Жаңалықтар - Stan.kz
16.1K subscribers
10.8K photos
7.82K videos
18 files
20.4K links
Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.

Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot
Download Telegram
Жаңалықтар - Stan.kz
🌹 Мүмкін болса қызғалдақ жұлмаңыз Әйтпесе 13 миллион теңгеге дейін айыппұл төлеуіңіз мүмкін. Мамандардың айтуынша, сирек кездесетін өсімдіктерді жинауға ғана емес, оны сақтауға, тасымалдауға және сатуға да тыйым салынады. Заңбұзушылар мынадай жаза арқалайды:…
Енді бақбақты да жұлмауға тырысыңыз‼️

Себебі 13 миллион теңгеге жуық айыппұл арқалауыңыз мүмкін. Елде Виталий бақбағы және көк-сағыз бақбағын жұлуға, жинауға немесе зақымдауға тыйым салынған. Себебі бақбақтың кейбір түрлері Қызыл кітапқа енгізілген. Егер ғайыптан тайып, ереже бұзсаңыз 3000 АЕК, яғни 12,9 миллион теңге айыппұл арқалайсыз.

t.me/stankznews
🌚7😁53🤯1🤬1👀1
"Жалған студенттер" мен 1,3 млрд теңге...

Бұл Шымкенттегі екі колледжде болған жағдай. Оқу орындары 5 жыл бойы “жалған студенттер” арқылы бюджеттен 1,3 млрд теңге алып отырған. Қомақты жымқыру ісі "Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі" мен "Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржы колледжінде" болған.

Тергеу мәліметінше, студенттер колледжге тек құжат жүзінде қабылданып, іс жүзінде оқымаған. Салдарынан оқу орындары мемлекеттен грант пен түрлі бағдарламалар арқылы ақша алып келген.

Тіпті колледждердің бірі мүлде жұмыс істемеген. Тек бюджет қаржысын алу үшін пайдаланылған.

Ең қызығы, схеманы ұйымдастырған адам 3 жыл бойы түрмеде отырып, сол жақтан басқарған.

Күдіктілер 65 миллион теңге көлеміндегі залалды ерікті түрде өтеген. Одан бөлек сот санкциясымен 3 пәтерге, оның ішінде Дубай қаласындағы пәтерге, 3 тұрғын үйге және 3 автокөлікке тыйым салынған.

Екі адам қамауға алынды, тағы үш күдіктіге елден шығуға шектеу қойылды. Іс сотқа жолданды.

t.me/stankznews
🤬12🤡2💩1👻1
Жаңалықтар - Stan.kz
LRT әлі ашылмады, бірақ екінші желісінің іргетасы құйылды Екінші желі Қосшыға дейін созылады. Мұны City Transportation Systems компаниясы хабарлады. Енді Қосшы қаласы бағытына қарай 300-ден астам тірек тұрғызылады. Оған қоса 538 темірбетонды құрастырмалы…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақыры LRT іске қосылады...

Осы апта соңы, яғни 16-17 мамыр күндері елордада LRT пойыздары қатынай бастайды.

Пойыздар ұзындығы 22,4 шақырым болатын бағытта жүреді. Желіде 18 станция бар. Оның ішінде әуежай, “Нұрлы жол” вокзалы, Бәйтерек, Министрліктер үйі мен Ұлттық музей қамтылған.

LRT күн сайын таңғы 06:00-ден кешкі 23:00-ге дейін жұмыс істейді. 600-ден астам жолаушы тасымалдайды. Сағатына 80 шақырымға дейін жылдамдықпен қозғалады.

t.me/stankznews
🎉62😁2
Биыл еліміздің төрт өңірінде су тапшы болмақ

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында су тапшылығы қаупі төніп тұр.

Ал су ресурстары министрлігі тапшылықтың алдын алу үшін қандай шара қабылдап жатқанын айтты. Министрлік мәліметінше, қазір елдегі су қоймаларында 26,2 миллиард текше метр су бар. Ал егістікке 11 миллиард текше метр су бағыттау жоспарланып отыр екен. Оған қоса берілетін суға лимит енгізілген.

t.me/stankznews
2👍2
Жаңалықтар - Stan.kz
Талғарда тағы да кісі өлімі... Бұл жолы 20 жастағы жігіт бір топ адамның қолынан қаза тапты. Марқұмның әпкесінің сөзінше, бауырына досының тойынан кейін 10-нан аса жігіт шабуыл жасаған. Оған пышақ сұғып, жігіт оқиға орнында көз жұмған. Ал полиция екі…
💔🥀 Талғарда тағы бір жастың өлімі...

Бұл жолы 24 жастағы жігіт қыршыннан қиылды. Ол ағасымен бірге әкесінің қабіріне барып құран бағыштап, қайтып келе жатқан. Олардың жолын көлікте отырған үш жігіт бөгеген. Жігіт олардан жолды босатуды сұраған. Алайда олар "керек болса айналып өт" деп атқан. Марқұм жанжалдаспай үйіне қайтып кеткен. Алайда әлгі үшеу соңынан еріп келіп, жігіт көліктен шыққан сәтте оны өкпе тұсынан пышақтаған.

Ауыр жарақат алған жігіт ауруханада көз жұмды. Марқұмның соңында бір жасқа енді толған 2 қызы қалды.

Полиция үш күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

t.me/stankznews
🤬17💔10🤯3😢21
Жаңалықтар - Stan.kz
Атырауда бүтін бір отбасыны өлтірді деген күдікті кінәсін мойындады – БАҚ Атырау қаласында Жангелдин ауылындағы отбасының өліміне қатысты іс бойынша тергеу аяқталды. Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев кінәсін мойындап, қазір тергеу изоляторында сотты күтіп жатыр.…
18 мамырда Атыраудағы атышулы іс бойынша сот басталады

Сот отбасы мүшелерін түгел өлтірген күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты. Іс бойынша сот отырысы 18 мамыр сағат 11:00-ге белгіленген.

Істі өмір бойына соттау жазаларын шығарумен танылған судья Зарема Хамидуллина қарайды.

Бұған дейін ол Яна Легкодимованың ісін жүргізген. Ол кезде айыпталушылар өмір бойына сотталған.

t.me/stankznews
10
Қазақстан әуежайлардың отын инфрақұрылымын не үшін жаңартып жатыр?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде ірі әуе хабтарын құруды тапсырған болатын. Бұл тапсырма аясында Қазақстанда отын құю инфрақұрылымын жаңғыртудың ауқымды жұмыстары басталды. Бүгінде отын инфрақұрылымы жай ғана техникалық жұмыс емес, елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын стратегиялық факторға айналып отыр.

Даму моделі рөлдерді нақты бөлуді қажет етеді. Әуежайлар тек жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсетуге ден қойып, отын бизнесіне араласпауда. Ал отын құюды бір-бірімен бәсекелес операторлар жүзеге асырып, бағаны тартымды етіп отыр. Инфрақұрылымға инвестицияны трафиктің артуын қалайтын отын компаниялары қамтамасыз етуде. Сол арада мемлекет стратегияны айқындап, үйлестіру жүргізуді өз мойнына алған. Президент тапсырмасын орындау жұмысына Үкімет қолдау көрсетіп, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы ат салысып жатыр.

Мұндай бірлескен жұмыстың тиімді екені іс жүзінде өз дәлелін тауып отыр: салалық көрсеткіштер өсіп, жүк айналымы мен транзит ұлғайып жатыр. Сонымен қатар инфрақұрылым да дамып келеді: халықаралық санаттағы Jet A-1 отынын сақтауға арналған отын құю кешендері мен мұнай базалары салынуда. Бұл халықаралық тасымалдаушылар мен транзитке қатысты бәсекеде Қазақстанның тартымдылығын арттырады.

Оның үстіне Қазақстан Орталық Азиядағы отын бағасы арзан елдер қатарынан көрініп отыр. Заманауи инфрақұрылым мен отын құюдағы тиімді бағаның үйлесімі транзиттік трафик пен халықаралық тасымалдаушылар үшін күрестегі басты артықшылыққа айналуда.

t.me/stankznews
👍82
Жаңалықтар - Stan.kz
Өскеменде зауыттағы жарылыс: "Қазцинк" қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына өтемақы төлейді "Қазцинк" өз міндеттемелеріне сәйкес жерлеу рәсімін ұйымдастыруды, отбасыларға заңмен белгіленген сақтандыру төлемдерінен басқа қаржылық қолдау көрсетуді жалғастырады…
Зауыттағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір жұмысшы ауруханада көз жұмды 💔🥀

Осылайша "Қазцинк" зауытындағы жарылыстан қаза тапқандар саны үшеу болды. 1980 жылы туған ер адам ауыр жарақат салдарынан қайтыс болды. Оның денесінің 90%-ын күйік шалған екен. Дәрігерлер 8 мамыр күні оның есін білетінін айтқан еді.

Қазір тергеу жалғасып жатыр.

Бұған дейін екі адам қаза тапқан еді. Олардың бірі - Ержан Камалиев. Марқұм 7 мамыр күні жерленді. Оның артында үш баласы қалды. Екінші қаза тапқан жұмысшы екі қыздың әкесі Олжас Рамазанов.

t.me/stankznews
💔4😢1
"Етеккір салығы"...

Әйелдерге арналған гигиеналық құралдарға Қосылған құн салығын алып тастау туралы петиция жарияланды. Петиция ePetition платформасында орналасқан. Онда тампон, төсеме және әйелдерге арналған басқа да гигиеналық құралдарға салынатын қосылған құн салығын (ҚҚС) алып тастау сұралған. Автор мұны “етеккір салығы” деп атаған.

Есеп бойынша, елімізде әйелдер гигиеналық құралға айына орта есеппен 6 750 теңге жұмсайды.

Салыстыру үшін:

🔶 Ұлыбритания бұл салықты 2021 жылы алып тастады;

🔶 Австрия биыл 1 қаңтардан бастап күшін жойды.

Петицияны Ұлттық экономика министрлігі қарастыруы үшін 50 мың дауыс жинауы қажет.

Ал сіздер бұл петицияны қолдайсыздар ма?🤔

t.me/stankznews
8😁4👏3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Оқушы мұғалімін ұрып тастаған...

Оқиға биыл қаңтар айында Алматы облысы Шамалған ауылында болған. Желіде оқиға орнынан видео тарады. Кадрдан оқушының ересек адамды қуалап жүріп ұрғанын көруге болады.

Полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Ал жасөспірім ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілген. Іске қатысты материалдар кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға жолдануы мүмкін. Ол жерде оқушыны профилактикалық есепке қою мәселесі қаралады.

t.me/stankznews
👎9🤬6👏2🤨2😡2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
"Мені тоқтатуларың қате ғой"

Мұны Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары полицейлерге айтқан. Шенеунік полицияның тоқтау туралы талабына бағынбаған. Көлік тоқтаған соң жүргізуші патрульдік көлікке отырудан дөрекі түрде бас тартқан.

Сол сәтте көліктегі жолаушы, яғни аудан әкімінің орынбасары полицейге: "Мені тоқтатуларың қате ғой. Дамир, сенімен сосын сөйлесеміз. Қоқан-лоқы жасап тұрған жоқпын" деп айтқан.

Полиция жүргізушінің әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты. Ал шенеуніктің кінәсі жоқ болып шықты. Тіпті оның айтқан сөздері тексеріліп, тексерілмейтіні белгісіз.

t.me/stankznews
🤣11🤬84👎1
Тоқаев Қазақстан мектептеріне жасанды интеллект енгізуді тапсырды

Үкімет кешенді жоспар дайындап, пилоттық жобаны 2026 жылы іске қосуы тиіс.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізу туралы жарлыққа қол қойды.

2026 жылғы 1 шілдеге дейін үкімет 2026–2029 жылдарға арналған орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізудің кешенді жоспарын бекітуі қажет.

1 маусымға дейін үкіметке Жасанды интеллектті дамыту жөніндегі кеңес мүшесі Ли Кай-Фуұсынған ұсынымдарды пайдаланып, мектептерде пилоттық жобаны іске қосу бойынша ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.

1 тамызға дейін билік мектептерді техникалық тұрғыда жабдықтап, тұрақты жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етуі тиіс.

t.me/stankznews
👍4💩2❤‍🔥1
🇰🇿“Қазақстанда жасалған”: Маркетплейстер отандық тауарларға басымдық беруге міндеттеледі

Сауда және интеграция министрлігі отандық тауарларды офлайн-бөлшек саудада да, электронды коммерцияда да ілгерілету талаптарын күшейтіп жатыр.

Маркетплейстер үшін қазақстандық өнімдерді іздеу нәтижелерінде басым көрсету және "Қазақстанда жасалған" арнайы бөлімдерін құруға міндеттеледі.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сауда нысандарында қазақстандық тауарлардың үлесі кемінде 30 пайыз болуы тиіс.

Бұдан бөлек, "Даму" қорының қолдау бағдарламалары аясында сөре кеңістігінің тағы 20 пайызына дейін отандық өнімге бөлінуі мүмкін.

t.me/stankznews
👏11
✈️“800 мыңның орнына 14 мың теңге қайтарған”: Жетісу облысында әуе билеттеріне қатысты дау туындады

Жетісу облысының тұрғындары Астана бағыты бойынша алдын ала 16 әуе билетін сатып алған. Сатып алудың жалпы құны 765 248 теңгені, ал бір билеттің бағасы 47 828 теңгені құрады.

Тұтынушылар жоспарлары өзгергендіктен, билетті кері қайтарған.

Алайда қайтару рәсімделгеннен кейін толық соманың орнына тұтынушыларға небәрі 14 840 теңге өтемақы берілген.

Мұндай шарттармен келіспеген Жетісу тұрғындары қорғау департаментіне жүгінді.

Департаменттің араласуынан кейін тұтынушыларға 765 248 теңге толық көлемде қайтарылды.

t.me/stankznews
👏7🤬42
Полицейді шапалақпен ұрған қазақстандық екі жылға сотталды

Жетісу облысы Қаратал ауданында полиция қызметкеріне шабуыл жасаған жергілікті тұрғынға сот үкімі шықты.

Учаскелік полиция инспекторы "102" пультіне түскен шақырту бойынша оқиға орнына барған.

Айыпталушы полицейдің бет тұсынан бірнеше рет алақанымен ұрып, қызметтік бейнежетонын жұлып алған. Сондай-ақ оның погондарын бүлдірген.

Сот оған екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сонымен қатар сотталған азамат мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды. Мемлекетке келтірілген материалдық шығын толық көлемде өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

t.me/stankznews
👍52👎1