Тиімді Қазақстан
2K subscribers
391 photos
57 videos
5 files
737 links
Күнделікті шығындар мен бюджетті үнемдеуге сауатты көзқарас қалыптастыратын арна. Ең қажетті ақпараттар бекітілген жазбада.
Download Telegram
Пікір: Неліктен табысты кәсіпкерлердің кітаптары оқырмандарын байытпайды?

Қалай миллионер болуға болатыны туралы танымал кітаптардан соң оқырмандар неге байып кетпейтіні туралы ойланып көрдіңіз бе? Неліктен Microsoft, Google немесе Facebook сияқты табысты компаниялардың табыс сыры тереңінен зерттеліп, тіпті олар бойынша фильмдер шыққанына қарамастан сондай компаниялар он жылда бір пайда болады?

Жауабы қарапайым: жетістікке жеткен мысалдардың әрқайсысына сәттілік серік болған, ал ең құнды ақпарат жетістікке жете алмағандардың басында қалып кетті десек те болады.

Бұл феномен алғаш рет Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде сипатталған. Математик Абрахам Вальд жауынгерлік миссиялар кезінде американдық бомбалаушы ұшақтардың алған тесіктерінің орнын зерттеген. Көбінесе жау оғынан ұшақтардың қанаттары, тұрақтандырғыштары мен фюзеляж зардап шеккен, ал ең аз зардап шеккен жерлері — ұшқыш кабинасы, қозғалтқыштар мен отын жүйесі болған;

Бір қарағанда ең қатты зиян келген жерлерін жақсарту керек сияқты көрінді, алайла Вольд басқа шешім қабылдайды. Ол мұндай зақымданумен ұшақтың базаға қайта оралуының өзі олардың сапасы сын көтеретінінің дәлелі, сондықтан корпустың бұзылмай жеткен бөліктерін жақсарту қажет деген ақылға қонымды ұсыныс тастайды. Бұл тұжырым соғыс аяқталғаннан кейін, ормандар мен батпақтардан құлаған ұшақтарды алып, қарағанда расталды.

Олардың дәл Вольд айтқан жерлері, яғни қозғалтқыштары, жанармай жүйесі мен ұшқыш кабинасы бүлінгені белгілі болады. Мұндай зақымданумен ұшақ ары қарай ұша алмаған: не ұшқыш қайтыс болған, не жанармай ағып кеткен, не қозғалтқыш істен шыққан. Алайда, бұл жайлы базадағылар біле алмаған, себебі ұшақ ол жерге жете алмаған. Нәтижесінде инженерлер зақымдану бойынша ақпаратты қайтып келген ұшақтардан жинаған, себебі жоғалған ұшақтар жайлы ақпарат болмаған.

Дәл осындай қателікті бизнес саласынан да байқаймыз. Адамдар табысты бизнесмендердің өмірбаяндарын жан-жақты зерттеуге, тренингтеріне баруға, табысқа қалай жетуге болатыны туралы кітаптарын сатып алуға ұмтылады, бірақ олар осы кеңестердің бәрін дәл орындаса да, табысқа қол жеткізе алмайды. Себебі, Вальд айтқан бомбалаушы ұшақтар мысалындағыдай миллионерлердің кітаптарында да ең пайдасыз ақпарат жиналған — онда жағымды ортада қалай әрекет ету керек деген ақпарат жиналған. Ал жағдай тым қолайсыз болған не істеу керектігі туралы бір ауыз сөз кездестіре алмайсыздар.

Ең пайдалы ақпаратпен бизнес құруға талпынып, бірақ сәтсіздікке ұшыраған адамдар бөлісе алар еді, бірақ олар кітап жазбайды, тіпті жазған күннің өзінде оны ешкім сатып алмас еді. Статистика дәл айтады, бизнестің 90-95%-ы алғашқы бес жылда банкротқа ұшырайды, ал қалғандардың 80%-ы келесі бес жылда банкротқа ұшырап жатады. Нәтижесінде, 10 жылдан кейін стартаптардың тек 1-2% ғана тұрақты бизнеске айналады, қалғандары сәтсіздікке ұшырайды.

Оның үстіне, сәттілік серік болған 1-2% бизнес барлығын басқалардан дұрысырақ, жақсырақ жасағанды немесе барлық тәуекелдерді алдын ала ескергенді деуге келмес, олар қажет уақытта қажет жерде бола білді. Олардың өзі өз жетістіктеріне қайта жете алмайды, ал ғылымда бірдей әрекеттер тізбегін қайталау мүмкін еместігі кездейсоқтық деп аталады.

*Интернеттен алынған ақпарат.

Сондықтан, қорытынды: басқа адамдардың қателіктерін талдай білу керек. Біздің арнада кәсіпкер-оқырмандарымыздан өз қателіктері жайында кеңестермен бөлісуді сұраған 👉 сауалнама бар. Осы жазбаның астына да қалдыра аласыздар.
Жанармай құю бекеттеріндегі лайфхак: қалай екі есе пайда табуға болады?

1) Қазақстанда Яндекс Заправки қосымшасы іске қосылды. Егер сізде Яндекс Плюс жазылымы болса, қосымша арқылы 4000₸-ге жанармай құйсаңыз, 10% бонус ретінде қайтарылады (егер жазылым жоқ болса, ZMSEPEPLMX промокоды қолданыстағы жазылымы жоқ жандардың бәріне 90 күндік жазылым береді). Іске қосу.

Серіктес жанармай құю бекеттері бар барлық қалаларда қолжетімді: Helios, Sinooil, Аурика, Gazoil, PetrolAsia, V-Oil, LT-Gas бен т.б. Толық тізімді Яндекс Заправки қосышасындағы картадан көруге болады. Астана мен Алматыда жұмыс істейтіні анық, басқа қалалар бойынша оқырмандарымыздан әлі жауап алмадық.

Нұсқаулық: қосымшаға кіріп, жақын жердегі жанармай құю бекеті мен жанармай бағасын қараңыз → сонда барыңыз. Қосымша арқылы баған нөмірін, отын түрі мен соманы таңдаңыз. Сосын пистолетті қойып, жанармай құюды бастаңыз. Жанармай құю бекетінде кезекші болса, көліктен түсудің қажеті жоқ. Жанармай құю процесін де смартфон арқылы бақылауға болады. 10% бонус науқаны 15 шілдеге дейін жалғасады.

2) Қосымша ішінде төлем жасау үшін Home Card Lite картасын тіркеп, картаға тағы 5-10% кешбэк алуға болады. Кешбэк лимиті — бір транзакция үшін 1000₸ және айына 7000₸. Картаға толық шолу 👉 мына жазбада. Bereke All In картасы да 10% кешбэк, ал автокарта 5% беруі мүмкін, бірақ әлі ешкім тексеріп көрген жоқ.

Қолданып көргендер бар ма? | https://t.me/tiimdiqazaqstan
Компаниялар мен дүкендерде туған күн иелеріне арналған қандай науқандар бар?

Сауда:
Kaspi.kz — кейде жеке науқан жібереді: Каспи дүкеннен кез келген әдіспен сауда жасағанда 10 000₸ басталатын саудаға 3000 бонус есептейді. Туған күннен кейін 6 күн бойы қолжетімді.
Евразиялық банк: туған күндегі саудаға +5% бонус.
ForteMarket: 100 000₸ басталатын саудаға 10 000₸ беретін BDAY10 промокоды қолжетімді, бір жыл ішінде 1 рет жарамды.
Sulpak — адалдық бағдарламасы бойынша 3000 бонус есептеледі.
Меломан — олардың қосымшасы арқылы жасаған саудаңыз болса, 1000₸-лік промокод береді, электронды поштаға келеді (спам папкасын тексеріңіздер).
Детский мир — 12 жасқа дейінгі балалардың туған күніне 1 апта қалғанда адалдық жүйесінде 3000 бонус ұсынады. 15 күн ішінде түбіртектегі соманың 20%-ын төлеуге болады (кейде 1000 бонус береді).
Junior Bank (БЦК ұсынатын балалар картасы) — таңдаған бір санатқа 10% бонус береді.
Flip.kz — туған күнде 10% жеке жеңілдік береді.
Intertop — туған күнге дейін және кейін 3 күн ішінде адалдық картасы бойынша екі еселенген бонустар (3%+3%).
Спортмастер — клуб картасының иелеріне туған күндегі саудаға 2500-мен 10 000 аралығындағы бонус береді.
Технодом — туған күнге дейін және кейін 2 күнде екі еселенген бонустар.
Белый ветер — туған күнде есептік жазбаға 1000 бонус (шопик) есептеледі (бір жылдан артық уақыт тіркелген болсаңыз).
Evrika — сауданың 50%-на дейін төлеуге болатын 5 000Б есептейді, есептелгеннен кейін 7 күн ішінде қолжетімді.
Kari — 17 мың бонус. Туған күннен кейін 7 күн ішінде жұмсауға болады.
Pandora — туған күнге дейін және кейін 3 күнде 10% бонус немесе поштаға 3000₸ жеңілдік беретін промокод жібереді.
Code de Vie — адалдық бағдарламасының қатысушыларына 3000-5000 аралығындағы бонус есептейді.
Lady Collection — түбіртектегі әр екінші және төртінші тауарға 50% (туған күнге дейін және кейін 5 күн)
Invitro — бонустық бағдарлама бойынша 2000 бонус.
Kiehl’s — кез келген саудаға екі миниатюрадан тұратын мини-жиынтық сыйлыққа беріледі (туған күнге дейін және кейін 7 күн).
Ostin — туған күнде 2 500 бонус.
Золотое яблоко — бонустық картаға 10% бонус (туған күнге дейін және кейін 3 күн).
Gloria Jeans: карта иесі мен оның балаларына 25% жеңілдік (туған күнге дейін және кейін 3 күн).

Тамақтану:
Dodopizza — 20% жеңілдік (қосымшада жеке науқан сияқты келеді, “кабинет” бөлімінде).
Happy Cake — туған күнге дейін және кейін 2 күнде сайттағы кез келген тапсырысқа 10% жеңілдік.
Lanzhou — мантыдан жасалған торт сыйлыққа беріледі.
Starbucks — Алтын дәреже картасының иелеріне сыйлыққа сусын беріледі.
ДАРЕДЖАНИ — 2 күн бұрын бронь жасап, 80 мың ₸-ден жоғары сомаға тапсырыс берсеңіздер, туған күн иесіне Вашлис атты грузин торты сыйлыққа беріледі.
Чечил Паб — қанша жасқа толсаңыз — сонша саптыаяқ сыра сыйлыққа беріледі (барлық қалаларда қолжетімді, алдын ала броньдап, ескерту керек).
Burger King — қосымшада Воппер мини сыйлыққа беріледі.
Тәп Тәтті — туған күнде 10% бонус беріледі, 1 күн дейін және кейін.
Emenu — туған күнде 10% жеңілдік.
Bao — тек ресторанда туған күнде кез келген бірінші тағам сыйлыққа беріледі.
Чибо сано — туған күнде немесе одан кейін 3 күн ішінде тапсырыс беру кезінде тегін пицца сыйлыққа беріледі.

Сондай-ақ 👉 Астана мен 👉 Алматыға арналған жеке науқандар тізімі бар.

*жеке куәліктің болуы міндетті. Көптеген компанияларда қосымшалар мен есептік жазбаларда сауалнама толтыру керек болады. Жазба үнемі жаңарып отырады. Егер жазбадағы қандай да бір ақпарат ескірген болса, бізге жеке хабарлама ретінде жазуларыңызды сұраймыз.

Басқа да науқандарды білсеңіздер, пікір ретінде қалдырыңыздар | https://t.me/tiimdiqazaqstan
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Әлем бойынша әуежайлардағы business lounge аймақтарына қалай тегін кіруге болады? (бонус: жаңартылған нұсқаулық).

VISA немесе Mastercard ұсынатын премиум карталар иелері әлем бойынша 1300-ден астам бизнес-залдардың кез келгеніне, соның ішінде Алматы мен Астанағы аймақтарға да тегін кіре алады. Олардың көбінде тегін тамақ, Wi-Fi, балалар бөлмесі, душ, демалыс бөлмесі мен алкогольсіз/алкогольді сусындар қолжетімді. Оның үстіне билетіңіздің класы маңызды емес, эконом-класс билеттерімен де бизнес аймақтарына кіруге болады;

Жалпы шарттары:
• Тек халықаралық рейстер кезінде қолжетімді (Астанада ішкі рейстерге арналған Sapar Lounge бар, бірақ Visa Platinum карталарымен кіруге болмайды).
• Аталмыш аймақтарда 2-3 сағаттан артық болмау керек.
• Кіру тек карта иесі үшін қолжетімді. Яғни, екі ересек адам ұшатын болса, екеуінде де премиум карта болуы керек. Қонақтар үшін кіру ақысы — $35.
• Екі жасқа дейінгі балалар үшін кіру тегін. Егер олардың жасы үлкен болса, оларға да кіру құны $35 төлеу керек (бірақ кейде жасын тексермеуі мүмкін).

Біздің толық нұсқаулық 👉 сілтемеде (қандай карта ашу керек, қандай айырмашылықтары бар, қалай кіру керек, оқырман кеңестері және т.б.).

Видеода Мадрид әуежайының бизнес-залы | https://t.me/tiimdiqazaqstan
Технодомда барлық Bosch тауарларына 15% жеңілдік беретін WOW32 промокоды бар

Барлық пайдаланушылар үшін қолжетімді, тек сәуір айының соңына дейін және сайт немесе қосымша арқылы картамен төлеген кезде.

Тауарды себетке салып, промокодтың қолжетімділігін тексеруге болады. Немесе тауарлар тізімін қарауға болады.
👆Аталмыш сұраққа жауап беру үшін 8 жылдан бері су сүзгілерімен айналысатын маманға жүгіндік.

Сүзгі таңдау шарттары:
а) бюджет
б) орнату түрі: қорап немесе бөлек бак + сүзгілер (раковинаның астында қанша орын бар екеніне байланысты)
в) сорғымен немесе сорғысыз. Біріншісі су ағыны төмен жандарға қажет.
г) қызмет көрсету құны (материалдарын әдетте жарты жыл сайын ауыстыру қажет).
д) тазарту кезеңдерінің саны (неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы. Бірақ ішуге арналған қолайлы кезеңдер саны — 5-6).
д) минерализаторы бар немесе жоқ (суды пайдалы микроэлементтермен қанықтырады).

Өз баға санатындағы сапалы сүзгілер:
• 80 000₸-95 000₸: Аквафор, Hidrotek
• 115 000₸-130 000₸: Aquabir Vera, Ecosoft Standart
• 180 000₸: қораптағы Aquabir, Pure Pro
• 200 000₸-400 000₸: Fitaqua

Аталмыш сүзгілердің әрқайсысы туралы толық ақпарат пікірлер бөлімінде.

Жеке тәжірибе: бізде үш жылдан астам Ecosoft Standard сүзгісі болды. Шәйнектегі, үтіктегі, ылғалдандырғыштағы қақ жайлы мүлде ұмыттық, сапалы материалдардан жасалған жақсы сүзгі болды; Бірақ біздің тұрғын үй кешеніндегі су құбыры ескі болғандықтан, уақыт өте келе ондағы суды ішуге мүлде пайдаланбайтын болдық. Сондықтан біз баға/сапа қатынасы бойынша сүзгі жинап беруді сұрадық: қорабы Aquabir компаниясынан, ал сүзгілердің өзі Fitaqua, тазалаудың 8 кезеңі бар. Құны 220 000₸-ге шықты, судың дәмі 10/10👏 Шығын материалдары: біріншісінде жарты жылда бір рет 10 000₸, екіншісінде 15 000₸. Біз бұған дейін ішуге арналған суды бөтелкелермен тапсырыс беріп жүргенімізді ескерсек, шыққан шығын тұрарлық болды.

Пікір бөлімінде сүзгі бойынша жеке тәжірибеңізбен бөліссеңіз, пайдалы ақпарат болар еді. Мүмкін арзан бағаға сапалы нұсқалары бар шығар, мен судың дәміне тым сезімталмын🫠

Айтпақшы, сүзгілердің көп байқала бермейтін артықшылығы — егер үйіңізде суды жиі өшіретін болса, сүзгі көмекке келеді. Қол жууға, шәйнекті толтыруға немесе тамақ дайындауға пайдалануға болады.
Freedom Mobile-да тиімді науқан👇

Samsung Galaxy S24 Ultra смартфонын сатып алғанда, сыйлыққа Beeline, Altel немесе Tele2-дан минуттар мен гигабайттардың жылдық қоры мен Galaxy Buds FE құлаққабы беріледі.

30 сәуірге дейін 0-0-24 бөліп төлеу қолжетімді, ай сайынғы төлем 27 495 теңгеден басталады.

Мысалы: 659 890 теңгеге Samsung Galaxy S24 Ultra 256 ГБ + тегін құлаққап, Beeline 25 GB пакеті мен айына 120 минут қоңыраулар (бір жылға) беріледі. 0-0-24 бөліп төлеу арқылы төлем 27 495 теңгені құрайды.

Сыйлыққа құлаққап, минуттар мен гигабайттар Samsung Galaxy S24 және S24+ үлгілері үшін де қолжетімді.

Науқанға сілтеме 👉 осында.

https://t.me/tiimdiqazaqstan
Көрші хақысы — Тәңір ақысы. Десе де ережеге сай өмір сүру керек. Көп пәтерлі үйлерде не істеуге болмайды?

• Жеке заттарды кіреберіс пен алаңдарда сақтау — ескерту немесе 5 АЕК (18 460₸) мөлшеріндегі айыппұл. ҚР ӘҚБтК-нің 410 б.

• Қоқыс тастау немесе қалдыру — 5 АЕК мөлшеріндегі айыппұл. ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 б.

• Алкогольді ішімдіктерін ішу — 5 АЕК мөлшеріндегі айыппұл. ҚР ӘҚБтК-нің 440 б.

• Темекі шегу — 15 АЕК немесе 55 380₸ айыппұл (ҚР ӘҚБтК 441-бабы). Оның үстіне, егер балкон көпқабатты үйде, әрі әйнектелген және ашық болса, балкон да, кіреберіс те қоғамдық орын саналады. Сондықтан темекі шегуге болмайды.

• Жануарлар бағу (кіреберістерде) — 10 АЕК айыппұл. ҚР ӘҚБтК-нің 407-2 б.

• Түнде тыныштық режимін бұзу — 5 АЕК көлемінде айыппұл. ҚР ӘҚБтК-нің 437 б. Жұмыс күндері сағат 22.00-ден 09.00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері — 23.00-ден 10.00-ге дейін.

Мұндай заң бұзушылықтар туралы арыздарды үйіңізге бекітілген учаскелік полиция қызметкері қабылдайды.

Сондай-ақ қойма бөлмелері ретінде баспалдақ /дәліздердің бір бөлігін рұқсатсыз қолдануға да тыйым салынады. Егер осындай жағдайға тап болсаңыз, мына сілтемені оқып шығыңыз.

https://t.me/tiimdiqazaqstan
Жаңа форматтағы ЭЦҚ қолданыста

Кеше ЭЦҚ ауыстырғанбыз, сол кезде жеке тұлғаларға әдеттегідей AUTH... / RSA... орнына тек бір — GOST кілтінің берілетінін байқадық. Бұл бұрынғыға қарағанда қолайлырақ болады деп ойлаймыз, себебі бұрын "кіру" үшін және "қол қою" үшін екі түрлі ЭЦҚ пайдаланылатын, енді екеуі бірге болмақ.

Қолданыстағы ЭЦҚ (AUTH / RSA бар) әлі жұмыс істеп тұрғанын айта кетейік. Тек жаңасын алған кезде ғана соңғы формат бойынша беріледі.

Керек болып қалар деген оймен ЭЦҚ-ны онлайн қалай алуға болатыны жайлы 👉 нұсқаулық жарияладық. Қолданыстағы кілттеріңіз бен олардың құпиясөзі керек. Егер олар болмаса, egov.kz арқылы онлайн шығаруға болады.

P.s: ҚР ҰКО-дағы өзгерістер жайлы ресми жаңалық мына сілтемеде

https://t.me/tiimdiqazaqstan
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сіз білмеген пайдалы қызмет

iOS-та Shadowmap тегін қосымшасы бар. Оның көмегімен күндізгі уақытта күннің белгілі бір үйге қалай түсетінін анықтауға болады. Жалға алуға немесе сатып алуға тұрғын үй іздеп жүрген жандар үшін пайдалы болмақ, әсіресе күн / көлеңке болуы маңызды болса.

Бұны білу не үшін маңызды?
Күн түсетін жаққа адамдар әдетте артық жарық кедергі келтірмеуі үшін ролл-перделер немесе blackout-перделер орнатып жатады. Сондай-ақ мұндай бөлмелерге жазда ауа салқындатқыш аса қажет. Ал көлеңке жақта орналасқан бөлмелерде тез қараңғы бататындықтан, оны жылытуға көбірек энергия жұмсалады. Жалпы айтқанда, қалай алып қарасақ та, қосымша шығынға алып келеді.

Картада ыңғайлы болу үшін көрші үйлер де көрсетілген. Қосымшада ағаштар есепке алынбайды, сондықтан егер төменгі қабаттан пәтер алуды жоспарласаңыз, міндетті түрде жеке барып, қарау керек.

PRO жазылымы арқылы картадан жылдың басқа мезгілін көру үшін кез келген күнді таңдауға болады (7 күн тегін, осы уақыт ішінде жазылымды өшіруді ұмытпаңыз).

P.s: Android жүйесінде аталмыш қосымша жоқ. Оған ұқсас Sun Locator бар. Бірақ онда үйлер көрсетілмейді, әрі жиі жарнама шыға береді (бағасы — 4,7, 1 миллион жүктеу). Бұл бағдарламалардан тиімдірегін білсеңіз, бөлісе отырыңыздар.

https://t.me/tiimdiqazaqstan
iPhone-ды қашан алған тиімді?

Жаңа моделі шығар алдында телефондардың құны арзандайды десек, iPhone иелері үшін бұл жаңалық бола қоймас. Алайда қаншалықты арзандайды?

Біз Kaspi-дегі iPhone 15 128GB құнын түрлі кезеңдерде бақылап көрдік:
• 2023 жылдың 29 қыркүйегі — 745 860₸ (енді шыққан еді)
• 2023 жылдың 21 қарашасы — 438 000₸
• 2024 жылдың 29 сәуірі — 365 727₸

Сонда 7 ай ішінде iPhone алғашқы құнынан 2 еседен артық бағаға арзандаған. Жаңа моделінің анонсы басталған тамыз-қыркүйек айларында құны бұдан да төмендеуі керек.

Сондықтан iPhone-ның соңғы моделін шыға сала алуға асықпаған жөн. Ақпан-наурыз-сәуір айларында алған әлдеқайта тиімдірек болмақ, оның үстіне Қазақстанда iPhone-ның кезекті моделі шыққанша кем дегенде жарты жыл өтеді.

P.s: пікірлер бөлімінде Pro мен Pro Max модельдерінің салыстырмалы бағасы көрсетілген

Сматфонды қалай тиімді сатып алуға болады? | https://t.me/tiimdiqazaqstan
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Skechers бойынша жарнамамыз Президенттің құлағына да жеткен сияқты 😁

Жақында өткен сенбіліктен сурет. Онда Президент Skechers 232625 NVLM моделімен жүрген болатын. Оны Intertop-тан 26 590₸-ге таптық. Көру.
Мамыр! Банк карталары бойынша жоғарылатылған кешбэк санаттары

Жаңа санаттар:

• Sulpak & Mechta: 10% (Halyk QR арқылы 19.05 дейін¹)
• Alser: 10% (Halyk QR арқылы 12.05 дейін¹)
• Forte Market: 15% (Forte)
• Яндекс Еда, Wolt, Glovo: 5% (Forte)

2024 жылғы үздік санаттар:
• Яндекс Такси, Uber: 10% (Forte)
• Толығымен дерлік тегін қоғамдық көлік: (OGO арқылы 31.05 дейін). Толығырақ.
• Жанармай бекеттері: 15% (Яндекс Заправки + Home Card Lite). Толығырақ.

Жалғасу үстіндегі үздік санаттар:
• Барлық такси қызметтері: 10% (Bereke³), 7% (Jusan Pay), 5% (OGO), 5% (Автокарта)
• Супермаркеттер мен азық-түлік дүкендері: 5% (OGO), 5 немесе 10% (Home Card Lite)
• Жанармай бекеттері: 10% (Bereke³), 6% (автокарта), 5 немесе 10% (Home Card Lite²)
• Коммуналдық төлемдер: 5 немесе 10% (Home Card Lite, 1 транзакция үшін макс 1000Б)
• Медициналық орталықтар, әуе билеттері, жиһаз, балаларға арналған тауарлар және т.б: 5% (Jusan Pay)
• Кино, театрлар, аттракциондар: 30% (Автокарта)
• Кино мен афиша: 30% (Bereke³)

Осы айдан бастап енген өзгерістер: RBK базалық бонусты шегеріп, картадағы қалдық қаражат бойынша қарапайым карталардағы кешбэкті 3-тен 2%-ға, Platinum үшін 5-тен 3%-ға, Signature үшін 6-дан 4%-ға төмендетті. Кешбэктік максималды сомасы да өзгерді, толығырақ сілтемеде.

Онда қазір барлық сауда бойынша ең жоғарғы кешбэкті қалай алуға болады? Home Card пен Bereke All In бойынша 500 000₸ басталатын депозит болған жағдайда барлығына 5% кешбэк алуға болады.

‼️Санаттардың толық тізімі мен кешбэк есептелу шарттары👉 мына құжатта. Төлем жасамас бұрын міндетті түрде танысып шығыңыз. Құжаттан картаны комиссиясыз толтыру бойынша нұсқаулықты да таба аласыз.

¹Halyk нұсынатын науқанының толық шарттары: Sulpak | Mechta | Alser.
²Home Card Lite карталарындағы жанармай санаты бойынша бір айлық лимит 7000Б (жалпы лимит 20 000Б ішінде).
³100 000₸ басталатын депозит болған жағдайда.

Карталар жайлы толық ақпарат: Home Card Lite | Simply | Jusan | OGO | РБК | Forte Black/Blue | Картакарта | Автокарта | Halyk Bonus | Kaspi Gold | Bereke. Бірнеше картаны қатар пайдаланудың тиімді жолдары бойынша 👉 нұсқаулық.
Картаны толтыру бойынша нұсқаулық 👉 сілтемеде.
Қазақ тілін үйренуге арналған пайдалы тегін ресурстар

jv-team.kz — мұнда қазақ тіліне аударылған әлемдік бестселлерлерді тегін жүктеп алуға болады. Мысалы, Бодо Шеффердің "Мани есімді күшік", "Қаржылық еркіндікке апарар жол" сияқты кітаптары бар.

«Казахский язык. Просто о сложном» — 2007 жылы оқытушы Татьяна Владимировна негізін қалаған. Сайтта тілді үйренуге көмектесетін көптеген материалдар бар: жаттығулар, грамматикалық кестелер мен дыбысты диалогтар. Сондай-ақ жобаның «Сөйлесейік» (https://t.me/soylemder) атты Telegram-арнасы бар.

Til Media — қазақ тілінің бастапқы деңгейін меңгергендер үшін қолайлы. Мұнда келесідей мазмұнмен толтырылған төрт үлкен бөлім бар: ақпарат, тыңдау, оқу және қарау («Информация», «Слушай», «Читай» және «Смотри»).

Adebi Portal — электронды кітаптардың үлкен кітапханасы. Мұнда қазақстандық және шетелдік авторлардың қазақ тіліндегі кітаптарын табуға болады.

Til Qural — өздігінен білім алуға арналған интерактивті курс. Жоба көмегімен сөздік қорыңызды кеңейтіп, оқу мен тыңдау дағдыларыңызды жетілдіре аласыз. Курстар деңгейлерге бөлінеді: A1-ден В1-ге дейін.

Abai.institute — қазақ тілі мен мәдениетін зерттеуге арналған сайт. Мұнда орыс және басқа да шет тілдерінде қолжетімді тіл курстарына қатыса аласыз.

Sozdikqor — қажетті сөздің аудармасын, синонимдерін, антонимдері мен тұрақты сөз тіркестерін көрсететін интерактивті сөздік.

DOPE SOZ — өткен мен бүгін туралы өзекті әрі маңызды тақырыптар қозғалатын подкаст. Жүргізушілер мен қонақтар қазақ тілінде де, орыс тілінде де сөйлейді. Жаңа ақпаратқа қаныға отырып, жетік тілді естуге жақсы мүмкіндік.

Soyle.kz — Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұсынатын онлайн курс. Курсты өткеннен кейін қазақ тілінде оқып, сөйлем құрап, сауатты сөйлей алатын болады. Сайтта сөздік пен кітапхана да бар.

Жазбаны Creative Asia арнасындағы әріптестеріміз әзірлеген. Олар тегін курстар, шетелде оқуға арналған стипендиялар мен түрлі тілдерді үйренуге арналған ресурстар жайлы жазбаларды жиі жариялап тұрады 👍
Қолжетімді ауа ылғалдандырғышты қалай таңдауға болады? Қандайын алған дұрыс?

Бізде 4 жыл ішінде 3 ауа ылғалдандырғыш болды, оны күнделікті пайдаланғандықтан, қандай белгілері маңызды екенін, не нәрсеге мән беру керектігін түсіндік. Бұл жайлы сөз қозғамас бұрын, ауа ылғалдандырғыштың не үшін қажет екеніне тоқталып өтсек:

а) ауыз бен мұрынның шырышты қабаттары құрғамайтындықтан, балалар сирек ауырады (жаңа туылған нәрестесі бар отбасылар үшін мастхэв)
б) бала суық тиіп қалса, дәрігерлер бөлмені жиі желдетіп, ылғалдандыруды ұсынады (тезірек жазылуы үшін)
в) жақсы ұйықтау үшін жайлы жағдай жасайды

Таңдау шарттары:

1) бак көлемі неғұрлым үлкен болса, соғұрлым жақсы. Сирек толтыратын боласыз (4 л-ден аз емес көлемде алыңыз).
2) ылғалдандыру түрі — ультрадыбысты (дауысы ақырын)
3) бактың ауызы үлкен (оқтын-оқтын ішіне қақ тұрып қалады, егер қолыңыз оңай жетпейтін болса, тазалау қиынға түседі)
4) дисплейдің дыбысы ақырын болғаны немесе осы мүлде алып тастау қолжетімді болғаны дұрыс (егер режимдер өзара тым қатты дыбыспен ауысатын болса, жаңа туылған нәрестелерді оятып жіберу қаупі бар).

Жеке тәжірибе: біз 3 жыл бойы 23 000₸ тұратын Polaris PUH 3504 ауа ылғалдандырғышын қолдандық. Оның Kaspi-дегі рейтингі 5-тен 4.7, бірақ диспейлі тым шулы әрі дыбысын өшіру мүмкін емес. Бак қуысы үлкен, бірақ біз екі ай болды қақпағын аша алмай жүрміз, тіпті түрлі құралдармен де 😁. Ішінде бір вакуум пайда болған. Бак 4 литр болса да, тіпті орташа режимде тұрған күннің өзінде 8 сағатқа да жетпейді, яғни түні бойы жұмыс істемейді. Қызмет көрсету аумағы — 40 шаршы метр. Жұмыс істеу барысында бүлкілдеп тұрады.

Сондықтан біз басқа да нұсқаларын зерттеп көріп, 1,5 ай бұрын керемет ауа ылғалдандырғыш сатып алған сияқтымыз — 30 500₸ тұратын Electrolux EHU-6015D (рейтингі 4.8). Дисплей дыбысы ақырын, бак қолжетімді жерде орналасқан (жоғарғы жағынан қақпағын аша саласыз), көлемі 4 литр, бірақ орташа режимді шамамен 20 сағатқа жетеді. Әзірге ешқандай кемшілігін байқамадық. Бұл 31к дейінгі баға деңгейіндегі таптырмас нұсқа деп ойлаймыз.
Орнатылған жарығы су деңгейін көрсетіп тұрады, сонымен қатар бөлмедегі ылғалдылық көрсеткіші де бар, бірақ біз бұл нақты көрсеткіш деп ойламаймыз. Егер ылғалдылық деңгейін нақты білгіңіз келсе, гигрометрді бөлек сатып алған дұрыс. Бірақ аталмыш үлгіні 100% ұсынамыз. Бүлкілдемейді, тыныш жұмыс істейді. Қызмет көрсету аумағы 35 шаршы метр.

Ал сіздердегі ауа ылғалдандырғыш қандай? Көңілдеріңізден шығады ма?

Кеңес: ауа ылғалдандырғышқа сүзгіден өткен суды пайдаланған дұрыс. Жиһаздарда ақ қақ қалдырмайды, әрі құрылғыны 3 есе сирек тазалауға болады.

https://t.me/tiimdiqazaqstan
Temu — жаңа Pinduoduo ма?

Аталмыш маркетплейс туралы жиі сұрап кетті. Шолу мен нұсқаулық жазып жатырмыз.

Бұл жайлы кім не біледі?