STOPfake.kz
3.15K subscribers
2.43K photos
57 videos
3.26K links
stopfake.kz

Ақпаратты тексеру үшін t.me/stopfakechatkz өтіңіз

Присылайте подозрительные сообщения вместе с ссылками, скриншотами и записями в наш бот @KZSTOPFAKE_bot

Для проверки информации обращайтесь в t.me/stopfakechatkz
Download Telegram
Фейк: «Аңдыз бен қырмызы тұнбасы глаукома мен катарактаны емдейді»

Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар көз ауруларын, соның ішінде глаукома мен катарактаны емдеуге көмектесетін тұнбалар рецептісімен бөлісуде. Бұл қандай аурулар және халықтық ем оған шипа бола ма? Түсіндіріп өтейік.

Белгісіз автор аңдыз бен қырмызыны арақпен араластырып, оны күніне үш рет кеңес береді. Ол бір жылда осындай төрт бөтелкені ішуді ұсынады.

Глаукома – көз ауруларының үлкен тобы.

Глаукоманы емдеу мүмкін емес, жүйкенің зақымдануы қайтымсыз және адам көру қабілетінен айырылады. Дәрі-дәрмекпен емдеу көзішілік қысымды қалыпқа келтіреді, аурудың дамуын баяулатады немесе тоқтатады. Лазерлік және микрохирургиялық емдеу тиімді емдеу әдістеріне жатады.

Катаракта – бұл көз жанарының бұлдырауымен байланысты және көру қабілетінің әртүрлі дәрежеде бұзылуын тудыратын, оның толық жоғалуына әкелуі мүмкін патологиялық жағдай. Бұл ауру да қайтымсыз. Катаракта тек хирургиялық жолмен ғана, көз жанарын ауыстыру арқылы емделеді.

«Өзін-өзі емдеу үлкен зиян келтіреді. Мұндай тұнбалар көзге мақсатты әсер етпейді. Арақ тұнбалары, аз мөлшерде болса да, тәуелділікке соқтыруы мүмкін. Сондай-ақ, әртүрлі шөптерден тұнбалар жасағанда, аллергиялық компоненттер ескерілмейді, олардың реакциясы кейбір адамдарды өлімге әкелуі мүмкін», – деп түсіндірді жоғары санаттағы дәрігер, Көз микрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Динара Тоқсамбаева.

@stopfake_kz
Маймыл шешек туралы мифтерді әшкерелейік

Қымбатты оқырмандар! Маймыл шешегі тарала бастағанда интернетте мифтер, жаңсақ пікірлер және жаңа қастандық теориялары қаптап кетті. COVID-19 туралы фейктер де осылай шыққан, ал қарапайым адамдар қорыққаннан жалған ақпарат таратты.

Маймыл шешегі туралы іріктеп алған материалдарымызды оқып, сенімді фактілерден хабардар болыңыз!

🌎 Дәлелденбеген: «Маймыл шешегі 2021 жылы АҚШ-та жоспарланған» | ОҚУ

😷 Фейк: «Маймыл шешегі – бұл COVID 2.0 | ОҚУ

🏚 Фейк: «Маймыл шешегі, бұл – адамдарды үйлерінен шығарудың сылтауы» | ОҚУ

🦠 Фейк: «Маймыл шешегі - бұл COVID-19 қарсы вакциналардан туындаған герпес | ОҚУ

💉 Манипуляция: «Маймыл шешегі Pfizer вакцинасы мақұлданған елдерде ғана бар | ОҚУ

@stopfake_kz | #top_stopfake
Разоблачаем мифы про обезьянью оспу

Дорогие читатели! После вспышки оспы обезьян в интернете появилось множество мифов, заблуждений и даже новых теорий заговора. Точно так же появлялись фейки про COVID-19, а простой человеческий страх заставлял людей активно распространять ложную информацию.

Читайте нашу подборку про обезьянью оспу и будьте в курсе достоверных фактов!

🌎 Бездоказательно: «Вспышку обезьяньей оспы спланировали в США в 2021 году» | ЧИТАТЬ

😷 Фейк: «Оспа обезьян – это COVID 2.0» | ЧИТАТЬ

🏚 Фейк: «Оспа обезьян – это предлог, чтобы выселить людей из жилья» | ЧИТАТЬ

🦠 Фейк: «Оспа обезьян – это герпес, вызванный вакцинами против COVID-19» | ЧИТАТЬ

💉 Манипуляция: «Оспа обезьян есть только в тех странах, в которых одобрена вакцина Pfizer» | ЧИТАТЬ

@stopfake_kz | #top_stopfake
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Telegram-чаттарда биыл күзде қазақстандықтарды жаппай вакцинациялай бастайды, содан кейін оларды концлагерьлерге мәжбүрлеп эвакуациялайды деген ақпарат тарады. Мұның бәрі ескі және жоққа шығарылған фейктер. Түсіндіріп өтейік.

— Биыл күзде болатын мәжбүрлі вакцинациядан бастайық. Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинация 2021 жылдың 1 ақпанында басталды. Ол ерікті түрде жүргізіледі. Осы күнге дейін халықтың 50.8% егілді

— Адамдарды мәжбүрлеп эвакуациялау туралы теорияға келетін болсақ, ол Қазақстанда өткен жылы, халық санағы кезінде кеңінен таралды. Адамдар санаққа қатысқандарды белгісіз бағытта мәжбүрлеп алып кетеді деп жазды. Біз бұл қауесеттерді жоққа шығардық.

— Сонымен қатар, бүгінде санақтан кейін бір жылға жуық уақыт өтсе де, ешкімнің ешқайда мәжбүрлі түрде эвакуацияланбағаны анық.
Хабарламаның үшінші тармағы – бұл Қазақстанда концлагерлердің болуы. Бұл фейк 2020 жылы, COVID-19 пандемиясының басында тарады. Кейіннен конспирологияны жақтаушылар Нұр-Сұлтандағы модульдік инфекциялық орталықтың фотосуретін covid-лагерь деп көрсетті. Денсаулық сақтау министрлігі орталықтың лагерь емес екенін және оның біреуді қамауда ұстау үшін емес, науқастарды емдеу мақсатында салынғанын түсіндірді

Осылайша, біріншіден, Қазақстанда мәжбүрлеп вакцинациялау заңсыз; екіншіден – елімізде жаппай эвакуациялау жүргізілмейді; үшіншіден, Қазақстанда концлагерьлер салынбайды, олар ел аумағында жоқ.

Демек, таралған ақпарат – фейк.

@stopfake_kz | #конспирология_stopfake
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
В Telegram-чатах появилось сообщение о том, что уже этой осенью казахстанцев начнут массово вакцинировать, а после принудительно эвакуировать в некие концлагеря. Все это смесь старых и уже опровергнутых фейков. Рассказываем все по порядку.

— Начнем с принудительной вакцинации, которая якобы начнется этой осенью. Вакцинация против COVID-19 стартовала в Казахстане 1 февраля 2021 года. Она была и остается добровольной. С тех пор в стране было вакцинировано 50,8% населения.

— Что же касается теории о некой принудительной эвакуации людей, то она стала широко распространяться в Казахстане в 2021 году во время переписи населения. Тогда в Казнете писали о том, что людей, принявших участие в переписи, принудительно увезут в неизвестном направлении. Мы также опровергали эти слухи. К тому же сейчас, когда с момента старта переписи прошел почти год, очевидно, что никого никуда против воли не эвакуируют.

— Третий пункт в рассылке – это существование в Казахстане неких концлагерей. Этот фейк появился еще в 2020 году в самом начале пандемии COVID-19. Немного позже поклонники конспирологии даже стали выдавать фото модульного инфекционного центра в Нур-Султане за COVID-лагерь. В Министерстве здравоохранения тогда пояснили, что центр лагерем не является и был построен с целью лечения больных, а не для того, чтобы удерживать кого-то в неволе.

Таким образом, во-первых, в Казахстане принудительная вакцинация незаконна; во-вторых, насильной эвакуации в нашей стране нет; в-третьих, концлагеря в Казахстане не строят, их на территории нашей страны нет.

Следовательно, рассылка является фейком.

@stopfake_kz | #конспирология_stopfake
Фейк: «ДДҰ коронавирустың жаңа «Кентавр» нұсқасын ойлап тапты»

Желіде SARS-CoV-2 кронавирусының жаңа Кентавр нұсқасы анықталғаны туралы жаңалықпен бөлісуде. Кейбір адамдардың пікірінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны ойдан шығарған. Бұл олай емес. Неге екенін түсіндірейік.

Кентавр – бұл Omicron BA.2.75 нұсқасының субварианты. Оны ДДҰ немесе басқа ресми агенттік емес, Twitter қолданушысы осылай атаған.

Ол былай деп жазған: «Мен жаңа нұсқаны галактиканың құрметіне BA.2.75 деп атадым. Енді ол – Кентавр. Бұған үйреніп кетесіздер. Бүгін мен пандемиялықтың бәрін басқарамын».
Бұл әзіл пост екені анық.

Бұл нұсқа алдымен Нидерландта емес, Үндістанда анықталып, осы жылдың маусым айының соңында Жапония, Германия, Ұлыбритания, Канада, АҚШ, Австралия және Жаңа Зеландияда таралған.

Нұсқаның бірден бірнеше елде оқшаулануы ДДҰ-ның оны ойдан шығармағанына дәлел.

@stopfake_kz
Фейк: «ВОЗ выдумала новый вариант коронавируса — «Кентавр»

В Сети рассылают новость о том, что обнаружен новый вариант коронавируса SARS-CoV-2 – «Кентавр». Некоторые даже предполагают, что Всемирная организация здравоохранения его попросту выдумала. Объясняем, почему это не так.

«Кентавром» называют субвариант варианта омикрон BA.2.75. Необычное название ему присвоила вовсе не ВОЗ или иное официальное ведомство, а обычный пользователь Twitter.

Он написал: «Я только что назвал вариант BA.2.75 в честь галактики. Теперь он «Кентавр». Привыкайте к этому. Сегодня я командую всем пандемическим».
Очевидно, что этот пост был шуточным.

Этот вариант изначально обнаружили не в Нидерландах, а в Индии, откуда он распространялся на территории Японии, Германии, Великобритании, Канады, США, Австралии и Новой Зеландии. Произошло это в конце июня 2022 года.

То, что его не выдумала ВОЗ, доказывает тот факт, что вариант изолировали сразу в нескольких странах.

@stopfake_kz
Фейк: «Ауылдық округтерде қауіпті химикаттар шашады»

Telegram мессенджерінде қолданушылар Ақтөбе облысының ауылдық аймақтарында қауіпті химикаттар шашатыны туралы жазуда. Соның салдарынан адамдар тағы да COVID-19 жұқтырады және биыл күзде үкіметтің белгілі бір құпия жоспарына сәйкес елдің барлық өңірлері «сары» аймаққа өтеді екен. Бұл жалған.

Химикаттарды шашу туралы ақпаратқа қауіпті заттарды тасымалдайтын жүк автомобилі түсірілген видео тіркелген.

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратқа қатысты пікірін білдірді.

– Бұл видеода облыстың жеке дезинфекциялау қызметтерінің күшімен жәндіктер мен зиянкестерге қарсы жасыл желектерді өңдеу жұмысының барысы көрсетілген. Бұл жұмыс қолданылатын препараттардың регламентіне сәйкес кешкі және түнгі уақытта жүргізіледі. Өңдеу шарасы Ақтөбе қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімімен жасалған шарт бойынша жүзеге асырылды, –деп хабарлады ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта Ақтөбе облысындағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты, сондықтан СОVID-19-ға байланысты дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілмейтінін атап өтті.

@stopfake_kz
Фейк: «В сельских округах распрыскивают опасные химикаты»

В Telegram пользователи пишут о том, что в сельских регионах Актюбинской области распрыскивают опасные химикаты. Якобы из-за них люди вновь станут болеть COVID-19 и уже этой осенью все регионы страны перейдут в «желтую» зону, согласно некоему тайному плану правительства. Это неправда.

К рассылке о распылении химикатов прикреплено видео, на котором запечатлен грузовой автомобиль, перевозящий якобы опасные вещества.

Информацию прокомментировали в Комитете санитарно-эпидемиологического контроля МЗ РК.

«В данном видео демонстрируется проведение обработки зеленых насаждений силами частных дезинфекционных служб области против насекомых-вредителей. Работа проводится в вечернее и ночное время согласно регламенту применяемых препаратов. Данная обработка проводится по договору с отделом ЖКХ акимата города Актобе»,
— сообщил официальный представитель Комитета санитарно-эпидемиологического контроля МЗ РК Ержан Байтанаев.

Он также подчеркнул, что в настоящее время санитарно-эпидемиологическая ситуация в Актюбинской области стабильная, и поэтому дезинфекционные мероприятия, связанные с СОVID-19, не проводятся.

@stopfake_kz
Қымбатты оқырмандар!

Маймыл шешек ауруы туралы материалдар топтамасы барын еске саламыз

Конспирологтарға өздеріңізді алдауға жол бермеңіздер және StopFake-пен бірге барлық деректерден хабардар болыңыздар ;)

@stopfake_kz
Друзья!

Предлагаем вам прочитать на выходных разбор мифов и теорий про обезьянью оспу.

Оставайтесь на чеку вместе со StopFake!

@stopfake_kz
Фейк: «Көкшетауда балабақша тәрбиеленушілерін қауіпті химикатпен улайды»

Әлеуметтік желілерде Көкшетаудағы балабақшалардың бірінің аумағында белгісіз бір зат шашып жүрген маскадағы ер адамның видеосы тарады. Пайдаланушылардың айтуынша, балаларды құсу мен диарея тудыратын затпен улауда. Тіпті, кейбіреулерінің пайымдауынша, бұл үшін жарамдылық мерзімі өткен COVID-19 қарсы вакциналар қолданылады екен. Мұның бәрі өтірік.

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл видеоға қатысты түсініктеме
берді. Ведомствоның хабарлауынша, видеода «Көкшетау Дезинфекция» ЖШС жүргізген жоспарлы дезинсекциялық өңдеу барысы көрсетілген. Өңдеу жұмыс уақытынан тыс уақытта – осы жылдың 22 шілдесінде сағат 20.00-де балабақша алаңында балалар болмаған кезде жүргізілген.

– Өңдеу шаралары жәндіктерді жою мақсатында жоспарға сәйкес мезгіл-мезгіл жүргізіледі, бұл жолы құмырсқалар мен араларға қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді. Оны оқытылған қызметкерлер Қазақстан Республикасында рұқсат етілген құралдармен жүзеге асырады. Құрметті облыс тұрғындары, кейбір адамдар ойлағандай, бұл қажетті іс-шаралардың коронавирустық инфекцияға қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді және оны таратпауларыңызды сұраймыз,
– деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

@stopfake_kz | #денсаулық_stopfake
Фейк: «Воспитанников детского сада в Кокшетау травят опасными химикатами»

В соцсетях появилось видео, на котором запечатлен мужчина в маске, распыляющий некое вещество на территории одного из детских садов в Кокшетау. Пользователи пишут, что детей травят веществом, которое вызывает рвоту и диарею. А некоторые даже предполагают, что таким образом используют вакцины против COVID-19 с истекшим сроком годности. Все это неправда.

Видео прокомментировали в Комитете санитарно-эпидемиологического контроля МЗ РК. Как сообщили в ведомстве, на видео показана плановая дезинсекционная обработка, которую проводило ТОО «Кокшетау Дезинфекция». Обработка проходила в нерабочее время – 22 июля 2022 года в 20:00, когда детей на площадке детского сада не было.

«Подобная обработка проводится периодически по плану для уничтожения насекомых, в данном случае против муравьев и ос. Обработка проведена обученным персоналом разрешенными средствами в Республике Казахстан. Уважаемые жители области, хотим вас успокоить, что данные необходимые мероприятия никак не связаны с коронавирусной инфекцией, как пишут в комментариях некоторые подписчики паблика. Просим не поддаваться дезинформации и не распространять ее»,
— сказал официальный представитель Комитета санитарно-эпидемиологического контроля Ержан Байтанаев.

@stopfake_kz| #здоровье_stopfake
Фейк: «Вакциналар иммунитетті бұзады»

Қазнетте танымал ресейлік екпеге қарсы тұлға Галина Червонскаяның сөздері тарады. Оның айтуынша, кез келген вакцина ағзаны ауыртады, сондықтан 18 жасқа дейін адамдардың иммунитеті «сал» болып қалады. Бұл жалған.

Галина Червонская – Ресейдегі вакцинацияға қарсы қозғалыстың ең көрнекті өкілдерінің бірі.

Оның иммунитеттің «сал болуы» туралы сөздері толығымен ғылымға қарсы және фактілерге қайшы келеді.

Біріншіден, иммундық паралич – бұл иммунитеттің бактериялар мен вирустарға жауап бере алмауы. Вакцинация, әсіресе жиі екпе салдыру оны қоздырмайды.

Екіншіден, вакциналар, керісінше, жыл сайын жүздеген мың адамның өмірін сақтайды.

Галина Червонскаяның вакцинацияға байланысты балаларда қандай да бір кәрілік аурулары пайда болатындығы туралы тезисі толығымен дәлелсіз. Ол ашық ақпарат көздерінен тексеруге болатындай ауруды да, статистиканы да атамайды.

@stopfake_kz | #денсаулық_stopfake
Фейк: «Вакцины парализуют иммунитет»

В Казнете распространяются высказывания известной российской антипрививочницы Галины Червонской. Она утверждает, что любые вакцины заставляют организм болеть, из-за чего к 18 годам иммунитет людей оказывается «парализован». Это неправда.

Галина Червонская – одна из наиболее ярких представителей антипрививочного движения в России.

Ее слова о «параличе» иммунитета полностью антинаучны и противоречат фактам.

Во-первых, иммунный паралич – это неспособность иммунитета реагировать на бактерии и вирусы. Даже частая вакцинация спровоцировать его не может.

Во-вторых, вакцины, напротив, спасают сотни тысяч жизней ежегодно.

Тезис Галины Червонской, озвученный в распространяемом видео, о том, что из-за вакцинации у детей развиваются некие старческие болезни, совершенно бездоказательный. Она не называет ни болезни, ни статистику, которую можно было бы проверить в открытых источниках.

@stopfake_kz| #здоровье_stopfake
Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналардың жаңа партиялары өлімге әкеледі»

Telegram-да COVID-19 қарсы вакциналардың жаңа партиялары барынша көп адамға ауру жұқтырып, өлтіру үшін арнайы жасалғандығы туралы хабарлама тарады. Бұл өтірік.

Хабарламада иммундық импринтинг деген құбылыс туралы айтылады.

COVID-19 контекстіндегі иммундық импринтинг – бұл Лондон Императорлық колледжінің иммунология профессоры Дэнни Альтманнның еңбегінде сипатталған құбылыс. Ол иммундық импринтинг – бұрын Альфа коронавирусының нұсқасын жұқтырған немесе дәл осы нұсқа негізінде вакцина салдырған адам дельта нұсқасын жұқтырғанда бұрын-соңды COVID-19-бен ауырмаған адамға қарағанда басқаша ауыруы мүмкін болатын жағдай.

Алайда, бұл вакциналар тиімділігін жоғалтады немесе олар өлімге әкеледі дегеннің белгісі емес.

Осылайша, COVID-19 қарсы вакциналардың жаңа партиясы адамдардың өліміне әкелетін құбылыс тудыратыны туралы ақпарат – фейк.

@stopfake_kz| #вакцинация_stopfake
Фейк: «Новые партии вакцин против COVID-19 смертельны»

В Telegram пишут, что новые партии вакцин против COVID-19 специально создаются для того, чтобы заразить и убить как можно больше людей. Это ложь.

В рассылке речь идет о таком явлении как иммунный импринтинг.

Иммунный импринтинг в контексте COVID-19 – это явление, описанное в работе профессора иммунологии Имперского колледжа Лондона Дэнни Альтманна. Он поясняет, что иммунный импринтинг – это ситуация, в которой человек, перенесший ранее заражение вариантом коронавируса альфа, или привитый вакциной на основе именно этого варианта, может отреагировать на заражение вариантом дельта иначе, чем человек, никогда до этого не болевший COVID-19.

Однако это не значит, что вакцины теряют свою эффективность и тем более ведут к смерти.

Таким образом, сообщение о том, что новая партия вакцин против COVID-19 провоцирует явление, ведущее к смерти людей, – фейк.

@stopfake_kz| #вакцинация_stopfake
Фейк: «Екі айлық бала COVID-19 қарсы вакцинациядан кейін қайтыс болды»

Әлеуметтік желілерде Pfizer компаниясының COVID-19 қарсы вакцинасымен егілген екі айлық бала жүрек ұстамасынан қайтыс болды деген ақпарат таратылуда. Бұл жағдай вакцинаға жағымсыз реакцияларды бақылаудың бірыңғай жүйесінде 1015467 нөмірімен тіркелген екен. Бұл жалған.

Қайтыс болған бала туралы ақпарат бізге Желінің ағылшын тілді сегментінен келді. Батыс фактчекерлері оны жоққа шығарды.

Rappler порталының хабарлауынша, Желіде тараған сәби өлімі туралы есептің скриншоты вакцинаға жағымсыз реакцияларды бақылау жүйесінің ресми порталынан (VAERS) емес, бөгде платформада жасалған.

Екі айлық баланың өлімі туралы есеп жарияланған портал MedAlerts.org деп аталады және ол мемлекеттік емес. Ол «Вакцинация мәселелері жөніндегі ұлттық ақпарат орталығы» ұйымына тиесілі. Бұл – белсенді қызмет ететін және вакциналар туралы жалған ақпарат тарататын АҚШ-тағы ең көне антиваксерлер бірлестіктерінің бірі. Яғни, олардың сайтында жарық көрген барлық ақпарат біржақты және жалған болуы мүмкін. Оған сенудің қажеті жоқ.

Қорыта айтқанда, қайтыс болған екі айлық бала туралы ақпарат – ресми құжаттармен немесе дереккөздермен расталмаған ойдан шығарылған оқиға.

@stopfake_kz| #вакцинация_stopfake
Фейк: «Двухмесячный ребенок скончался после вакцинации против COVID-19»

В соцсетях распространяется сообщение о том, что двухмесячный ребенок, получивший вакцину против COVID-19 от компании Pfizer, скончался в результате сердечного приступа. Этот случай якобы описан в единой системе наблюдения за нежелательными реакциями на вакцину под номером 1015467. Это неправда.

История о скончавшемся ребенке пришла к нам из англоязычного сегмента Сети. Западные фактчекеры ее уже опровергали.

Как сообщает портал Rappler, скриншот отчета о гибели младенца, распространяемый в Сети, сделан не с официального портала системы наблюдения за нежелательными реакциями на вакцину (VAERS), а со сторонней платформы.

Портал же, на котором расположен отчет о гибели двухмесячного ребенка, называется MedAlerts.org и государственным не является. Он принадлежит организации «Национальный информационный центр по вопросам вакцинации». Это одно из старейших в США объединений антиваксеров, которое ведет активную деятельность и активно распространяет дезинформацию о вакцинах. То есть вся информация, размещенная у них на сайте, предвзятая и может оказаться ложной. Доверять ей не стоит.

Из этого следует, что история о погибшем двухмесячном ребенке – выдумка, которая не подтверждается никакими официальными документами или источниками.

@stopfake_kz| #вакцинация_stopfake