Шимайшы
254 subscribers
305 photos
132 videos
3 files
64 links
Бұл жерде түрлі оқиғаларға деген көзқарасым, тіпті, фейсбукта жазбайтын дүниелер де жазылуы мүмкін. Күнделік очм...
Download Telegram
Крещение күні сол дін иелерімен жағаласып, “Биссимилялап” не болмаса “Аллаһу акбарлап” суға түсетін өзіміздің қазақ мұсылмандарға жыным келеді. Денсаулыққа пайдалы болса басқа күні түс. Су осы күні ғана қасиетті деп есептесең христиан дініне өт.
Құрбан айт күні бір христиан “Во имя отца и сына и святого духа”,-деп шошқа бауыздаса қалай қабылдар едіңіз?
🤣1
“Күлтөбе депутаты” дегеннен әдемі естілетіні рас қой.
Жеке өзім үшін қалай атаса да бәрібір. Елге расымен оң өзгеріс сезілсе, әлеуметтік жағдай артса болды.
Несиемізді кешірмей-ақ, қазіргі пайызды 7-8ге түсірсе 145 депутат тұрмақ 555 болса да қолдар ем. Әйтпесе, біздің мемлекетке тап қазір 40-70 аралығындағы депутат та жетер еді.
Салығымыз анау, ұсақ кәсіп иесі болғандықтан жүгенсіз кеткен жалға алу мәселесі де қиқындырып тұрғанын мойындаймын.
Бізге аса қатты ештеңе қажет емес. Тегін үй, тегін көлік сұрамаймыз.
Айыппұлдар айлыққа сай болса, салық та кәсіпіңе сай болса болды.
Бірақ, бәрі күшті, бәрі тамаша деп галочка қойып, астын қызылмен сызып жазатындар, шабыттанып кетіп он шақты видео түсіріп тастайтындар тұрғанда үніміз естілмейтінін білем.
1👍1
Ана жолы Қарағандыда бір отырыста да айттым. Жазып та жүрмін. Мектепке кез-келген діннің ашық енуіне тосқауыл болуымыз керек.
Ата заң өзгерем дегенше, ол жерге баттитып жазғанша да бір жыл кетеді-ау…
Осы оразаның алдында мектептерді аралап, оқушыға ораза тұту (😷) парыз емесін, тіпті, денсаулығына, оқу үлгеріміне кері әсері барын ашық айтатын жұмыс тобын құру керек.
Бұған көнгісі келмеген, бастан кеткен ата-анаға айыппұл салу керек.
Ана жолы үйге сегіз оқитын қызымның екі сыныптасының анасы келді. Екеуіне биыл қыздарыңызға ораза ұстатпаңыздар, балалар бір-біріне еріп, науқаншылдыққа ұрынбасын дедім. Ол замандастарым да келісіп отыр. Тағы бір 5-6 әйелдің басын қосып шай ішсем бұл миссиямды да орындап қалармын😎.
Мен еш дінге қарсы емеспін. Исламдағы “рия” ұғымын қатты құрметтеймін риямыз жарияға айналғалы қашан))))
Дінді жеккөрінішті етуде сол дінге басымен кіргендер үлкен рөл атқаруда айтпақшы. Кінәласаңыздар мені ғмес соларды жазғырыңыздар😜
👍6
Әлгі кеңестегілер біреудің артына кіріп, олардың жариялаған постының астында біз олардың артын жалап өтіп жатқан өмір-ай...
👍1
Салынып жатқан медресе, мешіттің жанында каспи голд нөмірімен атып шығатын имам мен молдасымақтар не деп жатыр Ата заңымыздың жобасы туралы?
Неліктен ол кісілер араб тілін қосуды ұсынбай отыр?
"Ал, қалқа, келді кезің жайнайтұғын, Бұлбұлдай бақшадағы сайрайтұғын", демекші бұл кісілер де ықпалды бір топ қой елімізде. Негізі осылай жоқтан мәселе жасап ап, бас ішіндегі тарақанмен көп ақылдаса берсек бір күні мұның да расқа айналғанын көрерміз... Ал, имам мен молдадан қазақ тіліне қолдау күтпеймін. Кез-келген діннен ақшаны алып тастасаң дін қалмайтыны белгілі. Сондықтан да, жемсауын ғана ойлайтындардың не дейтіні көбіне белгілі...
👍2
👍8
Ата заң жобасында 9-баптың бірінші тармағында тайға таңба басқандай “мемлекеттік тіл - қазақ тілі” деп көрсетілген. Оған дау жоқ. Әңгіме аталмыш заңның екінші тармағында. Ол жерде “Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен ТЕҢ қолданылады.”,-деп көрсетілген. Тайға таңбаны екі жағынан да сап жібердік😎
Жер шарының екі шетінде жатқан, бірін-бірі білмейтін халықтардың аңыз, ертегілеріндегі ұқсастық неде? Тау көтерген Толағай мен Хануманды не біріктіреді? Төле би мен король артур жолыққан ба?
Осы сұрақтардың жауабын іздеп көрдік...
https://life09.kz/kz/news/mdeniet-lem/kazak-zhne-lem-khalky-anyzynyn-uksastygy
Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық драма театрында мықты қойылым жүріп жатыр. Премьера! Кешегі құрам қалай ойнағанын білмеймін. Бүгінгі құрамға өз басым ризамын. Асаба рөліндегі жігіттің дауысы ғана шын өмірдегі шиқылдақ шоумендердікіндей болғандықтан ұнаңқырамады. Әлде, режиссер дәл солай болғанын қалады ма екен…Қалғаны жап-жақсы. Көруге жеңіл, айтар ойы бар, басы бар, ортасы бар, аяғы бар қойылым.
Ұнамаған екі мәселе бар:
1) Көрермен мәдениеті. Телефонын жарқыратып, қойылымды оңды-солды түсіре беру. Театрға келген адамға қойылым басталмай тұрып дауыс зорайтқышпен театр мәдениеті жайлы 2-3 сөйлемдік уағыз айтып отыру керек секілді. Түбі бұл құбылысты жеңеміз.
2) Ақшама сатып алған орнымнан тұрғызып жібермек болған әрекет ұнамады. Иә, мәдениетті түрде өтініп тұр. Бірақ, өтініш мен үшін негізсіз. Ол орын арнайы шақырумен келетін “басы алтын құйрығы күміс” жандарға арналған екен. Бірақ, орындықта ешкімнің аты-жөні түйреулі тұрған жоқ. Секіре салу түк емес. Секірмеуімнің басты 2 себебі бар.
📌Мен келіншегіммен басқа жерге отырдым делік. Қойылым басталған соң кешігіп жүретін екі қазақ аяқ асты пайда болып, мынау орын біздікі еді деп билетін көрсетсе тұруым қажет болады.
📌 Облыс әкімі қатыспайтын, осы секілді қойылым, жәйский концертке айтып отырған мекеме, басқарма басшылары ешқашан келмеген. Соны инемен бал ашпай-ақ біліп отырмын. Бұл жолы да келмеді. Келе қалған күнде де оның менен қай жері артық? Азар болса шашы бар шығар? Басының басқа артықшылығы барына күмәнім бар. Таз екен, қасқа екен деп адамды осы кемсітуге бола ма?🤣🤣🤣.
Өзіміз де мәдениет саласында істегенбіз. Халықаралық фестиваль, республикалық концерт ұйымдастырудың қақ ортасында жүрдім. Шақырудың қатары өмірі сатылымға шықпайтын бізде.
Айсұлтан Қарағандыға митинг, бүлік болғанда ғана керек. Қалған уақытта итсің-ау, күшіксің-ау деп жатқан ешкім жоқ. Иттің итіқайлары небір жиындарда шалқайып отыра береді біз жақта. Солар өздеріне керемет жарнама жасай ма бірдеңе. Кеуделеріне бір мезгілде 1-2 таба нан, бір мантоварка манты мен мясо по французский пісіріп алуға болады-ей Богу.
Айтпақшы, жанымызға өзім танитын бір жігіт келіншегімен келіп отырды. Орнымнан тұрып кеткенде артым жаман ашыр еді. Себебі, ол жігіт бағанағы келмей қалған бастықтың атынан кеп отыр🤪🤪🤪.
Театрға барыңыздар! Осындай қойылымдар боп тұрады ол жақта😎
😁101
"Оқырманы көп 200 фейсбукші" қатарына кірдім деп қуануға да, кірмедім деп ренжуге де болмас. Одан өміріміз өзгеріп кетпейді. Қырт-сырт дүния жазып та кіріп кетуге болады, қаншама өзіндік контент түсіріп жүріп, осында жүктеп жүріп кірмей қалуға да болады.
Мәселен, біздің Қарағандыда Денский деген инстада оқырманы көп жігіт бар. Сол жігіт өзіндік контенті жоқ адам. Тек, жекесіне келген "Мына жастар түні бойы балконымның астында гитара тартты", "Гоголь көшесінде екі ит жабысып қапты", "Майқұдықта бағдаршам істемей тұр" дегендей шағымдарды талғамай жүктей бергеннен өскен аудитория. Ондайды сала берсек бізге де кеп жатады рас керек. Бірақ, біздің қазақша постымызға жауап бермейтін кейбір шенділер оның әлгіндей посттарына арнайы жауап беріп те жатады. Қалаға кейде осылай пайда әкеліп те жүргенін мойындаймын. Өзінің де жағдайын доп қып алды жарнама жасап.
Опшым, екі жүздіктің астыңғы жағында жүрміз. Өмірім қалай болды, солай жалғаса беретінін де білемін. Қазақ осыбір дақпырт, мақтансүйгіштігінен арыла алмай қойды...
Отан қорғап тұрған жерімде ұйықтап қап, штаб бастығына ұсталып, екі сағат противогаз, озк, чулкимен жүгіргенім есіме түсіп кетті)))
Отанымыз аман болсын!
👍5