Жаңалықтар - Stan.kz
14K subscribers
6.55K photos
4.01K videos
14 files
11.9K links
Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.

Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бразилияның Петрополис қаласында толассыз жауған жаңбыр салдарынан сел жүрді. Салдарынан 23 адам мерт болған. Олардың денесі өзен деңгейі төмендеген соң табылды. Қалада төтенше жағдай жарияланып, құтқару жұмыстары жалғасуда.

t.me/stankznews
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов Назарбаевтар отбасына тиесілі офшорлық ақшаның заңдылығы тексеріліп жатыр ма деген сұраққа жауап берді. Оның сөзінше, бұл үшін алдымен қылмыстық іс қозғалуы қажет екен.

"Ол үшін қылмыстық іс қозғалып, ақшаның қылмыстылығы анықталуы керек. Егер басқа мемлекетте екені анықталса (…), тек осыдан кейін ғана – ол мемлекет салмақты дәлелдер ұсынғаннан кейін тексеруге болады. Қазір тексеріс жүргізіліп жатқан жоқ. Қылмыстық іс те өндірісте жоқ", - деді Ахметжанов

t.me/stankznews
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қарағандыда бензин тасымалдайтын көлік аударылып, екі тонна жанармай төгілген. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер өрттің алдын алу үшін жолға механикалық көбік құйған. Зардап шеккендер жоқ.

t.me/stankznews
Қылмыстық-атару жүйесі комитетінің басшысы Жанат Ешмағамбетов азаптауға қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, ақпарат кеңістігінде тараған мұндай ақпарат жалған әрі шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар ол азаматтардың тұтқындалғанға дейін, тәртіпсіздіктер кезінде жарақат алғанын қосып өтті.

"Қазіргі таңда ақпарат кеңістігінде тергеу изоляторлары қабырғасында азаматтарды азаптап жатқаны жөнінде жалған мәліметтер көптеп тарауда. Бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын, қоғамды жаңылыстырып, шын болған оқиғаны бұрмалау екенін мәлімдейміз. Ашып айтқанда, Алматы изоляторларында орта ғасырлық инквизиция секілді азаптау камерасы бар екені туралы жалған және бос сандырақ тараған", - деді Қылмыстық-атару жүйесі комитетінің басшысы Жанат Ешмағамбетов.

t.me/stankznews
Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейінгі Президент резиденциясының көрінісі. Ғимаратты жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

t.me/stankznews
Қазақстанның ішкі істер министрлігі қаңтар оқиғалары кезінде орын алған тәртіпсіздіктердің жаңа бейнежазбасын жариялады. Бұл кадрлар ішкі істер министрлігі мен бас прокуратура өкілдерінің қатысуымен орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте көрсетілді.

t.me/stankznews
Алматы облысында 19 адам дөнерден жаппай уланған. Оқиға 29 қаңтарда болған. Зардап шеккендердің барлығы Бесағаш ауылындағы дәмханалардың бірінде дөнер жеген екен. Кешке олар өздерін нашар сезінген. Аталған деректен кейін Қылмыстық кодекстің 304-бабы бойынша іс қозғалды.

t.me/stankznews
Атырау облысы Құлсары қаласында үш баланың анасы өзін тыныштандыру үшін ай сайын бір мысықтан өлтіріп отырған. Асылып тұрған мысықтарды өткен жылдың қарашасында әйелдің көршісі байқаған.

Оқиғадан кейін Қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша іс қозғалған. Алайда ақпан айында әйелдің амнистия туралы заңның қолданылуымен жазадан құтылғаны белгілі болды.

t.me/stankznews
6 қаңтарда Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде бастары шабылған екі полицейдің денесі табылғаны туралы хабарланған еді. Алайда қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов бұл ақпаратты жоққа шығарды.

t.me/stankznews
2022 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан мектептерінде «Өзін-өзі тану» міндетті пән емес, таңдау пәні ретінде оқытылмақ.

«Өзін-өзі тану» жобасының авторы – Сара Назарбаева. Ал жеке пән ретінде 2010-2011 оқу жылында енгізілген еді.

t.me/stankznews
Ал сіз бұл бастаманы қолдайсыз ба?
Anonymous Poll
70%
Иә, қолдаймын
30%
Жоқ, қарсымын
Маңғыстау облысында ереуілге шыққан «ӨзенМұнайГаз» кәсіпорыны жұмысшыларының жалақысы 30%-ға көтерілетін болды. Бұл туралы “ҚазМұнайГаз” Ұлттық компаниясы” АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев мәлімдеді. Оның сөзінше, биыл жалақы бұдан артық өспейді. Дегенмен жұмысшылар айлықтарын 50-60% көтеруді талап еткен еді.

t.me/stankznews