Shonbay
8.85K subscribers
117 photos
47 videos
4 files
118 links
Бизнес психология
Download Telegram
Вирусқа күліп қарасаң, иммунитетің көтеріледі екен.

Рас айтам.

Эмоция мен Иммунитеттің байланысы сонша, тіпті Психонейроиммунология деген медицинаның бір саласы бар екен. Все серьезно. Бәрі дәлелденген.

Фулвио Даквисто деген иммунологтың зерттеуінше ВИЧ-пен ауыратын бір еркек позитивті эмоциялар көп алғаннан кейін оның қан құрамындағы вирус мөлшері едәуір қысқарған екен.

Барлығымыз білеміз, эмоцияның бір өзі рак, жүректің ауруына, вичке әкеп соқтырады. Жағымды әсер, иіс, эмоционалды картинаны тудыру арқылы зерттеушілер иммунитетті, физиологиялық өзгерістерді зерттегеннен соң, кортизолдың (стресс гормоны) төмендеуін байқаған.

Яғни, өз денсаулығымызға келгенде біз 4 негізгі нәрселерді бақылауда ұстай аламыз:
- темекі шегу, не шекпеуді
- спортпен шұғылдануды
- тамақтануды
- позитивті эмоциямызды
Соңғысына медитация қатты әсер етеді.

В общем, күнде 8Д медитациясын тыңдап, позитивті эмоциялар алып отырсаңыз, ол сізді маскадан да қатты қорғауы мүмкін!)) Байқап көріңіз)
Алдыңғы апта FORBES тізімі бойынша біздің телеграм канал үздік 15 блогтың ішінде 9-шы орынға жайғасыпты.

Ортақ жеңіс құтты болсын!

Енді көмектеріңіз керек. Әрі қарай телеграм каналымнан не күтесіздер? Қандай тақырып талқылағанымыз дұрыс?
Қазіргі жазбалар көңілізден шығады ма?

Ой-пікіріңізді жаза отырыңыз👇
Кеше топтық коучингте бір әйел разборға шықты.

Продукт: Әшекей-бұйымдар.
Проблема: Продажа жоқ.

Депрессияда жүріп, қолын бір сілтеуге дайын тұрған әйелге бір ғана сұрақ қойдым:

Екеумізден кім әдемі?

Көзінде оты сөніп, депрессияда жүргенінің барлығы - бетіндегі әдемілігін құртып тұр. Дәл осындай состояниемен ол продажаны ойламақ түгілі, ештеңеге қауқары жетпейді.

Неге?

Елестетіңізші, жақыныңызды көлік қағып кетіпті (құдай сақтасын) деген жаңалықты естіп, шәй іше аласыз ба?

Тамағыңыздан бір жұтым су да өтпейді иә?

Бір тамақтан (жұмысты, бизнесті, тағы басқа глобальный дүниелерді санамағанда) ләззат алу үшін де жағымды состояние керек екен. Тамақ істеу үшін де солай: настроениеңіз болса - пловыңыздың суы да дұрыс, тұзы да дұрыс боп шығады да, болмаса - каша.

В общем, проблеманың шешімі де осы: сабырға келіп, эмоцияналды жағдайын көтеру керек. Сосын продажаны еселеу үшін миыңыз түрлі методтарды өзі-ақ ұсынып береді.
АҚША VS ЖҮРЕК ҚАЛАУЫ

2 зат бір-біріне қарама-қайшы тұруы мүмкін, егер…

ниша таңдау уақытында Икигайдың 4 сұрағына жауап бере алмасаңыз.

Ол қандай сұрақ:
• Немен айналысқан ұнайды?
• Қолымнан қайсысы келеді?
• Қолымнан келетін әрекет арқылы басқаларға қалай көмектесе аламын?
• Қай қабілетім үшін маған ақша төлеуге дайын?

Мәселен, домбыра тарту ұнауы мүмкін, ол іс қолыңыздан келеді, бірақ бұл қабілетіңіз үшін өзгелер ақша төлеуге дайын болмаса - 4-ші сұрақтан құладыңыз.

Осы 4 сұрақтық сынақтан өтіп кетсе - жақсы.

Сурет салған ұнайды, фотошоппен айналыса аласыз, өзгелерге дизайн істеу арқылы қызметіңіз үшін ақша ала алсаңыз - толықтай

Дәл қазір байқап көріңіз.
АҚША - ҚОЛДЫҢ КІРІ (емес)

2018 жылы Versus-тың аясында ер азаматтарды жинап, тренинг өткізгем. Сол кезде жігіттерге:

“Сендер үшін ақша деген не?”, деп сұрақ қойдым.

Алған жауабым мынау:

“Ақша - проблема, риск, жауапкершілік, жұмыс, уақыт, қолдың кірі”, в общем, жаман екен.

Енді қараңыз,

Ақша - ол сенің оған көзқарасың, қарым-қатынасың. Яғни оны сен “масыл, қолдың кірі” деп ойласаң, солай болады.

Кезінде менің де 400 миллион теңге қарызым болған. Жігіттер айтқан “проблема, риск, жауапкершілікті” жақсы білем, бірақ ешқашан олай деп ойлаған емеспін.

Мен үшін ол - құрал. Қол жеткізсем - еркін өмір сүрем.

Ақша - энергия. Ал оның позитивті, не негативті болуы өзіңе байланысты.
Shonbay
Бұл – Зиябек мырза. Зиябек мырза табысын 250 000-нан 2 700 000-ға көтерді. Зиябек мырза молодец! Зиябек сияқты бол.   Қалай десеңіз, айтайын.   Зиябек мырза пицца/суши жеткізумен айналысады. Оборотта 1 200 000 көлемінде ақша, оның 900 000 товар мен айлыққа…
Жалғастырамыз.

Зиябек мырза менің топтық коучингімдегі студент.

Алдыңғы айдағы таза табысы: 3 700 000 теңге.
Күндік заказ орта есеппен 55-тен 75-ке өскен.

Қалай?

Инструмент: таргетинг, копирайтинг

Бұрын таргетінде 3 баннер ғана болған, сабақтан соң күніне 8 баннерге көбейтіп, тақырыбын өзгерткен.
Енді мына жерде по подробнее:

Зиябек мырза әр заказға сыйлыққа пицца береді. Быйлайша айтқанда ол УТП, бірақ бұл УТП туралы ешкім ештеңе білмейді. Неге екендігі - сұрақ.

Сонымен, басты ұсынысты айтып, Зиябек мырза баннердің тақырыбын былай өзгертті:

Было:
Толстые роллы, большие и сытные пиццы!

Стало:
ПОЛУЧИ ПИЦЦУ ПЕППЕРОНИ В ПОДАРОК!

Нәтижесі: +20 заказ.

Енді 8 баннерден табыс 20%-ға өссе, 16 баннерден одан әрі өсе ме, әлде жоқ па?🤔
Қалай ойлайсыздар?
Бейшара болмашы, өтініш…

Қатты айтсам ренжіме, бірақ шындығына келгенде солай. Таңертең тұра салысымен “жолым болмайды”, “мен ешкім емеспін”, “бар әлем маған қарсы”, “қолым қысқа”,”аяғым түзу емес” деп оянсаң, онда сенде бір ғана диагноз - бейшаралық психологиясы.

Оған шалдығудың мынандай себептері бар:

1. Өзін-өзі бағаламау. Жұмысын жоққа санау.
2. Ерекшеленуден қорқу. “Ел қатарлы бол” деген позицияны ұстану.
3. Басқалардың пікіріне тәуелді болу. Айналадағы адамдардың не ойлантындығы толғандыру.
4. Сәтсіздіктен қорқу. Стартап бастап, банкротқа ұшырау - қорқыныш, бастамай-ақ қойған жақсы.

Тағы бір ерекшелігі - өміріңді өз қолыңнан шығарып алу. Сен үшін өзге біреу шешім қабылдайды, арман-мақсатың өзге біреудікі, өзге біреудің көмегімен жұмысқа кіресің, тіпті жасайтын іс-әрекетің де түбінде келгенде біреу үшін.

Өзімді қолға алам деп бекінген болсаң, бейшара болма! Бұл дегеніміз - өзіңді жақсы көру, лайықты екеніңді түсіну!

Сен жалғызсың, индивидуалды тұлға, эксклюзивті экземплярсың. Ендеше өзің үшін өз өміріңді қазірден бастап қолға ал!👆
Shonbay
Әлі күнге дейін кәсіп бастай алмауыңа не кедергі? https://youtu.be/GD3RmEZGw7I
БИЗНЕС БАСТАМАУЫҢА НЕ КЕДЕРГІ?

Ақша ма?

17 жастағы Жанғали мырза кәсіпті 14 000 теңгемен ғана бастаған. Қазіргі пайдасы 2 айда 1 000 000 теңге.

Таныс жоқ па?

Әсел ханым ауылда жүріп, инстаграмдағы парақшасын жүргізген. Қалада ешбір танысы жоқ қыз қазір Алматыдағы кондитерлік дүкеннің иесі.

Жұмысты тастай алмаймын дейсің бе?

Ержан мырза - ұстаз. Курс жасау арқылы жақында арман еткен камри автокөлігін сатып алды.

Жаспын деп ойлайсың ба?

Жанель ханым бар болғаны 15 жаста. Торт жасап, айына 600 000 теңгеден астам табыс табады.

Бизнес туралы түрлі стереотиптеріңізді жою үшін 3 қалаға барып 6 кәсіпкердің бизнесін талқылап, түсірдік.
Енді кәсібіңді бастамау үшін қандай сылтау айтасың?

БЕКЕР ЕМЕС #1
Менен кеңес сұрағандарға:

ҚАТЕЛЕС!

1. Көбісі табысты кәсіпкерлер басқалардан қарағанда көп қателік жібермейді деп ойлайды.
2. Бірақ, шындығына келгенде, керісінше. Кім басқалардан қарағанда көп қателік жіберсе, табысты болады.
3. Себебі ол жиі байқап көреді. 10-ның ішінде 1-еуін тапқан 1-дің 1-еуін тапқаннан әлдеқайда жеңіл.
4. Нәтижесі белгілі. 12 ай барлығына “немен айналыссам екен” деп сұрақ қойып, жалғыз дұрыс шешімді табуға тырысуға болады. Бірақ сол 12 айда 12 рет бастап, 11 рет қателесіп көруге де болады.

Таңдау өзіңде.
КЛИЕНТІҢІЗДІҢ АВАТАРЫ ҚАНДАЙ?

Ойландыңыз ба?

Біреуге бір зат сатпас бұрын, кімге сатып жатырмын, ол оған керек пе, оның қажеттілігін жаба ма, проблемасын шеше ма, біліп алыңыз.

Ол үшін клиентіңіздің аватарын құрастырыңыз. Суреттеңіз, тіпті атын да атап қойыңыз.

Мәселен, Берік мырза - жасы 23-тегі кәсіпкер, Алматыда тұрады, астында Тойота Камри көлігі бар, магазин бизнесі, оффлайн саудамен айналысады, бизнесін онлайн дамытқысы келеді. Отбасы құрған, бір баласы бар, айлық табысы кем дегенде 1 000 000 теңге.

Керек десеңіз толықтай елестету үшін суретін де салып қойыңыз.

Берік мырза - нысандағы аудиторияның жиынтығы, идеалды клиент. Кез-келген бизнестегі өзгерістер, жаңа қызметтер, қандай да болсын жаңашылдықты еңгізбес бұрын бірінші Берік мырзамен ақылдасып алу керек.

Түсіндіңіз ғой? Дәл қазір клиентіңіздің аватарын құрастырыңыз. Бұл өте маңызды.

БИЗНЕС СИМФОНИЯ #2 инструмент
1. Бизнесіңізді аштыңыз. Бірінші таныстарыңызға, таныстарыңыздың таныстарына сату мүмкін болды да, әрі қарай - ТУПИК.

2. Жаңа клиенттерді тарту үшін сіз жарнамаға ақша кетіре бастайсыз. Жаңа клиенттер келеді, бірақ шотыңызда табыстан көрі, шығыныңыз көп шығып тұр. Неге?

3. Жаңа клиенттердің тапсырысын уақытында орындау үшін жаңа жұмыскерлер ала бастадыңыз және ол екі еселік шығын болды.

4. Мұндай жағдайға түспес үшін бизнесіңіздің кірісі мен шығынын есептейтін юнит анализ құру керек.

Және бұл сіз білуі қажет, бизнесіңізді табыстың көзі етуге көмектесетін бір ғана құрал.

Бизнес бастаушыларға арнайы нақты жолдар, инструменттер мен пайдалы кеңестер - Бизнес Симфонияда. Және оның шығу күні күн сайын жақындауда…

Демек, сіз дәл қазір кітапқа тапсырыс беріп, 1 020 000 теңгелік 6 курсты тегін ала аласыз.

Курстар арнайы бастауыш кәсіпкерлер үшін іріктелген. Толығырақ:
https://clck.ru/P4xdh
Қадалып қала жаздадым…

Әке-шешеме үй салып беру үшін осы күндері жер іздеп жүргенмін. Қаланың ішінен бір участокты таптық, ұнады. Келісім берсек, жері бар, соғатын материалдары бар, үйі бар, жиһазы бар, в общем бір талай миллионға үй соғуды көздеп отырғанбыз.

Толықтай көз жеткізу үшін амалын тауып 300 мыңға жердің құнарлығына анализ жасаттым.

Сөйтсем, участокта 14 метр мусор!

Танысымда солай болған. Тексермей, үй соққан, сосын бірнеше жыл салып салған үйі екіге бөлінді де қалды.

Тексерсең, кететіні - 300 мың теңге, тексермесең - 100 000 000 теңге. Айырмашылық бар ма?

Кәсіп бастағысы келетіндерге үнемі айтатыным - осы.

Идея бірден стартапқа айналып кетсе, қадалып қалу мүмкіндігі жоғары. Себебі ортасында "тестілеп көру" деген кезеңі қалып қойған.

Кішігірім қаражат сал да, байқап көр. Жүріп кетсе, тіпті жақсы, жүрмей қалатын болса да қалтағы ұратыны шамалы. Логиканы түсіндің ғой?
Сарафанное радиодан бір социолог мықты маманды естіген едім. Бұл салада тәжірибесі мол дейді, шетелде мықты университетте социолог мамандығын бітірген, жақсы кейстары бар, естісең, бір сөзбен айтқанда - белиссимо!

Таныстары арқылы жұмыс қажет болған жағдайда байланысқа шықсын деп ұсыныс жасадым.

Байланысқа шыққан бірінші секундынан-ақ жұмыс істемейтінімізді бірден ұқтым. Қалай?

Мені танымайтын, өмірінде ешқашан тілдесіп көрмеген адам бірінші байланысын ватсаптағы аудиосообщение арқылы жасады.

Елестетіп тұрсыз ғой?

Бірінің артынан бірі жіберілген 1 емес, 3 аудио, аватаркасында түсініксіз сурет, аты жоқ, жәйі жоқ, сәлемі жоқ. Қызық иә?
Ең сорақысы, аудиосынан соң звондап тұр. Алсам, 700 000 айлық дейді.

Айлығында дым жоқ, сұрасын, өзім де зерттеулер жасауға 10 млн қаражат жұмсаймын деп отыр едім, бір ғана аудиосообщениесі үшін айырылды да қалды.

Түсіндіңіз ғой? Бірінші байланысты дұрыс жасау - аса маңызды және оны аудиосообщениеден бастау - қателік.
Ваканция❤️

Маған бизнес ассистент керек.

- Бірнеше тіл білу
- Жеке ассистен немесе бизнес ассистен тәжібиесі бар
- Компютерлік сауатттылығы жоғары
- Мағлұмат жинап, оны жүйелендіре алатын..

Кісі болсаңыз төмендегі форманы толтыруыңызды сұраймын.

Бұл бірінші этап, сосын резюмеңізді сұраймыз.

Бізге берер пайдаңыз бар адаммын деп санасаңыз, сізді күтемін.

Кім біледі, бәлкім именно сізді жұмысқа алатын шығармын?

https://clck.ru/QTdHv
Урааа, бізде Beker Emes влогтың 2-ші бөлімі шықты 😍


https://youtu.be/h5DlDE8ym08