Solutions Journalism Lab
57 subscribers
82 photos
35 links
- Қазақстандағы ең алғашқы журналистерді қолдауға арналған шешімдер зертханасы.

Елдегі әрбір мәселенің шешімін табамыз 💡
Download Telegram
Журналистің құқықтық қауіпсіздігі.

Кеше біздің резиденттер таңдалған тақырып аясында қалай қауіпсіз жұмыс істеуге болатынын талқылады. Журналистер өз материалдары бойынша заң аясында қалай әрекет етуі керек? Қандай құқықтар мен тәуекелдер бар?

🔹 Тренер: Сергей Уткин – «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының заңгері.

Заңды білу – қауіпсіз жұмыс істеудің басты шарты. Біздің қатысушылар осы маңызды дағдыларды меңгерді!

Правовая безопасность журналиста.

Вчера наши резиденты разбирали, как безопасно работать над выбранной темой. Как журналисту действовать в рамках закона? Какие у него права и какие риски могут возникнуть?

🔹 Тренер: Сергей Уткин – юрист международного фонда защиты свободы слова «Әділ сөз».

Знание закона – залог безопасной работы. Наши участники получили важные навыки, которые помогут им в профессиональной деятельности!
Кеше жобамыздың мастер-класстар сериясын бастадық!
Бұл арнайы сессиялар қатысушыларға әртүрлі тақырыптар бойынша тереңірек білім алуға мүмкіндік береді.

📌 Алғашқы мастер-класс: Қаржы және ашық ресурстардағы қаржылық құжаттар
🔹 Тренер: Расул Рысмамбетов – қаржы кеңесшісі

Алда – жаңа білім мен тәжірибе! 🚀

—————-

Вчера мы запустили серию мастер-классов! Эти специальные сессии помогают участникам глубже погружаться в различные темы и осваивать важные навыки.

📌 Первый мастер-класс: Финансы и финансовые документы в открытом доступе
🔹 Тренер: Расул Рысмамбетов – финансовый аналитик

Впереди новые знания и практика! 🚀
Кеше біздің резиденттер «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да әлеуметтік мәселелер» тақырыбында мастер-класс өтті. Бұл күрделі әрі өзекті мәселе қоғамда жиі көтеріледі, сондықтан журналистер оны дұрыс түсініп, сауатты жариялауы маңызды.

📌 Тренер: Аида Альжанова – гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі халықаралық сарапшы.

Тренерімізге пайдалы ақпарат пен кәсіби тәжірибесімен бөліскені үшін алғысымызды білдіреміз!

——————

Вчера наши резиденты приняли участие в мастер-классе на тему «Семейно-бытового насилия и других социальных проблем». Это сложная, но актуальная тема, и журналистам важно понимать, как освещать ее корректно и профессионально.

📌 Тренер: Аида Альжанова – международный эксперт по вопросам гендерного равенства.

Благодарим тренера за ценные знания и опыт, которыми она поделилась с участниками! 🙌
Біздің резиденттер “Экономика жайлы не жазуға және қалай жазуға болады?” тақырыбындағы мастер-кластан өтіп, экономикалық тақырыптарды түсінікті әрі сауатты жеткізу жолдарын үйренуде.

📌 Тренер: Шолпан Айтенова – экономист, Zertteu-Research жобасының жетекшісі.

Шолпан Айтеноваға құнды ақпарат пен тәжірибесімен бөліскені үшін алғысымызды білдіреміз! 🙌

Наши резиденты прошли мастер-класс на тему “Что и как писать об экономике” и узнали, как просто и понятно рассказывать об экономических темах.

📌 Тренер: Шолпан Айтенова – экономист, директор Zertteu Research Institute.

Благодарим Шолпан Айтенову за полезные знания и интересную дискуссию!
Біздің резиденттер ауыл шаруашылығы тақырыбына арналған мастер-кластан өтті. Қатысушылар Қазақстанның агросаласындағы кең таралған мифтерді талдап, шынайы ақпаратты жалған деректерден қалай ажыратуға болатынын үйренді.

👨‍🏫 Тренер: Қайрат Садвакасов – ҚР ауыл шаруашылығы саласы бойынша сарапшы

Наши резиденты прошли очередной мастер-класс, посвящённый сельскому хозяйству. Участники разобрали самые распространённые мифы об агросекторе Казахстана и узнали, как отличать факты от вымысла.

👨‍🏫 Тренер: Кайрат Садвакасов – эксперт по вопросам сельскохозяйственной отрасли РК
Біздің резиденттер жаңа кезеңге қадам басты! 🔥 Бірінші ағынның оқу кезеңі аяқталып, қатысушылар өздерінің зерттеу тақырыптарын таңдауға кірісті. Олар қоғамдағы маңызды мәселелерді зерттеп, шешімдердің сәтті тәжірибелерін іздей бастады.

🧐 Соңғы мастер-класс:
Мемлекеттік сатып алу порталымен жұмыс. Ақпаратты қалай табуға болады?

👩‍🏫 Тренер: Джамиля Маричева – «ProTenge» жобасының негізін қалаушы

Тренерге құнды білімі мен тәжірибесімен бөліскені үшін алғысымызды білдіреміз! 🙌

Наши резиденты вышли на новый этап! 🔥 Первый поток завершил обучение, и участники начали выбирать темы своих исследований. Теперь они ищут успешные примеры решений общественно значимых проблем и анализируют положительный опыт.

🧐 Крайний мастер-класс:
Работа с порталом госзакупок. Как искать нужную информацию?

👩‍🏫 Тренер: Джамиля Маричева – основатель проекта «ProTenge»

Благодарим тренера за ценные знания и опыт! 🙌
👍1
Хотите находить реальные решения актуальных проблем в стране? Solutions Journalism Lab 2.0 — это возможность освоить передовой жанр журналистики, который помогает менять реальность.

Международный фонд защиты свободы слова «Әділ сөз» объявляет о приеме заявок на второй поток уникального проекта для журналистов, блогеров и медиапрофессионалов.

Что ждет участников?
🔹 Прокачка навыков – вебинары и индивидуальная поддержка менторов
🔹 Доступ к экспертным ресурсам – базы данных и юридические консультации
🔹 Финансовая поддержка – стипендии от 200 000 до 1 000 000 ₸

📅 Дедлайн: 25.03.2025
💻 Подать заявку: https://solvefuture.kz/ru/anketa

🚀 Делай журналистику, которая не просто говорит, а действует!
Күрмеуі қиын мәселені көтеріп қана қоймай, нақты шешімін тапқыңыз келеді ме? Solutions Journalism Lab 2.0 – бұл шынайы жағдайды өзгертуге көмектесетін озық журналистика жанрын меңгеруге мүмкіндік.

«Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры журналистер, блогерлер және медиа мамандары үшін бірегей жобаның екінші толқынына өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды.

Қатысушылар
🔹 Вебинарлар және тәлімгерлердің жеке қолдауы арқасында біліктіліктерін арттырады
🔹 Заңгерлік кеңес алады және сараптамалық ресурстарға қол жеткізеді
🔹 Қаржылай қолдау 200 000-1 000 000 ₸ аралығында стипендия тағайындалады

📅 Дедлайн: 25.03.2025
💻 https://solvefuture.kz/anketa арқылы өтінім беруге болады

🚀 Айтып қана қоймай, шешімін табатын журналистиканы жаса!
🔔 Назар аударыңыз!
Solutions Journalism Lab 2.0 жобасының екінші легіне іріктеу аяқталды. 🎉
Қызығушылық танытып, өтінім берген барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
📩 Іріктеу нәтижесі электрондық пошталарыңызға жолданды.
Жобаға қабылданғаныңызды білу үшін электрондық поштаңызды тексеріңіз
🔔 Внимание!
Отбор заявок на второй поток проекта Solutions Journalism Lab 2.0 завершен. 🎉
Мы благодарим всех участников за проявленный интерес и поданные заявки!
📩 Результаты отбора уже отправлены на ваши электронные почты.
Пожалуйста, проверьте почту, чтобы узнать, прошли ли вы в проект.
2
Президент Жолдауында агрохабтарды дамыту және отандық өндірушілерді қолдау мәселесін көтерді. Әсіресе, сүт саласындағы жағдай шұғыл әрі жүйелі шешімдер қажет екенін айқын көрсетті.

Бұл тақырып Solutions Journalism Lab жобасы үшін жаңалық емес, өйткені қоғамдағы ең өзекті мәселелерді үнемі назарда ұстайды. Жоба резиденті Аян Өрібей бұл мәселені бұған дейін зерттеп, нақты шешу жолдарын ұсынған болатын. Бұл жобаның тек проблеманы айтып қана қоймай, оны шешуге бағытталғанының айқын дәлелі.

Назарларыңызға сол мақаланың қысқаша мазмұнын ұсынамыз
Импортқа тәуелділік

2023 жылдың 9 айында Қазақстан 303,6 млн доллардың сүт өнімін шеттен әкелді.
Бұл қаржы отандық өндіріске емес, сыртқы нарыққа кетті.

Шикізат тапшылығы

Қазақстандағы сүттің 88%-ы ауыл тұрғындарының 2–3 сиырынан жиналады.
Сапасы мен қауіпсіздігі стандарттарға сай бола бермейді.

2025 жылдан қауіп
ЕАЭО жаңа талап енгізеді:
– Сауын тек арнайы аппаратпен жасалуы керек
– Сүт бірден салқындатқыш-танкерге құйылуы тиіс
Шағын шаруашылықтардың 90%-ы бұл шартты орындай алмайды.

Шешім жолдары
Ірі сүт фермаларын дамыту
Заманауи техника мен генетиканы енгізу
Шағын шаруаларды біріктіру
Импортқа тәуелділікті азайту

Мақаланың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыз https://qaz.ulysmedia.kz/saraptama/12127-akk-a-zharytpagan-agrosaiasat-otandyk-sut-ondirisin-saktap-kaludyn-amaly-bar-ma/
В Послании народу Казахстана Президент Касым-Жомарт Токаев поднял вопрос развития агрохабов и поддержки отечественных производителей. Особенно ярко необходимость срочных и системных решений показала ситуация в молочной отрасли.

Для Solutions Journalism Lab эта тема не нова, ведь проект всегда самые актуальные проблемы общества находятся в центре внимания его участников. Ранее резидент проекта Аян Өрібей уже исследовал эту проблему и предложил конкретные пути её решения.

Это яркое подтверждение того, что SJL не просто говорит о проблемах, а предлагает их решения.

Представляем вашему вниманию краткое содержание статьи.
Зависимость от импорта

За 9 месяцев 2023 года Казахстан импортировал молочной продукции на 303,6 млн долларов.
Эти средства ушли во внешний рынок, а не в развитие отечественного производства.

Дефицит сырья

88% молока в Казахстане собирается у сельских жителей, у которых 2–3 коровы.
Качество и безопасность такого сырья не всегда соответствуют стандартам.

Угроза с 2025 года

ЕАЭС вводит новые требования:
– Доение только с помощью специального оборудования
– Молоко должно сразу поступать в охлаждающий танкер
90% мелких хозяйств не смогут выполнить эти условия.

Пути решения
Развитие крупных молочных ферм
Внедрение современной техники и генетики
Объединение мелких хозяйств
Снижение зависимости от импорта


Статью можете прочитать по этой ссылке https://qaz.ulysmedia.kz/saraptama/12127-akk-a-zharytpagan-agrosaiasat-otandyk-sut-ondirisin-saktap-kaludyn-amaly-bar-ma/
Каспий теңізі соңғы 18 жылда теңіз деңгейі 2 метрге төмендеп, жағалау сызығы ондаған мың шаршы метрге қысқарған.
Теңіз деңгейінің төмендеуіне бірнеше себеп бар:
▪️Каспийге 130-дай өзеннен жылына 300 текше/км су құйылады. Оның ішінде Еділден судың 80 %-ы, Жайықтан 5 %-ы келсе, қалғаны Самур, Сулак, Терек, Кура және т.б. үлкенді-кішілі өзендерден келеді. Осы өзен сулары көп құйылған жылдары теңіз көтерілсе, аз құйылған жылдары азаяды.
▪️Соңғы 150 жылдың ішінде өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты барлық жердегі климат қатты өзгеріске ұшырады. Біріншіден, бүкіл ғаламдық жылыну процесі байқалады. Осының әсерінен Каспийге келіп құятын 300-дей өзеннің бассейніне жауын-шашынның мөлшері азайып, булану процесі артуда.
▪️Өзен бойында тұрған халық суды тікелей тартып, тұрмысқа пайдаланады. Тіпті, өзен бойынан кішігірім бөгет салып, жануарлар өсіреді. Салдарынан Каспийге келетін су мөлшері азая бермек.
▪️Мамандар жер жаралу процесінің әлі жалғасып жатқаны да жағалаудың кейін кете беруіне әсер ететінін айтады.

Жалғасы
Лаура Маликова:

«Каспий теңізіне суды молырақ жіберу үшін Ресей тарапымен келісімді жақсарту керек. Одан кейін теңіздегі мұнай-газ операцияларын және кемелердің іс-әрекетін мемлекет тарапынан жіті қадағалау қажет. Маңғыстау, Атырау облыстарындағы экология департаментінің жұмысын күшейту маңызды. Сондай-ақ, шетелде қолдануға жарамсыз кемелерді пайдаланатын қазақстандық компанияларға тоқтам болуы керек. Ескірген, техникалық жағдайы нашар кемелерге теңізде жүзуге шектеу қою керек. Кеменің төгінді суын, қалдықтарын порттарға тапсыруды міндеттеп, заңмен қадағалау қажет. Әйтпесе, кей кемелер теңізге төге салады. Ал бұл тағы да экологиялық апатқа алып келеді».


Мемлекет басшысы:

«Каспий теңізінің тағдыры – бір елдің ғана емес, бүкіл аймақтың тағдырына қатысы бар мәселе. Сондықтан жұмылып әрекет ету қажет. Үкімет Каспийдің су ресурстарын сақтау туралы мемлекетаралық бағдарлама әзірлеп, оны серіктес мемлекеттермен келісуі керек.»


Жалғасы
Solutions Journalism Lab-II жобасының резиденті Дана Нұрмұханбет Каспий теңізінің қазіргі күрделі жағдайын жазған еді. Осы мәселе Save the Caspian Sea экологиялық бастамада айтылды. Ол осы жылдың тамызында Каспий теңізіне арналған апталықта көтерілді. Онда көрсетілген «Каспийді құтқарудың 10 қадамы» резиденттің ұсынған шешімдерімен сәйкес келеді.

- «Еуразия» каналын салу арқылы Каспий суын көбейту
- Мемлекетаралық мониторинг орталығын құру
- Жаңартылған энергия көздерін пайдалану
- Ғылыми-зерттеу институтын дамыту, білікті мамандар тарту

Каспий мәселесі бұрыннан айтылып келе жатыр, тіпті мемлекет басшысы баса назар аударып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитінде және өзінің жолдауында Су мәселелерін талдау орталығын құруды ұсынған болатын. Орталық Каспий теңізінің тартылуына тұрақты мониторинг жүргізуге көмектеседі. Біз бұл шешімдердің жүзеге асырылатынына сенімдіміз. Solutions Journalism Lab жобасы қоғамдағы ең өзекті мәселелерді үнемі назарда ұстайды.

Толық материал: https://adyrna.kz/post/234496
👍1
В Казахстане большие проблемы с утилизацией мусора. Об этом говорят чиновники, как на самом высшем уровне, так и в регионах. Костанайская область - не исключение. Полигоны здесь горят все чаще, а доля переработки растет медленно. Несколько последних лет в Казахстане активно обсуждается тема строительства мусоросжигательных заводов, в пример приводят опыт Европы.

Участница проекта Solution Journalism Lab побывала на самом большом мусоросжигательном заводе Чехии и выяснила, что до европейских норм нам еще очень далеко, а о многих моментах чиновники просто молчат.

Оказалось, в Казахстане тоже есть успешные решения борьбы со свалками. Это и мусоросортировочные комплексы, и переработка. О том, что такие решения нужно распространить на большое количество городов участница проекта писала в своем материале.

Продолжение
В городе Рудном в этом году уже установили такой комплекс, о чем нам рассказал директор ТОО «Рудный Абат-2006», а в соседнем селе Перцевка в конце осени начнут перерабатывать крупногабаритные шины. Это стало возможным благодаря кредиту «Жасыл Даму.

О том, какие нормы соблюдают в Европе при сжигании мусора, как можно увеличиить долю сортировки и переработки в Казахстане очень простым способом, вовлекая всех, кто выносит мусор - читайте в материале резидента проекта Ольги Лихограй

https://www.ng.kz/modules/news/article.php?storyid=56985
Неге бұлай?
▪️ Донорлықтың 84%-ы тек тірі донорлар арқылы жасалады.
▪️ Ал мәйіттен алынатын ағзаға заңдағы кедергілер мен туыстардың рұқсаты қажет.

Шетел тәжірибесінде (мысалы, Испанияда) келісім презумпциясы бар – адам тірі кезінде бас тартпаса, қайтыс болған соң ағзасы автоматты түрде донорлыққа беріледі.


Бізге де заңдық өзгерістер, ақпараттық науқандар мен қоғамдық сенімді арттыру қажет. Бұл – тек медицина мәселесі емес, бүкіл қоғамның мәдени өзгерісіне байланысты шешім.

Жалғасы
«Әр өңірдегі стационарда әлеуетті донор пайда болса, яғни науқаста мидың біржола семуі (ми өлімі) тіркелсе, әлеуетті донордың туыстарымен сөйлесемін. Туыстары келіскені немесе бас тартқаны туралы құжат толтырады. Былтыр астанада 7 әлеуетті донордың туыстарының ешбірі келісім бермеді. 2023 жылы 10 донор шықты, біреуі ғана келісті. Биыл бір ғана келісім болды, мәйіттің екі бүйрегі мен жүрегін күту парағындағы науқасқа салды. Мәйіттегі қалған органдар жарамады».


Мәселенің шешімдері:

• Заңнаманы өзгерту. Азамат тірі кезінде келісім берсе – туыстардың рұқсатынсыз донор бола алады.
• «Халық денсаулығы туралы кодекске» түзету енгізу
• Денсаулық сақтау министрлігінің қағидаларын жаңарту
• Донорлықтың маңызын түсіндіру

Біз бұл мәселенің шешімдері жүзеге асырылатынына сенімдіміз. Solutions Journalism Lab жобасы қоғамдағы ең өзекті мәселелерді үнемі назарда ұстайды. Бұл жобаның тек проблеманы айтып қана қоймай, оны шешуге бағытталғанының айқын дәлелі.
https://kz.kursiv.media/kk/2025-04-17/nrsh-donor-tapshylyghyn/