Таңғы шық💕
1.04K subscribers
1.04K photos
167 videos
388 files
228 links
Download Telegram
- көшеде оқушыңды көріп қалу - бақыт. Әсіресе, құшақтап амандасып, арқа-жарқа болу тіптееен🤍

сол үшін әр кезең, әр қарым-қатынасты өкпе-ренішсіз һәм сыймен аяқтағым келеді. Дүние - дөңгелек. Қайта жолыққанда қарарға бетің болу керек.

Қадір қымбат🙌🏻
Гүл

Адамдар, әдетте, қаланың шуынан, бітпейтін жұмыс, мағынасыздықтан шаршағанда табиғатпен етене жақын болуды қалайды.

Тауға шығу, өзенде шомылу, бұлақтың сылдыры, жап-жасыл ағаштар, шөптер, алуан түрлі гүлдер, аспан, бұлт, самал жел

Адамның көзін тойдырады. Жасылға қараған сайын қарап, сүйсінген үстіне сүйсінгіміз келеді.

Ал, неге қыздар гүлге құмар? Қыз баласы жаратылысынан нәзік. Физикалық түрде! Қыздар әлденеге қолы тиіп кетсе, ертесіне көгеріп шығатыны жиі болады, байқайсыз ба? Ол оның нәзіктігі.

Күнделікті күйбеңге(үй тірлігі болсын, жұмыс, жай сыртқа бір шығып келу) физикалық түрде әйел адамы тез әлсіреп қалады.

Сол үшін оған табиғатпен тығыз байланыста болу керек.

Гүл - табиғаттың бұлжымас бөлшегі ғана емес, әсемдіктің символы.

Гүл мен қыз арасында көзге көрінбес энергия алмасу процесі жүреді. Тез солу, ұзақ тұру т б соған байланысты.
Өзі табиғаттың құшағында емес, табиғаттың бір бөлігі өз құшағында екенін сезіну - қызға шаттық сезімін сыйлайды. 🌸

#ой
Таңдарлық қыз әрі есті, әрі сұлу болу керек емес пе? Сұлулығы жеңсе есінен айрылып қалатын, естілігі жеңсе сұлулығынан айрылып қалатын қыздар аз болмайды. Естілігі толыққан сайын сұлулығы да толыға беретін қыз болады.

Ғ.Мүсірепов
Бір ауыз сөз кейде күлкі шақырар,
Бір ауыз сөз жүрекке мұз қатырар💔
Қарақат көздеріңе қарай бердім,
Қызығы сол ма дедім дүниенің…🫶🏻


деген керім әндер/өлеңдер бар еді бұрынырақта
Жайлы ұйықтайық💜
Адам ата Жәннатта болса да жаны тынышталмады. Бір нәрсе керек болды. Анандай болады ғой, “бір нәрсе жегім кеп тұр, бірақ не екенін білмеймін” деген сезім. Ол кісіде де примерно сондай ғой. Нені қалайтынын білмейді, өйткені басынан ондай өтіп көрмеді… Басқадан да көре алмайды, айналасында ешкім жоқ. Бірақ Алла оған не керек боп тұрғанын чётко біледі да) Сол сәтте Алла оған Хауа ананы нәсіп етті! Адам атамыз тыныштық тапты🥹

Ал сен өзіңнің тыныштығыңды таптың ба?)

@aqarys тридске жазыпты)
Саған, сірә, қандай сыйлық беремін?
Дүниенің бәрін арзан көремін..

💜

Мұратхан Шоқан
Әр істің қайыры бар🌸
Сен келерсің бір күні
Маған қымбат сый қылып
Жер бетінде күлкіні
Жанарыңа сыйдырып
🍃
бүгін маған өткен цитата😅
Егер өз жан-дүниеңіздің тазалығы мен көркемдігіне алаңдап, соны ғана ойласаңыз, айналадағы қағып-соққан бөтен пікірді елеуге мұршаңыз болмайды екен.

Ал, егер айналадағы адамдардың пікірі үшін, сіз жайлы ойы үшін күйіп-піссеңіз, өз жан-дүниеңіздің шынайы халін ойлар мұршаңыз болмайды.

Қайсысы қажет?
Қандай болсаң, солай көрін.
Қалай көрінсең, сондай бол
Ай да жылайды, қайран қалғанмын,
Тамады гүлге шық қайғы.
Жүрегі тасқа айналғандардың
Көзінен жас та шықпайды…

Оңаша десең, боз үй табармын,
Кеудемде менің көп күмбір.
Махаббат жайлы музыкалардың
Мелодиясы мөп-мөлдір.🎶

Уақытты жеңгім келеді менің,
Шығады бір күн адал дем.
Бақытты болғым келеді менің
Өзімді сүйген адаммен..

Ақжол Түменбай
Mал да аяулы,
жан да аяулы болса егер –
Малды аяма,
жаның үшiн малды сат!
Жан да аяулы,
Жaр да аяулы болса егер –
Жанды аяма,
Жaрың үшiн жанды сат!

Шәкәрім
Кетейікші айдалаға адасып
Ашайықшы басқа әлемнің есігін
Ешкім бізге қарамасын жаны ашып
Ешкім бізден сұрамасын кешірім…

Г.Салықбай
Берекелі күн тіледім🤍