SN.KZ - Күннің басты жаңалығы
2.58K subscribers
9.49K photos
2.89K videos
6 files
10.7K links
Ресми ақпаратта айтылмайтын оқиғалар туралы білгің келсе, парақшамызға міндетті түрде жазыл!
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда коммуналдық қызмет бағасы алдағы уақытта қымбаттауы мүмкін

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді.

Оның айтуынша, мораторий аяқталған соң тарифтер бірден емес, кезең-кезеңімен қаралады. Қазір коммуналдық компаниялар бағаны өсіру бойынша ұсыныстарын уәкілетті органға жолдап қойған.

Аталған өтініштер Табиғи монополияларды реттеу комитетінде қаралып жатыр.
Вице-министр нақты өсім көлемі әзірге бекітілмегенін айтты.

Сондықтан тарифтің қанша пайызға өсетіні әр өңір мен компанияға байланысты болмақ. Сонымен қатар билік бағаны күрт көтеруге жол берілмейтінін атап өтті.

Дегенмен салада шығындардың артуы тарифтің өсуіне әсер етуі мүмкін.

Министрлік алдағы өзгерістер туралы алдын ала ескертіп отыр

https://t.me/sn_kz
🤯4🤬2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Шерзат Полаттың өлімі: Сотталған екі адам өзін ақтауды сұрады

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болат ісі бойынша сотталған Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахмет кассациялық сотқа жүгініп, өздерін ақтауды сұраған,
Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев айтты. 

Мейірман Шекеевтің хабарлауынша, Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахмет үкіммен келіспей, кассациялық шағым түсірген. Екеуі де ақтауды сұрап отыр.

“Бұл кассациялық шағымды қазір ғана алуға мүмкіндік туды. Ал сот ертеңге тағайындалған екен. Сондықтан құрметті достар, бізді қолдап отырыңыздар. Атап айтқанда, 15 жылға сотталған Тоқтаубаев Азамат, 7 жылға сотталған Дидар Қалиахмет ақтауды сұрап отыр. Бізді қолдап кетіңіздер, әділдік әрдайым биікте болсын!” – деді ол.


Істі қарау бүгін, 7 сәуірге белгіленген.

https://t.me/sn_kz
😢2
Тоқаев бірқатар маңызды заңға қол қойды

Олардың қатарында Қазақстан мен халықаралық қаржы институттары арасындағы әріптестікті кеңейту, еңбек қауіпсіздігін жетілдіру және азаматтық авиация саласына қатысты халықаралық келісімдерді ратификациялау бар.

Ақорда мәліметінше, бұл құжаттар елдің орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

https://t.me/sn_kz
👍4
Синоптиктер 8 сәуірде Қазақстанның 16 облысында ауа райының күрт нашарлайтынын ескертті

Елдің бірқатар өңірінде нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, қатты жел мен тұман күтіледі, ал кей жерлерде түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болуы мүмкін.

Ең күрделі жағдай Ұлытау, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында болжанып отыр.

Сондай-ақ Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда, Шымкент, Түркістан және Тараз қалаларында да ауа райы нашарлайды.

Бұдан бөлек, бірнеше өңірде жоғары өрт қаупі сақталып отыр.

https://t.me/sn_kz
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін - даңқты боксшы Геннадий Головкиннің туған күні

Геннадий Головкин — 1982 жылы Қарағандыда туған атақты қазақстандық боксшы.

Әуесқой бокста әлем чемпионы (2003), Азия ойындарының жеңімпазы (2002) және 2004 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері.

Кәсіпқой бокста WBA, WBC, IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, 40 жекпе-жектің 38-ін жеңіспен аяқтаған.

2024 жылдан бастап ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің президенті. «Құрмет» орденінің иегері.

Құтты болсын, чемпион!

https://t.me/sn_kz
👍2👏2👎1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Министр мұғалімдер үшін жақсы жаңалықты хабарлады

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова пәндік білімді бағалау (ПББ) тестін алып тастау туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.

Енді ұстаздар біліктілігін растау үшін міндетті тест тапсырмайды.

Тиісті нұсқаулық барлық өңірлік білім басқармаларына жіберілген.

https://t.me/sn_kz
👍4👏1
Псевдопсихологтарға тосқауыл қойыла ма?

Қазақстанда психологтардың жұмысын реттеледі. Депутат Асхат Аймағамбетов бұл заң салаға нақты тәртіп енгізетінін айтты. Оның сөзінше, құжат психологиялық көмекті жүйелеп, бақылауды күшейтеді.

Заңда психологиялық қызметтің негізгі қағидалары мен түрлері нақты көрсетілген.

Сонымен қатар кәсіби көмек берудің шекарасы айқындалады.

Енді барлық психолог арнайы жеке реестрге тіркеледі. Бұл заңсыз қызмет көрсетіп жүргендердің жолын кесуге бағытталған.

Бұған дейін депутат Кенжегүл Сейтжан жалған мамандардың қаупін көтерген еді.

https://t.me/sn_kz
👍4
Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде жатыр

Көрнекті ақын, жазушы Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Бұл туралы қор төрағасы Нұржігіт Ысқақ мәлімдеді.

84 жастағы қаламгер дәрігерлердің бақылауында.

https://t.me/sn_kz
🤯4👍1
Атыраудағы қанды оқиға: Ақбаян Мұқанғалиеваға психиатриялық сараптама тағайындалды

Атырауда бір отбасының өліміне байланысты күдікті Ақбаян Мұқанғалиева психиатриялық ауруханаға орналастырылып, оған кешенді психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізілуде.

Бұл шешім оның мінез-құлқы мен алғашқы жауабына байланысты қабылданған. Іс бойынша басқа күдіктілер жоқ, негізгі күдіктілер – Мұқанғалиева мен оның бұрынғы жұбайы Сұлтан Сәрсемәлиев.

Тергеу жалғасып жатыр.

https://t.me/sn_kz
👍3🤯2
«Жомарт» кенішіндегі өндірістік қауіпсіздік: барлық шаралар толық көлемде орындалып, бақылауға алынды

«Жомарт» кенішінде «Қазақмыс» басшылығы мен ТЖМ өкілдері бірлескен сапар өткізіп, өткен жылғы оқиғадан кейінгі жұмыстар мен қауіпсіздік шараларын тексерді.

Газсыздандыру жүргізіліп, желдету мен бақылау жүйелері күшейтілген, қауіпсіз жұмысқа арналған жол картасы енгізілуде.

Жабдық жаңартылып, қосымша зерттеулер мен тексерістер жалғасып жатыр.

Негізгі мақсат – жұмыскерлер қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

https://t.me/sn_kz
👍4
9 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болады

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік пен батыста жауын-шашын кей жерлерде қатты болуы мүмкін, ал солтүстік-батыста жаңбыр қарға ұласады. Тек Қазақстанның шығысында жауын-шашын болмайды.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте – дауылды жел, ал оңтүстік-шығыста – бұршақ күтіледі.

Бірқатар өңірлерде дабылды ескерту жарияланды.

https://t.me/sn_kz
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Түтіннен уланған: Сәтбаевта пәтер өртеніп, төрт бала құтқарылды

Сәтбаев қаласында Ерденов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатындағы пәтерде өрт шықты.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар өртті сөндіру жұмыстарын бастап, барлау жүргізді.

Құтқару барысында пәтер иесі өрт ішінен шығарылып, түтіннен улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ көрші пәтерден автосатының көмегімен төрт бала құтқарылды.

https://t.me/sn_kz
🤯4
Ғылым – өндіріс қызметінде: «Қазақмыстың» зияткерлік әлеуетін дамыту

Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында «Қазақмыс» Тобында қызметкерлердің өнертапқыштық бастамаларын дамытуға арналған ірі жоба іске қосылады. Жоба ұсыныстар жинаумен шектелмей, инновацияны толыққанды экожүйеге айналдыруды көздейді.

Идеялар ғылыми тұрғыда сараланып, зерттеу, әзірлеу және өндірісте сынақтан өткізу кезеңдерінен өтеді. Үздік бастамалар патенттеліп, компанияның зияткерлік активіне айналады.

Бұл жүйе «Қазақмыс Смэлтингте» сәтті сынақтан өткен: 1 жыл 8 айда 500 идея ұсынылып, оның 12%-ы іске асырылып, шамамен 3 млрд теңге пайда әкелген.

Жаңа жоба ғылым мен өндірісті біріктіріп, инновациялық мәдениетті дамытуға бағытталған.

https://t.me/sn_kz
👍3
Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады

5 күндік жұмыс аптасы – мамырда 14 күн демалыс

6 күндік жұмыс аптасы – мамырда 9 күн демалыс

Негізгі демалыс күндері:
• 1–3 мамыр (Қазақстан халқының бірлігі күні)
• 7 мамыр (Отан қорғаушылар күні)
• 9–11 мамыр (Жеңіс күні, ауыстырылған демалыспен)
• 27 мамыр (Құрбан айт)

https://t.me/sn_kz
👍3👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қарағандыда мүгедек жігітті жолда түсіріп кеткен жүргізуші жауапқа тартылуы мүмкін

Автобус жүргізушісі 20 жастағы мүгедек жігітті жол ортасында түсіріп кеткен.

Оқиға Теміртау–Қарағанды бағытында болған.

Жігітті іздеуге полиция мен еріктілер жұмылдырылып, кейін оның аман-есен табылғаны белгілі болды. Қазіргі таңда жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға берілуде.

https://t.me/sn_kz
🤯2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Курьердің былығы: баланың арбасына дәрет сындырған адам қалай жұмыс істеп жүр?

Алматыда курьердің әрекеті қоғамды шулатты. Бейнежазбада жеткізу қызметінің қызметкері подъезде тұрған баланың арбасына дәрет сындырғаны көрінеді.

Оқиғадан кейін ол ештеңе болмағандай тапсырысын жеткізіп кеткен. Жәбірленушілер бірден полицияға жүгініп, кінәліні жауапқа тартуды талап етті.

Айтуынша, арбаны қанша жуса да жағымсыз иіс кетпеген. Бұл жағдай әлеуметтік желіде үлкен наразылық туғызды. Көпшілік мұндай адамдардың азық-түлік жеткізу саласында жұмыс істеуіне қарсы.

Қазір оқиғаға қатысты тексеріс басталғаны хабарланды. Жауапты органдар курьердің әрекетіне құқықтық баға бермек.

Видео: @qaimaqkaz
🤯4😱1