🧐Алматы әкімдігі бюджет қаражатының есебінен Досаевтың «хейтерлеріне» мониториң жасаған
Бұл жөнінде Ras Aitamyn хабарлады. Толық құжат мемлекеттік сатып алулар туралы сайтта көрсетілген.
Құжатқа сүйенсек, әлеуметтік желідегі Алматы әкімінің аты аталған 12 мың пікірдің 10 725-і теріс, 343-і ғана оң болып шықты.
Мониториң жүргізу құны – 5,1 млн теңге. Зерттеуді «Alem Research» ЖШС жүргізді. Пікірлер “ерболат, досаев, аким Алматы, Асқарбекұлы” түйін сөздері арқылы іздестірілген. Әкім туралы позитив пікірлердің көпшілігі үкіметтік ұйымдар мен мемлекеттік БАҚ-та.
📍Биыл шілдеде алматылықтар Досаевтың отставкаға кетуін талап етіп, петицияға 57 мыңға жуық қол жинаған еді. Бірақ бұған Досаев 26 шілдедегі Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуде “Мына жерге мені тағайындаған мемлекет басшысы” деп жауап берді.
Бізге жазылыңыз 🫶🏻

🇰🇬 Қырғызстан парламенті мемлекеттік туды өзгерту туралы ұсынысты мақұлдады
Заң жобасын Жогорку Кенеш спикері Нұрланбек Шәкиев пен Ұлан Пірімов ұсынған еді. Олар қазіргі қырғыз туындағы күн сәулесін күнбағысқа ұқсайды дейді.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров та жаңа дизайнды құптайтынын хабарлады.
Бірақ бұған қарсы шығып жатқандар да бар. Олар әлеуметтік желілерде “желегибизди_өзгөртпө” флешмобын өткізіп жатыр.

😐❗️Астанада белсенді Асқар Сембай 6 жылға сотталды
Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.
Белсенді мамыр айында қамауға алынған еді. Оған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысын қолдағаны үшін
«тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысу» және «билікті басып алуға үгіт-насихат жасау» баптары бойынша айып тағылды.

Қайырлы таң! Күніңіз сәтті өтсін⤵️
💸🤔Қайрат Сатыбалды мемлекетке тағы 120 миллион доллар қайтарды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дерегінше, Назарбаевтың немере інісі теңгеге шаққанда 55,4 млрд болатын елден заңсыз шығарылған активтерін қайтарып берген.
Ол бұған дейін де жалпы сомасы 120 млн АҚШ долларын қайтарған болатын. Бұл қаражат мемлекетке келтірілген зиянды өтеу үшін республикалық бюджетке жіберілді.
📍Жақында Қайрат Сатыбалды ШҚО сотына “бас бостандығынан айыру” жазасын “шартты түрде мерзімінен бұрын босату” жазасына ауыстыру туралы өтініш білдірген. Судья Сатыбалдының тәртібі мен мінез-құлқындағы тұрақсыздығын ескеріп, жазаны ауыстырудан бас тартты.

🫠🏭Қостанайда құбыр жарылып, 42 тұрғын үй, мектеп пен әуежай жылусыз қалды
Жергілікті БАҚ дерегінше, Герасимов көшесіндегі №4 тұрғын үйдің жанында құбыр жарылған. Осыған байланысты жылумен қамту мекемесі осы маңдағы ықшамауданға жылу беруді уақытша тоқтатты.
Жылу сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін болмайды. Жөндеу жұмыстары бүгін кешке дейін аяқталуы тиіс.
📍Бұған дейін Қазақстанның 6 қаласы қазандықтағы ақауға байланысты жылусыз қалған еді. Күні кеше Жезқазғандағы ЖЭС-тың 2 қазандығы істен шығып, жылу бүгін таңғы 07:00-де қайта беріле бастады.

🚦Соңғы 11 айда 556 адам жаяу жүргіншілер жолында мерт болған
Мәселенің шешу үшін енді Сергек камералары қолданылмақ. Бұдан былай ол жаяу жүргіншілерге жол бермейтін көлік жүргізушілерін тіркеп отырады.
Егер жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермесе не тоқтамаса, оған белгілі бір мөлшерде айыппұл салынады. Ал көлік жүргінші алдынан өткен бойда қозғалысты жалғастырса, бұл ережені бұзу болып саналмайды.

🤔💸Қазақстанда кімдерге несие беруге тыйым салынуы мүмкін?
Парламент депутаттары қарыз алушылардың құқығын қорғау мәселелерін реттейтін жаңа заң жобасын ұсынды.
Оған сәйкес, енді несиенің төлеу мерзімі өтіп кеткен жағдайда азаматтар жаңа тұтынушылық несие ала алмайды. Банктер мен микроқаржы ұйымдарының азаматтардың несиелерін коллекторлық агенттіктерге сатуына шектеу қойылуы мүмкін.
Сондай-ақ, несиесі бар, кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды жылыту маусымында жалғыз баспанасынан шығаруға болмайды. Ал банктерге бұрынғы меншік иесіне (қарыз алушыға) банктің меншігіне өткен тұрғын үйін өзіне жалға беруге рұқсат етіледі.
Қалай ойлайсыз, мұндай заң қазақстандықтардың қарызға батуын тоқтата ала ма?👇🏻

😐❗️Маңғыстауда полиция West Oil Software қызметкерлерінің ереуіліне байланысты қылмыстық іс қозғады
Жұмысшыларға қатысты «сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыру» бабымен қылмыстық іс қозғалды, деп жазды Азаттық радиосы Қарақиян ауданының прокуроры Аманжол Айтуғановқа сілтеме жасап.
Айтуғановтың айтуынша, заңсыз ереуіл болған жерге шатыр орнату, үндеу жасау және тағы да басқа да көмек көрсету осы баптың аясында қарастырылады. Прокурор жағдайды келіссөздер арқылы заңды түрде шешуге шақырды.
📍Жетібайда West Oil Software компаниясының 500-ге тарта жұмысшысы 11 желтоқсаннан бері ереуілдетіп жатыр. Олар жұмысты тоқтатқанын хабарлап, өздерін "ҚазМұнайГазға» қосуды сұрады. Әрі бірыңғай еңбекақы талап етті. 13 желтоқсанда компания 7 адамды жұмыстан шығарды. Ал «ҚазМұнайГаз» төрағасы Мағзұм Мирзағалиев сервистік компания қызметкерлерін «ҚазМұнайГаз» штатына алу мүмкін емес деп хабарлады.

✍️Мигранттарға арналған мемлекеттік портал іске қосылды
Енді мемлекеттік қызметтерге Еңбек министрлігінің migration.enbek.kz сайты арқылы жүгіне аласыз. Порталда көрсетілетін қызметтер:
🔹этникалық қазақтарға “қандас" мәртебесін беру;
🔹 иммигранттарды қабылдаудың аймақтық квотасы туралы ақпарат;
🔹«Ата жолы» картасын алу;
🔹 пана іздеуші куәлігін алу.
📍Жыл басынан бері Қазақстанға 16 мыңнан аса қандас оралды. Елге қайтып келген қандастардың 53,7 пайызы Өзбекстаннан. Ал еңбек мигранттары саны жыл басында 13 мыңға жуық болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 87,3%-ға көп.

⛰️Асы үстірті мемлекет иелігіне қайтарылды
Бұл туралы мәжілісмен Бақытжан Базарбек өзінің Facebook парақшасында жазды.
3,5 мың гектар жер бұрын «Іле-Алатау тур» ЖШС-не тиесілі болған. Жерге иелік еткен «Іле-Алатау турдың» 7 миллион теңгеге жуық салық берешегі бары анықталды.
📍Ассы биік таулы үстірті - Алматы қаласынан 100 км қашықтықта орналасқан таңғажайып табиғат мүйісі. Үстірт теңіз деңгейінен 3 мың м биіктікте орналасқан. Іле-Алатау ұлттық саябағының құрамына кіреді және мемлекет қорғауында.

🐺❗️Қарқаралыда 2 адамды қасқыр “қауып алған”
Абай болыңыз! Қарқаралыда полиция мен мал дәрігерлері қала шетінде екі адамды тістеп алған қасқырды іздестіріп жатыр.
«Вечерняя Караганда» хабарлауынша, зардап шеккендердің бірін жыртқыш аң бірнеше рет терең тістеп алған, екіншісі қолынан жарақат алған. Ал ата-аналар балаларын мектепке жіберуге қорқып жүр.
Қазір Қарағанды облысының ПД өкілдері ветеринария органдарымен бірлесіп жабайы жануарды жою бойынша шаралар қабылдап жатқанын хабарлады.

🏭Атом электр станциясына 10-15 миллиард доллар қаражат кетеді
Бұл жөнінде «Қазақстан атом электр станциялары» компаниясының басшысы Тимур Жантикин мәлімдеді. Айтуынша, станция 10 жылдан кейін іске қосылады.
Еске сала кетейік, Қазақстан оңтүстіктегі Үлкен ауылы аумағында атом электр станциясын салу жоспарлап отыр. Ядролық технологияларды жеткізуі мүмкін компаниялар: қытайлық CNNC, оңтүстіккореялық KHNP, француздық EDF және Росатом.
Тоқаев 1 қыркүйекте АЭС-ның референдум нәтижесі бойынша салынатынын айтқан. Бірақ оның қашан өтетіні әлі нақтыланбады.

🇨🇿Скулшутиң: Чехиядағы университеттердің бірінде атыс болып, 14 адам қаза тапты
Атыс кеше Прагадағы Карл университетінде болды. Шабуылдан 14 адам қаза тапты. Тағы 25 адам жарақат алған.
Әлеуметтік желілерде университеттің сыртқы қабырғасында жасырынып отырған студенттердің суреттері таралған еді. Өкінішке қарай, олардың бірі биіктен тайып құлап, мерт болды.
Чехияның төтенше жағдай қызметі “шабуылдаушының көзі жойылды” деп мәлімдеп, шабуыл жасаған адамның университет студенті екенін және оның денесі сол маңнан табылғанын растады. 24 жастағы студентті бұған не итермелегені әзірге белгісіз.

💨🏭Астаналықтар үйлерінің суып кеткеніне шағымданып жатыр
Бұл туралы Vlast басылымы жазды.
Ақпаратқа сүйенсек, елордадағы тұрғын үйлерде радиаторлар салқындап, температура төмендеп кеткен. Ал қала әкімдігі жылу желілеріндегі қысымның төмендеуін растағанымен, температураның тұрақсыздығын жоққа шығарды.
Жергілікті әкімдік қазір «Сарыарқа» ауданынан басқа қаланың барлық шағынауданында қысымның қалпына келтірілгенін хабарлады. Деседе, әлеуметтік желілерде тұрғындар үйлерінің әлі суық екенін айтып, кейбір жерлерде су да жоқ екеніне шағымданды.