tagylym
978 subscribers
101 photos
48 videos
39 files
74 links
"Раббым ілімімді арттыр"

НМУ студенті

Кері байланыс: @Tagylym_bot

Аудио-подкаст: @podcast_123
Download Telegram
tagylym pinned «https://t.me/jalal_abadi/236»
Біздің бүкіл өміріміздегі жасаған амалдарымыз, кейбір ғалымдардың 1 аптада істеген істеріне тең болуы мүмкін.
Forwarded from في طريق المعرفة
Абу ад-Дарда ر былай деген:

«Білім алмайынша, тақуа болмайсың. Ал оны амал етпейінше, білімнің шыңына жете алмайсың».

جامع بيان العلم (2/9)
Кішіпейілдік - кісіліктің белгісі,
Тәкаппарлық - кішіліктің белгісі.
Я раббым, мені өзін жоғары санауға дейін төмендетпе🤲.

#дұға
Құлшылық = ниет + әрекет
Дінсіз адам өзін мінсіз санар
Өзің туралы айтпа, сен туралы амалдарың сөйлесін.
Мүмкін, көбелектер де, біз секілді өмірлерін өте ұзақ деп санайтын шығар, кім білсін!
"Жолға шық, жолдан шықпа".
Адам жаспен өспейді,
Жауапкершілікпен өседі.
"Дұғам қабыл болмай қалады ма деп қорықпа,
Дұға жасай алмайтын халге келуден қорық".
Абдулла ибн Масғуд (Алла оған разы болсын):

«Адам баласының күнәһар болуы үшін бауыры оған «Алладан қорық» деп насихат айтқанда: «Алдымен өзіңді жөндеп ал» деуі жеткілікті», – деген.
Адам өлгеннен соң қаншалықты тез ұмытылатынын көрсе, басқаларға ұнау үшін өмір сүрмес еді.
Үмітіңді амалыңа емес, Аллаға байла.
Бір ағаштың жетіліп өсуі үшін су, топырақ, күн қалай керек болса, Кәміл адам болу үшін де иман, мағрифат¹, тефеккүр, мурақаба², мухасаба³, тепе-теңдік, байыптылық керек.

*
¹Мағрифат - Алланы тану
²Мурақаба - Алланың үнемі бақылап тұрғанын есте ұстау, сезіну
³Мухасаба - өз-өзін есепке тарту, амалдарын есепке тарту
tagylym pinned «Бір ағаштың жетіліп өсуі үшін су, топырақ, күн қалай керек болса, Кәміл адам болу үшін де иман, мағрифат¹, тефеккүр, мурақаба², мухасаба³, тепе-теңдік, байыптылық керек. * ¹Мағрифат - Алланы тану ²Мурақаба - Алланың үнемі бақылап тұрғанын есте ұстау, сезіну…»
Алладан өзгені ие (пір) тұтқандардың мысалы бейне бір өзіне тордан ұя салған өрмекшіге ұқсайды. Анығында, ұя біткеннің ең осалы – өрмекшінің ұясы. Олар осынау ақиқатты білсе ғой!

Анкәбут: 41

Бұл аятта 2 мұғжиза бар.
1) Өрмекшінің торын еркек өрмекші емес, ұрғашы өрмекшінің салатындығы. Бұны аяттағы اِتّخَذَتْ (иттахозат) етістігі әйел тегінде (ж.р.) келгендігінен көруге болады. Егер ер тегінде келсе اِتَّخَذَ (иттахоза) болу керек еді.
Бұл қазіргі кезде ғылыммен зерттеліп дәлелденіп отыр.

2) Неге өрмекшінің торын ең осал деп айтқандығына қатысты. Басқа жан-жануарлар үйлерін қорғану мақсатында салатын болса, өрмекші оны өз үйлеріне кіргендерді өлтіру үшін салады екен. Сол үшін ең осал, ең сенімсіз үй делінген.
Және тағы бір дәлелденген нәрсе ұрғашы өрмекші жұптасқаннан кейін, тіпті өз еркегін де жеп қоятындығы. Яғни еркек өрмекші үшін де ол үй - сенімсіз, қауіпті үй болып тұр ғой.

#құранмұғжизасы
Құмырсқалар бидай дәнектерін илеуіне кіргізгенде, өніп, өсіп кетпеуі үшін ортасынан екіге бөліп кіргізеді екен, арпа дәнектерін де сыртын аршып тастайды екен.
Оларға бұл білімді кім үйретті?