Шұғаның белгісі🤍
242 subscribers
28 photos
94 videos
7 files
Бұл жерде жұмыстарымның жартысы🥰
Download Telegram
Сұраған жандар үшін🥰
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Өмір мынау қатар тосқан
Жеңілі мен ауырын,
Шуағы мен дауылын.
Бүгін мына сенің туған күніңде (тойларыңа қадірлі)
Қандай тілек айтсам екен, бауырым?
Саған байлық тілер ем мен,
Бірақ ол бір әңгүдік,
Есігіңнен кіргенімен паң күліп,
Жүргенімен шеру тартып, сән құрып,
Саған жолдас бола алмайды ол мәңгілік.
Бәлкім, ерлік тілер ем мен,
Тамыр алған төсіңнен,
Ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен,
Онсыз адам жүре ала ма
Соқпақтар мен жолсыз да,
Ал сұлулық тілер ем,
Сұлусың-(дар) сен онсыз да.
Қайтсем екен?
Мен одан да барлық адам аңсаған,
Барлық адам сан мың жылдар арман етіп шаршаған,
Азы жетіп, ал сан мыңы тек елесін тамсанған,
Кез келгеннің уысына түспейтін,
Кез келгеннің бақшасында піспейтін,
Зор махаббат тілейінші мен саған.


Мұхтар Шаханов
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жұбатпашы жүрегім көнер емес,
Көз алдымда сырғуда небір елес.
Сағыныш қой сағыныш, саған деген
Ойға шомып ұйқымда келер емес.
Ойлардыңда орманы қалың екен,
Қандай жанмын,
Қандай жанмын танғалам жаны бекем.
Ғашығыма əсем əн жазып едім,
Дауыстатпай қор болдым əніме тең.
Шаншымашы жүрегім, Шаншымашы
Мен ғана əлемнің ғашық жаны
Арманымның орнында армандарым
Сосын бірге боламыз,
Сəл шыдашы
Ал, əзірге жүрегім шаншымашы.


Мұқағали Мақатаев
Audio
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жанашырым,сіңілім қызғалдағым
Арманыңның аралап ізгі арманын
Барамысың алыстап арамыздан
Жүрегіңнің орындап ізгі арманын
Артқа тастап жастықтың дөңін асып,
Арманыңа жетуге болып асық
Арамыздан әп сәтте кете бардың
Айналайын бара ғой жолың ашық!
Тілегіңді бара ғой құп аламыз
Ақ жол тілеп өзіңе тұр анамыз
Туғаныңнан (жыл)өзіңді еркелеттік
Қарымтасын ешкімнен сұрамаңыз
Адамзатқа ұсынған күні бұрын
Кім құптамас Алланың құрылымын
Біздің емес құдағайдың қызы болдың
Шын жүректен ұғыппыз мұны бүгін
Толғаныстан есім жоқ менің тегі
Бар бара ғой күтуде елің сені
Біздің үйдің қызы деп айтпайды енді
Деп айтар жұрт Дәуреннің келіншегі
Қимай тұрмыз қайтейік мұным анық
Саған деген көңілім тұнып анық
Бар ара ғой тапсырдық құдаларға
Етімізден жүректі жұлып алып
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жеңіп шығам
 
Неге сыртқа аяусыз тебесіңдер?
Қолынан түк келмейді дегесіңдер.
Талай биік шыңдарды бағындырып,
Бəрін жеңіп шығамын көресіңдер.
 
Жеңіп шығам, осал деп ойламаңдар,
Тағдырым мен орынсыз ойнағандар.
Есемді жібермеймін ешкімге де,
Өзінің қара басын ойлағандар.
 
Бəлкім талай кездесер сынақ маған,
Мүмкін кейде сүрініп, құлап қалам.
Бірақ мені аяудың қажеті жоқ,
Қолымнан келгенінше шыдап бағам.
 
Қолды жайып, ешкімнен сұрамаймын,
Ақтық демем қалғанша құламаймын.
Ал егер құлап қалсам, қорықпаңдар,
Өзгені емес, өзімді кінəлаймын.
 
Кейде арттан өсек сөз ілесуде,
Мен туралы алдымен білесің бе?
Жеңіп шығам, дайынмын барлығына,
Барлығымен дайынмын күресуге.
 
Мақсат - айқын, арман - нық, ойым -атан,
Білгенімді барынша пайымдатам.
Мойындамай, менсінбей жүргендерді,
Бəрін жеңіп, түбінде мойындатам.
 
ДАРХАН ДАУЛЕТ ДАУРЕНҰЛЫ
Audio
Audio
Audio
Ол сені сүймейді...
 
Доғар бәрін,
Өз-өзіңді онсызда көп алдадың.
Түсінемін, басыңнан бағың тайып,
Өміріңнен бір адам жоғалғанын.
 
Өтіп жатыр уақытың алдауменен,
Бірін сөгіп, басқасын қарғауменен.
Тірі жанда, Құдай-ау, болмаушы ма ед...
Бір үмітке үмітті жалғау деген.
 
Бұйырмаса қайтесің...
Көтер басты,
Болмайтынға мазаң да бекер қашты.
Жамандықты шақырма... Өмір алда,
Көздеріңнен көп төктің жетер жасты.
 
Өмір емес - қасірет,
Шерің - уайым,
Көпке дастан етпеші көңіл жәйін.
Тарауындай кітаптың мынау Жалған ,
Қалауыңдай болмайды өмір дәйім.
 
Ол сені сүймейді - шындық осы,
Бір адамсың;
Таңы - аза,
Мұңды - кеші.
Неге сонша іш-іштен таусыласың,
Өз жанында бардай-ақ сүмдық өші.
 
Өмір заңы...
Берілме тағы ашуға,
Соры қайнап, біреудің бағы асуда.
Сенің сүйген адамың - ол да пенде,
Құқығы бар оның да адасуға.
 
Мәңгілікке табылмас тұрақ Жерден,
Бұл өмірді, замандас, Жұмақ көрмең.
Бұл да - сенің сынағың,
Хақ Тағалам
Әр адамға түрліше сынақ берген.
 
Ол сені сүймейді....
                       (  Санжар Ғұлама)
Audio
Көп қыздар өздерін көріп, жекеге жіберуімді сұрады. Бәріне бірдей телеграмға салдым🥰