Шұғаның белгісі🤍
263 subscribers
28 photos
94 videos
7 files
Бұл жерде жұмыстарымның жартысы🥰
Download Telegram
Өзім туралы...
Мен бұрын ерке қыз ем, жаны тұнық,
Қалдым ба тағдырымнан сәл ұтылып?
Тербелген бал шағымды еске алып ем,
Кеудемнен шерім кетті ағытылып.

Мен кеше арман едім, әппақ арман,
Келгендей кейпім бартын жат ғаламнан.
Өмірде бір ақ рет сүрініп ем,
Жақсы әнім ұмыт болды жаттап алған.

Бір кезде бар болмысым құралай тын,
Жан едім құламайтын, жыламайтын.
Бір жазу жазылыпты маңдайыма,
Жайым жоқ ешкімді оған кінәлайтын.

Жарайды...
Өткен өтті... Өмір мектеп!
Күн күліп келе жатыр көгімде ептеп.
Мен де ертең шаттанамын шуақтанып,
Мен де ертең құлпырамын көңіл көктеп!

Неге өмір өткенді еске сала берді?
Қайтадан сүйгім келед бар әлемді.
Ештеңе аямап ед Алла менен,
Кішкентай бақ берсе екен маған енді!
Рахат Әбдірахманов
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сен біреуді күтіп жүрсің...
Күтіп жүрсің таусылардай тағатың
Бір адамды саған қамқор болатын.
Мұңайғанда әзіл айтып көңіліңді табатын,
Көз жасыңды сүртіп сені жұбата да алатын.
Жүрегіңнің сөнген отын жағатын,
Өмірдегі бар қиындық атаулыдан тығылып,
"Құшағына еніп кетсем" деп асығып баратын!

Ынтықтығың артты ма әлі өміріңде жоқ жанға,
Қол ұстасқан ғашықтарды көрген кезде бақтарда?
Құрбыларың шет-шетінен ұзатылып жатқанда,
Жалғыздықтан шаршап мұңға батқанда?
Елеңдейсің телефонға келіп түскен xаттарға,
Келер дейсің сен күткен жан бір күні,
"Сенем!" дейсің сеніміңе селкеу түскен шақтарда.

Сүйгеніңді жолықтыршы, жүрегіңе гүл бітіп,
"Жалғыздық тек Жаратқанға жарасады" деуші еді...
Әй, жігітім!
Мына жақта сені біреу жүр күтіп,
Таныстырып қояйыншы, кел, сені.

Авторы: Данияр Жігітбек
Айттарыңыз қабыл болсын🙌🏻🫶🏻
Менің ұзатуда айтқан әнім)
Тик-токта сұраған екенсіздер, мархабат🫶🏻