы факультеттің 3-4-курс студенттерінің флюорографиялық зерттеуден өтуін қамтамасыз ету үшін Excells форматында тізімін жіберді.

Алайда берілген құжаттарда студенттердің тегі мен аты-жөнінен бөлек, медициналық құпия мәліметтер де болған. Кейін мессенджерлерге жіберу арқылы университет студенттеріне қатысты дәрігерлік құпия деректер мен мәліметтер тарап кеткен.

Осы дерек бойынша 14 ақпанда университетте қызметтік тексеріс тағайындалды және Алматы қаласының прокуратурасына осы дерек бойынша прокурорлық ден қою шараларын қабылдауды және студенттердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуді сұрап, өтініш жолданды, — деп жазылған университет әкімшілігі жауабында.

Бізге жазылыңыз
Тіл кеспек жоқ
ҚазҰУ әкімшілігі түсініктеме берді. Университет не дейді? 6 ақпанда университетке шарт негізінде медициналық қызмет көрсететін «Smart Health UniversityCity» ЖШС медбикесі WhatѕАрр мессенджері арқылы механика-математика факультеті деканатының маманы Ж.Смағұловаға…
«Студенттердің пәктігі» жөнінде мәлімет жазылған жеке деректер не үшін керек болды?

Qumash телеграм-арнасы оқу орнына «Студенттердің пәктігі туралы мәлімет не үшін керек болды?» деген сауал қойған. Бұл сауалға университет басшылығы жауап бермеген.

«Азаттық» журналистері де университет өкілімен сөйлескен. Өкіл бұл ақпарат студенттің қандай аурумен ауыратынын білу үшін, ем алуға байланысты керек екенін жеткізген.

Бізге жазылыңыз
Елімізге педофилдердің кіруіне тыйым салынады

Бұл тыйым экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктерге қатысты да қолданылады. 

Мәжілістің жалпы отырысында халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы екінші оқылымда қабылданды. Заң жобасы сенат қарауына жіберілді.

Бізге жазылыңыз
Тіл кеспек жоқ
«Студенттердің пәктігі» жөнінде мәлімет жазылған жеке деректер не үшін керек болды? Qumash телеграм-арнасы оқу орнына «Студенттердің пәктігі туралы мәлімет не үшін керек болды?» деген сауал қойған. Бұл сауалға университет басшылығы жауап бермеген. «Азаттық»…
Алматы прокуратурасы ҚазҰУ-да «студенттердің пәктігі» жөнінде мәлімет жазылған жеке деректердің жарияланып кетуіне байланысты сотқа дейінгі тергеу бастағанын хабарлады

Бұл туралы Azattyq жазды.

Тергеу Қылмыстық кодекстегі «Жеке өмірге қол сұғу және дербес деректер мен оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу» бабы бойынша жүрмек.

Бізге жазылыңыз
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Теміртауда екіқабатты дүкенде газ жарылып, ғимарат қирады

Бұл туралы төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, 9:49-да үйінді астынан бір әйелдің денесі табылған.

Бізге жазылыңыз
Алматыда екі балдық жер сілкінісі сезілді

Сейсмикалық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы сағат 9:52-де жер сілкінгенін хабарлады.

Жер сілкініс ошағы Алматының оңтүстік-шығысына қарай 260 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Бізге жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
40%-ға жуық қазақстандықтар төтенше жағдай кезіндегі биліктің жұмысына көңілі толмайды

2024 жылғы 6-10 ақпан аралығында DEMOSCOPE қоғамдық пікірдің эспресс-мониториң бюросы халық арасында «Қазақстанның төтенше жағдайға дайындығы» деген тақырыпта сауалнама жүргізді.

Сауалнама кезінде 39,6% азаматтар шенеуніктердің жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді. Олардың 18%-і билік өзіне жүктелген тапсырманы өте нашар орындап отырғанына сенімді. 

Айта кету керек сауалнамаға қатысқандардың үштен бірі (32,9%) биліктің ТЖ-ға дайындығына көңілі толады. Тағы 19%-і мемлекеттік жүйенің дайындығы жоғары деңгейде деп ойлайды.

Бізге жазылыңыз
15 ақпан — режиссер, актер Шәкен Аймановтың туған күні

Шәкен Аймановқа «Біздің сүйікті дәрігер» фильмі үлкен танымалдық әкелді.

Ол «Алдар Көсе» фильмінде сценарий авторы, қоюшы режиссер және басты рөлді орындаушы болды.

Шәкен Айманов «Ән шақыруда», «Бір ауданда», «Дала қызы» деген сияқты фильмдер түсірген.

📸: Egemen.kz

Бізге жазылыңыз
Тіл кеспек жоқ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Тіл кеспек жоқ
Желіде Марат Жыланбаевты қолдау акциясы жалғасып жатыр

Азаматтық белсенділер «Жыланбаевқа бостандық» деген жазуы бар плакаттармен суретке түсіп, желіге жүктеп жатыр.

Қазақстан соты «Алға, Қазақстан» тіркелмеген оппозициялық партиясының жетекшісі Марат Жыланбаевты 7 жылға соттаған.

Бізге жазылыңыз
16 облыста республикалық 97 жол учаскесі жабылды

16 облыста республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 97 учаскесінде күн райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Абай ауданы – 7 учаске;
Ақмола облысы – 27 учаске;
Ақтөбе облысы – 4 учаске;
Алматы облысы – 1 учаске;
Атырау облысы – 1 учаске;
Шығыс Қазақстан облысы – 5 учаске;
Жамбыл облысы – 1 учаске;
Жетісу облысы – 1 учаске;
Батыс Қазақстан облысы – 1 учаске;
Қарағанды облысы – 8 учаске;
Қостанай облысы – 11 учаске;
Қызылорда облысы – 1 учаске;
Павлодар облысы – 9 учаске;
Солтүстік Қазақстан облысы – 15 учаске;
Түркістан облысы – 2 учаске;
Ұлытау облысы – 3 учаскеде көлік қозғалысына шектеу енгізілген. 

Бізге жазылыңыз
Тіл кеспек жоқ
Студент Диана Тимофеева пикетке шықты

Ол «Глобус» сауда орталығының алдына шығып, 8 наурыз күні шеруге рұқсат беруді талап етті.

Кеше Алматы әкімі Ерболат Досаев «Митинг өткізуге ешкім өтініш берген жоқ» деді.

«Феминита» тобы Досаевтың сөзіне арнайы жауап берді.

Бізге жазылыңыз