ULTTYQ ZHOBALARDYN BIRYNGAI PORTALY
165 subscribers
9.42K photos
10 videos
5 files
3.59K links
Download Telegram
Жедел-жәрдем қызметі 77 көлікпен толықты

Түркістан облысы медициналық жедел-жәрдем стансасына 77 санитарлық көлік берілді. Салтанатты рәсімге арнайы қатысқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, отандық өндірістегі жедел-жәрдем көліктерінің жасақталуымен танысты.

«Коронавирус індетімен күрес мақсатында елде медицина саласына үлкен көңіл бөлініп жатыр. Барлық елді мекендерде осындай жаңару бар. Жаңа көліктер ауыл тұрғындарының медициналық қызметтерге қолжетімділігін арттырып, жедел-жәрдем паркін жаңартуға мүмкіндік беріп отыр. Осы орайда, сіздердің ерен еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіргім келіп отыр.Еңбектеріңіз халыққа денсаулық, қуаныш сыйлап, табысты болсын»,-деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы.

Жедел-жәрдем көліктері науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мамандандырылған реанимациялық емдік шараларын көрсетуге мүмкіндік беретін автокөліктер портативті өкпені жасанды желдету аппараты, дефибриллятор, электрокардиограф, реанимациялық көмек көрсетуге арналған чемодан, жылжымалы зембіл, пульсоксиметр, редуктор-ингалятор және электрсорғыштармен жасақталған. Жыл соңына дейін қосымша 45 дана санитарлық автокөлікпен жабдықтау көзделген.

Жалпы, күн сайын облыстық жедел-жәрдем стансасының 124 бригадасы шақыртуға шығады. Тәулігіне орташа есеппен 2000-ға жуық қоңырау түсуде. Келесі жылы бригадалар санын 150-ге дейін арттырып, медициналық жедел-жәрдем қызметін одан әрі жетілдіру жоспарланған. https://news.2gov.kz/news/zhedel-zh-rdem-yzmeti-77-k-likpen-toly-ty-
В Балхаше подвели итоги онлайн-конкурса кюев

Региональный онлайн-конкурс кюев имени народного артиста Казахстана Магауи Хамзина «Күй – құдірет» прошел в Балхаше в рамках программы «Рухани жаңғыру». Заявки на участие поступили из многих городов и районов Казахстана. Строгим жюри были отобраны 13 претендентов на победу из Балхаша, Караганды, Сарани, Бухар-Жырауского и Шетского районов, села Егиндыбулак.

В состав жюри вошли ученики Магауи Хамзина: преподаватель Детской музыкальной школы №1 города Караганды Манап Аныкбеков и Ерлан Тугелбаев, а также художественный руководитель школы-лицея №15 им. А. Бокейхана Думан Тлеубеков.

Участники конкурса должны были исполнить кюй Магауи Хамзина и одно произведение на свободную тему. Жюри после долгих совещаний присудило Гран-при Диасу Габдулле из Бухар-Жырауского района. Первое место досталось Али Жапену из Караганды. Серебро вручили тоже нашему земляку Нурдаулету Сагатбеку. Третье место между собой поделили карагандинец Асет Кенжебеков и Даулетбек Жусуп из Шетского района. Специальный приз им. М. Хамзина получил карагандинец Сеилхан Сайлауов. Все участники были награждены благодарственными письмами и поощрительными призами.

– Несмотря на то что конкурс проходил онлайн, участники очень хорошо подготовились. Даже творчески оформили место, где они записывали видео. Приятно, что заявки поступали из всего Казахстана. Присылали видео из Костаная, Алматы, Нур-Султана. Наша земля полна талантливой молодежи, – отметила главный специалист отдела культуры и развития языков Балхаша Улпан Сапаргали. https://news.2gov.kz/ru/news/v-balkhashe-podveli-itogi-onlayn-konkursa-kyuev
Күй байқауының қорытындысы шығарылды

Балқаш қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның Халық әртісі Мағауия Хамзиннің «Күй-құдірет» атты күйлердің аймақтық онлайн-байқауы өтті. Қатысуға өтінімдер Қазақстанның көптеген қалалары мен аудандарынан келіп түсті. Қазылар алқасы жеңіске Балқаш, Қарағанды, Саран қалаларынан, Бұқар Жырау және Шет аудандарынан, Егіндібұлақ ауылынан 13 үміткерді іріктеп алды.

Қазылар алқасының құрамына Мағауия Хамзиннің оқушылары - Қарағанды қаласының №1 Балалар музыка мектебінің оқытушысы Манап Анықбеков пен Ерлан Түгелбаев, сондай-ақ Ә. Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейдің көркемдік жетекшісі Думан Тілеубеков кірді.

Байқауға қатысушылар Мағауия Хамзиннің күйі мен еркін тақырыпта бір шығарма орындауы керек еді. Қазылар алқасы ұзақ кеңестерден кейін Бұқар Жырау ауданының тұрғыны Диас Ғабдуллаға бас жүлдені берді. Бірінші орын қарағандылық Әли Жапенге бұйырды. Күміс жүлдені жерлесіміз Нұрдәулет Сағатбек иеленді. Үшінші орынды қарағандылық Әсет Кенжебеков пен Шет ауданының тұрғыны Дәулетбек Жүсіп өзара бөлісті. М. Хамзин атындағы арнайы сыйлықты қарағандылық Сейілхан Сайлауов алды. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

- Байқау онлайн өткізілгеніне қарамастан, қатысушылар өте жақсы дайындалды. Олар тіпті бейнелер жазатын орынды шығармашылық өнерлерін салып безендірген. Өтінімдер бүкіл Қазақстаннан келіп түскені қуантады. Қостанай, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан бейне жолдағандар бар. Біздің өлкеміз талантты жастарға толы, - деп атап өтті Балқаштың Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ұлпан Сапарғали. https://news.2gov.kz/news/k-y-bay-auyny-orytyndysy-shy-aryldy
📝В рубрике Мнения Сакен Бельгибаев "Казахстанский кинематограф в цифрах: что и где мы будем смотреть?"

📑События 2020 года поставили отечественную киноиндустрию на паузу. В этом есть свои плюсы и минусы. И если не затрагивать экономические проблемы, то главным достижением для всей отрасли стала возможность объективно пересмотреть условия ее дальнейшего развития. Но изменится ли ситуация после карантина?

Предлагаем прочитать продолжение новой статьи, перейдя по ссылке⬇️⬇️⬇️ https://news.2gov.kz/ru/blogs/kazakhstanskiy-kinematograf-v-tsifrakh-chto-i-gde-my-budem-smotret
Министр труда обсудил с НПО подходы к разработке Кодекса соцобеспечения

Министр труда и социальной защиты населения РК Биржан Нурымбетов в рамках IX Гражданского форума Казахстана «Общество и государство: 30 лет партнерства и развития #Birgemiz» провел онлайн-встречу с профильными НПО, в ходе которой были обсуждены подходы по разработке Кодекса социального обеспечения.

В мероприятии приняли участие президент Гражданского Альянса Казахстана Бану Нургазиева, члены Общественного совета социально-трудовой сферы МТСЗН РК, представители общественности и НПО.

В начале своего выступления министр сообщил, что на сегодняшний день государство гарантирует гражданам 39 видов выплат в виде пенсий и пособий.

Особый акцент глава МТСЗН РК сделал на поддержке лиц с инвалидностью (далее – ЛСИ), которых в Казахстане насчитывается 705,5 тыс. человек.

Биржан Нурымбетов отметил, что министерством принимаются активные меры по вовлечению граждан с особыми потребностями в занятость, в том числе создаются условия по созданию доступной инфраструктуры, поддерживаются бизнес-проекты, внедряются инновационные и цифровые технологии для социализации ЛСИ и обеспечения инклюзии, упрощаются стандарты рабочих мест для ЛСИ.
Также министр проинформировал участников встречи о дальнейшем развитии Портала социальных услуг.

– В настоящее время на Портале предоставляется возможность заказа 24 из 55 видов технических средств реабилитации (далее – ТСР), не требующих индивидуального подбора, а также санаторно-курортного лечения, услуг индивидуального помощника и специалиста жестового языка. В следующем году мы планируем перевести на Портал предоставление гарантированного социального пакета, все виды ТСР и услуг, – сообщил Биржан Нурымбетов.

Кроме того, глава МТСЗН рассказал о поправках, вносимых в действующее законодательство в рамках законопроекта «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам социальной защиты отдельных категорий граждан», и мерах, принимаемых государством по содействию занятости населения.

Биржан Нурымбетов напомнил, что Глава государства в своем Послании народу Казахстана от 1 сентября 2020 года отметил необходимость формирования новой парадигмы социальной политики.

В настоящее время казахстанцам предоставляется широкий спектр мер социального обеспечения, которые регулируются 17 законами и более 100 подзаконными актами. В целях упрощения и качественного улучшения восприятия законодательство в сфере социального обеспечения будет консолидировано в единый Кодекс.

По словам главы МТСЗН РК, в рамках разработки Кодекса планируется повышение статуса социального работника.

– Система социальной службы является фрагментарной, секторальной, и, как правило, разработанные национальные стандарты в системе социальной защиты, здравоохранения и образования являются разрозненными. Кроме того, в национальном законодательстве подразумевается оказание специальных социальных услуг, что сужает понятие социальной работы. Предлагается повысить статус социального работника через расширение и законодательное закрепление прав, социальных гарантий и ограничений, обязанностей и ответственности социального работника, установления требований к этике социального работника, при нарушении которых предусмотреть дисциплинарную ответственность. Также мы планируем усилить подготовку социальных работников в вузах с основным акцентом на практические знания, – сказал Биржан Нурымбетов.

Продолжение в источнике: https://news.2gov.kz/ru/news/ministr-truda-obsudil-s-npo-podkhody-k-razrabotke-kodeksa-sotsobespecheniya
Әлеуметтік қамсыздандыру кодексін әзірлеу талқыланды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «Қоғам және мемлекет: #Birgemiz әріптестік пен дамудың 30 жылы» атты Қазақстанның IX Азаматтық форумы аясында бейінді ҮЕҰ-мен онлайн-кездесу өткізді, оның барысында Әлеуметтік қамсыздандыру кодексін әзірлеу бойынша тәсілдер талқыланды.

Іс-шараға Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, ҚР Еңбекмині Әлеуметтік-еңбек саласы қоғамдық кеңесінің мүшелері, қоғам және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Өз сөзінің басында министр бүгінгі таңда мемлекет азаматтарға зейнетақы және жәрдемақы түріндегі төлемдердің 39 түріне кепілдік беретінін хабарлады.

ҚР Еңбекминінің басшысы Қазақстанда тұратын 705,5 мың мүгедектігі бар адамды (бұдан әрі – МБА) қолдауға ерекше назар аударды.
Біржан Нұрымбетов Министрлік ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды жұмыспен қамтуға тарту бойынша белсенді шаралар қабылдап жатқанын, оның ішінде қолжетімді инфрақұрылым құру бойынша жағдайлар жасалып жатқанын, бизнес-жобаларға қолдау көрсетілетінін, МБА әлеуметтендіру және инклюзияны қамтамасыз ету үшін инновациялық және цифрлық технологиялар енгізіліп жатқанын, МБА үшін жұмыс орындарының стандарттары жеңілдетілу барысында екенін атап өтті.

Сондай-ақ, министр кездесуге қатысушыларды Әлеуметтік қызметтер порталын одан әрі дамыту туралы хабардар етті.

«Қазіргі уақытта порталда жеке іріктеуді талап етпейтін техникалық оңалту құралдарының (бұдан әрі - ОТҚ) 55 түрінің 24-іне, сондай-ақ санаторий-курорттық емдеуге, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтеріне тапсырыс беру мүмкіндігі ұсынылады. Келесі жылы біз кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы, ОТҚ мен қызметтердің барлық түрлерін порталға көшіруді жоспарлап отырмыз», – деді Біржан Нұрымбетов.

Сонымен қатар, Еңбекминінің басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы шеңберінде енгізілетін түзетулер және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша мемлекет қабылдайтын шаралар туралы айтып берді.

Біржан Нұрымбетов Мемлекет басшысының биылғы жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік саясаттың жаңа парадигмасын қалыптастыру қажеттігі атап өтілгенін еске салды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтарға әлеуметтік қамсыздандыру шараларының кең спектрі ұсынылады, олар 17 заңмен және 100-ден астам заңға тәуелді актімен реттеледі. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнама қабылдауды оңайлату және сапалы жақсарту мақсатында ол бірыңғай Кодекске жинақталатын болады.

ҚР Еңбекмині басшысының айтуынша, Кодексті әзірлеу аясында әлеуметтік қызметкердің мәртебесін арттыру жоспарлануда.
«Әлеуметтік қызмет жүйесі фрагментті, секторалды болып табылады және әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру жүйесінде әзірленген ұлттық стандарттар әрқилы болып келеді. Сонымен қатар, ұлттық заңнамада әлеуметтік жұмыс ұғымын тарылтатын арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну қарастырылған. Әлеуметтік қызметкердің құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктері мен шектеулерін, әлеуметтік қызметкердің міндеттері мен жауапкершілігін кеңейту және заңнамалық бекіту, әлеуметтік қызметкердің этикасына қойылатын талаптарды белгілеу арқылы әлеуметтік қызметкердің мәртебесін арттыру ұсынылады, оларды бұзған кезде тәртіптік жауапкершілік көзделуге тиіс. Сондай-ақ, біз жоғары оқу орындарында әлеуметтік қызметкерлерді практикалық білімге баса назар аудара отырып даярлауды күшейтуді жоспарлап отырмыз», – деді Біржан Нұрымбетов.

Жалғасы ақпарат көзінде: https://news.2gov.kz/news/leumettik-amsyzdandyru-kodeksin-zirleu-tal-ylandy
Первую операцию провели в новом инфекционном госпитале в Павлодаре

Житель областного центра был госпитализирован с желчнокаменной болезнью. Как рассказал заместитель директора по инфекционной службе областной больницы им. Г.Султанова Муслим Султанов, сейчас 42-летний пациент находится в палате интенсивной терапии нового инфекционного госпиталя.

Мужчина заболел остро и был госпитализирован в городскую больницу №3, где у него взяли мазок на КВИ.

– Результат оказался положительный, – сообщил Муслим Султанов. – Поэтому пациента перевели в инфекционный госпиталь, где и прооперировали. Операция длилась около полутора часов. В анамнезе у этого пациента операция на сердце, сделанная в 2010 году – стеноз митрального клапана.

По словам доктора, сейчас состояние мужчина соответствует степени тяжести перенесенной операции.

Напомним, новый модульный инфекционный госпиталь был построен в кратчайшие сроки и открыт в этом году. Он стал подразделением областной больницы им. Г.Султанова. Медучреждение рассчитано на 200 коек, 20 из которых – реанимационные. https://news.2gov.kz/ru/news/pervuyu-operatsiyu-proveli-v-novom-infektsionnom-gospitale-v-pavlodare
Жаңа госпитальда алғаш рет операция жасалды

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазиновтің айтуынша, жаңа орталықта операция жасау бөлмесі толықтай жабдықталған.

- Біздің жаңа инфекциялық модульді госпитальда біздің хирургтар операция жасаған алғашқы пациент бар. Қазір науқастың жағдайы тұрақты, палатаға ауыстырылды. Болашақта КВИ оң жағдайлары бар жүкті әйелдер үшін де босану бөлмесін ұйымдастыратын боламыз, - дейді Айдар Сейітқазинов.

Павлодар облысында КВИ жағдайларының саны өсуде. Бүгін 108 науқаста инфекция анықталды. Олардың 63-і симптомды, 45-і симптомсыз. ПТР зерттеулер жүргізілуде, барлық зертханалар жұмыс істейді. Қайтыс болғандар бойынша жағдай өзгерген жоқ. Ал , бір тәулік ішінде 55 пациент сауығып шықты.

- Қазіргі уақытта стационарларда 299 пациент бар. Стационарлардың жүктемесі 30 процент. Реанимациялық бөлмелердің жүктемесі - сегіз пайыз. Бұл - желдеткіште және оттегі қолдауында тұрған адамдар. Амбулаторлық деңгейде 700-ден астам пациент бақылауда, - деді басқарма басшысы.

Айдар Сейітқазинов жалпы, стационарлық көмек тұрғысынан денсаулық сақтау саласына жүктеме жоқ екенін атап өтті. https://news.2gov.kz/news/zha-a-gospitalda-al-ash-ret-operatsiya-zhasaldy