Тіл кеспек жоқ
3.84K subscribers
5.37K photos
1.25K videos
15 files
4.04K links
Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://youtube.com/@tilkespekjoq?si=gokZeuGDIQ3Udpnn
Download Telegram
Тіл кеспек жоқ
❗️Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі тергеу изоляторында аштық жариялады Азаттықтың жазуынша, Ермек Имантаев Қазақстанның Жоғарғы сот төрағасы және бас прокурормен кездесуді талап еткен. Ол осы уәжін хатқа жазып, Тоқаевқа да жолдаған. Экс-әкім талап орындалмайынша…
❗️Ақтөбе облысының экс-әкімі 8 жылға сотталды

Ол «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына тиесілі 23,9 гектар жерді “заңсыз сатып жіберді” деген күдікке ілінген еді.

Сот оны кінәлі деп танып, 8 жылға түрмеге кесті. Экс-әкім үкімге келіспеді.

Ермек Имантаев 2002-2004 жылдары Ақтөбе облысын басқарған. Кейін президент әкімшілігінде бас инспектор қызметін атқарды.
Зайсан тұрғындары «Нұрлы жер» бағ­дарламасы бойынша берілген үйлердің сапасыз екенін айтты 😐

Шығыс Қазақстанда «Нұрлы жер» бағ­дарламасы бойынша салы­нып жатқан үй­лер­дің сапасы сын көтермей тұр.

Зайсан қаласында осы бағдарламамен салынып, көпбалалы отбасыларға жалға берілген 168 үйдің 11-нен су кетіп, қабырғалары көгеріп жатыр.

Адамдардың айтуынша бұл тұрғын үйлерді Серік Зайнулдиннің тұсында әкімдік қабылдап алған. Алайда Нұрлы жердің үйлері халық үшін «нұрлы» болмай тұр.

Мердігер компания өзін банкрот деп жариялапты. Ал сатып алу құжатының тең жартысы қате. Жағдайды реттейміз деген комиссия, жағдайды білуге де келмеген. Әкімдік тарапы төбесінен су аққан үйлер апаттық жағдайда емес екенін алға тартып отыр.

Тұрғындар мұның алғаш рет емес екенін айтып шағымданып жатыр. Себебі былтыр да үйдің төбесінен су ағып, қара күзде далада қонған.
❗️Қызылордада жаңа жылу электр орталығы салынады

ЖЭО-ның қуаттылығы сағатына 240 МВт болады деп жоспарланған. Жобаның құны шамамен 215 млрд теңге.

Орталық 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Ол жергілікті тұрғындардың жылу мен электр энергиясына сұранысын толық өтеп, артығын өзге өңірлерге жеткізеді.

Қалада қазір 1964 жылы салынған жылу электр орталығы жұмыс істеп тұр. Тозу деңгейі кемі 90%-ға жеткен.
😐Түркістан облысында 18 жастағы жігіт 7-сынып оқушысын бірнеше рет зорлаған

Бұл жөнінде «Не молчи» қоғамдық қорының басшысы Дина Таңсәрі жазды.

«Бәрі 2022 жылы басталған. 11-сыныптағы бала кәмелетке толмаған қызды пышақпен қорқыта отырып, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Ол өзіне қол салып, “кінәлі адам ретінде сені көрсетемін” деп қорқытқан», - делінген хабарламада.

Қыз бала 2023 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін 9 рет зорлық көрген. Бұл туралы қыздың анасы естіген бойда полицияға жүгінеді. Алайда шағым түскеніне қарамастан олар істі қарауға құлықсыз боп отыр.
🤔Қазақстандағы АЭС: қай елдермен келісімге қол қойылды?

Сұраққа энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов жауап берді. Айтуынша, Қазақстан АЭС салу бойынша Ресей, Корея және Венгрия келісімдер жасаған.

Нұрмағанбетов АЭС-те шетелдіктердің болуы жұмысты қауіпсіз етеді дейді, өйткені олардың бұл салада тәжірибесі көбірек. Бірақ бұл уақытша болмақ, кейін негізгі құрамды қазақстандықтар ауыстырады.

«Қазақстан уран державасы болғандықтан, елде АЭС салынып не салынбаса да бізге сапалы мамандар қажет. Сол үшін қазір ведомство мамандар дайындаумен айналысып жатыр», - деді бұған қатысты вице министр.

Тоқаев 1 қыркүйектегі жолдауында АЭС мәселесі жалпыхалықтық референдумда ғана шешіледі деген. Оның қашан өтетіні әлі белгісіз.
🇺🇸🇷🇺Путин мен Байден Таяу Шығыстағы жағдайға пікір білдірді

Мәскеуде Путин мен Ирак премьер-министрі Мұхаммед әл-Суданидің кездесуі өткен еді. Отырыста Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс талқыланды. Ресей президентінің пікірінше, Израиль мен ХАМАС арасындағы жағдайдың ушығуына АҚШ кінәлі.

Кездесуде Путин «егеменді Палестина» мемлекетін құратын кез таяғанын да атап өтті.

Ал АҚШ президенті Джо Байден "ХАМАС-тың әрекетін нағыз зұлымдықтың өзі" деп атап, олардың жалғыз мақсаты– “еврейлерді өлтіру" дейді.
📣Бас мүфти: «Домбыра харам емес»

Бұған дейін желіде «домбыра тарту, беташар жасау, сәлем салу харам» деген жазбалар тарады. Олар жұртты домбырада ойнаудан бас тартуға шақырды.

Айтуларынша, дінде музыкалық аспапқа тыйым салынған. Бұл туралы БАҚ өкілдері бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлынан сұрап көрді.

«ҚМДБ бұған дейін бірнеше рет осы мәселе бойынша түсіндірме берген. Бейбітшілік және келісім сарайында пайғамбарымыздың құрметіне бірнеше іс-шара өткізілген еді. Онда домбыра және басқа ұлттық музыкалық аспаптар тартылды. Домбыра харам емес», - деді бас мүфти.
📸 🤩 Алаш арыстары мен ғалымдар, күйші туралы YouTube-тағы тарихи телехикаялар

Ахмет, Дина, Мұқағали сынды ұлы тұлғалар мен тарих туралы қазақша телехикаялар топтамасын жинадық. Сақтап алыңыз ❤️

Бұлардың барлығын Qazaqstan ұлттық арнасының сайтынан немесе YouTube-ынан көре аласыздар (әр телехикаяның сілтемесі төменде:)

▪️«Тар заман», 12 бөлім

▪️«Ахмет. Ұлт ұстазы», 6 бөлім

▪️«Қаныш. Қазына», 6 бөлім

▪️«Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін», 4 бөлім

▪️«Мағжан. Мен жастарға сенемін», 4 бөлім

▪️«Әлкей. Ғұлама ғұмыр», 4 бөлім

▪️«Дина. Күй құдірет», 2 бөлім

▪️«Тәшенев. Тайталас», 4 бөлім

▪️«Орбұлақ шайқасы», 8 бөлім
Қайырлы таң! Күніңіз сәтті өтсін🤗

❗️Риддер жылу электр орталығы мемлекетке 1 теңгеге сатылды


Риддер ЖЭО мемлекет меншігіне өтті. Бұл туралы мәжіліс отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.

ЖЭО-ын қалпына келтіруге республикалық және жергілікті бюджеттен қомақты қаражат бөлініп, кәсіпорын мемлекетке қарыз болып қалды. Оны өтеу үшін иесі орталықты 1 теңгеге сатып жіберген.

📍Өткен жылыту маусымында Риддер ЖЭО бірнеше рет бұзылып қалды. Орталық 75 пайызға тозып кеткен. Оны Алматы қалалық мәслихатының депутаты Әміржан Нәбиев 2023 жылдың шілдесінде сатып алып, барлық 5,5 млрд теңге қарызды өз есебінен өтеуге уәде берген болатын.
💸125 мың теңге айлық өмір сүруге жете ме?

Сұраққа ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жауап берді. Министрдің айтуынша, бұл қиындау, десе де, жас маманның бәрі жұмысын төмен жалақыдан бастайды.

«Мұның бірнеше классификациясы бар. Орташа жалақы 350 мың теңге болса, ол бүкіл Қазақстан бойынша орташа көрсеткішпен алынып отыр. Себебі, кейбір шахташы 700 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін жалақы алады. Бұл - жұмысшының жұмысына, мамандығына байланысты. 120 мың теңгеге өмір сүру қиындау, бірақ жас мамандар алдымен төмен жалақыдан бастайды. Мысалы, мен өзім 2005 жылы 25 мың теңге айлық алатынмын», - деп жауап берді Қуантыров.
❗️Астанада жеке сот орындаушылары 87 баланың алиментін ұрлап алған

zakon.kz жазуынша, елордада екі жеке сот орындаушы бұрынғы жұмысынан кеткеніне қарамастан, өндірілген алиментті басқарып отырған.

Олардың бірі екінші топтағы мүгедектігі бар әкенің балалар үйіндегі екі баласына аударған қаражатын қолды еткен.

Екіншісі қайтыс болған алимент төлеушінің банк шотындағы ақшасын алып, өз еркінше жұмсаған.

Келтірілген шығын көлемі шамамен 5 миллион теңге. Іске прокурорлардың араласуынан кейін 34 баланың қаражаты қайтарылған, тергеу жалғасып жатыр.
🙂Еліміздегі барлық пойыздарда тегін Wi-Fi іске қосылды

Бұл жөнінде Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сүйенсек, жолаушылар енді Wi-Fi желісі арқылы кино көріп, музыка тыңдай алады.

Ол үшін жолаушы өз ұялы телефонынан ҚТЖ-ның Wi-Fi желісіне қосылуы керек. Содан кейін браузерді ашып, http://vputi.kz веб-сайтына өтуі қажет.
📊Қазақстан ластанған елдердің рейтиңінде 30-шы орында тұр

Numbeo әлемдік ластану индексіне жалпы саны 111 ел кірген.

Рейтиң әртүрлі елдің ластану деңгейін, ауа мен су сапасын, қоқыс, жасыл желек деңгейі мен өмір сүру жайлылығын қамти отырып, дайындалған.

Бір жыл бұрын Қазақстан бұл тізімде 35-орында болған еді, биыл ол бес сатыға жоғарылады.

Дереккөз: Finprom.kz
❗️“Қантардан кейін” азапталған Ақылжан Қисымбаевтың денсаулығы нашарлап барады

Бұл туралы Vlast басылымы хабарлады.

11 қазанда “жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру, билікті басып алуға шақыру және экстремизм” ісі бойынша сот процесі өткен болатын. Сот отырысында айыпталушылардың бірі Ақылжан Қисымбаев денсаулығының нашарлап бара жатқанын, тергеу изоляторында тиісті күтім көрсетілмейтінін айтты.

Ақылжан Қисымбаев 2022 жылы 5 қаңтарда Алматыдағы құрылыс алаңдарының бірінде жұмыс істеп жүріп, оққа ұшқан. Ауруханада жатқан Қисымбаевты СОБР қызметкерлері палатасынан тергеу изоляторына алып кетіп, 17 күн азаптаған.
🤔💸Заңсыз шығарылған мүлікті қайтару жөніндегі комитет құрылды

Комитеттің міндеттері – активтерді іздеу және қайтару, халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты дамыту, экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануын тоқтату.

Қор қаражаты әлеуметтік-экономикалық жобаларға жұмсалады. Нақты қандай жобаларға бөлінетінін республикалық бюджет комиссиясы бекітеді.

📍Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің шілдедегі дерегінше, соңғы 1,5 жылда бюджетке 860 миллиард теңге көлемінде актив қайтарылған.
🇰🇬🇷🇺Қырғызстан Ресеймен бірлесіп, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін құрады

Бұл жоғарғы кеңестің 11 қазандағы отырысында бекітілді.

Осы келісімнің аясында Ресейдің Кант қаласындағы авиабазаның жанынан 5 гектар арнайы жер телімі де берілмек.

Ресеймен осындай келісім Тәжікстанда да қабылданған еді. «Азаттық» радиосының тәжік бюросы «Озоди» жазғандай, кейбір сарапшылар Душанбенің әуе кеңістігін Мәскеудің бақылауына бергені үкіметті біраз уақыт сынға алған.
📡Илон Маск Қазақстанның ауылдарын интернетпен қамтамасыз етеді

Тоқаев SpaceX-ке қарасты Starlink компаниясының вице-президенті Лорен Дрейермен кездесіп, интернет мәселесін талқылады.

Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан SpaceX-ті өзара ынтымақтастық орнатудың сенімді серіктесі ретінде көреді.

Ал Лорен Драйер StarLink-тің Қазақстандағы қызметін кеңейтіп, ауыл-аймақты интернетпен қамтуға барынша дайын екенін мәлімдеді.

📍Екінші суретте Түркістан облысының мұғалімдері тау-тасты жағалап, интернет іздеп жүр🫠