STOPfake.kz
3.14K subscribers
2.41K photos
57 videos
3.24K links
stopfake.kz

Ақпаратты тексеру үшін t.me/stopfakechatkz өтіңіз

Присылайте подозрительные сообщения вместе с ссылками, скриншотами и записями в наш бот @KZSTOPFAKE_bot

Для проверки информации обращайтесь в t.me/stopfakechatkz
Download Telegram
В Казнете обсуждают 15-минутный город Китая, где все находится в пешей доступности. Якобы для входа и выхода из этого населенного пункта требуется сканирование лица или QR-код. Выясняем, правда ли это.

Впервые концепцию «15-минутный город» в 2016 году предложил профессор Университета Сорбонны Карлос Морено.  Главная идея заключается в обустройстве компактных районов внутри крупных городов, где бы все необходимые объекты и услуги находились для жителей в пешей доступности или до них можно было быстро добраться на велосипеде. Новый взгляд на городское планирование предполагает несколько этапов – от добавления зеленых насаждений до перепроектирования целых кварталов. Кроме того, внимание будет уделяться таким слоям населения, которые ранее не брались в расчет: дети, пожилые, люди с ограниченными возможностями.

Концепция уже внедрена в Париже, Мельбурне, Стокгольме и других городах по всему миру.

Китай тоже решился на реализацию идеи 15-минутных городов. Пионером в этом направлении стал Шанхай. Здесь включили концепцию в генеральный план развития города до 2035 года. В 2019-м в Шанхае были выбраны 15 пилотных улиц. Сейчас тут реализовано 180 проектов. Эксперты утверждают, что из-за этого улучшилось качество доступной среды.

В городе Чэнду — столице провинции Сычуань — предложено было по-новому застраивать окраины. Районы хотят проектировать таким образом, чтобы в 15 минутах ходьбы были все услуги для жизни. Так горожане смогут обходиться без машин. Если опыт будет успешным, его скопируют и перенесут на другие мегаполисы Китая.

В опубликованном в 2019 году исследовании китайские ученые нашли связь между 15-минутными городами и улучшением здоровья. Авторы утверждают, что концепция положительно влияет на физическое состояние людей, так как они стали больше ходить пешком.

В Сети не раз всплывала ложная информация о 15-минутных городах. В 2023 году появилось сообщение, что людям запретят покидать свои районы. Информация была опровергнута, в том числе и на нашем сайте.

Ни в одном из отчетов или докладов китайских чиновников нет информации о том, что вход в 15-минутные города будет по пропускам, QR-кодам или распознаванию лиц. Никакого ограничения в передвижении людей не планируется. Информация, распространяемая в соцсетях, — всего лишь фейк.

@stopfake_kz — подпишись, чтобы сразу узнать правду
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, нәрестелердің өкшесінен алынған қан қағазға жағылады. Бұл баланы монетизациялау үшін жасалады. Осыдан кейін ол жекеменшік банкке рента төлеуі керек екен. Шын мәнінде, бұл стандартты медициналық процедура, оның бұдан басқа астары жоқ.

Суретте неонатальды скрининг көрсетілген. Жалпы туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларды анықтау үшін нәрестенің өкшесінен қан алынады. Негізінен процедура бала туғаннан кейін 2-3 тәулікте, шала туған нәрестелерден – 7-14 тәулікте жүргізіледі. Қанды арнайы тест-бланкіге жағады. Ал кепкен соң оны медициналық-генетикалық орталықтарға талдауға жібереді. Жай ғана тест нәрестелердің денсаулығындағы проблемаларды анықтауға және емдеуді ерте кезеңдерде бастауға мүмкіндік береді.

Жаңа туған нәрестелерді жаппай тексеру бүкіл әлемде кең таралған. Мәселен, Швецияда диагностика 1960 жылдардың басынан бері жүргізіліп келеді. Бірте-бірте аурулар тізімі кеңейе түсті. Қазір 25 ауруға тест жасалады. Ұлыбританияда – 9, Германияда – 19 ауруды анықтауға тест жүргізіледі.

АҚШ-та жыл сайын балалардың 95%-дан астамы (шамамен 4 миллион жаңа туған нәресте) скринингтен өтеді.

3 мыңға жуық нәрестеден ауыр аурулардың бірі тіркеледі. Тексеру 50 ауру, оның ішінде орақтәрізді жасушалы анемия және гипотиреоз бойынша жүргізіледі.

Қазақстанда неонаталдық скрининг екі тұқым қуалайтын ауру бойынша жүргізіледі – фенилкетонурия және туа біткен гипотиреоз.

Фенилкетонурия аминқышқылдарының метаболизмінің бұзылуымен байланысты. Бұл орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдалуына әкеледі. Оны емдеп шығуға болады.

Туа біткен гипотиреоз – қалқанша безі ауруы. Жиі кездесетін ауру көбінесе қыздарда болады. Ерте анықтаған жағдайда, емделеді. Ал асқынып кетсе, кретинизмге ұласады.

Скрининг енгізіле басталғалы бері Қазақстанда 2007 жылдан бастап фенилкетонуриямен ауыратын 207 және туа біткен гипотиреозбен ауыратын 625 нәресте анықталды. 2023 жылдың қазан айында Алматыда жұлын бұлшықет атрофиясына жаппай неонаталдық скрининг бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Жоба 10 мың балаға есептелген. Оның нәтижелері бойынша скринингті Қазақстанның барлық өңірлерінде жүргізу жоспарланып отыр.

Нәрестенің өкшесінен қан алу – бұл әлемдік тәжірибе. Неонатальды диагностиканың арқасында дәрігерлер туа біткен ауруларды анықтап, олардың дамуына жол бермейді. Тесттің жекеменшік банктерге берілетіндігі туралы ақпаратқа негіз жоқ.

🤥 2023 жылдың маусымында Желіде нәрестелердің өкшесінен алынған қанды Ватиканға жібереді деген фейк тараған болатын. Бұл ойдан шығарылған. Толығырақ туралы біздің сайттан оқи аласыз.

@stopfake_kz — біріншіден шындықты білгің келсе, жазыл
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В соцсетях появилась новость о том, что у младенцев берут кровь из пятки и пропитывают ею какую-то бумагу. Якобы это делают для того, чтобы монетизировать ребенка, который потом должен платить ренту частному банку. На самом деле это стандартная медицинская процедура, никакой посторонней подоплеки у нее нет.

Забор крови из пятки младенца делается, чтобы выявить распространенные врожденные и наследственные заболевания. В основном процедура проводится на 2-3 сутки после рождения, у недоношенных детей — на 7-14 сутки жизни. Кровь наносят на специальный тест-бланк. Когда она высыхает, ее отправляют на анализ в медико-генетические центры. Простой тест позволяет выявить проблемы со здоровьем у малышей и приступить к лечению на ранних стадиях.

Массовое обследование новорожденных распространено во всем мире. Так, в Швеции диагностика проводится с начала 1960-х годов. Постепенно список заболеваний расширялся. Сейчас тест делается на 25 болезней. В Великобритании тест проводят на выявление 9 заболеваний, в Германии – на 19.

В США скрининг каждый год проходят более 95% детей (около 4 млн новорожденных).

Около 3 тысяч младенцев дают положительный результат на одно из тяжелых заболеваний. Проверка проходит по 50 болезням, в том числе на серповидноклеточную анемию и гипотиреоз.

В Казахстане неонатальный скрининг проводится по двум наследственным заболеваниям – это фенилкетонурия и врожденный гипотиреоз.

Фенилкетонурия связана с нарушением метаболизма аминокислот. Это приводит к тяжелым поражениям центральной нервной системы. Поддается успешному лечению.

Врожденный гипотиреоз – заболеваниещитовидной железы. Распространенная болезнь чаще поражает девочек. При раннем выявлении прогноз благоприятный. Если болезнь запущена, она переходит в кретинизм.

С начала внедрения скрининга в Казахстане с 2007 года выявлено 207 младенцев с фенилкетонурией и 625 с врожденным гипотиреозом. В октябре 2023 года в Алматы был запущен пилотный проект по массовому неонатальному скринингу на спинальную мышечную атрофию. Проект рассчитан на 10 тысяч детей. По его результатам скрининг планируют расширить на все регионы Казахстана.

Забор крови из пятки младенца – мировая практика. Благодаря неонатальной диагностике врачи могут выявить врожденные заболевания и предотвратить их развитие. Информация о том, что тест передается в частные банки, не имеет под собой никакого основания.

🤥 В июне 2023 года в Сети распространялся фейк, что кровь из пяток младенцев направляют в Ватикан. На нашем сайте можно найти объяснение, почему это вымысел.

@stopfake_kz — подпишись, чтобы узнать правду первым
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазнетте АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) биыл күзде жаңа пандемия жоспарлағаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы ведомство басшысы Мэнди Коэн ашық айтқан екен. Бұл жалған.

Осы жылдың наурыз айының басында Мэнди Коэн БАҚ-қа күзде жаңа пандемия емес, COVID-19 қарсы вакцинаның жаңартылған нұсқасы шығатынын айтқан. Сонымен бірге америкалықтар тұмауға қарсы егіле бастайды. Қазіргі уақытта ғалымдар вакцинаның соңғы нұсқалары қандай штаммға бағытталатынын анықтауда.

Коэн бұған дейін CDC Консультативтік комитетінің иммундау тәжірибесі бойынша ұсынысын мақұлдаған. Ол 65 жастан асқан ересектерге қатысты. Бұл адамдар коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның қосымша жаңартылған дозасын алуы керек. Сондай-ақ, иммунитеті әлсіреп, аурулармен өздігінен күресе алмайтындар COVID-19-ға қарсы қосымша егу құқығына ие.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы осы күзде жаңа пандемия дайындап жатқаны туралы ақпарат жалған. Мэнди Коэн халықты COVID-19 қарсы иммундау басталатын күнді атады. Ол үшін зерттеушілер мутацияға ұшыраған SARS-CoV-2 вирусына қарсы тиімді жаңартылған вакцинаны әзірлеп жатыр.

@stopafake_kz — бірден шындықты білгің келсе, жазыл
В Казнете распространяется сообщение, что Центр по контролю и профилактике заболеваний США (CDC) запланировал новую пандемию уже этой осенью. Якобы об этом открыто заявила глава ведомства Мэнди Коэн. Это неправда.

В начале марта этого года Мэнди Коэн сообщила СМИ, что осенью ожидается обновленная версия вакцины против COVID-19, а не новая пандемия. Одновременно с этим американцев начнут прививать и от гриппа. В настоящее время ученые определяют, на какой штамм будут нацелены последние версии вакцины.

Ранее Коэн одобрила рекомендацию Консультативного комитета CDC по практике иммунизации. Она касается взрослых в возрасте 65 лет и старше. Эти люди должны получить дополнительную обновленную дозу вакцины против коронавирусной инфекции. Также право на дополнительную прививку против COVID-19 имеют те, чей иммунитет ослаблен и не может самостоятельно бороться с болезнями.

Информация о том, что Центр по контролю и профилактике заболеваний США готовит этой осенью новую пандемию, является ложью. Мэнди Коэн назвала сроки, когда начнется иммунизация населения от COVID-19. Для этого исследователи уже готовят обновленную вакцину, эффективную против мутирующего вируса SARS-CoV-2.

@stopfake_kz — подпишись, чтобы узнать правду первым
Instagram қосымшасында тараған видеода отставкадағы ресейлік әскери Борис Ратников микротолқынды пеште дайындалған тамақ улы дейді. Микротолқынды жылу су молекулаларын бұзады, сондықтан лейкоцитоз және қатерлі ісік дамиды, қандағы холестерин өсіп, жүрек-қан тамырлары жүйесі бұзылады екен. Бұл жалған.

Борис Ратников Ресей ФҚҚ-ның запастағы генерал-майоры. Мәскеу авиациялық институтын бітірген. 1990 жылдары Президент Борис Ельциннің күзетінде жұмыс істеген. Оккультизм, телепатия және психикаға қызығушылық танытқаны үшін оған Кремль Мерлині деген лақап ат қойылған.

Ратников кітап жазады және оны өзі шығарады. Оның әртүрлі еңбектерінің қатарында «Арнайы қызметтерд түсінігіндегі әлем бейнесі: мистикадан ұғынуға дейін», «Жаңа дүниетанымға жету жолында өмірдің дәмін тату», «Пси-әсер ету және олардан қорғау» және т. б.

Бұрынғы әскери қызметкер әртүрлі фейк видеолар да таратады. Мәселен, Ратников селфи жасау қауіпті деп мәлімдеген. Фотодан қылмыскерлер адамның ойын оқиды. Ал суретті түсірілген құрылғы «цифрлық клон» жасап, адамды «энергиядан айырады» екен. Біздің сайт қазіргі заманғы ғылымға қайшы келетін бұл абсурд теорияны жоққа шығарды.

Микротолқынды пештерге байланысты қауіптер туралы қисынсыз мифтер Желіде бұрыннан бар. Электр құрылғысы әртүрлі аурулар тудырады деген жалған пікірлерге сеніп қалмау үшін оның қалай жұмыс істейтінін түсіну керек.

Микротолқындар тағамдағы су молекулаларының дірілдеуіне әкеледі. Осылайша жылу бөлініп, тамақ қызады. Микротолқынды сәулеленудің атомдардан немесе молекулалардан электрондарды бөліп шығарып, оларды иондауға жетерлік энергиясы жоқ. Былайша айтқанда, микротолқындар иондаушы емес сәулелену болып табылады. Олар пештің ішінде туындайды, есіктегі тор олардың сыртқа шығуына жол бермейді. Сондықтан микротолқындар тағамға да, адамға да зиянды емес.

Қатерлі ісікпен байланысты жиілік түрі иондаушы сәулелену деп аталады. Бұған гамма-сәуле, рентген сәулелері жатады.

Микротолқынды пештер рентген немесе гамма сәулелерін қолданбайды және тағамды радиоактивті етпейді, деп мәлімдеді америкалық қатерлі ісік қоғамы.

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектерді бақылау басқармасының (FDA) мәліметтерібойынша, микротолқынды энергия шығарындылары адамға зиянды деңгейден едәуір төмен. Бұл ретте ведомство электр құралымен байланысты болуы ықтимал жарақаттар туралы ескертеді. Ыстық ыдыстардан, қызып кеткен тағамнан немесе жарылған сұйықтықтардан күйіп қалуға болады. Есіктің тығыздағышының бұзылуы салдарынан микротолқынды пештен радиациялық күйік алуыңыз мүмкін.

🤥 Демек, тамақты микротолқынды пеште жылыту оны радиоактивті етпейді. Микротолқындар электромагниттік болып табылады және Ратников айтқан ауруларды тудырмайды. Оның сөздерін растайтын бірде-бір ғылыми зерттеу жоқ.

@stopafake_kz — бірден шыңдықты білгің келсе, жазыл
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В приложении Instagram появилось видео, где отставной российский военный Борис Ратников рассказывает, что пища, приготовленная в микроволновке, ядовита. Якобы микроволновое тепло разрушает водяные молекулы, и из-за этого развивается лейкоцитоз и рак, растет холестерин в крови и разрушается сердечно-сосудистая система. Это неправда.

Борис Ратников генерал-майор запаса ФСБ России. Окончил Московский авиационный институт. В 1990-х годах работал в охране президента Бориса Ельцина. За интерес к оккультизму, телепатии и экстрасенсорике получил прозвище Кремлевский Мерлин.

Ратников пишет книги и сам же их издает. В числе его неоднозначных трудов «Картина мира в представлении спецслужб: от мистики до осмысления», «Дегустация жизни на пути к новому миропониманию», «Пси-воздействия и защита от них» и др.

Также регулярно появляются видео с различными фейками от бывшего военного. Так, Ратников утверждал, что селфи делать опасно. Якобы по фото преступники могут прочесть мысли человека. А устройство, с которого делаются снимки, способно создать «цифрового клона» и «обесточить» настоящего человека. Наш сайтопроверг эту абсурдную теорию, противоречащую современной науке.

Нелепые мифы об опасностях, связанных с микроволновками, в Сети появились давно. Чтобы не принимать на веру ложные утверждения о том, что электроприбор вызывает различные болезни, надо понять, как он устроен.

Микроволны заставляют молекулы воды в пище вибрировать. Так выделяется тепло, и еда нагревается. Микроволновое излучение не имеет достаточной энергии, чтобы отбивать электроны от атомов или молекул и ионизировать их. Другими словами, микроволны – это неионизирущее излучение. Создаются они внутри духовки, доступ им закрывает дверная сетка. Поэтому ни на пищу, ни на человека микроволны не оказывают пагубного влияния.

Тип частот, который связан с раком, называютионизирующим излучением. Сюда относится гамма-излучение, рентгеновские лучи.

По заявлению Американского онкологического общества, микроволновые печи не используют рентгеновские или гамма-лучи и не делают пищу радиоактивной.
По данным Управления по контролю за продуктами и лекарствами США (FDA), количество выбросов микроволной энергии значительно ниже уровня, вредного для человека. При этом ведомство предупреждает о травмах, которые могут быть связаны с электроприбором. Можно получить тепловой ожог от горячих контейнеров, перегретой пищи или взрывающихся жидкостей. Радиационный ожог от микроволновки возможен из-за нарушений в уплотнении дверцы.

🤥 Следовательно, разогревание пищи в микроволновке не делает ее радиоактивной. Микроволны электромагнитны и не вызывают все те заболевания, о которых говорит Ратников. Нет ни одного научного исследования, которое бы подтвердило его слова.

@stopfake_kz — подпишись, чтобы узнать правду первым
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазнетте Қарағандыда жұмысшылар белгісіз вирусқа шалдығып жатқаны туралы видео таралды. 15 адамның екеуі жазылған, тағы бесеуі ауырып жатыр екен. Роликтің авторы пайдаланушылардан жақында суық тиіп ауырған немесе соған ұқсас дертке шалдыққандар бар ма деп сұрайды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі видеоға қатысты түсініктеме берді.

«Қазіргі уақытта Қарағанды облысының аумағында вирустық инфекциялармен сырқаттанушылық тіркеліп отырған жоқ. Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ЖРВИ, COVID-19 және вирустар тудыратын басқа да инфекциялардың таралуына күнделікті мониторинг жүргізеді.

Вирустық инфекциялардың таралуының негізгі жолдары – ауа-тамшы және контактілі-тұрмыстық, бұл оларды жоғары жұқпалы етеді. Жіті респираторлық вирустық инфекциялардың айналымы жыл бойы байқалады. Жаз мезгілінде ауру салқын сусындар ішу, балмұздақ жеу, кондиционердің жанында ұзақ отыру және т.б. байланысты болады. Иммунитет әлсіреп, созылмалы аурулар болған жағдайда бұл риновирустар мен аденовирустар сияқты вирустық ауруларды тудырады.

Сонымен қатар, жазда вирус тудыратын серозды менингит таралады. Сондықтан ашық су айдындарында шомылудан аулақ болу керек, көкөніс пен жемісті мұқият жуып, жеке гигиенаны сақтау, тек қайнатылған немесе тазартылған су ішу қажет», – делінген ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарламасында.

🤥 Ведомство халыққа ыстықта суық тигізіп алмауға кеңес береді. Жөтел және температура сияқты аурудың алғашқы белгілерінде өз бетіңізше емделмеңіз, адам көп жиналатын жерлерге бармаңыздар және дереу медициналық көмекке жүгініңіз.

@stopfake_kz — бірден шындықты білгің келсе, жазыл
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Казнете распространяется видео, на котором человек утверждает, что неизвестный вирус подкосил в Караганде большую часть его рабочего коллектива. Якобы из 15 человек переболели 2 и еще 5 до сих пор болеют. Автор ролика просит поделиться пользователей, перенес ли кто-нибудь из них в ближайшее время простуду или что-то подобное.

Видео прокомментировали в пресс-службе Комитета санитарно-эпидемиологического контроля Минздрава РК.

«В настоящее время на территории Карагандинской области вспышечная заболеваемость вирусными инфекциями не регистрируется. Департамент санэпидконтроля Карагандинской области осуществляет ежедневный мониторинг ОРВИ, COVID-19 и других инфекций, вызываемых вирусами.

Основные пути распространения вирусных инфекций – воздушно-капельный и контактно-бытовой, что обуславливает их высокую контагиозность. Циркуляция острых респираторных вирусных инфекций отмечается в течение всего года. В летний период заболевания могут быть связаны с потреблением холодных напитков, мороженого, длительным нахождением под кондиционерами и т. д. При ослабленном иммунитете и наличии хронических заболеваний это может вызвать вирусные заболевания, такие как риновирусы и аденовирусы.

Кроме того, в летнее время начинает циркулировать серозный менингит, вызываемый вирусом. Поэтому необходимо избегать купания в открытых водоемах, тщательно мыть овощи и фрукты, соблюдать личную гигиену, пить только кипяченую или очищенную воду», — говорится в сообщении Комитета санитарно-эпидемиологического контроля МЗ РК.

🤥 Ведомство рекомендует населению в жару избегать переохлаждения организма. При первых симптомах болезни, таких как кашель и температура, не заниматься самолечением, избегать мест массового скопления и сразу обращаться за медицинской помощью.

@stopfake_kz — подпишись, чтобы первым узнать правду
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Әлеуметтік желілерде тараған тағы бір хабарламада алаяқтар Қазақстанның ресми қайырымдылық қоры (РҚҚ) атынан алаяқтар әлеуметтік төлемдер төлейміз дейді. ҚР барлық тұрғындары ірі ақшалай өтемақы ала алады екен. Бұл жарнамаға сенбеңіздер және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіздер.  

Ел аумағында жұмыс істейтін қорлардың тізімі Egov.kz электрондық үкімет порталындажарияланған. Оған сәйкес, Қазақстанда «Ресми қайырымдылық қоры» (РҚҚ) деген атаумен тіркелген ұйым жоқ.

Хабарландыруда көрсетілген сайтқа кіргенде «Яндекс» іздеу жүйесінде «Сайт қауіпті болуы мүмкін» деген ескерту шығады.

Іздеу жүйесінің мәліметі бойынша, «бұл сайт келушілердің құпия деректерін (парольдер, банк карталарының нөмірлері және т.б.) білу үшін танымал қызмет немесе танымал ұйымның сайты ретінде ашылады».

Егер пайдаланушы ескертуді елемей, сілтемеге өтсе, жаңа терезе шығады. Онда оған төленетін сома көрсетіледі және заңгермен байланысу туралы ұсыныс жасалады.

Сіз осы сайтта жазған ақпарат банктік шотыңыздан ақша алу үшін пайдаланылуы мүмкін. Оңай ақша табамын деп бейтаныс адамдарға құпия ақпаратты хабарламаңыздар.

🤥 Бұған дейін біз фишингтік сайттарды танып, киберқылмыскерлердің айласына қалай түспеуге болатыны туралы жазған болатынбыз.

@stopfake_kz — бірден шындықты білгің келсе
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В соцсетях появилось очередное мошенническое объявление. Аферисты под видом официального благотворительного фонда Казахстана (ОБФ) обещают социальные выплаты. Якобы на крупную денежную компенсацию могут претендовать все жители РК. Не нужно доверять этой рекламе и переходить по сомнительным ссылкам.

Список фондов, которые действуют на территории нашей страны, размещен на порталеэлектронного правительства Egov.kz. Согласно ему, в Казахстане нет организации, зарегистрированной под названием «Официальный благотворительный фонд» (ОБФ).

При попытке перейти на сайт, указанный в объявлении, поисковая система «Яндекс» выдаетпредупреждение: «Сайт может быть опасен».

По данным поисковика, «этот сайт может выдавать себя за популярный сервис или сайт известной организации, чтобы выманить конфиденциальные данные посетителей (пароли, номера банковских карт и т.д.)».

Если пользователь игнорирует предостережение и все-таки переходит по ссылке, появляется новое окно. Здесь указывается сумма, которая якобы ему положена, и предложение связаться с юристом.

Информация, которую вы оставите на этом сайте, может быть использована для снятия денег с вашего банковского счета. Не стоит в погоне за легкими деньгами сообщать конфиденциальные сведения незнакомым людям.

🤥 Ранее мы писали, как распознать фишинговые сайты и не попасться на крючок к киберпреступникам.

@stopfake_kz — подпишись, чтобы первым узнать правду
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Әлеуметтік желілерде ғалымдардың биозертханаларда жұмыртқа мен сперматозоидтарды өсірудегі жетістіктері талқылануда. Бұл жай адамдарды бедеу қылып, кейінгі ұрпақты өз қалауы бойынша түтікте өсіру үшін жасалады екен. Бұл жалған.

Эмбриондарды өсіру бойынша эксперименттер көп уақыттан бері жүргізіліп келеді. Соңғы жетістіктердің қатарында Қытай зерттеушілерінің 2022 жылдың сәуірінде маймылдардың тін жасушаларынан синтетикалық эмбриондардың өсіруі бар. Аналықтар ұрықтандырылды. Кейбірінде жүктілік белгілері болды, бірақ ол бірнеше күнге ғана жалғасты. Ғалымдар одан әрі дамуға не кедергі болғанын білмейді. Бұл техникалық ақау болуы мүмкін немесе биологиялық себебі бар.

2022 жылдың қыркүйегінде тышқандарда эксперименттер жүргізу зерттеулері жарияланды. Ғалымдар кеміргіштердің жасушаларынан синтетикалық эмбриондар өсіре алды. Тірі жануарларды аналықтардың құрсағына имплантациялағанда, олар өскен жоқ.

2023 жылдың маусымында АҚШ пен Ұлыбритания ғалымдары тін жасушаларынан синтетикалық адам эмбриондарын жасай алғанын хабарлады. Мұның қалай жүзеге асырылғаны туралы тін жасушалары биологиясы және эмбриология профессоры Джейкоб Ханна айтып берді. Оның айтуынша, плюрипотентті тін жасушалары ретінде белгілі адам жасушалары қолданылған. Олар көптеген жасуша түрлеріне бағдарламалануы мүмкін және биомедициналық зерттеулерде жиі пайдаланылады. Оның үстіне кейбіреулері ересек адамның тері жасушаларынан алынған. Ханнаның командасы бұл жасушаларды «аңғал күйге» қайта бағдарламалады. Бұл адам эмбрионының дамуының жетінші күніне сәйкес келеді. Осы кезде ол жатырға өтеді. Содан кейін «аңғал» жасушалар үш топқа бөлінді. Біреуі эмбрионға, ал қалған екеуі белгілі бір химиялық заттардың әсерінен плацентаға айналуы керек. Содан кейін олардың бәрі біріктірілді. Бұл жасушалардың тек 1%-ы ғана эмбрионға ұқсас құрылымға айналды. Әзірге, бұл төмен көрсеткіш, ол ғалымдар үшін пайдалы құрал бола алмайды. Алдағы жылдары ғалымдар процесті жетілдіре түспек.

Айта кетейік, модельдік эмбриондарда жүрек пен ми болмайды. Оларда плацентаны, сарыуыз қабын және эмбрионның өзін қалыптастыруға қатысатын жасушалар ғана бар. Болашақта құрылымдар ғалымдарға түсік түсірудің биологиялық себептерін және бедеулікті емдеуді түсінуге көмектеседі.

Зерттеушілер синтетикалық эмбриондарды клиникалық түрде қолданбайды. Ғалымдар зертханада эмбриондарды 14 күн ішінде өсіре алады. Оларды әрі қарай дамыту үшін жатырға салу заңсыз. Есесіне, олардың дамитыны екіталай.

14 күндік мерзім алғаш рет Ұлыбританияда 1990 жылы белгіленді. Ол кезде жұртшылық түтікте бала өсіруге, яғни экстракорпоральды ұрықтандыруға алаңдаған еді. Екі апталық ереже адам эмбриондарының моральдық мәртебесін бекітті және бүгінде көптеген елдерде қолданылады.

🤥 Бұл зерттеулердің басты мақсаты өмір беру емес. Ғалымдар жүктіліктің неліктен тоқтап қалатынын, бұған қандай генетикалық факторлар әсер ететінін, бедеулікті қалай жеңуге болатынын анықтамақ. Сонымен қатар, 14 күндік ереже жақын арада толыққанды адам эмбриондарын өсіруге мүмкіндік бермейді. Демек, ғалымдар тін жасушаларынан жаңа адамдар өсіреді деп айтуға негіз жоқ.

@stopfake_kz — бірден шындықты білгің келсе, жазыл
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В соцсетях обсуждают успехи ученых в выращивании яйцеклеток и сперматозоидов в биолабораториях. Якобы это делается для того, чтобы нормальные люди стали бесплодными, а следующие поколения можно было выращивать в пробирках по своему усмотрению. Это неправда.

Эксперименты с выращиванием эмбрионов проводятся давно. Среди последних достижений– исследователи из Китая в апреле 2022 года вырастили синтетические эмбрионы из стволовых клеток обезьян. Зародыши были подсажены самкам. У некоторых даже появились признаки беременности, но ни одна из них не продлилась больше нескольких дней. Ученые не знают, что стало барьером для дальнейшего развития: то ли технический сбой, то ли биологическая причина.

В сентябре 2022 года были опубликованы исследования с экспериментами на мышах. Ученым удалось вырастить синтетические эмбрионы из клеток грызунов. При имплантации в утробу самок в живых животных они не выросли.
В июне 2023 года ученые из США и Великобритании сообщили, что им удалось создать из стволовых клеток синтетические человеческие эмбрионы. Как это получилось, рассказал профессор биологии и эмбриологии стволовых клеток Джейкоб Ханна. По его словам, были использованы человеческие клетки, которые известны как плюрипотентные стволовые клетки. Они могут быть запрограммированы во многие типы клеток и часто используются в биомедицинских исследованиях. Причем некоторые были получены из клеток кожи взрослого человека. Команда Ханны перепрограммировала эти клетки в «наивное состояние». Оно соответствует седьмому дню развития человеческого эмбриона. Примерно в это время он переходит в матку. Затем «наивные» клетки поделили на три группы. Одна должна была стать эмбрионом, а две другие с помощью определенных химических веществ плацентой. Затем их объединили. И только 1% этих клеток смог стать структурой, похожей на эмбрион. Пока это очень маленький процент, он не сможет стать полезным инструментом для ученых. Впереди у ученых много лет, чтобы совершенствовать процесс.

Кстати, у модельных эмбрионов нет сердца и зачатков мозга. В них есть только клетки, участвующие в формировании плаценты, желточного мешка и самого эмбриона. Структуры в дальнейшем могут помочь разобраться ученым в биологических причинах выкидышей и лечении бесплодия.

Клинически использовать синтетические эмбрионы исследователи не собираются. Ученые могут культивировать в лаборатории эмбрионы только в течение 14 дней. Помещать их в матку для дальнейшего развития незаконно. Кроме того, непонятно, смогут ли они развиваться в дальнейшем.

Граница в 14 дней впервые была принята в Великобритании в 1990 году. Общественность тогда была обеспокоена появлением детей из пробирки, то есть экстракорпоральным оплодотворением. Правило двух недель закрепило моральный статус человеческих эмбрионов и действует сегодня во многих странах.

🤥 Главная цель этих исследований не создание жизни. Ученые хотят понять, почему беременность может замирать и прерываться, какие генетические факторы на это влияют, как победить бесплодие. Более того, закон 14 дней не позволит в ближайшем будущем выращивать полноценные человеческие эмбрионы. Таким образом, нет оснований говорить, что ученые собираются выращивать из стволовых клеток новых людей.

@stopfake_kz — подпишись, чтобы сразу узнать правду
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
WhatsApp-та тараған аудио хабарламада Қырғызстаннан құтыру ауруымен ауырған малдың еті Қазақстанға әкелінгенін айтады. Одан бәліш пісіріп, жол үстінде сатады екен. Бұл ескі фейк.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

«2011 жылғы 19 қазанда ауыл шаруашылығы жануарларының аусыл ауруы бойынша енгізілген қолданыстағы шектеуге байланысты Қырғыз Республикасы аумағынан ауыл шаруашылығы жануарлары, сондай-ақ сиыр, қой және шошқа еті әкелінбейді. Егер етті контрабандалық жолмен тасымалдау әрекеті расталса, шекарада бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылданады», – делінген ведомство хабарламасында.

Дәл осындай аудио хабарлама танымал мессенджерде 2021 жылы таралған болатын.

🤥 Айта кетейік, Жамбыл облысында Қырғыз Республикасымен шекарада төрт ветеринариялық-бақылау бекеті жұмыс істейді: Қарасу, Қордай, Сыпатай Батыр және Айша-Бибі, онда ветеринариялық инспекторлар бақылауға жататын тауарларды әкелу, әкету және транзиттеу кезінде құжаттамалық, физикалық және зертханалық тексеру жүргізеді.

@stofake_kz — бірден шындықты білгің келсе, жазыл
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В WhatsApp идет рассылка аудиосообщения, автор которого утверждает, что в Казахстан завезли мясо зараженного бешенством скота из Кыргызстана. Якобы его уже используют в кулинарии в качестве начинки для пирожков. Это старый фейк.

Информацию прокомментировали в Министерстве сельского хозяйства РК.

«Ввоз сельскохозяйственных животных, а также говядины, баранины и свинины с территории Кыргызской Республики не осуществляется в связи с действующим ограничением, введенным 19 октября 2011 года по ящуру сельскохозяйственных животных. Если подтвердится попытка контрабандного провоза мяса, будут приняты меры по усилению контроля на границе», — говорится в сообщении ведомства.

Ранее точно такое же аудиосообщение распространяли посредством популярного мессенджера в 2021 году.

🤥 Отметим, что в Жамбылской области, на границе с Кыргызской Республикой, функционируют четыре ветеринарно-контрольных поста: Карасу, Кордай, Сыпатай Батыр и Айша-Биби, где ветеринарные инспектора проводят документарный, физический и лабораторный контроль при ввозе, вывозе и транзите подконтрольных товаров.

@stopfake_kz — подпишись, чтобы сразу узнать правду
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Facebook әлеуметтік желісінде тараған видеода «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов 5 маусымда инвестиция салып, ақша табуға болатын платформаның іске қосылғанын айтады. Жаңа жобаны «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының үздік мамандары әзірлеген. Сайтта әрбір қазақстандық акциялар сатып алып, пассивті табыс таба алады екен. Бұл фейк жарнама.

Бұл ақпарат ресми теріске шығарылды және «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының Telegram және Facebookпарақшаларында жарияланды.

«Әлеуметтік желілердегі түрлі парақшалар мен алаңдарда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акциялары арқылы ақша табуға арналған инновациялық платформаны іске қосу туралы жалған бейнеролик таратылды.

Бұл – жалған ақпарат!

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бағалы қағаздары ҚР және Ұлыбритания қор биржаларының ресми тізімдеріне енгізілген. Оларды биржалардың қатысушылары – лицензияларға ие брокерлер арқылы ғана сатып алуға болады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өз акциялары мен ЖДҚ-ға қатысты инвестициялық ұсынымдар бермейді.

Сізден қырағылық танытып, тексерілмеген ақпарат көздеріне сенбеуіңізді сұраймыз.

🤥 Компанияның барлық ресми мәлімдемелері, жаңалықтары мен оқиғалары қашанда тек компанияның https://kazatomprom.kz ресми сайтында және компанияның әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады», – делінген «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының ресми хабарламасында.

@stopfake_kz — бірден шындықты білгің келсе, жазыл
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В социальной сети Facebook распространяется видео с участием председателя правления АО «НАК «Казатомпром» Меиржана Юсупова. Он рассказывает о запуске 5 июня платформы для заработка на инвестициях. Якобы новейшая разработка создана лучшими специалистами компании «Казатомпром». Сайт позволит каждому казахстанцу покупать акции и иметь пассивный доход. Это фейковая реклама.

Официальное опровержение новости размещено на страницах национальной атомной компании «Казатомпром» в Telegram и Facebook.

«На различных страницах и площадках социальных медиа распространяется фиктивное видео о запуске инновационной платформы для заработка на акциях АО «НАК «Казатомпром».

Данная новость – фейк!

Ценные бумаги АО «НАК «Казатомпром» включены в официальные списки фондовых бирж РК и Великобритании и могут быть приобретены исключительно через лицензированных брокеров — участников бирж. АО «НАК «Казатомпром» не предоставляет инвестиционных рекомендаций в отношении своих акций и ГДР.

Просим вас быть бдительными и не доверять непроверенным источникам информации.

🤥 Все официальные заявления, новости и события компании всегда и в обязательном порядке размещаются на сайте компании и страницах компании в социальных медиа», — говорится в официальном сообщении компании «Казатомпром».

@stopfake_kz — подпишись, чтобы узнать правду первым
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Интернет-алаяқтар танымал әлеуметтік желіде ҚР Ұлттық банкінің жалған аккаунтын тіркеген. Ол азаматтардың жеке мәліметтерін немесе ақшасын ұрлау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Алаяқтықтың жаңа түрі туралы хабарлама Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланған.

«Қазақстанның Ұлттық банкі алаяқтық іс-әрекеттердің жиілеп кеткендігі туралы ескертеді. Алаяқтар Instagram әлеуметтік желісіндегі national_bank_kazakhstan фейк парақшасын тіркеген.

Алаяқтар мұндай фейк парақшаларды түрлі мақсаттарда ашады – фишингтік хаттар жіберу, азаматтардың жеке деректерін немесе ақшасын ұрлау. Ұлттық банкке ұқсас және үйлесімді домендік атауларды қолдана отырып, олар фишингтік хаттарды жіберу үшін реттеушінің поштасының жалған мекен жайларын жасайды. Мұндай хаттарда, әдетте, жалған сайтқа сілтемелер немесе шұғыл құжаттармен және төлем өкімдерімен танысу туралы өтініштер болады.

Бұл ретте сілтеме бойынша өткен жағдайда, пайдаланушының мобильді құрылғысына зиянды бағдарламалық жасақтама жүктеледі, ол кейіннен құрылғыны қашықтан басқару үшін қолданылады.
Қазақстанның Ұлттық банкі реттеушінің әлеуметтік желідегі жалғыз ресми аккаунты
https://www.instagram.com/national_bank_of_kazakhstanекенін хабарлайды.

Ұлттық банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейді, ақшалай қаражатты сақтандырумен айналыспайды, сондай-ақ халықпен ақшалай есеп айырысулар жүргізбейді», – делінген хабарламада.

Ұлттық банк күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге кеңес береді. Егер сіз немесе сіздің таныстарыңыз алаяқтық схемаларға тап болса, онда құқық қорғау органдарына тиісті өтінішпен жүгіну қажет.

🤥 Консультациялар алу үшін Қазақстанның Ұлттық банкінің байланыс орталығына 1477 нөмірі бойынша хабарласуыңызға болады.

@stopfake_kz — бірден шындықты білгің келсе, жазыл
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Интернет-мошенники создали фальшивый аккаунт Национального банка РК в популярной соцсети. Подделка может быть использована для кражи личных данных или денег.

Сообщение о новом виде мошенничества появилось на официальном сайте Нацбанка.

«Национальный банк Казахстана предупреждает об участившихся случаях мошенничества. Злоумышленниками в социальной сети Instagram создана фейковая страница national_bank_kazakhstan.

Создавая подобные фейковые страницы, мошенники преследуют самые разные цели — от отправки фишинговых писем до кражи персональных данных или денежных средств граждан. Пользуясь схожими и созвучными доменными именами с Национальным банком, злоумышленники создают фейковые почтовые адреса регулятора для рассылки фишинговых писем. В таких письмах, как правило, содержатся ссылки на поддельный сайт или просьбы ознакомиться со срочными документами и платежными распоряжениями.

При этом в случае перехода по ссылке мобильное устройство пользователя незаметно для него заражается вредоносным программным обеспечением, которое впоследствии используется для удаленного управления устройством.

Национальный банк Казахстана напоминает, что единственным официальным аккаунтом регулятора в социальной сети является
https://www.instagram.com/national_bank_of_kazakhstan.

Напоминаем, что Национальный банк не обслуживает счета физических лиц, не занимается страхованием денежных средств, а также не проводит денежные расчеты с населением», — говорится в сообщении.

Нацбанк рекомендует не переходить по подозрительным ссылкам. Если вы или ваши знакомые столкнулись с мошенническими схемами, необходимо обратиться с соответствующим заявлением в правоохранительные органы.

🤥 Для получения консультации можно обратиться в контакт-центр Национального банка Казахстана по короткому номеру 1477.

@stopfake_kz — подпишись, чтобы узнать правду первым
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Instagram-да «ҚазМұнайГаз» қазақстандықтарға өтемақы төлей бастағаны туралы хабарлама тарады. Әрбір тұрғынға 208 мың теңге беріледі екен. Төлемді алу үшін күмәнді сілтеме бойынша өтіп, жеке деректерді жазу керек. Бұл интернет қылмыскерлердің ісі.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметі жалған жарнамаға қатысты түсініктеме берді.

«ҚазМұнайГаз» қазақстандықтарды Интернет желісінде сақ болуға және алаяқтардың айла-амалдарына берілмеуге шақырады.

Төлем жарнамасы – фейк.

Ұсынылған инвестициялық мүмкіндіктердің немесе басқа ұсыныстардың дұрыстығына сенімді болу үшін әрқашан ресми сайт және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар сияқты ақпарат көздерін тексеру маңызды.

🤥 «ҚазМұнайГаз» kmg.kz бір ғана ресми сайты бар екенін ресми түрде мәлімдейді. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының атынан әрекет ететін барлық басқа сайттар алаяқтық болып табылады», – деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

@stopfake_kz — бірден шындықты білгің келсе, жазыл
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Instagram распространяется сообщение о том, что «КазМунайГаз» начал выплачивать казахстанцам компенсации. Якобы каждому жителю положено по 208 тысяч тенге. Чтобы получить выплату, нужно перейти по сомнительной ссылке и сообщить личные данные. Это дело рук интернет-преступников.

Фальшивую рекламу прокомментировали в пресс-службе АО «НК «КазМунайГаз».

«КазМунайГаз» призывает казахстанцев быть осторожными в сети Интернет и не поддаваться на уловки мошенников.

Реклама выплат – очередной фейк.

Важно всегда проверять источники информации, такие как официальный сайт и официальные аккаунты в социальных сетях, чтобы быть уверенными в достоверности предлагаемых инвестиционных возможностей или других предложений.

🤥 «КазМунайГаз» официально заявляет, что имеет только один официальный сайтkmg.kz. Все остальные сайты, действующие от имени Национальной компании «КазМунайГаз», являются мошенническими», – сообщили в пресс-службе АО «НК «КазМунайГаз».

@stopfake_kz — подпишись, чтобы узнать правду первым
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM