SPK Baikonur
535 subscribers
398 photos
62 videos
66 links
«Байқоңыр» әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясы
Download Telegram
«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысы талқыланған мәжіліс өтті.

Аймақ басшысы жоба шеңберінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, сала жетекшілеріне тапсырма жүктеді.

Аталған бағдарлама өнім өндірумен қатар, оны өткізу мәселесін шешеді. Басымдық өңірдің ерекшелігіне қарай өндірістік жобаларға беріледі. Ал мал шаруашылығына қатысты жобаларға асылтұқымды мал сатып алу талабы қойылады.

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша 1 томат пастасы цехы, 34 жылыжай ашылып, 671 асылтұқымды төрт түлік алынды. Сондай-ақ, 21 сүт және ет өнімдері өндірісі іске қосылып, 66 ауыл шаруашылығы техникасы әкелінді. Оған қоса 14 балық, 18 құс шаруашылығы өркен жайды. Жоба қатысушыларының арасынан 38 адам кондитер және нан өнімдерін пісірумен айналысады, 3 гидропоника, 7 жиhаз, 34 пластикалық өнімдер мен құрылыс материалдары өндірісі, 98 қызмет көрсету орны ашылды.

Биыл 575 жобаны іске асыру, 610 жұмыс орнын ашу көзделуде.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ХАЛЫҚ СҰРАНЫСЫ ОРЫНДАЛДЫ

Қаламыздағы Ақмешіт мөлтек ауданы №16 үй жанындағы әлеуметтік дүкеніне қатысты осы кезге дейін халықтан біршама ұсыныстар түскен болатын. Тұрғындардың басты талап-тілегі аталмыш дүкеннің орналасқан орнын ауыстыру болды. Себебі қолайсыз ауа-райы кезінде дүкенге кіріп-шығу қиындық тудырып келді.

Бүгін осы мәселенің өзектілігі ескеріліп, дүкеннің орны басты көшенің жол жиегіне ауыстырылды. Енді тұрғындар әлеуметтік дүкенге еш кедергісіз кіріп, қызметін пайдалануы үшін қолайлы жағдай жасалынды.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда ғана қаламыздағы барлық әлеуметтік дүкендерге сыртқы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен жаңартылған болатын. Енді дүкендердің жұмысы жанданып, алдағы маусымдық кезеңде тұрғындарымыз үшін жаңа әлеуметтік маңызы бар өнімдер дүкендерде төмен бағада сатылады.
🌾АЛТЫН КҮЗДІҢ АЛҒАШҚЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ

📢Құрметті қала тұрғындары және қонақтары!

🚚Маусымдық кезеңнен бастап жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жәрмеңкесі басталатынын қуанышпен хабарлаймыз!

🛒Ертең, яғни 5 қазан күні Тасбөгет кентінің орталық алаңында «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының және оның серіктестерінің ұйымдастыруымен жәрмеңке өтеді.

📦Жәрмеңкеде өңірлік тұрақтандыру қорынан алынған әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер және корпорация серіктестерінің тауарлары төмен бағада сатылатын болады.

©«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🌾АЛТЫН КҮЗДІҢ АЛҒАШҚЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

🛒Бүгін «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» маусымдық кезеңнен бастап жыл сайын дәстүрлі түрде өткізетін азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесін өткізді.

📦Тасбөгет кентінің орталық алаңында өткен жәрмеңкеде тұрақтандыру қорынан алынған 10 тоннадан астам өнім шығарылды. Мұнан бөлек, жәрмеңкеде корпорация серіктестері сиыр және жылқы етін, қызылордалық шұжық, балық өнімдерін халыққа төмен бағада ұсынды. Сондай-ақ, аудандардан келген диқандардың жаңа піскен өнімдері арзандатып сатылды.

🛍️Сазды әуенге бөленген алаңдағы қаз-қатар тігілген көліктер мен сөрелерден қажет азығын сатып алушылар лек-легімен келіп жатты. Жәрмеңкесі көптің көңілінен шығып, шаһар тұрғындары өз алғыстарын білдірді.

🚚Айта кетейік, «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ұйымдастыруымен алдағы уақытта апта сайын белгіленген орындарда жәрмеңкелер өткізелетін болады.

©«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі
📢ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

🛒Сіздерді 12 қазан күні Қызылорда қаласы мен барлық аудандардың қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне шақырамыз!

📦Жәрмеңкеге Қызылорда облысының брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауын мен қарбызы, ұлттық сусындары жеткізіледі.

🛍️Ала жаздай ризық-несібесін жерден терген Сыр диқандарының 1000 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері халыққа нарық бағасынан төмен бағада ұсынылатын болады.

🛒Атап айтқанда, 200 тоннадан астам күріш, 20 тонна ет және 40 тоннадай балық өнімдері, 200 тонна картоп, 70 тонна сәбіз, 120 тонна пияз, 150 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидектер, 200 тонна бақша өнімдері, 60 тонна асқабақ, 10 тоннадай сүт өнімдері, 10 тоннаға жуық бакалея және кондитер өнімдері және 200 бас тоқты және 40 тонна жем-шөп тауарлары жеткізіледі.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ТҰРҒЫНДАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қаламыздың тұрғын үйлерін ыстық сумен жабдықтау жұмыстары қарқынды жүруде. Бүгінде 187 үйдің өжірелеріне құбырлар толығымен тартылып, ендігі кезекте пәтерлерге есептегіш құралдар мен тіреуіштер орнатылуда.

Осы орайда бүгін «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Басқарма Төрағасының кеңесшісі Мұхитжан Кәрімбаев Шұғыла мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде пәтер иелерінің ұсыныс-пікірлері мен талап-тілектері тыңдалды. Сондай-ақ, тұрғындарға аталмыш ыстық су техникалық емес таза су екендігі және төлем бағасының тиімділігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жоспар бойынша ыстық су желтоқсан айына дейін толығымен қосылмақ. Ыстық су тек жылу маусымында ғана емес, қысы-жазы толығымен қамтамасыз етіледі.

💬Тұрғындар тарапынан ыстық сумен жабдықтауға қатысты жылу дұрыс берілмеуде дейде. Бұған қатысты арнайы сала өкілдері өздері жауап береді, біз өз жұмыстарымызды кедергісіз жалғастырудамыз, − дейді Мұхитжан Исмайұлы.
«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының Басқарма Төрағасы Әбілтай Ғизат Майданұлының мерекелік құттықтауы
_______________________________________

Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Тәуел­сіздігі­міздің бастауы болған ұлы күн, ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құт­тықтаймын!

Бұл күн – қазақтың сан ғасырлық дәстүрі жаңғырған күн. Бұл – бостандық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн. Себебі, дәл осы күні 1990 жылы Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды.

Айтулы мерейлі мереке қарсаңында баршаңыздың отбасыларыңызға­ амандық, шаңы­рақтарыңызға шаттық, бақ-береке ті­леймін!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз баянды, еліміз еңселі болсын!
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ҚЫЗЫЛОРДАДА КӨПҚАБАТТЫ ҮЙГЕ ЫСТЫҚ СУ БЕРІЛДІ

Сыр өңірі - ыстық су мәселесі шешілмеген республикадағы бірден-бір аймақ. Осыған орай биыл Мемлекет басшысының қолдауымен Үкімет резервінен 11 млрд. теңге қаржы бөлініп, 186 көпқабатты үйлерге ыстық сумен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін шаһарымызда алғаш рет сол жақ жағалаудағы 50 пәтерлік №34-ші көпқабатты үйге ыстық су берілді. Апта соңына дейін Астана мөлтек ауданындағы 13 үйге ыстық су жеткізелетін болады. Бұл туралы «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының Ыстық сумен жабдықтау басқармасының басшысы Кушенбаев Бауыржан мәлімдеді.

Оның айтуынша, қалған 172 үйдің өжірелеріне бүгінде құбырлар толығымен тартылып, ендігі кезекте пәтерлерге есептегіш құралдар мен тіреуіштер орнатылуда. Дайын үйлерге ыстық су осылай кезекпен қосыла береді. Жалпы қала бойынша ыстық су толығымен жылдың соңына дейін іске қосылатын болады дейді.
АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН СУБЬЕКТІЛЕРІН НЕСИЕЛЕНДІРУ ҮШІН ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

🏦«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы Қызылорда облысында агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін жаңа жобаларды құруға немесе кеңейтуге бағытталған жобаларға несие беру үшін ынтымақтастыққа шақырады.

💰Несие үміткерлерге 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі, номиналды сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 2,5%. Несиенің ең жоғары сомасы - 5 миллиард теңгеден аспайды. Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі 24 айдан аспайтын мерзімді құрайды.

📑Өтінім берушілерге қойылатын талаптар: 

📌Меншігінде жер учаскесінің болуы;

📌Үміткердің ауыл шаруашылығы өнімін өндіружәне (немесе) қайта өңдеу саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

📌Кәсіпорын басшысының ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) қайта өңдеу саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;

📌Жоба құнының кемінде 15% мөлшеріндежобаға өзінің қатысуы, кепілмен қамтамасыз ете алуы;
 
❗️Байланыс телефоны: 8 /7242/ 70-10-99.
НАЧАЛСЯ ПРИЕМ ЗАЯВОК НА КРЕДИТОВАНИЕ СУБЪЕКТОВ АГРОПРОМЫШЛЕННОГО КОМПЛЕКСА

🏦АО «СПК «Байконыр» приглашает к сотрудничеству субъектов агропромышленного комплекса для кредитования проектов, направленных на создание новых или расширение действующих.

💰Кредит предоставляется претендентам сроком до 10 лет. Номинальная ставка вознаграждения – 2,5% годовых,
максимальная сумма кредита – не более 5 миллиардов тенге. Льготный период по погашению основного долга не более 24 месяцев.

📑Требования к претендентам:

📌Наличие в собственности земельного участка;

📌Наличие опыта работы у претендента не менее 5 лет в сфере производства и (или) переработки сельскохозяйственной продукции;

📌Либо стажа работы у руководителя предприятия не менее 5 лет в сфере производства и (или) переработки сельскохозяйственной продукции;

📌Собственное участие в проекте в размере не менее 15% от стоимости проекта;

📌Наличие залогового обеспечения.
 
❗️Информацию о кредитовании проектов в сфере АПК можно получить по телефону: 8 /7242/ 70-10-99
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Жолдауында айтылған «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде ауыл тұрғындарының әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты.

Сырдария ауданы Бесарық ауылында Премьер-министр «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асырудың және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің табысты мысалдарын аралады. «Абай Дәулет» ЖШС құрған өндірістік алаңда 318,2 млн теңгеге ауыл тұрғындарының 13 бизнес-бастамасы іске асырылуда. Жартылай фабрикаттар, пластикалық ыдыстар, ағаштан жасалған бұйымдар, тоқыма, кондитерлік өнімдер, сабын және басқа да өнімдер өндіретін цехтар ашылды. Олжас Бектенов ауыл тұрғындары шығаратын өнімдер желісімен танысты.

Қызылордада Премьер-министр бүгінде 200 жұмыс орны ашылған «Жан Арай» ЖШС агроөнеркәсіп кешенінің өндірістік орындарын аралады. Мұнда сыйымдылығы 1,5 мың тонна болатын көкөніс қоймасы бар, бұл маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар өнімдерге бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«АУЫЛ АМАНАТЫ»: БЕСАРЫҚ АУЫЛЫНДАҒЫ ЖАҢА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ ТИІМДІ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

«Бесарық» ауылында «Абай-Дәулет» серіктестігінің бастамасымен қыркүйек айында «Ауыл аманаты» жобасымен наубайхана, кондитерлік және жартылай дайын өнім цехтары, жұмыс қолғабы, шұлық, пластик ыдыстар, сабын, ағаш бұйымдары өндірістері және фри зауыты өз жұмысын бастаған болатын. Бүгінде аталмыш өндіріс орындары ауыл тұрғындарына жоғары сапалы қызмет көрсетуде.

«Ауыл аманаты» жобасы арқылы аталмыш ауыл тұрғындарына ерекше қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда, өткен жылы шаруашылықтың кепілдігімен «Сыр құсы» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, 27,6 млн. теңге несиеге қол жеткізді.

Осындай оң тәжірибені кеңінен тарату үшін облыстың әр ауданында кемінде 3-4 ауылда осындай бизнес-инкубаторлар ашу жұмыстары жүргізілуде.
📢ЖӘРМЕҢКЕГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

🛒Ертең, яғни 30 қараша күні қаламыздың С.Торайғыров көшесі (“Шұғыла” балабақшасының алды) мен Титов қыстағында Арал мен Жалағаш аудандары мен «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ұйымдастыруымен жәрмеңке өтеді.

🛒Жәрмеңкеде Арал және Жалағаш аудандарының ауыл шаруашылығы өнімдері және өңірлік тұрақтандыру қорынан алынған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары төмен бағада сатылатын болады.

©«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🏢АСТАНА МӨЛТЕК АУДАНЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ЫСТЫҚ СУҒА ҚОСЫЛДЫ

💧Бұған дейін Сол жағалаудағы көпқабатты тұрғын үйлер ыстық суға қосылғандығын хабарлаған болатынбыз. Бүгінде бұл жұмыстар Астана мөлтек ауданында жалғасуда. Қазір осы мөлтек ауданға қарасты 550 пәтер ыстық суға қосылды.

💦Айта кетейік, қазіргі таңда қаламыздағы көпқабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мемлекет басшысының қолдауымен, облыс әкімінің үйлестіруімен тұрғын үйлерді ыстық сумен қамту жұмыстарының бірінші кезеңіне Үкімет резервінен 11 млрд. теңге бөлінген болатын. Келер жылға 250 көпқабатты тұрғын үй ыстық сумен қамтылады деп жоспарлануда.

©️«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі