Студентке көмек | Study Space
1.37K subscribers
29 photos
2 videos
2 files
7 links
Түрлі қиындықтармен, үш тілде, еркін форматта жұмыс жасаймыз. Қандай да бір қажеттілік туындаса, біз байланыстамыз.📞

24/7 байланыста сенің көмекшің: @arrai1ymm 📲
Отзывтар: https://t.me/essayslideworld
Download Telegram
📍 1-КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ КЕРЕКТІ КЕҢЕСТЕР
👍366🔥2😍1
❗️ Барлық перваштар өтетін пән

Өздеріңіз білетіндей “Жоғары математика” - әрбір мамандықтың дисциплинасы. Ал #математика бағытына түскендер Математикалық анализ, Аналитикалық геометрия, Дискертты математика, логика және т.б. кәсіби пәндерді оқитынынан хабардар шығарсыз. Ал енді осы пәндердің есептерін 100% дұрыс, түсіндірілуімен шығаратын онлайн-калькуляторлар тізімімен бөлісейін.

1. ru.onlinemschool.com - Аналитикалық геометрия, вектор, матрица, комплекс сандар, ықтималдықтар теориясы, комбинаторика, интеграл, туынды, лимит, график тақырыптарының калькуляторы

2. math.semestr.ru - сызықты алгебра (матрица), аналитикалық геометрия, дифференциалдық теңдеулер, функция, интеграл, туынды, дәрежелі қатар, комплекс сандар, ықтималдықтар теориясы, эконометрика, статистика және т.б. есептерін шығаратын калькулятор

3. math-solution.ru - интеграл, матрица, шек, туынды, жанама, вектор, көпмүшені көпмүшеге бөлу сынды тақырыптар есебін шығаратын калькулятор
21👍7❤‍🔥1🔥1🦄1
Арнаулы емтихандарды (психотест) онлайн форматта өткізетін жоғары оқу орындарының тізімі

🧑🏻‍🏫👩🏻‍🏫 Педагогикалық бағыт бойынша:

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті https://pedexam.kaznpu.kz/ ;
Көкшетау университеті. Ш. Уәлиханова platonus.kgu.kz ;
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті https://talapker.semgu.kz/login.php ;
КИМЭП университеті https://www.kimep.kz/ext/application/online/en-US/ .



🧑🏻‍⚕️👩🏻‍⚕️ Медициналық бағыт бойынша:
Астана медицина университеті http://pstest.amu.kz;
С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті https://dsc.kaznmu.kz/psyhotest/;
Қарағанды медицина университеті https://cos.qmu.edu.kz/web/index.php?r=abitura/create;
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті platonus.kgu.kz ;
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті https://forms.yandex.ru/u/649fd3cf43f74f56093ab4e5/;
Каспий қоғамдық университеті https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSf4cFiKILMLdjiu6j7qfMsjA5fP31MfV0irtm3aEQr5Y9uIIQ/viewform?usp=sf_link;
Қазақстан-Ресей медицина университеті https://dot.medkrmu.kz/admission/about/ ;
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы https://system.skma.edu.kz/;
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті http://pstest.zkmu.kz/;
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті. http://entrants.ku.edu.kz/login.asp.
10👍5
🔥Студенттік терминдер

Универде сабаққа қатысты, жатақханалық өмірге байланысты түрлі терминдер бар. Баста енді түскен түлек бұлар туралы әрине білмей, түсінбей жүреді. Сол себепті сіздерге ең маңыздыларын түсіндіре кетуді жөн көрдік.

📍Семестр 📚
Мектептегі тоқсан сияқты. Бір оқу жылында екі семестр болады: күзгі семестр, көктемгі семестр.

📍Рубежка (рк, блок, рейтинг)📖
Мектептегі бжб, тжб дегендер сияқты. Әр семестрде 2 немесе 3 рубежка болады. Бір семестр қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан айларын қамтыса, әр 5 апта немесе әр 7 апта рубежка өтеді.

📍Сессия (емтихан)📑
Жалпы семестрді қорытындылайтын соңғы емтихандар. Рубежканың орташа балы, және соңғы емтиханның орташа балы қосылып, жалпы семестр балы шығады. Оны әр универ әртүрлі есептейді.

📍Куратор👩🏻‍🏫
Мектептегі сынып жетекші тәрізді. Группаңыздың жетекшісі.

📍Кафедра💼
Белгілі бір пәндер мен мамандықтар жүйесі бойынша студенттерге басшылық ететін орын. Әр мамандықтың кафедрасы әртүрлі. Мысалы, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы: оған қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы, қазақ филологиясы мамандығы кіреді)

📍Факультет🏢
Жалпы сабақтас барлық мамандықтар бойынша студенттерге және кафедраларға басшылық ететін орын. Ол тек бір мамандықты ғана қамтымайды. Мысалы, филология факультеті: оған қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы (қаз т мен әдебиеті, қазақ фил), орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы (орыс т мен әдебиеті, орыс тілі фил), ағылшын тілі кафедрасы және т.б.

📍Ректор💼
Мектеп директоры сияқты адам. Тек универдің директорын ректор дейді. Кейбір универлерде президент деп атайды (мысалы, Қожа Ахмет Ясауи ат. ХҚТУда)
👍146🥰3🔥2
Первашқа көмек💼

Университетке түскенде көп бірінші курс студенті стресске ұшырайды. Жаңа ортаға үйренісе алмайды, оқудың жаңа системасын түсіне алмайды, мұғалімдерден түсінбегенін сұрауға ұялып қорқады, көп тапсырмаға үлгере алмай қиналып кетеді.

Сондықтан сол кезде перваштың сабағына да, жатақханадағы өміріне де көмектесетін кеңестермен бөліспекшіміз.

📌Бірінші кеңес:
Уақытында жаса!
Ештеңені кейінге қалдырмауға тырыс. Тапсырма тапсырма үстінен жинала береді. Ал мұғалімдер ойда жоқта конспект тексеріп, берген тапсырмасы есіне түсе салады. Сол кезде аһ ұрмас үшін тапсырмаларды уақытында орындап, конспектіні уақытында толтырып, проекттерді уақытында дайындау қажет.

📌Екінші кеңес:
Ұйқыңды дұрыс режимге қой!
Жаспыз, иә. Түнде телефон шұқып кетеміз, кино қарап қоямыз. Түсінеміз. Бірақ ертесіне таңертең әзер тұрып, тіпті ұйықтап та қалуымыз мүмкін. Сабақта ұйқылы-ояу жүріп, бас ауырып мазамыз болмайды. Сондықтан уақытылы ұйықтауды әдетке айналдыру қажет.

📌Үшінші кеңес:
Тамақты ұзақ мерзімге ал!
Күнде аннан-мыннан тамақ ішіп, бәлен ақша құртқанша, бірден ұзақ мерзімге жететін бұзылмайтын тамақ алуға тырысыңыз. Әрі пайдалы, әрі үнемді. Жастар фастфуд жеп, ролтонға тойып соны “тамақ” көреді. Соның кесірінен студенттер аппендицитке көп ұшырайды. Сондықтан, жаныңызда бірге тұратын студенттермен айына бір сумма шығарып, дұрыс үйдің тамағын алып жеген дұрыс.

📌Төртінші кеңес:
Кезекшілікті ұстаныңыз!
Жатақханада тұрған соң “сен жина, сен жу” деген түсініспеушіліктер болуы мүмкін. Бәріңіз де бірдей ақша төлеп, бірдей оқу оқып жатқан соң, жатақханадағы міндеттерді бірдей орындау қажет. Сол себепті бірден кесте сызып, бөлмені жуатын, тамақты пісіретін, тамақтың орнын жинайтын адамды бөліп алу керек. Әркімге бір міндет жүктейсіз бе, әлде әр күнге әр адамды қойып бөлесіздер ме оны өздеріңіз шешесіздер.
38👍7
🏠Жатақханаға не апарамыз?

Ең әуелі қажетті құжаттарды айтып өтейік.
Жеке куәлігіңіздің копиясы;
075, 063 анықтамалар;
(егер бар болса, бір ата-анасының өлімі немесе жетімдігі туралы жетімдер үйінен анықтама, оралман болса, оралмандығын растайтын анықтама, көпбалалы отбасы болса, 4 баладан көп екенін растайтын анықтама);

1️⃣Гигиеналық заттар
Араларыңызда көп адам өз қаласынан басқа қалаға шығып көрмеген адамдар әдетте ұмытып кетеді. Тіс щеткасы, пастасы, дәретхана қағазы, орамал, сабын сияқты заттарды ұмытпаңыз. Бұдан бөлек шампунь, ваннаға арналған үлкен орамал, кір жуғыш ұнтақ, өзіңіздің кіріңізді жуатын тазик сынды заттар да қажет.

2️⃣Тамақ ішуге қажет заттар
Бокал, қасық, айыр, тәрелке, тамақ пісіруге таба, кастрюль сияқты заттарды да ұмытпаңыз. Өзіңізбен бір орамал, губка сияқты нәрсе алыңыз, ыдыс-аяқтарыңызды жууға керек болады. Дастарханды да ұмытпаңыз.

3️⃣Бөлмеге қажетті заттар
Кей жатақханаларда көрпе-жастықты қаптайтын тыстарды бермейді. Сондықтан ондай төсек-орын тысын алуды ұмытпаңыз, берген жағдайда да ауыстырып тұруға қажет болады. Еден жуатын, шаң сүртетін шүберек те қажет болады. Одан бөлек шкафқа киімілгіш те керек болуы мүмкін. Үтік алуды да ұмытпаңыз.

Бұндағы айтылған заттарды бірден алып барсаңыз да болады. Немесе осыдан қарап керек тізімді жасап, қасыңызда тұратын көршіңізбен алыңыз, себебі таба, шүберек, үтік сияқты заттарды сіздер бірге қолданасыздар.
👍16💘83
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Скоро студенттер жизасы 😁
😢12😁82🙉2🥰1
Скоро во всех универах страны 😂

Грант қорытындысын тағатсыздана күтіп жүрсіздер ме? Бұйырса, қалаған универлеріңіздің қалаған мамандығына түсу бұйырсын ❤️
55👍23💔7🤣5🍓1
Бір универге түсіп екі диплом алуға болады дегенге сенесіз бе? Екінші дипломды шет елдік универден алуға болатынын білесіз бе? Қос дипломлық бағдарлама туралы не білесіз

Сұрақтарды анықтап алсақ, жауабын іздейік❗️

Қос дипломды білім беру екі оқу бағдарламасын қатар өтуді көздейді. Яғни, бір мезгілде екі бағдарламаны меңгере отырып, сіз Білім туралы екі тең құнды диплом немесе негізгі білімін растайтын бір диплом және қосымша білім туралы екінші диплом алуға мүмкіндігіңіз бар.🔥

Мысалы, сіз UIB университетінің студентісіз.

Ал UIB Оңтүстік Кореядағы SolBridge университетімен, Польшадағы Wyższa Szkoła Biznesu – National Louis University университетімен, Қытайдағы Ningbo университетімен, Ресейдегі Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті, Англиядағы Bedfordshire университетімен серіктес.📚

Сіз UIB-дің студенті бола отырып, жоғарыда айтылған университтеттерде бір семестр оқуға өтініш білдіре аласыз. Кейін сізді өзіңіз таңдаған университететке оқуға жібереді.✈️

Осылайша сіз әрі UIB-ді, әрі шет елдік университетті оқығаныңыз үшін бірден ҚОС дипломға ие бола аласыз.👩🏼‍🎓

Алайда ❗️
🔴 Бұл бағдарлама барлық ЖОО-да жоқ. Бірақ көбінде бар. Өзіңіз түскіңіз келетін университет сайтынан қос диплом деп іздесеңіз болады.

🔴Бұл бағдарлама барлық мамандықты қамтымайды. Әдетте серіктес университеттердің мамандықтары, білім беру бағыты өзіңіз түскен универдікіне ұқсас келеді. Мысалы, жоғарыда айтқан UIB университеті бизнес, экономика, туризм сияқты салаларды оқытса, оның Кореялық серіктесі де сол салалар бойынша ғана студенттерді қабылдайды. Сондықтан, алдын-ала университет сайтын ақтарып, барлық мәліметті зерттеп алыңыз.

🔴Енді сіздің ЖОО-да бұл бағдарлама бар делік. Сіздің мамандығыңызды қамтиды делік. Бірақ мұнымен шаруа бітпейді. Сіздің үлгеріміңіз жақсы болу қажет. Яғни, сіздің GPA балыңыз жоғары болу қажет. Өзіңіз барғыңыз келетін елдің тілін немесе ағылшын тілін білуіңіз қажет. Және арнайы іріктеу емтиханынан, серіктес университеттен келген елшілермен болатын сұхбаттан өтуіңіз қажет.

Осының бәрінен өтсеңіз, ҚОС ДИПЛОМ сіздікі❗️

Жалпы кез-келген нәрсе оңайлықпен келмейтінін ұмытпаңыздар дегіміз келеді. Жастық шақтарыңызда берілген мүмкіндіктің бәрін пайдаланып, мықты маман, табысты адам болу үшін жас кезіңізде талмай оқып, еңбектеніңіздер!🔥
👍119❤‍🔥3
🙂Универге қажетті құралдар

Жыл сайын мектепке форма, жаңа оқу құралдарын алатын едік қой. Оның да өз қызығы бар еді. Қайран кездер-ааай 😂

Ал енді универге не аламыз?!. Дәл мектепке дайындалғандай дайындаламыз ба? Жаңа оқу жылына дайындаларда нені ескеру керек?

Біріншіден, 12 беттік жұқа дәптерлердің қажеті жоқ. Тек черновик ретінде бір-екеуін алмасаңыз, толтырып алмаңыз.

Екіншіден, қалың дәптерлерді де берекетсіз толтырып алмаңыз. Универде үй жұмысы, сынып жұмысы деп бөлінбейді, бәріне бір дәптерден бастап қажеті жоқ. Бір семестрде орташа есеппен 7-10 сабақ болуы мүмкін, содардың әрқайсысына бір дәптер арнасаңыз жеткілікті.

Үшіншіден, мамандығыңызға көңіл бөліңіз. Мысалы, медицинаның студенттері әрине көп жазады, дәпьер көбірек керек. Сызу, архитектор сияқты мамандық студенттеріне дәптерден гөрі А3 сынды өзінің арнайы құралдары көбірек қажет.

Төртіншіден, жалпы ештеңе алмай-ақ барсаңыз да болады. Сіз барған күннен сізге ананы жаз, мынаны орында, дәптерің қайда деп бас салмайды. 2-3 дәптер мен қалам ғана алып, ненің не екенін, қалай екенін көріп алған соң, асықпай алсаңыз да болады. Дүкендерде дәптер бітіп қалмайды.
26👍9
КАААК ВЫ, ДОСТАР ?

Грант результаты шығып, үстеріңізден ауыр жүк түскендей болған шығар. 🫶 Кім қайда грантқа түсті? Давайте, бөлісейік 👇
👏15❤‍🔥31
Барлықтарыңды шын жүректеен құттықтаймын. Еңбектеріңіз ақталды. Все молодцы! Заслужили! 🔥

Қуанышты сәттеріңіздің басы ғана болсын бұл, алда талай қуанышты сәттер мен жетер жетістіктерің күтіп тұр сіздерді! 😍

Түспей қалғандар ешқандай мұңаймаймыз. Айтуға оңай әрине, бірақ сіздерді алда талай мүмкіндіктер күтіп тұр. Тек сынбаңдар, берілмеңдер! 🔥 Хайырлысы осы болып тұр, Алла Тағалла бұдан керемет тосынсыйлар дайындап қойған демек ❤️

Демалып, тойлап, документтеріңді тапсырып алыңдар. Сосын сендерге универдің сабақтарын пытырлатып салатын боламын 😂❤️
36👍3
🏡2023-2024 оқу жылында студенттік жатақханаға орналасу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1. Өтініш (орналасу кезінде рәсімделеді).📃
2. Студенттік жатақханасына уақытша тұруы үшін келісім шарт - 2 дана (орналасу кезінде рәсімделеді).
3. Жеке куәлік / төлқұжат көшірмесі.📜
4. Төлемақы түбіртегі (кез келген банк) - 3 дана.🏷
5. 3х4 фото -2 дана.🔖
6. Консерватория медициналық пунктінен денсаулығы туралы анықтама📙
(Жатақханаға орналасу кезінде рәсімделеді).
7. Флюорография
8. Файл – 1дана.📂
7👍3😁1
📌 Оқуға түсуге арналған құжаттар тізімі:

Аттестат / диплом + қосымша (түпнұсқа және көшірме)
Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме)
ҰБТ сертификаты және грант сертификаты
Жеңілдіктер мен квоталарды растайтын сертификаттар (түпнұсқа және көшірме)
3х4 сурет: 6 дана.
063/у медициналық анықтамасы (көшірмесі)
075/у нысаны бойынша Медициналық анықтама
16👍3
Жизаа 😭😂
1
📕Қызыл диплом алғым келеді…

Универге барған соң бәріміз де жақсы оқып, үздік болғымыз келеді. Бірінші курс “оқим, қызыл диплом алам, ата-анамның үмітін ақтаймын, мықты маман” боламын деген настроймен баратын уақыт қой.

Мектепте қызыл аттестат, үздік аттестат, алтын белгі алудың критерийін бәріміз білеміз, қарапайым нәрсе. Бәрін беске оқысаң болғаны.

Алайда университетте мүлдем басқа. Сондықтан, қызыл диплом алуға ниеттеніп отырған студенттерге арналған пост🔥

📍Ол үшін алдымен университеттегі бағалау жүйесін қарастырайық.
“А” = “95-100” = “5+”
“А-“ = “90-94” = “5”
“В+” = “85-89” = “4+”
“В” = “80-84” = “4”
“В-“ = “70-79” = “4-“
“С” = “60-69” = “3”
“С-” = “50-59” = “3-“
(соңғы С бағасы кейбір университеттерде С+, С, С- болып та бөлінеді)

Енді GPA балл деген дүние болады. Ол әр универде әртүрлі. Көпшілігінде 4 баллдық GPA балл жүйесімен өлшенетін болғандықтан, сіздерге солмен есептеп көрсетейік.

📍GPA 4 - ең жоғарғы балл, ол тек “А” бағасын алғандарға беріледі, яғни жалпы семестрдегі бағаңыз 95-тен кем болмаса ғана беріледі.
📍GPA 3,76 - “А-“ немесе 90-94 балл алғандарға берілетін балл.
📍GPA 3,33 - “B+” немесе 85-89 балл
және дәл солай кете береді. Біз сіздерге барлық баллды тізбектеп жазу қажет емес деп ойладық, себебі қалған баллдар қызыл диплом алу мүмкіндігінен айырады.

❗️Университетте жоғарыда қанша балл алсаңыз да бәрібір. Бастысы барлығын қосып, орташа балл шығарғанда жалпы GPA баллыңыз 3,5-тен кем болмауы қажет.

❗️Сонымен қатар, дипломдық жұмыс бағасы “А-“, яғни 90-нан кем болмауы қажет. Және мемлекеттік емтихандар мен практика бағасы 90-нан кем болмауы тиіс.

Сонда ғана сіздер қызыл диплом иесі атана аласыздар. Иә, мектептікінен әлдеқайда қиынырақ. Бірақ барған соң үйреніп кетесіздер. Сіздерге оны көрсету себебіміз, көп жерде бұл айтылмайды, кейбір мұғалімдер де бұл туралы білмейді. Ал сіз бейқам оқуыңызды оқып жүрген кезде өзіңіз байқамай қалып, қызыл диплом мүмкіндігіңізден айырылып қалмаңыз деген ниетпен жазып отырмыз.
74👍16❤‍🔥7🔥5
ТОП 13: ОҚУҒА АРНАЛҒАН ҚОЛДАНБАЛАР 📖

📌 1. Timetable (Android үшін)
📌 2. Evernote (iOS, Windows Phone және Android үшін)
📌 3. FBReader (Windows, Android, т.б. үшін)
📌 4. MyScript калькуляторы (Android және IOS үшін)
📌 5. Duolingo (Android және IOS үшін)
📌 6. Wikipedia Mobile (Android, Windows Phone, iOS үшін)
📌 7. Words (Android және IOS үшін)
📌 8. Cram карточкалар. Сіз флэш-карталарды жасай аласыз.
ЖАЛҒАСЫ
📌 9. Notebook . Сіз рефераттарды, жазбаларды, сызбаларды цифрлай аласыз. Егер сіз қашықтықтан оқитын студент болсаңыз, ең заманауи және ыңғайлы қолданба.
📌 10. TickTick. Тапсырма менеджері, ұйымдастырушы және күнтізбе.
📌 11. Canva. Презентациялар үшін әдемі слайдтар жасаңыз.
📌 12.XMind. Смарт карталарды құру.
📌 13. Тide - FOREST-ке балама, тек тегін. Focus қолданбасы
👍2211
🛵Студенты Казахстанских вузов могут переводиться:
с курса на курс;
с одной специальности на другую специальность;
из одного вуза в другой вуз;
из казахстанского вуза в зарубежный вуз.

✈️Студент, обучающийся по гос. гранту, может перевестись с сохранением гранта в другой вуз в случае, если он переводится на аналогичную специальность‼️

🚀Студенты, поступившие на целевые гранты, утвержденные для отдельных вузов, а также педагогические специальности в пределах выделенной квоты, могут переводиться в другой вуз только на платной основе‼️

🙅🏻‍♂️Перевод студентов с частных / государственных вузов в национальный вуз осуществляется только на платной основе.
🙋🏻‍♂️С национального в частный вуз можно перевестись.

‼️Процедура перевода студентов из одного вуза в другой:
1️⃣ студент, подает заявление о переводе на имя ректора, и, получив официальное согласие на перевод, обращается к ректору интересующего его вуза;

2️⃣ к заявлению должны быть приложены:
☑️копия транскрипта, подписанного проректором по учебной работе и офис-регистратором с печатью;
☑️сертификат о сдаче ЕНТ,КТ;
☑️свидетельство обладателя образовательного гранта.

3️⃣ декан вашего факультета определяет разницу дисциплин в учебных планах, определяет курс обучения, проводит перезачет освоенных кредитов;

4️⃣ в соответствии с подписью декана факультета, начальника учебного отдела, проректора по учебной работе, ректор издает приказ о переводе студента;

5️⃣ ректор вуза, в который переводится студент, в течение 3 рабочих дней со дня издания приказа направляет официальный запрос в ваш вуз, о пересылке личного дела. К запросу прилагается копия приказа о зачислении студента переводом.

6️⃣ ректор вашего вуза, после получения запроса издает приказ «отчислен в связи с переводом» и в течение 3 рабочих дней со дня издания приказа пересылает личное дело студента в другой вуз.

7️⃣ в вашем вузе остаются: копия транскрипта, зачетная книжка, студенческий билет и опись пересылаемых документов.

8️⃣ при переводе студента на платной основе из одного вуза в другой заключается договор
👍54👎1