Шұғаның белгісі🤍
264 subscribers
28 photos
94 videos
7 files
Бұл жерде жұмыстарымның жартысы🥰
Download Telegram
Менің ұзатуда айтқан әнім)
Тик-токта сұраған екенсіздер, мархабат🫶🏻
Audio
Тойда айтқан әнімді телеграмға салуды сұраған екенсіздер. Бірақ, ренжімеңіздер сала алмаймын. Өз ұзатуында көп адамның менің дауысыммен ән айтатынын біле тұра,Ұзатудағы әнді сұрағанда, ойланбастан салдым. Біреудің еңбегін, уақытын, энергиясын бағалаңыздар❣️
Сен ешкім болмасаң да әлем үшін,
Әлемі бөлек жансың әкең үшін.
Сен ешкім болмасаң да ғалам үшін,
Ғаламат ғажап жансың анаң үшін.

Сен ешкім болмасаң да халық үшін,
Алыпсың ұл-қызыңмен жарың үшін.
Сен ешкім болмасаң да қауым үшін,
Керексің қарындас пен бауыр үшін.

Ата-анаң, жарың, бауырларың
Бар болса жалғыздықпен ауырмағын
Керек болмай қалсаң сен ешкімге
Бір Алланың пендесі емессің бе?!
Поэзия кешінде жолыққанша🙌🏻❤️
Құрбыма
 
Бүгін маған құрбым келді:
Құшақтап соңғы үмітін,
ұйқысыз жүрген күн-түн.
Үйленіп кеткен басқаға
Сағынады екен жігітін.
 
"Сен мендей ессіз сүйіп пе ең?
Құлап кетсем бе биіктен?
Шылымның дәмін көрсем бе,
Ішім кетсем бе күйіктен?
 
Білмеймін ненің керегін,
Ақымақ мені демегің
Намазға егер жығылсам,
Тыныштала ма жүрегім?
 
Бүйткен өмірі құрысын
Жылап отырмын кім үшін?
Кетіп қалсам ба бір жақа
Тарылып кетті тынысым?"
 
Жасыңды ұзақ төккіздің
(Ұқсастығымыз көп біздің)
Сендегі күйді, жаным-ау,
Мен де басымнан өткіздім
 
Бүгін маған құрбым келді:
Бір күліп тағы бір жылап
Бітпейтін не ол мың сұрақ?
Жылулық меннен күтеді,
Жұбата алмадым мен бірақ
Жайна Минайдар
Тек поэзия емес, арасында сырласып отырсам қалай?
Бәріне сәлеем) мендей колхозға телеграмның постына қалай комент жазуды үйретіңдерші🙌🏻 біраз нәрсемен бөліскім келеді…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қалайсыздар? Осы жұма күні бұйыртса, пост қылып саламын) Оған дейін бағасын өздеріңіз беріңіздер🫶🏻