𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
1.31K subscribers
918 photos
92 videos
8 files
1.98K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

пәтуә беруге ақылы емеспін #НиязӘбуРумейса

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗 anon.fan/as_Suaal
Download Telegram
🖋️Имам әш-Шәфи'и (رحمه الله):

Кім ілімді жақсы көрмесе, ол адамда жақсылық (қайыр) жоқ. Және онымен сенің араңда таныстық та, достық та орын алуы мүмкін емес.

📔Тәуәли әт-тә-нис (توالي التأنيث).

Canal:
https://t.me/taammul

#ilim
🖋️Иоганн Вольфганг фон Гёте:

Самое смешное желание - это желание нравиться всем.
🖋️Әбу Бәкір әт-Тамистани (رحمه الله):

Ілім сені надандықтан ажыратты. Енді ол сені Раббыңнан ажыратпасы үшін еңбек ет!

📔Тәһзиб хильят ил-әулия.

Canal:
https://t.me/taammul
Қажеттілік болғаны себепті Қазы мен Сұлтан ғана сақина тағады. Екеуінен басқалары үшін қажеттілік болмағандықтан сақинаны тақпаулары абзал.

📔әл-Һидәя. Китәб ул-кәроһияһ.

Canal:
https://t.me/taammul
сендегі сұлулық жан дүниеме салихалы болуға ұмтылыс береді..

Canal:
https://t.me/taammul
Ораза ұстаушы күндіз сапарға шықса, онда оған сол күні ифтар (ауыз ашу) қылу рұқсат емес. Егер ашып қойса, кәффәрат жоқ. Егер ауызын ашып алып, кейін сапарға шықса, онда кәффәраты бар.

📔фи Мухит әс-Сарахси.

Canal:
https://t.me/taammul

#fıqh
🖋️Әбу Исхақ әл-Фазари (رحمه الله):

Кімде-кім "әл-хамду лиЛлаһи 'аля кулли хәл/الحمْد للّه على كل حال" деп жақсылық кезінде айтса - шүкірлік болады, ал егер сынақ кезінде айтса - жұбаныш (сабырлық) болады.

Canal:
https://t.me/taammul

#motıvatsııa
Ей, Раббысы ﷻ сүйген құл! Раббымыз ﷻ арамызға сыйластық пен бауырмалдық берген құрметті бауырым менің! Фитнәнің күшейетін уақыты жақындап келе жатыр. Жылдағы орын алатын жағдайлар тағы да қайталанады. Бірақ, сіз бұл жылы өзгеше бола аласыз. Мұсылманшылығыңызды танытып, дініңіздің қадірін кетірмей, Раббыңыздың ﷻ ашуына қалмай, ынжықтықтан арылып, шариғат үкімдеріне табандылық таныта аласыз. Себебі сіз қараңғылықта жүрген көптеген құлдардың арасынан һидаят нұрына есік ашылған таңдаулы құлсыз. Раббыңыздың ﷻ тарапынан сізге деген үлкен жақсылықты қалау болғандықтан ескертулер жетті. Дін үкімдері ұсынылды. Раббыңыздың ﷻ разылығына бөленетін жолдан таймай, мәңгілік бақытыңыздың есігін ашар кілтті жоғалтпастан, сақтап қалыңыз. Сіз ерекшесіз. Сізді бақытты болуға лайық қылып иман нәсіп етілген. Иманды сақтап қалу үшін имандылықпен көркем ғұмыр кешіңіз. Раббыңыздың ﷻ сізге болған махаббаттына лайық болыңыз. Одан айырылып қалудан қорқыңыз. Мақсатыңыздан ажырамаңыз. Аллаһым ﷻ сізге береке берсін! Есендікте сақтап, панасына алсын! Әмин! #НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul
🖋️Вольтер (Франсуа-Мари Аруэ):

Читая авторов, которые хорошо пишут, привыкаешь хорошо говорить.
🖋️Нияз Әбу Румейса:

Ол жолдағы аштықтың үйдегі тоқтық та сезіндіре алмайтын ләззаты бар.. Сағынасың..

📔Сапар жалғыздың жұбанышы.

Canal:
https://t.me/taammul

#ilim #motıvatsııa
🖋️Нияз Әбу Румейса:

Тобырдың надандығына күйініп, үлкен жанашырлықпен араларына кіріп, ақиқатты насихат қыламын деген ниетпен іс қылып бастап, кейін олардың көңілдерінен орын алып бастағанын байқағасын, соны жоғалтып алмасы үшін (арасында) солардың деңгейіне түсіп, шариғат шеңберінен шығып кететін бауырларыңыз бар болса, есіне "Дін құрал емес" дегенді салып отырыңыздар. Мақсаттан ажырап қалмау - үлкен еңбекті талап етеді.

📔Мен куә болған ғасыр..

Canal:
https://t.me/taammul

#daģýat
🖋️Нияз Әбу Румейса:

Ғапылдық деген көлеңке сияқты ма деген ойға қаламын кейде. Күн көзі көрінгенде ғана оны байқай аласың. Қараңғылықта оны аңғаруға дәрменсізбіз. Аллаһым ﷻ һидаят нұрынан мақрұм етпесін!

📔Жүрек үндеуінен..

Canal:
https://t.me/taammul
اللهمّ افتح قلوبنا!
اللهمّ نوّر قلوبنا!
اللهمّ طهّر قلوبنا!
اللهمّ احفظ قلوبنا!
🖋️Нияз Әбу Румейса:

Бүгінгі күні дамыған ақпарат құралдарының себебінен адамдар әлемдегі орын алып жатқан әрқандай зұлымдықтарға куә. Оның ішінде мұсылман қауымының ұстанған дінінің және оған болған шақыруының себебінен ең кемі - үркіту мен қорқытуға, одан қалды абақтыға қамалу, одан зоорғысының шегі жоқ амалдарды бастан өткерулері. Ойымды қысқа жеткізуге тырысайын. Әрбір пайғамбар Аллаһтың ﷻ тарапынан бұлтартпас айғақпен келіп, пайғамбарлығы мен шариғатын айқын дәлелдей алғанда, дін дұшпандарының иелігінде Аллаһ елшілерінің (عليهم السلام) құжатына қарсы күш көрсетіп, зұлымдық қылудан басқа амалдарының қалмауы. Ибраһим (عليه السلام) пайғамбардың қауымы оның дағуаты тоқтасын деп оттың ішіне қамауға алулары сияқты мысалдардың бізге әбден анық хабарлармен жеткені рас. Енді, осы сынды қиссалардан түсінуіміз керек болған бір зат болса ол: дін дұшпандарында ақиқатқа қарсы құжат қалмағанда зұлымдық жасаулары - олардың сүннеті болса, сол уақытта зұлымдық көрушіге үлкен бір жәрдем мен жеңіс берілуі - Раббымыздың ﷻ сүннеті. Сөзсіз Аллаһтың ﷻ заңдылығынан еш өзгеріс те, өзгертушілік те таппайсың. Басқаға арамдық ойлап құрылған тұзақ тек өз иесін орға жығады. Олай болса ақиқат жолында табандылық қылыңдар! Зұлымдыққа ұшырататын жол Хаққа апаратын жол емес екен деп қателесіп алданбаңдар!

📔Мен куә болған ғасыр..

Canal:
https://t.me/taammul

#daģýat
Сенің сөйлегеніңнен емес, үнсіздігіңнен көп нәрсені ұғынамын.. Тілсіз тілдестірген жүректердің Раббысы ﷻ қандай Ұлық еді.

Canal:
https://t.me/taammul
Аналарымыз аман болсын!
жұбаныш таба алу..
Раббысына ﷻ сенің үстіңнен арызданушыдан қорық..
🖋️'Әун ибн 'АбдуЛлаһ ибн 'Утбәһ (رحمه الله):

Аллаһтың ﷻ тарапынан берілген жақсылықтар өте көп. Бірақ өте азынан басқасы оны көрмейді. Ол - адамдарға Аллаһтан ﷻ болған ұсыныс (сауда). Бірақ оны оған зер салмаған көрмейді, әрі оны қаламаған адам таппайды және оны білмеген адам талап та қылмайды. Көрмейсіңдер ме?! Аспанда жұлдыздар көп болғанымен ғалымдардан басқасы одан тура жол тапқан емес.

📔Тәһзиб хильят ил-әулия.

Canal:
https://t.me/taammul
Аллаһтың ﷻ емес, адамдардың алдында өмір сүрушінің өмірі нендей қасіретке толы еді.. #НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul