1.84K subscribers
1.15K photos
86 videos
3 files
1.64K links
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының телеграмдағы ресми арнасы
Официальный телеграм-канал Бюро национальной статистики АСПР РК

www.stat.gov.kz
www.facebook.com/kazstatgov.kz
https://www.instagram.com/statgov.kz
Download Telegram
💰Бөлшек сауда көлемі 2023 жылғы қаңтарда 1 059,1 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 20,8% жоғары.

Бөлшек саудадағы үлес:
Азық-түлік тауарлары – 27,6%
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 72,4%

Жаңалықты оқу
__________________________________
💰Объем розничной торговли за январь 2023г. составил 1 059,1 млрд тенге, что на 20,8% больше уровня соответствующего периода 2022г. Розничная реализация товаров торгующими предприятиями увеличилась на 32,6%.

Доли в общем объеме розничной торговли:
Продовольственные товары – 27,6%
Непродовольственные товары – 72,4%

Читать новость
📈Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 6,5% көбейді

Алдын ала деректер бойынша 2022 жылы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 28 311,2 млн АҚШ долларын құрап, алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 6,5% көбейді.

2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы тауарлардың импорт-экспорты:
Экспорт – 9 709,8 млн АҚШ доллары (24,3% ⬆️)
Импорт – 18 601,4 млн АҚШ доллары (0,9% ⬇️)

Жаңалықты оқу
__________________
📈Товарооборот Казахстана со странами ЕАЭС увеличился на 6,5%

Согласно предварительным данным в 2022г. товарооборот Республики Казахстан со странами ЕАЭС составил 28 311,2 млн долларов США, что в номинальном выражении больше на 6,5% по сравнению с аналогичным периодом 2021 года.

Импорт-экспорт товаров в январе-декабре 2022г.:
Экспорт – 9 709,8 млн долларов США (на 24,3% ⬆️)
Импорт – 18 601,4 млн долларов США (на 0,9% ⬇️)

Читать новость
📊Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Электрондық кесте
- 2022 жылға арналған өндіріс әдісі бойынша жалпы ішкі өнім
- Қазақстан Республикасы өнеркәсібі қызметінің негізгі көрсеткіштері
- Қазақстан Республикасындағы көлік құралдарының саны туралы
- Қазақстан Республикасындағы автобустар мен жүк көліктерінің саны туралы
- Қазақстан Республикасындағы лайықты еңбек өлшемінің статистикалық көрсеткіштері
_________________________

📊Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Электронная таблица

- Валовой внутренний продукт методом производства за 2022 год
- Основные показатели работы промышленности Республики Казахстан
- О количестве автотранспортных средств в Республике Казахстан
- О количестве автобусов и грузовых автомобилей в Республике Казахстан
- Статистические показатели измерения достойного труда в Республике Казахстан
🚗2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 449,3 мың бірлікті құрады

Оның ішінде:
87,9% – жеңіл автомобильдер
10% – жүк автомобильдері
2,1% – автобустар

2021 жылмен салыстырғанда жалпы автомобильдер саны 3,7%-ға артқан.

Жаңалықты оқу
____________
🚗По состоянию на 1 января 2023года количество зарегистрированных автотранспортных средств в Казахстане составило 4 449,3 тыс. единиц

Из них:
87,9% – легковые автомобили
10% – грузовые автомобили
2,1% – автобусы

По сравнению с 2021 годом количество автомобилей выросло на 3,7%

Читать новость
📌Жедел деректер бойынша 2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты көлем индексі (НКИ) өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 103,2% құрады

⬆️Ең үлкен өсім көрсеткен салалар:
Құрылыс – 9,4%
Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 9,1%
Көтерме және бөлшек саудада сату – 5%
Автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 5%
Көлік және қоймалау – 3,9%
Өңдеу өнеркәсібі – 3,4%

Жаңалықты оқу
_______
📌Согласно оперативным данным Индекс физического объема (ИФО) Валового внутреннего продукта (ВВП) за январь-декабрь 2022 года к январю-декабрю 2021 года составил 103,2%

⬆️Отрасли, показавшие наибольший рост:
Строительство – 9,4%
Сельское, лесное и рыбное хозяйство – 9,1%
Оптовая и розничная торговля – 5%
Ремонт автомобилей и мотоциклов – 5%
Транспорт и складирование – 3,9%
Обрабатывающая промышленность – 3,4%

Читать подробно
📊 Бүгін stat.gov.kz-те Қазақстан Республикасы тауарларының, өнімдерінің экспорттық жеткізілімдері және импорттық түсімдерінің баға индекстері туралы электрондық кесте жарияланады
______________

📊 Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована электронная таблица по индексу цен экспортных поставок и импортных поступлений товаров, продукции Республики Казахстан
⚙️2023 жылғы қаңтарда 3 653 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді

Оның ішінде:
кен өндіру саласында - 1 881 млрд тг (жалпы көлемнен 51,5%)
өңдеу саласында - 1 470 млрд тг (40,3%).

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде тіркелді, төмендеу Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында және Астана қаласында байқалды.

Жаңалықты оқу
______

⚙️На 3 653 млрд тенге произведено промышленной продукции в январе 2023 года

Из них:
горнодобывающая отрасль – 1 881 млрд тенге (51,5% от общего объема)
обрабатывающая отрасль – 1470 млрд тенге (40,3%)

Увеличение объемов производства зафиксировано в 14 регионах республики, снижение наблюдается в Актюбинской, Западно-Казахстанской, Карагандинской, Костанайской, Восточно-Казахстанской областях и г. Астана.

Читать подробно
📊 Бүгін stat.gov.kz келесі статистикалық ақпарат жарияланады

Электрондық кесте
- Қазақстан Республикасындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы
- Қазақстан Республикасындағы құрылыс жұмыстарын орындау және объектілерді пайдалануға беру туралы
- Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері
____________________

📊 Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована следующая статистическая информация

Электронная таблица
- Об инвестициях в основной капитал в Республике Казахстан
- О выполнении строительных работ и вводе в эксплуатацию объектов в Республике Казахстан
- Административно-территориальные единицы Республики Казахстан
📌2023-2025 жылдарға арналған мемлекеттік статистика мен ұлттық деректер экожүйесін дамытудың Жол картасы, жаңа статистикалық тіркелімдерді енгізу, шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дұрыстығын бағалау, интервьюерлердің еңбекақысы – бұл мәселелердің барлығы Ұлттық статистика бюросының кезекті алқа отырысында қаралды.

Алқа отырысы жайлы толығырақ
_______
📌Проект дорожной карты развития государственной статистики и национальной экосистемы данных на 2023-2025 годы, вопросы внедрения новых статистических регистров, организация мероприятий по оценке достоверности данных похозяйственного учета, оплата труда интервьюеров – эти и многие другие вопросы были обсуждены на очередной коллегии Бюро национальной статистики.

Подробности по коллегии
🧅🥕🍞Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,3%-ға, жылдық мәнде 23,6%-ға өсті

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 14 ақпан/:
Сүт 2,5% – 353 тг/л
Қант – 459 тг/кг
Сәбіз – 152 тг/кг

Толығырақ ресми сайтта
_________________
🧅🥕🍞За прошедшую неделю цены на социально-значимые продовольственные товары повысились на 0,3%, в годовом выражении – на 23,6%.

В перечень социально-значимых продовольственных товаров входит 19 наименований. Мониторинг цен проводится еженедельно. Сбор информации об изменении цен осуществляется во всех областных центрах, в городах республиканского значения и столице. Для этого выбираются объекты торговли различного типа (гипермаркеты, супермаркеты, магазины, коммунальные рынки, социальные магазины и павильоны) с широким ассортиментом товаров, расположенных в различных частях населенного пункта.

Средняя цена на некоторые товары из перечня СЗПТ по РК /на 14 февраля 2023 года/:
Молоко 2,5% – 353 тг/л
Сахар – 459 тг/кг
Морковь – 152 тг/кг

Подробнее на сайте Бюро
📈Қазақстан ашық деректер рейтингінде 48-ші орынға көтерілді

Қазақстан дүниежүзілік деректер ашықтығының Open Data Inventory (ODIN) рейтингісінде 6 позицияға көтерілді. 2020 жылы біздің ел 54-ші орында болған.
2021-2022 жылдар аралығында Қазақстанның жалпы балы деректерді қамту бойынша 57-ден 59-ға, деректердің ашықтығы бойынша 65-тен 68-ге дейін артты. Рейтинг елдің статистикалық ұсыныстарының толықтығын және олардағы ақпараттың халықаралық ашықтық стандарттарына сәйкестігін бағалайды.
Рейтинг қорытындысы бойынша Сингапур бірінші орынды иеленді, одан кейін Дания мен Финляндия.

Open Data Inventory (BDI) Дүниежүзілік ашық деректер рейтингі Open Data Watch халықаралық коммерциялық емес ұйымы тарапынан әзірленеді. ODIN ашық деректер саясатын ілгерілету, қолжетімділікті жақсарту және Ұлттық статистикалық басқармалар мен деректерді пайдаланушылар арасындағы диалогты ынталандыру үшін ресми статистиканың қолжетімділігі мен ашықтығын бағалайды.
__________________
📈Казахстан занял 48-е место в рейтинге открытых данных

Казахстан поднялся на 6 позиций во всемирном рейтинге открытости данных Open Data Inventory (ODIN). В 2020 году страна занимала 54-е место.
В период 2021-2022 годы общий балл Казахстана увеличился с 57 до 59 по охвату данных и с 65 до 68 по открытости данных. Рейтинг оценивает полноту статистических предложений страны и степень соответствия содержащейся в них информации международным стандартам открытости.
По итогам рейтинга Сингапур занял первое место, следом идут Дания и Финляндия.

Всемирный рейтинг открытых данных Open Data Inventory (ODIN) разработан и реализуется со стороны международной некоммерческой организации Open Data Watch. ODIN оценивает охват и открытость официальной статистики для выявления пробелов, продвижения политики открытых данных, улучшения доступа и поощрения диалога между национальными статистическими управлениями и пользователями данных.
♻️ Қоқыс қалдықтары бойынша деректер қалай есептеледі?

Бұл туралы "PlastNet - 2023" конференциясында бюроның қоршаған орта статистикасы басқармасының басшысы Динара Сәдуақасова айтып берді.

Маман отырыс қатысушыларын қоқыс қалдықтары бойынша деректерді жинау әдістемесімен таныстырып, сала бойынша статистикалық есеп жүргізудің маңызды тұстарына тоқталды.
Шарада пластмасса қалдықтарын қайта өңдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ қатысушылар деректерді есепке алудың проблемаларын, атап айтқанда, саладағы ашықтықтың болмауы мен заңнамадағы олқылықтар туралы да айтты.

Айта кетейік, "PlastNet - 2023" конференциясы қалдықтарды басқару жөніндегі көптеген сарапшы, бизнес пен билік өкілдерінің басын біріктіретін, қалдықтар айналымы саласын дамыту үрдістері мен перспективаларын талқылайтын алаң.
----------
♻️Как проводится работа по учету данных по отходам?

Об этом на конференции «PlastNet - 2023» рассказала Руководитель Управления статистики окружающей среды Бюро Динара Садвакасова. Она ознакомила участников с методами сбора данных по отходам и отметила важные моменты ведения статистического учета по отрасли. Особое внимание было уделено вопросам переработки отходов пластика.

Участниками также были обсуждены проблемные вопросы учета, в частности, по отсутствию прозрачности в отрасли и пробелах в законодательстве.

Отметим, конференция «PlastNet - 2023», объединила на одной площадке многих экспертов по управлению отходами, представителей бизнеса и власти для обсуждения трендов и перспектив развития отрасли обращения отходов в современных условиях.
📊 Бүгін stat.gov.kz Қазақстан Республикасындағы өнімдердің (тауарлардың) және шикізаттың жекелеген түрлерінің ресурстары мен пайдалануы туралы электрондық кесте жарияланады
_____________________
📊 Сегодня на stat.gov.kz будет опубликована Электронная таблица о ресурсах и использованию отдельных видов продукции (товаров) и сырья в Республике Казахстан
💵Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алу бағасы қалай өзгерді

2022 жылдың 4-тоқсанында коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алу 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8%-ға қымбаттады.

Мейрамханалар мен тамақтану орындарын жалға алу бағасы ең жоғары өсім көрсетті. Осылайша, қойма, мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану пункттерін жалға алу бағасы 4,1%-ға өсті.

Автокөлік жуу пункттерін жалға алу 4,3%-ға қымбаттады, одан кейін тұрмыстық қызмет көрсету, сервис пункттері – 3,8%-ға, валюта айырбастау орындары – 3,4%-ға, сауда үйлеріндегі орындар – 1,9%-ға, паркингтер – 1,5%-ға, әкімшілік-кеңсе орындары 1,4%-ға қымбаттады.
________________
💵 Как изменились цены на аренду коммерческой недвижимости

Аренда коммерческой недвижимости в 4 квартале 2022 года по сравнению с аналогичным периодом 2021 года подорожала на 1,8%.

Больше всего цены выросли на аренду ресторанов и пунктов общественного питания. Так, цены на аренду складских помещений, ресторанов и пунктов общественного питания повысились по 4,1%.

Аренда пунктов автомойки подорожала на 4,3%, далее идет пункты бытового обслуживания, сервиса – на 3,8%, обменники – на 3,4%, торговые помещения – на 1,9%, паркинги – на 1,5%, помещений административно-офисного назначения – на 1,4%.
🥔Қазақстанда картоп өндірісі өсті

2022 жылы жалпы жиналған картоп өнімі 40 804 697,5 центнерді немесе 4,1 млн тоннаны құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,2%-ға көп.

Оның ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 588 мың тонна өнім өндірді. Жеке кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары – 1,5 млн тонна, ал үй шаруашылықтарының үлесінде өткен жылы 1,9 млн тонна өнім болды.

Өндіріс көлемінің ұлғаюымен бірге картоп экспорты да өсті – 18,5%-ға. Мәселен, өткен жылдың қаңтар-қараша айларында 194,8 мың тонна картоп экспортталса, 2021 жылы 164,3 мың тонна көкөніс сыртқа жіберілген.

Ал импорт өз кезегінде 51,6%-ға төмендеді. Егер 2021 жылы сырттан 97,6 мың тонна картоп әкелінсе, 2022 жылы 47,3 мың тонна өнім импортталған.

Айта кетейік, 2022 жылы шаруашылықтардың барлық санаты бойынша картоптың егістік алқабы 198,8 мың гектарды құрады.
___________
🥔Производство картофеля в Казахстане выросло

Валовой сбор картофеля в 2022 году составил 40 804 697,5 центнеров или 4,1 млн. тонн, что на 1,2% больше в сравнении с 2021 годом. В том числе, сельскохозяйственные предприятия произвели 588 тыс. Т продукции. Индивидуальные предприниматели и крестьянские или фермерские хозяйства – 1,5 млн Т, а на долю хозяйств населения в прошлом году пришлось – 1,9 млн Т.

Наряду с увеличением производства повысился и экспорт картофеля – на 18,5%. Так, за январь – ноябрь прошлого года на экспорт было отправлено 194, 8 тыс. тонн картофеля, тогда как в 2021 году экспортировано 164,3 тыс. тонн.

Импорт в свою очередь показал уменьшение на 51,6%. Если в 2021 году импортировано 97,6 тыс. тонн картофеля, то в 2022 году завезено 47,3 тыс. тонн продукции.

Отметим, посевная площадь картофеля по всех категориях хозяйств в 2022 году составила 198,8 тыс. гектаров.
🏘Пайдалануға берілген тұрғын үй ауданының көлемі 8,8% азайды

Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 15,4 млн м2 құрады, бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,8%-ға аз.

2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі Алматы қаласында күрт азайды – 34,6%-ға, Ұлытау облысында – 29,6%-ға, Астана қаласында – 24,7%-ға.

Республикалық көлемде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің ең үлкен үлес салмағы республикалық маңызы бар қалаларда. Астанаға пайдалануға берілген барлық тұрғын үйдің 15,4%-ы тиесілі, Алматыға – 11,2%-ы, облыстар арасында Ақтөбе облысына – 8,1%-ы.

🏡Тұрғын үйлердің жалпы санынан:
- 1 540 көппәтерлі үйлер
жалпы ауданы – 8 843,9 мың м2, ⬇️ 8,5%
- 36 365 жеке тұрғын үйлер
жалпы ауданы – 6 499,8 мың м2, ⬇️ 7,4%

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда жалпы тұрғын үй алаңының 1 м2 құрылысына кеткен орташа нақты шығындар 12,2%-ға өсті.
________________
🏘Площадь, введенного в эксплуатацию жилья, уменьшилась на 8,8 %

В январе-декабре прошлого года общая площадь введенного в эксплуатацию жилья составила 15,4млн м2, что меньше на 8,8% аналогичного периода 2021 года.

Наибольший спад ввода жилья по сравнению с январем-декабрем 2021 года зарегистрирован в городе Алматы – на 34,6%, области Ұлытау – на 29,6%, г. Астана – на 24,7%.

В удельном весе в республиканском объеме ввода лидируют города республиканского значения. На Астану пришлось 15,4% от всего введенного жилья в эксплуатацию, Алматы – 11,2%, из областей – на Актюбинскую область 8,1%.

Из общего количества жилых зданий:
- 1 540 многоквартирные дома
общая площадь – 8 843,9 тыс. м2, ⬇️ 8,5%
- 36 365 индивидуальные жилые дома
общая площадь – 6 499,8 тыс. м2, ⬇️ 7,4%

Средние фактические затраты на строительство 1 м2 общей площади жилья в январе-декабре 2022г. выросли на 12,2%.

Qazstat
🛒34,8 трлн теңге — Қазақстандағы 2022 жылғы көтерме сауда көрсеткіші

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда елдегі көтерме сауда көлемі 34,8 трлн теңгені құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3%-ға көп. Оның ішінде ауылдық жерлерде оның көлемі 1,5 трлн теңгені құрады.

Көтерме сауда құрылымында азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен өндірістік-техникалық тауарлардың үлесі басым: 2022 жылдың 12 айында 27,8 трлн теңге. Ал азық-түлік тауарларының үлесі 7 трлн теңгеден асты.

Көтерме сауданың жалпы көлеміндегі жеке компаниялардың үлесі 64,9% – 22,6 трлн тг. Шетелдік компаниялардікі – 34,5% (12 трлн тг).

Көтерме сауда көлемі бойынша Алматы (13 трлн теңге) және Астана (5,7 трлн теңге) қалалары көш бастап тұр, облыстардан – Атырау (4,6 трлн теңге).
___________________________
🛒34,8 трлн тенге — показатель оптовой торговли в Казахстане за 2022 год

За январь-декабрь 2022 года объем оптовой торговли в стране составил 34,8 трлн тенге. Это на 6,3% больше по сравнению с аналогичным периодом 2021 года. Из них в сельской местности объем составил 1,5 трлн тенге.

Традиционно в структуре оптовой торговли преобладают непродовольственные товары и товары производственно-технического назначения: 27,8 трлн тенге за 12 месяцев 2022 года. А на долю продовольственных товаров в прошлом году пришлось больше 7 трлн тенге.

Из общего объема на долю частных компаний за январь-декабрь 2022 года пришлось 22,6 трлн тенге, удельный вес – 64,9%. На долю иностранных компаний – 12 трлн тенге, здесь удельный вес составил 34,5%.

По объему реализации оптовой торговли лидируют города Алматы (13 трлн. тг) и Астана (5,7 трлн. тг.), из областей – Атырау ( 4,6 трлн тенге).

Qazstat
📈Талшықты-оптикалық кабельдер өндірісі 2 есе өсті

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында Қазақстанда жалпы сомасы 8 млрд теңгеден асатын талшықты-оптикалық кабельдер шығарылды. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 127,5%-ға артық. Тек желтоқсан айында қазақстандық өндірушілер 929 661 мың теңгеге өнім шығарды, бұл өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда үш есе жуық көп.

Сонымен қатар электронды сымдар мен кабельдер өндірісі 16,1%-ға өсті. Егер 2021 жылы кәсіпорындар 883 мың км кабель шығарса, 2022 жылы 1 млн км-ден астам кабель өндірілді.
_______________________
📈В 2 раза выросло производство волоконно-оптических кабелей

С января по декабрь 2022 года в Казахстане было выпущено волоконно-оптических кабелей на общую сумму более 8 млрд тенге. Это на 127,5% больше показателей 2021 года. Только в декабре казахстанские производители произвели продукцию на сумму 929 661 тыс. тенге, что почти в три раза больше соответствующего месяца предыдущего года.

Вместе с тем выросло и производство электронных проводов и кабелей на 16,1%. Если в 2021 году предприятия выпустили 883 тыс. км кабеля, то за 2022 год произведено больше 1 млн км.

Qazstat
📈Ет консервілерін өндіру 4,6%-ға өсті

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында дайын және консервіленген ет өнімдерін өндіру көлемі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6%-ға өсті. Мәселен, осы уақыт ішінде қазақстандық кәсіпорындар 106,5 мың тонна өнім өндірді (2021 жылы – 101,8 мың тонна).

Экспорт не бары 0,9%-ға өсті. 2022 жылы 643 тонна өнім шетелге жіберілсе, 2021 жылы 637 мың тонна өнім экспортталған.

Импорт өз кезегінде 3,4%-ға төмендеді, 2022 жылы 63,3 мың тоннадан астам өнім сыртқа жіберілді.
__________________
📈Производство консервированного мяса увеличилось на 4,6%

Объёмы производства готовых и консервированных продуктов из мяса, а также мясных субпродуктов с января по декабрь 2022 года увеличились на 4,6% в сравнении с аналогичным периодом 2021 года. Так, за это время казахстанские предприятия выпустили 106,5 тыс. тонн продукции (в 2021 году – 101,8 тыс. тонн).

Экспорт увеличился всего на 0,9%. В 2022 году зарубеж было отправлено 643 тонн продукции, тогда как в 2021 году экспортировано 637 тыс. тонн.

Импорт, в свою очередь, показал уменьшение на 3,4%, в 2022 году импортировано более 63,3 тыс. тонн продукции.
🍐🍎Қазақстан алма мен алмұртты қай елдерге экспорттайды?

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында Қазақстан 4,1 мың тонна алма мен алмұрт экспорттады. Негізгі елдер – Ресей (3,1 мың тонна – жалпы көлемнің 75%-ы), Өзбекстан (616,4 тонна) және Беларус (216,9 тонна). Ең азы – Қырғызстанға:37 тонна. Жалпы ТМД елдеріне 4 мың тоннадан астам жеміс экспортталды. Әлемнің басқа елдерінің арасынан Моңғолияға 141 тонна алма мен алмұрт жеткізілді.

Осы кезең аралығында 113,5 мың тонна алма мен алмұрт импортталды. Мұндағы ТОП 3 мемлекет: Польша – 62 мың тонна (импорттың жалпы көлемінің 54,8%), Өзбекстан – 17 мың тонна және Иран – 10 мың тонна.
________________
🍐🍎В какие страны экспортирует Казахстан яблоки и груши?

В январе-декабре 2022 года Казахстан экспортировал 4,1 тыс. тонн яблок и груш. Основные поставки пришлись на Россию (3,1 тыс. тонн – 75% от всего объема), Узбекистан (616,4 тонны) и Беларусь (216,9 тонны). Меньше всего экспортировано в Кыргызстан – 37 тонны.

В целом в страны СНГ экспортировано свыше 4 тыс. тонн фруктов. Из остальных стран мира Казахстан экспортировал в Монголию 141 тонну яблок и груш.

Импортировано было за этот же период 113,5 тыс. тонн яблок и груш. ТОП-3 поставщиками оказались Польша – 62 тыс. тонны (54,8% от всего объема импорта), Узбекистан – 17 тыс. тонны и Иран – 10 тыс. тонн.
🧅🥕🍞Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,3%-ға, жылдық мәнде 23,7%-ға өсті.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 21 ақпан/:

Өсімдік майы – 903 тг/л
Рожки – 309 тг/кг
Күріш – 376 тг/кг

Электронды кесте
________________
🧅🥕🍞За прошедшую неделю цены на социально-значимые продовольственные товары повысились на 0,3%, в годовом выражении – на 23,7%.

В перечень социально-значимых продовольственных товаров входит 19 наименований. Мониторинг цен проводится еженедельно. Сбор информации об изменении цен осуществляется во всех областных центрах, в городах республиканского значения и столице. Для этого выбираются объекты торговли различного типа (гипермаркеты, супермаркеты, магазины, коммунальные рынки, социальные магазины и павильоны) с широким ассортиментом товаров, расположенных в различных частях населенного пункта.

Средняя цена на некоторые товары из перечня СЗПТ по РК /на 21 февраля 2023 года/:

Подсолнечное масло – 903 тг/л
Рожки – 309 тг/кг
Рис – 376 тг/кг

Электронные таблицы