ҚАЛА ӘКІМІ ҮНДІСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ
🔷 Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Үндістан Республикасының Қазақстандағы Елшісі Тантипамула Венката Нагендра Прасад және Үндістан Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулы Котаваде Свапнил Шарадпен кездесті.
🔷 Жиында қала басшысы екіжақты байланыс орнатуға дайын екенін білдірді.
🔷 – Қош келдіңіздер! Сіздермен жүздесіп отырғанымызға қуаныштымыз! Біздің қала – елімізде үшінші мегаполис. 2200 жылдық тарихы бар, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Біздің мақсатымыз – қаланың көркін арттырып, бәсекелестігі жоғары қалаға айналдыру. Осы бағытта бүгінде көгалдандыру мен цифрландыруға күш салып отырмыз. Бұл ретте инвестиция тарту – маңызды бағыттың бірі. Сондықтан сіздермен әріптестік байланыс орнатуға дайын екенімізді жеткізгіміз келеді, – деді қала басшысы.
🔷 Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Нагендра Прасад екі ел арасындағы өзара ынтымақтастыққа тоқталды.
🔷 – Үндістан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас ұзақ уақыттан бері жалғасып келеді. Бірақ бұл байланыс мұнаймен ғана шектеліп тұр. Яғни, сауда-саттық, фармацевтикалық және технология саласында әріптестік байланыс кемшін. Осы тараптарды дамытуымыз керек. Мен Шымкент қаласына алғаш келіп отырмын. Кеше қаланы аралап, келбетіне тамсандым. Туризм саласын дамытуға таптырмайтын өңір екеніне көз жеткіздім. Сол себепті сіздерге «Ақылды қала» жобасын әкелдім, – деді Нагендра Прасад.
🔷 Сондай-ақ елші: «Шымкент қаласында 2 мыңнан астам отандасымыз оқып жатыр. Бұл көрсеткішті кеше студенттермен кездесу барысында білдім. Олар мұнда өте бақытты. Жайлы әрі қауіпсіз қала екенін жеткізді. Медицина саласын оқығаннан бөлек, қазақ тілін үйреніп, сіздердің мәдениеттеріңізбен танысып жатыр», – деп ыстық ықыласын білдірді. Сонымен қатар, Нагендра Прасад мырза Шымкент қаласымен бауырлас қала орнатқысы келетіндіктерін аңғартты.
🔷 Қала әкімі «Ақылды қала» жобасы қызықтыратынын айтып, бауырластық қала орнатуға дайын екенін жеткізді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ХАБАРЛАНДЫРУ!
КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ҚАЗЫҒҰРТ, ҚҰРСАЙ ШАҒЫНАУДАНДАРЫНДА ЖАЛҒАСАДЫ
🔷 Ертең, 4 қарашада сағат 9:00-ден бастап "Таза қала өзіңнен басталады" акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өткізіледі. Тазалық шаралары негізінен, Тұран ауданы Қазығұрт шағынауданындағы Орман алқабында және Құрсай шағынауданындағы Мал базар аумағында атқарылады.
🔷 Сенбілік аясында құрылымдық басқармалар мен аумақтық органдар бекітілген кестеге сәйкес тазалық жұмыстарын жүргізеді.
🔷 Қоршаған ортаның тазалығы - баршамызға ортақ іс.

ШЫМКЕНТ: «ЖАСТАР» БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ
🔷 Шымкент қаласы бойынша 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарламаға өтінім қабылдау басталады. Қабылдау 2023 жылдың 8 қараша күні сағат 9:00-ден 10 қараша сағат 19:00 аралығында жүргізіледі.
🔷 «Жастар» бағдарламасына қатысушыларға қойылатын басты талаптар:
– Жасы 35 жасқа толмаған жұмыс істейтін жас болуы тиіс;
– Өтінім берушінің соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасы аумағында иелігінде тұрғын үй тіркелмеуі;
– Өтініш берушінің Шымкент қаласында соңғы 3 жылда тұрақты тіркеуде болуы, сонымен қатар, өтініш берушінің отбасы мүшелерінің осы елді мекенде тұрақты тіркелуі;
– Өтініш берушінің ай сайынғы табысы 40 АЕК-тен (138 000 теңге) асуы шарт.
🔷 Айта кетейік, бағдарламаға қатысушылар «kezekte.kz» электронды порталында электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы өтініш бере алады.

«ФОСФОРШЫЛАР» МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖАСТАР САРАЙЫНА АЙНАЛАДЫ
🔷 Қараусыз қалған «Фосфоршылар» мәдениет үйі жыл соңына дейін қала әкімдігінің мемлекеттік коммуналдық меншігіне өтеді.
🔷 Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің Әл-Фараби ауданының есептік кездесуінде тұрғындар тарапынан «Фосфоршылар» сарайының бүгінгі ахуалы бойынша мәселе көтерілген еді. Халықтың сұранысын тыңдап, қала басшысы нысанға арнайы барып, жағдайымен танысқан болатын.
🔷 Нәтижесінде, қала әкімінің тапсырмасымен қалалық прокуратура мен мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп, ғимаратты қаланың коммуналдық меншігіне тез арада қабылдау бойынша нақты шаралар қабылданды. Яғни, талай жылдан бері түйіні тарқамаған мәселеге нүкте қойылды.
🔷 «Фосфоршылар» мәдениет үйі қаланың теңгеріміне өткен соң, ғимарат қайта құрылып, аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, көпфункционалды Жастар сарайы болып ел игілігіне қызмет етеді.