Жаңалықтар - Stan.kz
15.2K subscribers
5.59K photos
3.43K videos
10 files
10.1K links
Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.

Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot
Download Telegram
"Жеке жұмыстарына жұмсады": Балқашта басшы мен жас хатшының арасындағы кикілжің қоғамдық талқылауға түсті

Балқаш қалалық мәслихат аппаратында қызмет ететін бойжеткен басшысы Рымкүл Жақыпбекованың үстінен шағым түсірді. Қыз бастығының қызметкерлерді өз мақсатына пайдаланғанына наразы болды: оны дүкенге азық-түлікке, банкке, коммуналдық қызметтерді төлеуге жіберген. Сонымен қатар, Рымкүл Жақыпбекова қызметкерлерді күнде таңертең кеңсесіне келіп, сәлемдесуге мәжбүрлеген. Қыздың сөзін әріптестері де қолдаған.

Алайда Жақыпбекова өз кінәсін мойындамады. Ол Әдеп жөніндегі кеңес мүшелеріне интриганың құрбаны болғанын айтты.

Мемлекеттік қызметшінің айтуынша, мәслихаттың жаңа хатшысы Асхат Мүслімов қарамағындағыларды өзіне қарсы қойып отыр.

"Мәслихат хатшысы мәслихатымыз дамуы үшін бәрін жасауы керек, бірақ ол жұмысымызды құртты. Қаламыз кішкентай. Оның қандай адам екенін білеміз. Өз ұйымдарындағы қызметкерлерге де солай істейді. Кадрлық ауыс-түйіс көп. Ол мемлекеттік қызметте де осындай істеуге болады деп ойлайды. Бірақ бұл мүмкін емес. Мен оған бұл туралы айттым. Бұрын менің командамда бұлай болмаған. Менің ұжымым тату, жақсы болды. Мен 20 жылға жуық жұмыс істеп келемін. Ал олбарлығын маған қарсы қойды", - деді шенеунік.

t.me/stankznews
Бибісара Асаубаева әйелдер арасында Азияның үздік шахматшысы атанды

"Кеше ФИДЕ марапаттау рәсімі өтті – 15-ші әлем чемпионы Вишванатан Ананд маған "Әйелдер арасындағы Азияның үздік шахматшысы 2021" марапатын табыс етті. Менің еңбегімді бағалаған ФИДЕ-ге рахмет", - деді шахматшы.

Маңызды марапатқа ие болған Бибісара Асаубаеваны Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтап, жаңа спорттық жетістіктер тіледі.

t.me/stankznews
Нұр-Сұлтанда анасы балабақшаға бір ай қалдырған бүлдіршін көз жұмды: Сот шешімі белгілі болды

Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты балабақшаға қызын өткізіп, бір ай бойы келмеген әйелдің ата-аналық құқығын шектеді.

"Нұр-Сұлтан қаласының білім бөлімі" ММ-нің азаматша К.-ға қатысты талап арыз беріп, әйелді үлкен қызына қатысты ата-ана құқығынан айыруды және алимент өндіруді талап етті.

Арызда келтірілген ақпараттарға сәйкес, сотталушы кенже қызын үй ішінен рұқсатсыз жұмыс істеген жеке балабақшаға тәулік бойы қарауға берген. Әйел балабақшаның ақысын төлемеген, қызына бір айдан астам уақыт келмеген. Ал үлкен қызы әжесінің қамқорлығында болған.

2022 жылдың сәуір айында әйелдің қызы балабақшада көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Бала көптеген дене жарақаттарын алған.

t.me/stankznews
Елордалық сот ерекше сот ісін қарады. Күйеу жігіттің ата-анасы бұрынғы құдаларынан қалың мал мен сыйлықтарды қайтаруды талап етті.

Ерлі-зайыптылар 2021 жылдың сәуір айында ажырасқан. Осыдан кейін күйеу жігіттің ата-анасы бұрынғы құдаларын сотқа беріп, қалың малды, атап айтқанда "Сырға салу" салтанатында сыйға тартылған тон, зергерлік бұйымдар мен костюмдерді қайтаруды сұраған.

"Талап қанағаттандырылмады. Сот қалың мал ретіндегі ақшаны және заттарды сыйға тартқан деп қорытындылады және оларды жауапкерден талап етуге негіз жоқ деп шешті. Оның үстіне, бұл заттарды жауапкер ғана емес, арызданушылар да алған”, – деді соттың баспасөз қызметінде.

Ер адамның ата-анасы шешіммен келіспей, апелляция берді. Алайда апелляция олардың талаптарын қанағаттандырмады. Заңда сыйлықтарды қайтару рәсімі қарастырылмаған.

t.me/stankznews
Қытайдың Халық-азаттық армиясы ауқымды жаттығулардың үшінші күні Тайваньға 20 ұшақ пен 14 әскери кеме жіберді. 

Бейжің төрт J-11 және J-16 жойғыштарын, он Су-30 ұшағын, сондай-ақ Y-20 ауыр әскери көлік лайнері мен Y-8 сүңгуір қайықтарға қарсы ұшағын жібергені нақтыланды.

Тайвань өз кезегінде жағдайды бақылау үшін әуе патрульін жіберді, сонымен қатар зениттік-зымырандық кешендерді орналастырды.

t.me/stankznews
Оралда кәсіпкерді өлтіріп кетті

Оған автотұрақта бірнеше рет пышақ сұққан. Ер адам жедел жәрдем жеткенше көз жұмды.

Полиция күдіктіні анықтады, іздестіріп жатыр.

Қайтыс болған ер адам – қаладағы белгілі бизнесмен, бірнеше дәмханасы мен мейрамханасы бар.

Видео: @uralsk404

t.me/stankznews
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыдағы қайғылы оқиға орын алды. Пәтерлердің бірінен әйел мен екі кішкентай баланың денесі табылды.

Жұмыс сапарынан оралған күйеуі пәтерге кіргенде қайғылы жағдайға куә болған.

Әлеуметтік желілерде анасының балаларымен бірге өз-өзіне қол жұмсағаны айтылуда.

Полиция оқиғаның "Мамыр" шағын ауданында болғанын растады. 34 жастағы әйел мен 7 және 2 жастағы екі бала көз жұмған.

t.me/stankznews
🏅 Қазақстан 17 жылдан кейін байдарка және каноэден есуден әлем чемпионатында жеңіске жетті

Канадада өтіп жатқан әлем чемпионатында байдарка және каноэден есуден Қазақстан командасының өкілі Виктор Степанов жеңіс тұғырынан көрінді.

Ол каноэмен 200 метр қашықтыққа есуден күміс медаль иеленді.
Бұған дейін Қазақстан намысын қорғаған спортшы Жомарт Сатыбалдин 17 жыл бұрын жеңіс тұғырынан көрінген еді. Жомарт 2005 жылы Степанов сияқты дәл осы қашықтықта үшінші орынды иеленген болатын.
Оралда кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілердің суреті жарияланды

«Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті 2022 жылдың 6 тамызында сағат 19.55 шамасында аса ауыр қылмыс жасаған 1991 жылы туған Қожантаев Руслан Фархатұлы, 2001 жылы туған Амангелді Тұрлан Сырлыбайұлына іздеу жариялайды. Махамбет көшесіндегі 15-ғимаратта адам өлтіріп, оқиға орнынан ізін суытқан» - делінген хабарламада.

Полиция департаменті егер күдіктілер болуы мүмкін немесе нақты орналасқан жері туралы ақпарат болса, 102 пультіне немесе 98-45-30 телефоны арқылы хабарлауды сұрады.

Бұл қылмыс БҚО ПД басшылығының күнделікті ерекше бақылауында.

t.me/stankznews
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Оралда танымал бизнесменді өлтірген сәт видеоға түсіп қалды

Желіде кафеде бизнесмен Еркін Мұсангалиевке шабуыл жасаған сәттің видеосы таралуда. Кадрден күдіктілердің бірінің оның мойын тұсына бірнеше рет пышақ жарақатын салғанын байқауға болады.

Кәсіпкер жараланса да терезеден секіріп, қашқан. Алайда күдіктілер оны қуып жетіп, ақыры өлтіріп тынған.
Бүгінде Мұсанғалиевті өлтірді деген азаматтарды БҚО полициясы толық құраммен іздеп жатыр.

Абайлаңыз! Видеоны балаларға және жүйкесі әлсіздерге көруге болмайды

t.me/stankznews
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Әлеуметтік желіде «желаяқ» полицейдің видеосы қызу талқыға түсті.

Полицей жол жүру ережесін бұзған мопед жүргізушісін жаяу қуып жеткен. Тіпті тоқтату үшін желкесінен ұрып жібергенін көруге болады. Желі қолданушылары тәртіп сақшысының физикалық дайындығы жоғарғы деңгейде бағаласа, енді бірі полицейлердің жаңа формасының ыңғайлы екенін атап өтті.

Не дегенмен, Қазақстанда жүгіруде алдына жан салмайтын полицейлер бар екен.

t.me/stankznews
Қостанай облысында терезеден шығып кеткен 5 жасар қыз 2 тәуліктен бері табылмай жатыр. Мәдина таңғы 5 шамасында Жамбыл ауылындағы үйінен шығып, қайтып келмеген. Үстінде тек іш киімі болған. Әрі бүлдіршін мүлде сөйлей алмайды.

Қыздың анасының айтуынша, 5 жастағы Мәдина 18 және 13 жастағы үлкен әпкелерінің қарауында болған. Таңертең қыздар оянғанда сіңлісін таппай қалған. Бүлдіршін терезеден шығып кеткен.

t.me/stankznews
Жаңалықтар - Stan.kz
Оралда танымал бизнесменді өлтірген сәт видеоға түсіп қалды Желіде кафеде бизнесмен Еркін Мұсангалиевке шабуыл жасаған сәттің видеосы таралуда. Кадрден күдіктілердің бірінің оның мойын тұсына бірнеше рет пышақ жарақатын салғанын байқауға болады. Кәсіпкер…
Полицейлер кәсіпкердің өліміне тұрмыстық мәселе себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Сөздерінше, марқұм жұмысшыларына жалақы төлемей, көпшілігіне қарыз болып қалған. Ал күдіктілер кәсіпкердің қол астында жұмыс істеген.

Қазіргі уақытта күдіктілер әлі іздестіріліп жатыр. Полиция іздеу жұмыстарына Ұлттық ұлан сарбаздарының жұмылдырылғанын хабарлады.

t.me/stankznews
Алматы облысында ірі жол апаты орын алды. Салдарынан 5 адам ажал құшып, кәмелет жасқа толмаған 3 бала зардап шекті.

Қазір оқиғаның себебі анықталуда.
Болжам бойынша, Audi көлігін тізгіндеген жүргізуші рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен.

t.me/stankznews
Қазақстанда жыл басынан бері пәтер бағасы 20%-ға өскен. Оның ішінде жаңа пәтерлер 19,6%-ға қымбаттаса, екінші нарықтағы пәтерлер 26,4%-ға қымбаттады.

Пәтерді жалға алу құны да шарықтап тұр: 1 жылда жалдау құны 20,8%-ға өскен.

t.me/stankznews
Оралда кәсіпкер Еркін Мұқанғалиевті пышақтап өлтірген күдіктілер ұсталды.

Айта кетейік, күдіктілердің бірі 1991, екіншісі 2001 жылы туған.

t.me/stankznews
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тойда қаппен қант ойнату - дәстрүрлі ойын түріне айналып кеткендей

Видеодағы әйел 25 кг қант ұтып алу үшін, бір қап шекерді көтеріп, 30 рет отырып-тұрған. Есесіне, енді дағдарыстан қорықпайды. Ал сіз қант сыйлаймын десе неге істеуге дайынсыз?

t.me/stankznews
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Петропавлда кішкентай қыз автобустың астына түсе жаздады

Кішкентай қыз автобустың “қызыл” белгісі жанғанына қарамастан, жолдың келесі бетіне өтпек болған. Абырой болғанда, ол дін аман. Оқиға жолдағы көліктердің бірінің бейнебақылау камерасына жазылып қалды.

t.me/stankznews
Суға кеткен миллиондар...

Нұр-Сұлтанда "ЭКСПО-2017" көрмесі аумағында орналасқан қос ғимарат толассыз жауыннан кейін су астында қалды. Желі қолданушыларының сөзінше, Hilton Astana ультразаманауи қонақ үйін су басуға байланысты адамдар эвакеуацияланған. Ал Astana IT University төбесі су кету салдарынан опырылып түскен.

t.me/stankznews