ШЫМКЕНТ АТАМЕКЕН
506 subscribers
1.22K photos
191 videos
81 files
486 links
Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы
📍«Заңғар» БО, 1-2 қабат
🗓 Дүйсенбі - Жұма
🕘 09:00-18:30
🕐 Түскі үзіліс 13:00-14:30
☎️ 8 (7252)394977
Facebook www.facebook.com/groups/ShymkentBiz
Instagram https://instagram.com/shymkent.atameken
Download Telegram
‼️Вниманию предпринимателей!

С 7 по 11 августа 2023 года в г. Самарканд состоится "Неделя делового партнерства регионов государства ШОС" направленная на развитие межрегиональных и межотраслевых деловых связей, формирование новых точек экономического роста между государствами-членами ШОС.

В рамках недели предусматривается проведение переговоров в формате B2B и G2B.

Программа форума прилагается

Заинтересованным просим предоставить данные участников для дальнейшего перенаправления организаторам узбекской стороны по следующим контактам:

📲+ 7 778 007 77 44 Бекжанов Аянжан

📩 почта: b.berdaliev@atameken.kz
❗️ *Шымкент қаласы кәсіпкерлерінің назарына!*

🔰 Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті Бюроның қызметімен байланысты мәселелер бойынша өтініштерді қабылдаудың бірегей нүктесі – *1446* Бірыңғай байланыс орталығы, Бюроның stat.gov.kz Интернет-ресурсында *«Онлайн-кеңесші»* және *statgovkz_bot «Telegram-Bot»* жұмыс жасап тұрғанын хабарлайды.

📲 Анықтама үшін телефон: 87252-39-50-90
Президент РК Касым-Жомарт Токаев на встрече с предпринимателями
Уважаемые предприниматели!

🗓️ 22 сентября 2023 года в 10:00ч., в городе Шымкент состоится конференция на тему «Развитие предпринимательства города Шымкент» с участием представителей ТОО «Самрук – Казына Контракт», Акимата города Шымкент и Палаты Предпринимателей города Шымкент для разъяснения норм Порядка , реализации импортозамещения и действующих в Фонде механизмов поддержки отечественных производителей.

🔰 Поддержка представителей частного бизнеса в рамках Программы импортозамещения позволит создать новые предприятия и рабочие места, увеличить местное содержание, привлечь инвестиции, стимулировать развитие субъектов предпринимательства и заменить импортные товары продукцией отечественного производства.

В этой связи, приглашаем Вас принять участие в конференции.


📍Место проведения: г.Шымкент, проспект Назарбаева, д. 8 , Городская научно-универсальная библиотека имени Аль-Фараби.


📲 Просим подтвердить участие по телефону:

+7 778 007 77 44 – Бекжанов Аянжан – Палата предпринимателей города Шымкент
ҚҚС МӨЛШЕРЛЕМЕСІН ӨСІРУ ИНФЛЯЦИЯҒА ӘКЕЛЕДІ – ҰЛТТЫҚ ПАЛАТА

Толығырақ ⤵️
https://atameken.kz/kk/news/50372-nacpalata-atameken-povyshenie-stavki-ndsprivedet-k-inflyacii
НАЦПАЛАТА «АТАМЕКЕН»: ПОВЫШЕНИЕ СТАВКИ НДС ПРИВЕДЕТ К ИНФЛЯЦИИ⤵️

https://atameken.kz/ru/news/50372-nacpalata-atameken-povyshenie-stavki-ndsprivedet-k-inflyacii
ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСІМЕН ЕКІ МЫҢҒА ЖУЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Үш айда – екі мыңға жуық қызмет. Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының жанынан ашылған көпфункциялы қызмет көрсету орталығында 2023 жылдың 16 маусымынан бері 1817 қызмет көрсетілген. Оның ішінде қаржылай емес қолдау көрсету бойынша – 355 қызмет, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының жұмысы аясында – 205, «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасы аясында – 15, «Кәсіпке бағыт» құралы бойынша – 46, халыққа қызмет көрсету орталығында – 988, инвесторлар мен кәсіпкерлерді сүйемелдеу фронт-кеңсесінде 198 қызмет көрсетілді.

Бұл жоба жұмыс істеп тұрған бизнес пен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға кәсіп жүргізудің барлық кезеңінде кешендік қолдау көрсетуге бағытталған. Мамандар бизнес-идея туындаған сәттен бастап жобаны қаржыландыру мен жүзеге асыруға дейін сүйемелдейді. Мемлекеттік, банк, сервистік және қаржы институттарының қызметі, жалпы, заңды тұлғаларға арналған 800-ден астам қызмет бір орында – осы көпфункциялы қызмет көрсету орталығында көрсетіледі.

Орталық жұмысы кәсіпкерлердің көңілдерінен шығып отыр. Іскер азаматтар «бір терезе» қағидаты нәтижесінде құжаттар рәсімдеу жеңілдегенін айтады.

– Барлық қызмет бір ғимаратта болғаны өте қолайлы. Палатаға әдетте CT-KZ сертификатын рәсімдеуге келемін. Кезегімді күтіп отырғанда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барып, салық есебі туралы біле аламын, анықтама алуыма болады. Алдағы уақытта заңды тұлғаларға көрсетілетін қызмет аясы кеңейіп жатса, қуанамыз, – дейді кәсіпкер Камила Абдикеримова.

Орталық мамандарының айтуынша, негізінен есеп тапсыру, заңды тұлғаны тіркеу, жылжымайтын мүліктің құжаттарын заңдастыру секілді қызметтер кең қолданылып жатыр.

– Жалпы, Шымкент елімізде шағын және орта кәсіпкерлер саны (ШОБ) бойынша алдыңғы қатарда келеді. 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша қаладағы ШОБ саны 130 мыңнан асып, 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 36,2 пайызға артқан, – дейді Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Айдана Бейсебекова. – Жұмыс істеп тұрған ШОБ арасында жеке кәсіпкерлер саны – 109 093, шағын заңды тұлғалар – 21 019, орта заңды тұлғалар – 148, ал ірі кәсіпкерлік нысандары 50 бірлікті құрап отыр. Енді осы субъектілердің барлығы көпфункциялы қызмет көрсету орталығында «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет ала алады.

Айта кетейік, пилоттық жобаны жүзеге асыру аясында 2023 жылдың 16 маусымы күні Кәсіпкерлерге көпфункциялы қызмет көрсету орталығы ашылған болатын. Еліміздің барлық аймағында жүзеге асырылатын жобаның басты мақсаты – бизнес пен кәсіпкерліктің барлық кезеңінде, идеядан бастап жобаны толық жүзеге асыруға дейін кешендік қолдау көрсету.

Көпфункциялы қызмет көрсету орталығының жұмыс кестесі:
ДС – ЖМ, 09:00-ден18:00-ге дейін (үзіліс: 13:00–14:00).