Тиімді Қазақстан
2.18K subscribers
417 photos
59 videos
5 files
756 links
Күнделікті шығындар мен бюджетті үнемдеуге сауатты көзқарас қалыптастыратын арна. Ең қажетті ақпараттар бекітілген жазбада.
Download Telegram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мамыр-маусым — кенелердің ерекше қаптайтын кезеңі. Бұл жәндіктер адамдарға қауіпті кене энцефалиті, Лайма ауруы сияқты сал ауруына немесе өлімге әкелуі мүмкін аурулардың тасымалдаушысы.

Біз керек болып қалар деген оймен кене шаққан жағдайда оны қалай дұрыс алып тастау керектігі туралы бейне көрсетілімі бар 👉 пайдалы мақала таптық (пинцетпен, жіппен, бұрауышпен және т.б.). Бірақ мүмкіндігінше жақын жердегі травмпунктке барған дұрыс.

Айтпақшы, көптеген мақалаларда дәстүрлі халықтық емдеудің тиімсіз әрі қауіпті болуы мүмкін екені жазылған.
Не істеуге болмайды:

• Паразитті адам немесе жануар денесінен шығарғанда оны жалаң қолмен ұстамаңыз. Қолғап немесе полиэтилен пакет кию керек.
• Кенені тұншықтыру үшін оған май, бензин, желім, вазелин, спирт, тіс пастасы немесе тырнаққа арналған лак құймаңыз. Паразит тұншығып, сыртқа шығады деп күткенше, көп уақыт өтеді. Сондай-ақ ауа жетіспегендіктен, ол жараға сілекейін ағызуы мүмкін. Бұл инфекция қаупін арттырады.
• Кенені өртеу. Бұл әдіс те алдыңғы әдіс сияқты пайдасыз. Паразит шықпайды, сіз жай ғана оны өртеп, өз денеңізді де күйдіресіз.
• Кене теріде болған кезде оның үстінен баспаңыз. Әйтпесе ол сілекейін ағызып, ол қанға түсуі мүмкін.

Сондай-ақ кенені тастамай, оны дәрігерге сараптамаға өткізу үшін контейнерге салып алуға кеңес береді. Мақала сізге қажет бола қоймас деп үміттенеміз. Егер жеке тәжірибеңіз болса, пікір бөлімінде бөлісе аласыз.

https://t.me/tiimdiqazaqstan
Тиімді Қазақстан
Photo
Отан қорғаушылар күні құтты болсын! Temu-ға шолу дайындап келдік 🔥

Ол туралы не білдік: бұл PDD Holdings компаниясына тиесілі қытайлық маркетплейс. Штаб-пәтері АҚШ-та болса да, барлық өнімдер Қытайда өндіріліп, қапталып, жөнелтіледі. Яғни, нақтырақ айтқанда бұл Pinduoduo сияқты, бірақ сыртқы нарыққа арналған маркетплейс.

Ерекшелігі мынада, маркетплейс арзан тауарлар сатуға арналған: шағын электроника, киім, аксессуарлар, тұрмыстық заттар және т.б. — 90% заттардың құны 20$-дан төмен.

Бағалары қандай: біз Temu-дағы 6 ҮЗДІК-тауарды алдық және оның 4-еуі Pinduoduo-да арзанырақ болды, тіпті жеткізу құнын есептеген күннің өзінде де. Temu-да бағасы арзан болған екі зат жаппай сатылымда тұрған еді. Сондықтан, PDD-да үнемі арзан деуге келмес, бірақ көп жағдайда солай. Сондай-ақ Temu-да жеткізу тегін, яғни бірден қорытынды баға көрсетіледі.

Бір қызығы мынада: қосымшаның жаңа пайдаланушылары 45 000₸-ге купондар ала алады (сілтеме мында). Олардың бірі 50% жеңілдік береді — 24 000₸ тапсырыс берген кезде себет 12 000₸ тұрады + жеткізу тегін (қосымшаны жүктеп алғаннан кейін алғашқы 24 сағатта тапсырыс берсеңіз). Осыны ескере отырып, тапсырыс Pinduoduo-дан арзанырақ немесе дәл сол бағамен шығуы керек.

Сондай-ақ жаңа пайдаланушыларға кейде сәттілік дөңгелегін айналдыру ұсынылады. Бізге 7 затқа тапсырыс берсек, 3 тегін сыйлық беретін тұсы түсті. Сыйлықтар тек тізімнен: төсек-орын жабдығы, қуаттағыштар, киім және т.б. Егер себетке арзан заттар салсаңыз, тиімді шығады.

Артықшылықтары:
• Пайдалану ыңғайлылығы (интерфейсі орыс тілінде), біздің нөмірлер арқылы тіркеліп, ҚР карталарымен төлеуге болады.
• 139express курьерлік қызметі арқылы 2500-5000₸ басталатын тапсырыстарға есікке дейін тегін жеткізу (14-25 күн)
• Тапсырыстар расымен жеткізілді, соңғы сауалнамада алаяқтық туралы шағымдар болған жоқ.

Кемшіліктері:
• PDD-ге қарағанда ассортименті аз. Біз Deerma шаңсорғышы мен Soocas суарғышын таппадық.
• Неге екені белгісіз тапсырыс бергенде ЖСН сұрайды.
• Көптеген тауарлар арзан болғандықтан, сапасы да соған сәйкес. Сондықтан рейтингі жақсы, пікірлері бар тауарларды ғана алған дұрыс (кемінде 4,5).

Қорытынды: алғашқы ретке тапсырыс беріп көруге болады деп ойлаймыз, өйткені жаңа пайдаланушылар үшін тиімді науқандар бар. Әсіресе, Pinduoduo-ны меңгермеген болсаңыз. Арзан бағадағы көптеген ұсақ-түйектерге тапсырыс берсеңіз, тиімді болмақ .

Қолданбаны жүктеу | https://t.me/tiimdiqazaqstan
Temu-ды ары қарай зерттеудеміз. 8187₸-ге 7 тауар 👍

Сыйлықтар жайлы: қосымшаны жүктегеннен кейін сізде басты бетте «Сізге арналған 3 тегін сыйлық (3 бесплатных подарка для вас)» бөлімі болады.

Оның мәні мынада, сізге 7 тауар таңдау керек, ал оның 3-і 0₸ болмақ. Тек ұсынылған тізімнен таңдауға болады. Алдымен сыйлықты таңдайсыз, сосын себетке тағы 6 зат қоссаңыз, соның жалпы 3-еуі тегін болады. Біз тауарлардың бір бөлігін көрсету үшін экран жазбасын жасадық.

Мысалы: сыйлыққа алдымен ас үй ауасорғышын (вакууматор) таңдадым, сосын себетке рюкзак, триммер, маникюр жинағы, смарт-білезік, 30х60 см көлеміндегі көліккк арналған үлкен микроталшық шүберек, 10 жұп шұлық салдым. Сосын білезік пен шүберек 0 теңге деп шықты. Толық себеттің құны 8187₸-ге шықты. Әрі жеткізу тегін. Қосымшаны жүктеп алғаннан кейін 24 сағат ішінде тапсырыс беру керек.

Temu-ды ары қарай зерттейік пе?
🔥 — кеттік
🌚 — жеткілікті
Онлайн шағын қосымша табыс

Біздің модератор телефон теңгерімінде 3500₸ алған 👆Яндекс Іздеуде рефералды жүйе пайда болды — әркім өз сілтемесін достарына жіберіп, әр жолдама үшін балансында 500₸ ала алады (досы да 500₸ алады). Рефералдардың санына қандай да бір шектеулер жоқ.

Нұсқаулық:
Алдымен 👉 мына сілтеме бойынша балансыңызға 1200₸ ала аласыз. Ол бір апта ішінде түседі, бастысы бәрін дұрыс жасап, іздеу жүйесін пайдалану керек. Қажет болса, біздің Instagram-да екі бейне нұсқаулық бар: Android үшін | iOS үшін.

Бұрын осы немесе басқа бонус алған болсаңыз, бұл қадамды өткізіп жіберсеңіз болады. Әрі қарай өз рефералды сілтемеңізді алыңыз.

Ол үшін:
1. https://yandex.kz/ сайтына кіріңіз (компьютерден немесе телефоннан, айырмашылығы жоқ)
2. Телефон нөміріңіз бойынша тіркеліңіз («Профиль» батырмасын басыңыз).
3. Өз профиліңізге өтіңіз
4. «Іздеу серіктесі (Партнер Поиска») басыңыз → Сілтеме → Көшіру.
5. Нені басу керектігін таппасаңыз, бірінші пікірге скриншоттар жібердік.

Пікірлер бөлімінде өз сілтемелеріңізбен бөлісе аласыздар 👇

Маңызды ақпарат
: досыңызға да, сізге де 500₸ түсуі үшін ол бір апта бойы іздеу жүйесін пайдалануы керек.

https://t.me/tiimdiqazaqstan
Біздің чаттағы осындай хабарламалар үлкен көлемде өшірілуде. Бір қарасаң, тиімді ұсыныс сияқты, бірақ шындап келгенде, бұл Telegram-аккаунтты тартып алудың жаңа әдісі.

1 тәсіл: "тегін курстарға" қолжетімділік алу үшін сізге сайтқа сілтеме жібереді, онда телеграм арқылы тіркелу керек. Сіз келген кодты енгізгеннен кейін аккаунтыңыз алаяқтардың қолына түседі.

2 тәсіл: сізге "курстары" бар деген желеумен ішінде зиянды файлдар бар zip-папка жібереді.

Дәл осындай хабарламаларды басқа TG-арналардың чатынан да таптық.
Тұрмыстық тауарлар мен жеке гигиена тауарларын сатып алудың тиімді жолы 👇

Өткен жұмада арнада Procter&Gamble ұсынатын науқан жайлы жазба болған еді, біз науқан аяқталды деп ойлағанбыз (түрлі тауарларға 50-100% кешбэк). Көптеген тауарлар бойынша науқанды 30 маусымға дейін созған екен. Бірден лайфхактарға көшсек: аталмыш тауарларға промокодтар арқылы онлайн супермаркеттерден тапсырыс берсеңіз, қосымша 20-50%-ға арзанырақ болмақ. Оған қоса карталар бойынша кешбэк бар. Сонда үш есе пайда табуға болады 🔥

1-қадам. Кешбэкті балансыңызға алу (барлық қалалар):
• Кез келген Ariel кір жуғыш ұнтағы — 50% (макс. 6500₸). Толығырақ.
• Кез келген Tide кір жуғыш ұнтағы — 50% (макс. 6500₸). Толығырақ.
• Gillette Mach3 Charcoal ұстарасы (көмір) — 50% (макс. 5500₸). Сыртқы түрі қандай?
• Әк қағын немесе майды кетіруге арналған Mr. Proper спрейі — 100% (макс. 2000₸). Нақты қайсысы?
• Naturella төсеніштері — 100% (макс. 3000₸). Нақты қайсысы?
• Төсек жабдықтарына арналған Lenor мата жұмсартқыштары — 50% (макс. 1450₸). Толығырақ.
• Ыдыс жууға арналған Fairy құралы — 30% (макс. 600₸). Нақты қайсысы?
• Едендер мен қабырғаларды жууға арналған бардық Mr. Proper сұйықтықтары — 50% (макс. 1000₸). Түбіртекті жіберу.

Ережелер: Түбіртекті сатып алғаннан кейін 14 күн ішінде жіберу керек. Әр тауар үшін тек 1 рет кешбэк алуға болады. Бір түбіртекте бірнеше науқандық тауарлар бола алады (түбіртекті тек бір рет жіберіңіз, барлығы үшін бірден есептеледі). Оқырман кеңестері 👉 мына мақалада.

2-қадам. Аталмыш тауарларға онлайн супермаркеттер арқылы тапсырыс береміз (Алматы, Астана, Шымкент, жеткізу тегін):
Arbuz.kz (Алматы, Астана) — F-291424 промокоды бойынша 11 000₸ басталатын бірінші тапсырысқа 3000₸ жеңілдік + тегін жеткізу. Қатардағы қолданушылар үшін nazarbekova2024 промокоды арқылы 10 000₸ басталатын тапсырысқа -2000₸ жеңілдік.

Airba Fresh (Алматы) — 7SK7 промокоды бойынша 10 000₸ жоғары бірінші тапсырысқа -4000₸. GSQ2 промокоды 10 000₸ басталатын кез келген тапсырысқа 2000₸ жеңілдік береді.

ryadom.kz (Алматы) — PF-YBBSSSBK промокоды бойынша 4000₸ басталатын бірінші тапсырысқа -2000₸. Қатардағы пайдаланушылар үшін PC-AJF69MR промокоды бойынша 4000₸ басталатын тапсырысқа 1000₸ жеңілдік.

Small (Алматы, Астана) — Wolt арқылы 8500₸-ден басталатын кез келген тапсырысқа 30% жеңілдік. KAZFREE1 промокоды жаңа пайдаланушыларға 1500₸ жеңілдік береді (500₸-ден 3 рет). Forte карталарымен төлесеңіз, тағы +5% кешбэк.

Сондай-ақ Kaspi-дегі «Науқандар» бөлімінен жекеленген ұсыныс бар-жоғын тексеріп көру керек: Kaspiдүкен арқылы Magnum-нен 10 000₸ басталатын тапсырыс беру кезінде 2 немесе 3 мың бонус беріледі (Алматы, Астана, Шымкент) .

Барлық супермаркеттердегі электронды түбіртекті «тапсырыстар тарихы» бөлімінен жүктеп алуға болады.

3-қадам (барлық қалалар): супермаркеттер мен жеткізу кезінде тиісті карталармен төлем жасау арқылы картаға тағы 5-10% кешбэк алуға болады. Толығырақ.

4-қадам (барлық қалалар): аталмыш әдістерді 18 жастан асқан отбасыңыздың басқа мүшелері пайдалана алады.

https://t.me/tiimdiqazaqstan
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Естеліктер көзіме түсіп кетті 👀

Менің балалық шағымдағы Fairy жарнамасы. Эээх, қазір мұндай жарнама таппайсың ғой 😢

Ал сіздің есіңізде қандай жарнама қалды?
Жалға берілетін электросамокаттарға шолу (оқырманымыздың жеке тәжірибесі):

JET
+ Автотұрақ көп;
+ Бір күндік тиімді тариф (40 минуттан 15 сапарға 5490₸);
+ Самокаттары жаңа (сондықтан қымбат сияқты);
+ Шамы жақсы;
+ Қолдау қызметі уақытылы жауап береді;
+ Кейде жазылымдарға жеңілдіктер болады.

Минустары:
- Қосымшада ақау жиі болып тұрады (сондықтан минуттар босқа кетуі мүмкін);
- Минуттық тарифі қымбат;
- Ақшаны бір минутқа ерте есептейді (яғни, 02:01 3-ші минут болып саналады, бұл — 135₸)
- Сапар үшін депозит (сондықтан аяқталуы ұзақ);
- Төлем Kaspi арқылы болмаса, депозитті қайтару ұзақ уақыт алуы мүмкін;
- Сақтандыру сомасы шағын ғана (денсаулыққа келтірілген зиян үшін 400 000₸ дейін).

Рейтинг (менің пікірім): 4,5/10.
_____________________________
WHOOSH
+ Ең арзан минуттық тариф (30-35₸);
+ Депозитсіз;
+ Сақтандыру сомасы үлкен (денсаулыққа келтірілген зиян үшін 2 000 000 ₸ дейін, 3-ші тұлғаға мүліктік зиян үшін 600 000 ₸ дейін);
+ Қосымшасы жақсы жұмыс істейді;
+ Адалдық бағдарламасы бар (кешбэк 2-4-7-10% және жазылымдар сыйлыққа беріледі)
+ Жазылымдары ең төмен бағада;
+ Ақшаны бір минутқа ерте есептемейді (02:59 әлі де 2 минут болып саналады, яғни — 60-70₸).
+ 60 минуттық пакеті Jet-тен арзанырақ.

Минустары:
- Jet-ке қарағанда тұрақ саны аз;
- Jet-пен салыстырғанда шам қуаты әлсіз;
- минуттық пакеттері қолайсыз;
- Жүру аймағы Jet пен Яндекске қарағанда кішірек.

Қорытынды: ең арзан самокат, жиі қолданамын, көңілімді қалдырған кезі болған емес. 8/10ірім): 4,5/10.
____________________Яндекс
+ Жүру аймағы үлкен;
+ Самокаттар саны көп;
+ Жоғары сапалы самокаттар;
+ Депозит жоқ;
+ Қосымшада ақаулар жоқ;
+ Сақтандыру сомасы ең қомақты (денсаулық бойынша 2 000 000 ₸ дейін, басқаның мүлкіне зиян келтіру бойынша 1 200 000 ₸ дейін);
+ Яндекс ұпайларын жинап (5%), сонымен төлеуге болады;
+ 490₸ тұратын ай сайынғы жазылым бар (20% жеңілдік). Jet-тен арзанырақ шығады;

Минустары:
- Минуттық тарифі ең қымбат (жазылымсыз);
- Минут пакеттері қымбат;
- Jet сияқты ақшаны бір минутқа ерте есептейді.

Қорытынды: жиі қолданбаймын, бірақ керек кездерде көмегі тиеді. 6,5/10.

Бұл алматылық оқырманымыздың тәжірибесі. Жазылғандармен келісесіз бе? Сіздің жеке рейтингіңіз қандай?
Жөндеу жұмыстарын бастап жатқандар болса, біздің арнада пікірлер бөлімінде оқырмандарымыз өз тәжірибелері мен ұсыныстарымен бөліскен 3 пайдалы сауалнама бар.

• Жалпы кеңестер: дүкендер, бригадалар, жиһаздар, техника. Оқу.
• Пәтерді жөндеуге қанша ақша бөлу керек? Оқу.
• Заманауи жөндеудегі тиімсіз шешімдер. Оқу.

Осы жазбарың астына да кеңестеріңізді қалдыра аласыздар👇
Оқырманымыз — Негізгі (базалық), тиімді, номиналды және сол сияқты басқа да мөлшерлемелердің не екенін сандармен түсіндіріп бересіздер ме? — деген сұрақ қойды.

Түсінікті тілмен айтқанда: Негізгі (базалық) бұл Ұлттық банк ұсынатын мөлшерлеме. Жай күндері көп қолданыла бермейді, бірақ банктерге жол сілтейтін бағыт десек те болады. Мөлшерлеме жоғарылаған кезде халыққа арналған несиелер қымбаттай түседі, есесіне депозиттер тиімдірек болады. Мөлшерлеме азайған кезде банктер төмен пайызбен несие тарата бастайды, бірақ депозиттер бойынша пайыздар да азаяды.

Номиналды. Мысалы, сіздің депозитіңіздің номиналды мөлшерлемесі 12% деп қарастырайық. Мұны 12 айға бөлеміз, яғни банктен айына өз депозитіңіз үшін дәл 1% мөлшерлеме аласыз деген сөз. Яғни, депозит сомасы 1 миллион ₸ болса, демек айына 10 000 ₸. Номиналды мөлшерлемені жылдық мөлшерлеме деп те атап жатады.

Осымен бұл мөлшерлеме туралы сөзді аяқтасақ болушы еді. Бірақ аталмыш 10 000₸ айдың соңында депозитке түсетіндіктен, екінші айдан бастап депозитіңізде 1 миллион ₸ емес, 1 010 000₸ болады. Екінші айда да 1% мөлшерлеме түседі, бірақ енді 10 000₸ емес, 10 100₸ болады. Нәтижесінде бір жыл ішінде 126 825₸ сыйақы аласыз. 1 000 000₸-ден 126 825₸ = 12,7% құрайды. Тиімді мөлшерлеме деген осы.

Номиналды мөлшерлеме — 12%
Тиімді мөлшерлеме (ГЭСВ) — 12,7%

Ақпарат үшін @kzFinance_bot рақмет

P.s: бұл есептеу ай сайынғы капиталдандыру бойынша көрсетілген. Күн сайынғы капиталдандыру бойынша номиналды мөлшерлеме 365-ке бөлінеді (12-ге емес) және есептеу күн сайын жүреді.

Айтпақшы, несиелер бойынша да осылай. Номиналды мөлшерлеме соңғы артық төлем емес. Несиенің нақты құны несиені беру мен оған қызмет көрсетуге байланысты барлық комиссиялар мен төлемдерді қамтитын тиімді мөлшерлемемен (ГЭСВ) есептеледі. Сондықтан Ұлттық банк жарнамада да, келісімшарттарда да екі мөлшерлемені де көрсетуді міндеттейді. Егер біреуінде жоқ болса, онда АФМ-ге шағымдануға болады.

https://t.me/tiimdiqazaqstan| #қаржылықсауаттылық
Қазақ тіліндегі пайдалы Telegram-арналар қатары +1-ге толықты 👍

TengeLifekz — ел экономикасындағы құбылыстарды дөп басып жазатын қазақтілді арнаны назарларыңызға ұсынамыз. Авторлар қызықты жайттарды түсінікті тілмен жеткізіп, қазақстандықтардың өміріне әсер ететін оқиғалар жайлы хабар таратады.

Өтуhttps://t.me/TengeLifekz
Ауданыңызды қауіпсіз ету үшін не істеуге болады?

Егер сіздің аулаңыз/көшеңіз арқылы көліктер үнемі жоғары жылдамдықпен өтетін болса, онда e-otinish арқылы жылдамдықты шектеуге арналған жолақ орнату туралы өтініш жаза аласыз.

Сол сияқты, егер белгілі бір жерде адамдар жолдан өту ережелерін жиі бұзатын болса және оның жол-көлік апатына алып келу қаупі болса, «жаяу жүргіншілерге арналған өткел» белгісін орнату үшін де өтініш жазуға болады. Әдетте бұл аялдама жанындағы аумаққа қатысты.

Алгоритмі мынадай:
1. Апаттық жағдайдың мысалын видеоға түсіріп алыңыз: көліктер жоғары жылдамдықпен өтіп жатқан немесе адамдар бір жерде жолды жаппай кесіп өтіп жатқан кадрлар жарамды.
2. e-otinish қызметі арқылы өз қалаңыздың/ауданыңыздың/ауданыңыздың полиция департаментіне өтініш беріңіз. Нұсқаулық.
3. Оқырманымыз жазған өтініш үлгісін пайдалана аласыз.

Тағы бір мысал: дәл осы әдіспен аулаңызда көліктерге арналған орындар үнемі жетіспейтін болса, мүмкіндігі шектеулі жандар тұрғын үйдің ауласына мүгедектерге арналған тұрақ белгісін орнатуды сұрай алады.

https://t.me/tiimdiqazaqstan
Отау ипотекасы бойынша қабылданған өтінімдердің тізімі жарияланды 🎉

Жалпы 8 000 адам өткен. Құжат 2 топқа бөлінген:
• 35 жасқа дейінгі клиенттер — 4800 адам (16 150 адамнан)
• 35 жастан асқан клиенттер — 3200 адам (8699 адамнан)

Жүктеп алу https://hcsbk.kz/ru/to-get-a-loan/otau/reports/ (өзіңізді Ctrl + F арқылы іздеңіз)

Өтпегендер болса, бүгіннен бастап тағы бір жеңілдетілген ипотека — Наурызға өтініш бере алады. Оның шарттары анағұрлым қолайлырақ, квоталар саны көбірек (12 000) әрі өтініштер 30 маусымға дейін қабылданады. Шолу 👉 мына жазбада.

Өткендер үшін: 40 жұмыс күні ішінде «Отбасы банкіне» несие туралы өтініш беру қажет. Мақұлданған жағдайда 6 ай ішінде қолжетімді болады. Осы уақыт ішінде баспана тауып, несие алып, сатып алу керек.

Сауалнама:
🔥 — Тізімде бармын
😐 — Тізімде жоқпын
🌚 — өтініш берген жоқпын

P.s: егер екі бағдарлама бойынша да өтпесеңіз, келесі жылы қайта байқап көруге болады. Екі бағдарлама да 2031-2032 жылға дейін жыл сайын өтінім қабылдайды.

Дереккөз | https://t.me/tiimdiqazaqstan
109 — кез келген сұрағыңызға жауап береді

Біз кешегі күнге дейін iKomek тек елордада қолжетімді деп ойлағанбыз 😳 Бірақ ол барлық дерлік қалаларда қолжетімді болып шықты.

Астаналықтар онда кез келген 42 сұраққа жауап алуға және кез келген салада арыз жазуға болатынын біледі. Бұл барлық мемлекеттік органдар мен коммуналдық кәсіпорындардың байланыс орталықтарын біріктіретін бірыңғай республикалық байланыс орталығы. 24/7 жұмыс істейді.

Барлық сұрақ бойынша жүгінуге болады: мекенжайыңыз бойынша электр жарығын қашан қосады, емханалардың байланыс нөмірлері, ХҚКО жұмыс кестесі, сондай-ақ ағаш құласа, көшедегі шамдар дұрыс жұмыс істемесе, жарық болмаса немесе люктар ашық болған жағдай да жүгінуге болады. Шынымен де, кез келген түсініксіз жағдай туындаса, осы нөмірге хабарласуға болады.

109 нөмірі бойынша қоңырау шалу тегін (Алматылықтар үшін — 1308).

Біз сондай-ақ сіздерге қолайлы болу үшін iKomek-тің қалалар бойынша WhatsApp-нөмірлерін жинап шықтық (қоңырау шалудың орнына хабарлама жазғыңыз келсе): Астана | Алматы | Қарағанды | Шымкент | Ақтөбе | Тараз | Павлодар | Атырау | Ақтау (сайт) | Қостанай | Орал | Түркістан | Петропавловск | Көкшетау | Талдықорған | Рудный. Сілтеме аталмыш парақшалардың сипаттамасында. Басқа қалаларды таппадық :(

https://t.me/tiimdiqazaqstan
Руководство_по_рилс_от_Мета.pdf
13.5 MB
Тауар / қызмет / жұмыстарын Instagram арқылы жүргізетін жандарға арналған

Instagram ұсынатын 54 беттен тұратын Reels бойынша ресми нұсқаулық тауып алдық (курстар үшін ақша төлеудің қажеті болмай қалады)

Өз кеңестеріңіз бен байқаған ерекшеліктеріңіз болса, пікірлер бөліміне қалдыра кетсеңіздер болады 🙌