Кеше тағаланған дөңгелегімді ауыстырып алдым. Жазғысы бөлек дискте, қысқысы бөлек дискте жиналған. Бұның өте ыңғайлы тұсы - сағаттап "шиномантажукада" тұрмайсың. Ұлмен әңгімелесіп жүріп "зыр" еткіздік.
"Қарттықтың белгісі ме? Ерте қамданыпсыз" деген бауырлар да бар))). Бұл көрегендіктің белгісі. Өлік-тірік секілді дүниелерге бармасаң ұяты келетін жастамыз. Сондайға әрдайым дайын болған дұрыс. Тек, жақсы жаңалықтар мен тойларда жүздескенге не жетсін әйтпесе.
"Баяғыда, жайлауда жатқанда трактордың артқы дөңгелегін қолмен тыңқылдатушы ек. Қазіргі жастарға рахат", деп сөйлеп тұрдым ұлым мықшыңдап жатқанда)))

👍5
Біздің буын өкілдерімен аударма жайлы сөйлескенде ойымыз бір жерде тоғысатын тұс бар. Сәбет заманында және 1995 жылдарға дейінгі қазақ аудармашыларының жұмысы өте тиянақты, түсінікті һәм миға қонымды болған. Көбіміз "Незнайканы" яғни, Дымбілместі қазақ тілінде оқыған екенбіз және әлі күнге сол аудармаға тамсанамыз.
📌 Кеше арнайы түрде Абай атындағы балалар кітапханасына бардым. 1989 жылы баспадан қазақ тілінде шыққан, Болат Бодаубаев ағамыз аударған екі бөлімнен тұратын кітапты сағынышпен қолға алдым.
📌Кітапта сәтті аударма өте көп. Көліктің "сцеплениесін" ілінісу муфтасы деген. Бұл термин қағаз жүзінде әлі де солай секілді. Тек, техника, өнеркәсіп тілі орысша болғандықтан жаппай айналымға енбегендей.
📌 Кәдімгі лейкопластырді "Жабысқақ дәке" депті. Қазір "жабысқақ таңғыш" дейді-міс...
📌Кафелді "сырлы кірпішше" депті. Меніңше сырлысын алып тастап кірпішше десе де жата қалатындай.
📌Қарағанды Облысының Тіл Басқармасы қолдауымен "Сөзжасам" жобасы жұмыс істеуде. Жетекшіміз Almagul Igenova ханым. Жыл соңына дейін жүз сөздің нақты баламасын ұсыну жоспарға қойылған. Әңгіме тек қағаз жүзінде қалмасын деп әр аптада кәсіптік-техникалық бағыттағы оқу орындарына бас сұғып, оқытушылармен жүздесудеміз. Дәріс барысында кездесетін, түсіндірілуі қиын сөздерді жинақтап жатыр жұмыс тобы.

❤4
Бүгін өзім үшін ерекше ағалардың бірі Берик Дюсетаев мырза Saryarqa TV басшылығын замандасымыз Журагат Баманға табыстаған күн болды.
Корпорация басшылығының бұл шешімін әзірге дана не шала дей алмаймын. Дегенмен, тұстасымызға тек сәттілік тілеймін!
Айтпағым, Бекең жайлы. Жұрт екеуміздің арамыз онша емес деп ойлауы мүмкін. Бірақ, олай емесі өзіме һақ! Бекең де, мен де ракета мінезді адамбыз. “Тыз” ете қаламыз. Қайтымымыз да тез. Қиналып жүрген кездерімде Жанибек Садыканов ағамыз екеуі азды-көпті тапсырыс та ұсынып тұрды. Аштықта жеген құйқаның дәмін еш ұмытпаймын. Мен қандай болсам солай қабылдай алған дана азаматтың бірі!
Бәлкім, ротация уақыты келген де шығар… Арда азамат жерде қалмас деп ойлаймын. Аға, қамқорлығыңызды еш ұмытпаймвн! Жүрген жерімде айтып жүрем✊🏻.

Уопшым, ауылдың бір қызы қалаға келіп, бірте-бірте қалаға сіңеді. Жылпос, қаланың қуаяқ біреуіне тиеді я болмаса сол жігітке күйеуге шыға жаздайды. Орысша сөйлейтін, өздерін ақсүйек санайтын қыз-келіншектердің ортасына түседі. Әмпей-жәмпей болады. Ауылдағы туған-туыс, дос-жаранды ұмытады. Тіпті, менсінбей кетеді.
Бір күні қаладан тапқан құрбылары да, жігіті де жалт береді. Қызымыз көз жасын көлдетіп, өмірден баз кешіп кетеді. Ауылдағы достары осының бәрін сезіп қояды. Түс көре ме, инемен бал аша ма ол жағын білмеймін.
Содан, құрбысын құтқаруға қалаға келеді. Оларды осы уақытқа дейін қала көрмеген, қорадан 40 қадам ұзап шықпаған образбен әкеледі алдымызға. Біраз күлкіге қалады. Арасында әлгі біздің қыз бала күнгі құрбыларынан ұялып қашуы да мүмкін.
Түбінде ауылдан келген достары басты кейіпкерімізді жаман ортадан аман алып шығады.
Жақында жарыққа шығатын бір киноның сценарийі шамамен осындай болады. Рахмет айтпай-ақ қойыңыздар. Кинотеатрға жұмсағалы отырған 3 мың теңгеңіздің 500 теңгесін каспий, бцк, халық қосымшасына салсаңыз ренжімеймін. Себебі, мен сіздің ақшаңызды үнемдеп тұрмын. Менің сценарий жазатынымды ешкімге айтпаңыздар. #арамыздақалсынбәрі

👍2
Атам марқұмға жиен боп келетін Ахат атты ағамыз бар еді. Ана жолы фәниден бақиға аттанды. Жақында қырқы өтеді. Жас кетті марқұм...
Ахат аға керемет әңгімешіл адам болатын. "Якобы" деген сөзді жиі қосушы еді сөз арасында. Өзі өмірбақи шопыр болған, жүк көлігімен анда-мында жүрген жан. Сол кісінің бір пайымын жазайын.
Шопыр болған соң, облыс көлемінде жүк тасымалдап жүрген соң әр ауылда танысың болады. Кейбірімен төс қағысып дос боп кетесің. Ауылдық жерде тұратындар қаладағы маған сайман, темір-терсек бойынша көп өтініш жасайтын. Ондайда елпілдеп кетем. барлығының өтінішін жерге тастамауға тырысам. Солардан өзіме де сондай жауап болады-ау деп ойлайтынмын. Якобы, олай емес екен.
Күндердің бір күнінде сол жігіттердің біразы көңіліңді қалдырады. Сосын, жатып ап "Бұл неге бүйтті? Мен қай жерден мұның көңілін қалдырып ем? Неге суық сөйлесті?" деп бас қатырамын. Ол ойымның жауабын да тапқандаймын. Бұның ешқандай ғылыми дәлелі жоқ. Өзімнің пайымым ғана. Бұл жігіттердің кінәсі - тоқалдан туғаны. Тоқал дегенде баяғының тоқалы емес қой. Екінші әйелден туып тұрған бала ғой. Менің көңілімді қалдырған жігіттердің барлығын бір дүние ғана байланыстырады. Ол әлгінің тоқалдан тууы. Якобы, тоқалдан туған жігіттер бәрібір бір жерде сүрінеді екен.
Ахат ағам осыны айтты да ортақ таныстарымызды санамалап кетті. "Ауылдағы анау ше? Сол жап-жақсы жігіт. Пәленшекеңнің екінші әйелінен туған. Мына өзіміздің Түгенше. Ол да екінші қатыннан туып отыр" деп өз нұсқасын айтады. Тыңдап отырсаң Ахат ағамның сөзі еш дәлел қажет етпейтін аксиома.
Бүгін кешке көңілімді қалдырған жігіттерді зерттеп көрмесем)))

👍3
1,2,3 бөлімі жақсы болған фильм некен-саяқ. Мәселен, “Такси”, “Час пик”. Ал, енді Нұрлан замандастың “Қазақ елі” скетчі құсықфильм қоржынында жатыр. Қоржын емес, қоқыс себет дейінші. Оны әспеттеп, екінші бөлімін шығарудың өзі күлкілі
👍1
Баяғыда, осы күні жұрт премия алатын. Мен байғұс бір рет қана алған шығармын. Ескерту, сөгістен көз ашпаушы ем))))
👍3
Студенттік жылдары қатты араласқанымызбен кейін екеуміз де тірлік қамытын мойынға іліп, араласуды сиреттік.
Ерболат Үрімхан ауылы жаққа, фермерлікті қолға алуға кетті. Онысы және сәтті де болды.
Мүмкін, Қарағандыда қала бергенінде мықты ақын болар ма еді… Ортадан жырақ кеткен соң өлеңі де өзі де көп көңілінен ұмытылды. Әйтпесе, ақын боп туған азамат еді. Біреулер секілді “мені жұрт ақын десін”,-дегендей оймен бұрқыратып жаза бермейтін. Қайта-қайта айналып кеп терезеге қарай беретін өлеңі болатын. Содан да болар “Қарай берем Ерболат ” деп сақталып тұр екенсің телефонымда…
Әнебір жылдары Ресейден көлік әкелу тиімді боп еді ғой. Сол кезде тамыр-таныссыз тартып кеткен. Өзі орысшаны жарытып та сөйлей алмайды. Автосалондағылар сонысын байқап қалып бірінші күні кассадан ақшасын санап ап, бір мәшнені көрсетіп “Ертең келіңіз”,-деп шығарып салады. Ертесі барса “Біз сені көрген жоқпыз. Сен кімсіңге?”,-басады әлгілер. Жат жерде сүмірейіп, мойныңа су құйылып елге қайтып кететіндей жайт.
Бірақ, Ерекең өйтпеген. Бңзше айтқанда қаланың ДВД басшысына кірген айқайласып жүріп.
Кинода “Мы русские великий народ. Россия щедрая душа” дейтіндерің қайда? Братский народтарың қайда? Автосалондағыларың мені осылай лақтыруда”,-деп бастырмалатады.
Намыстанып кеткен полковник әлде генерал Ерболат досымызды Ренд роверіне салып ап салонға барады. Видеобақылауды қарап, бәрін сызып жүріп досымыздың су жаңа Шнивасын алып берген екен. Онымен қоймай, Қазақстанның шекарасына дейін шығарып салуға бұйрық берген қол астындағыларға. Міне, осындай жан еді Ереке досымыз…
Бірер рет күн боранда ауылына қайта алмай үйіме қонып кетті.
Бірнеше мәрте қалада жолығып шай іштік…
Биыл “Жұмысшы мамандықтар жылында” кейіпкер ретінде “ Тер мен төр” бағдарламасына түсірмек болдым. “Бірер техникам дайын емес. Сосын түссем”,-деді. Мен ол екі ортада сол ауданнан дәнді дақыл егумен айналысатын басқа кейіпкерді түсіріп үлгердім. Араға жиырма күндей салып “Айеке, анадағы видеоны түсіреміз бе?”,-деп тұр. Ол кезде науқан аяқталған және тақырыбы мен кейіпкері ұқсас екі бағдарлама қатар келмес үшін басқа жолы түсірерміз деп мен сырғақтадым…
Жатқан жерің жайлы болсын, Ерболат!
Қазақ поэзиясы бір қаршығасынан айрылды деп жалған сөйлемейін. Қазақ елі маңдай термен адал ақша табатын, ешкімге зияны жоқ, жұртқа көмек қолын ұсынудан шаршамайтын, ауылды жанымен сүйген үлкен жүректі АЗАМАТЫНАН айрылды…

Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
- Атың кім?
-Композитор,- дейтін диалогы бар кино естеріңізде ме? Композиторлыққа ептеп қатысы бар пост бұл.
Ютубтан ән тыңдап келе жатасың. Бір кезде ескі, есті әнді жаңа нұсқада әрлеген әуенге жолығасың. Кезек-кезегімен тыңдап, "Осыны кім орындаған екен?" деп тексерсең ЖИ арқылы өңделген ән боп шығады.
Әншінің де композитордың да керек болмай қалатын заманы туған жоқ па осы? Кейде сөзі мағынасыз жас әншілерден жалыққанда осындай полейлистке саналы түрде өтем. "Содан кейін ішің жыбырлайд" дейтін әндерге қарағанда ЖИмен өңделген ән мың есе жақсы мен үшін.
Баяғыда, осы сөзімді Сейіл Аяған ағамыз (жаны жаннатта шалқысын) оқып, "Күшті екен. Ән шығарып, менен жас біреу орындаса" дегені бартын. Сол сөз сол жерде қалды. Құнттап ешкімге апармадым.
ЖИ көмегіне жүгініп көрген түрім мынау. Сөзі өзімдікі.

👍4
Кешегі президенттің құттықтауы жасанды интелект емес. Тек, Қасекеңді жас көрсету мақсатында фото-видеоға көп күш салып жібереді біздікілер. “Қараңдар! Президент әлі ширақ, тың, жас жігіт секілді!”,-дегенді айқайлап айтқан түрлері. Жауырды жаба тоқымдамасақ қазақ боламыз ба)))
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Дронмен мал бағу демекші...Қазіргі малдар мотоциклден де, машинадан да қорықпайды. Дронға да еті үйреніп алды. Қорқыныштылау, ірі дронмен тырқырату керек пе әлде? Жылқымыз көп емес. Ол жағынан айыптымыз. Екі шақырымдай жерден жібердім "Сұршамды". Жылқыны машинаға дейін қайырып, әрі қарай көлікпен әкеттім. Айтпақшы, бұл қыркүйектің жетінші жұлдызында түсірілген видео
Крещение күні сол дін иелерімен жағаласып, “Биссимилялап” не болмаса “Аллаһу акбарлап” суға түсетін өзіміздің қазақ мұсылмандарға жыным келеді. Денсаулыққа пайдалы болса басқа күні түс. Су осы күні ғана қасиетті деп есептесең христиан дініне өт.
Құрбан айт күні бір христиан “Во имя отца и сына и святого духа”,-деп шошқа бауыздаса қалай қабылдар едіңіз?

🤣1
“Күлтөбе депутаты” дегеннен әдемі естілетіні рас қой.
Жеке өзім үшін қалай атаса да бәрібір. Елге расымен оң өзгеріс сезілсе, әлеуметтік жағдай артса болды.
Несиемізді кешірмей-ақ, қазіргі пайызды 7-8ге түсірсе 145 депутат тұрмақ 555 болса да қолдар ем. Әйтпесе, біздің мемлекетке тап қазір 40-70 аралығындағы депутат та жетер еді.
Салығымыз анау, ұсақ кәсіп иесі болғандықтан жүгенсіз кеткен жалға алу мәселесі де қиқындырып тұрғанын мойындаймын.
Бізге аса қатты ештеңе қажет емес. Тегін үй, тегін көлік сұрамаймыз.
Айыппұлдар айлыққа сай болса, салық та кәсіпіңе сай болса болды.
Бірақ, бәрі күшті, бәрі тамаша деп галочка қойып, астын қызылмен сызып жазатындар, шабыттанып кетіп он шақты видео түсіріп тастайтындар тұрғанда үніміз естілмейтінін білем.

❤1👍1
Ана жолы Қарағандыда бір отырыста да айттым. Жазып та жүрмін. Мектепке кез-келген діннің ашық енуіне тосқауыл болуымыз керек.
Ата заң өзгерем дегенше, ол жерге баттитып жазғанша да бір жыл кетеді-ау…
Осы оразаның алдында мектептерді аралап, оқушыға ораза тұту (😷) парыз емесін, тіпті, денсаулығына, оқу үлгеріміне кері әсері барын ашық айтатын жұмыс тобын құру керек.
Бұған көнгісі келмеген, бастан кеткен ата-анаға айыппұл салу керек.
Ана жолы үйге сегіз оқитын қызымның екі сыныптасының анасы келді. Екеуіне биыл қыздарыңызға ораза ұстатпаңыздар, балалар бір-біріне еріп, науқаншылдыққа ұрынбасын дедім. Ол замандастарым да келісіп отыр. Тағы бір 5-6 әйелдің басын қосып шай ішсем бұл миссиямды да орындап қалармын😎.
Мен еш дінге қарсы емеспін. Исламдағы “рия” ұғымын қатты құрметтеймін риямыз жарияға айналғалы қашан))))
Дінді жеккөрінішті етуде сол дінге басымен кіргендер үлкен рөл атқаруда айтпақшы. Кінәласаңыздар мені ғмес соларды жазғырыңыздар😜

👍6
Әлгі кеңестегілер біреудің артына кіріп, олардың жариялаған постының астында біз олардың артын жалап өтіп жатқан өмір-ай...
👍1
Салынып жатқан медресе, мешіттің жанында каспи голд нөмірімен атып шығатын имам мен молдасымақтар не деп жатыр Ата заңымыздың жобасы туралы?
Неліктен ол кісілер араб тілін қосуды ұсынбай отыр?
"Ал, қалқа, келді кезің жайнайтұғын, Бұлбұлдай бақшадағы сайрайтұғын", демекші бұл кісілер де ықпалды бір топ қой елімізде. Негізі осылай жоқтан мәселе жасап ап, бас ішіндегі тарақанмен көп ақылдаса берсек бір күні мұның да расқа айналғанын көрерміз... Ал, имам мен молдадан қазақ тіліне қолдау күтпеймін. Кез-келген діннен ақшаны алып тастасаң дін қалмайтыны белгілі. Сондықтан да, жемсауын ғана ойлайтындардың не дейтіні көбіне белгілі...

Ата заң жобасында 9-баптың бірінші тармағында тайға таңба басқандай “мемлекеттік тіл - қазақ тілі” деп көрсетілген. Оған дау жоқ. Әңгіме аталмыш заңның екінші тармағында. Ол жерде “Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен ТЕҢ қолданылады.”,-деп көрсетілген. Тайға таңбаны екі жағынан да сап жібердік😎
Жер шарының екі шетінде жатқан, бірін-бірі білмейтін халықтардың аңыз, ертегілеріндегі ұқсастық неде? Тау көтерген Толағай мен Хануманды не біріктіреді? Төле би мен король артур жолыққан ба?
Осы сұрақтардың жауабын іздеп көрдік...
https://life09.kz/kz/news/mdeniet-lem/kazak-zhne-lem-khalky-anyzynyn-uksastygy

Saryarqa Aqparat Media Holding
Қазақ және әлем халқы аңызының ұқсастығы
Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық драма театрында мықты қойылым жүріп жатыр. Премьера! Кешегі құрам қалай ойнағанын білмеймін. Бүгінгі құрамға өз басым ризамын. Асаба рөліндегі жігіттің дауысы ғана шын өмірдегі шиқылдақ шоумендердікіндей болғандықтан ұнаңқырамады. Әлде, режиссер дәл солай болғанын қалады ма екен…Қалғаны жап-жақсы. Көруге жеңіл, айтар ойы бар, басы бар, ортасы бар, аяғы бар қойылым.
Ұнамаған екі мәселе бар:
1) Көрермен мәдениеті. Телефонын жарқыратып, қойылымды оңды-солды түсіре беру. Театрға келген адамға қойылым басталмай тұрып дауыс зорайтқышпен театр мәдениеті жайлы 2-3 сөйлемдік уағыз айтып отыру керек секілді. Түбі бұл құбылысты жеңеміз.
2) Ақшама сатып алған орнымнан тұрғызып жібермек болған әрекет ұнамады. Иә, мәдениетті түрде өтініп тұр. Бірақ, өтініш мен үшін негізсіз. Ол орын арнайы шақырумен келетін “басы алтын құйрығы күміс” жандарға арналған екен. Бірақ, орындықта ешкімнің аты-жөні түйреулі тұрған жоқ. Секіре салу түк емес. Секірмеуімнің басты 2 себебі бар.
📌Мен келіншегіммен басқа жерге отырдым делік. Қойылым басталған соң кешігіп жүретін екі қазақ аяқ асты пайда болып, мынау орын біздікі еді деп билетін көрсетсе тұруым қажет болады.
📌 Облыс әкімі қатыспайтын, осы секілді қойылым, жәйский концертке айтып отырған мекеме, басқарма басшылары ешқашан келмеген. Соны инемен бал ашпай-ақ біліп отырмын. Бұл жолы да келмеді. Келе қалған күнде де оның менен қай жері артық? Азар болса шашы бар шығар? Басының басқа артықшылығы барына күмәнім бар. Таз екен, қасқа екен деп адамды осы кемсітуге бола ма?🤣🤣🤣.
Өзіміз де мәдениет саласында істегенбіз. Халықаралық фестиваль, республикалық концерт ұйымдастырудың қақ ортасында жүрдім. Шақырудың қатары өмірі сатылымға шықпайтын бізде.
Айсұлтан Қарағандыға митинг, бүлік болғанда ғана керек. Қалған уақытта итсің-ау, күшіксің-ау деп жатқан ешкім жоқ. Иттің итіқайлары небір жиындарда шалқайып отыра береді біз жақта. Солар өздеріне керемет жарнама жасай ма бірдеңе. Кеуделеріне бір мезгілде 1-2 таба нан, бір мантоварка манты мен мясо по французский пісіріп алуға болады-ей Богу.
Айтпақшы, жанымызға өзім танитын бір жігіт келіншегімен келіп отырды. Орнымнан тұрып кеткенде артым жаман ашыр еді. Себебі, ол жігіт бағанағы келмей қалған бастықтың атынан кеп отыр🤪🤪🤪.
Театрға барыңыздар! Осындай қойылымдар боп тұрады ол жақта😎

😁10❤1
"Оқырманы көп 200 фейсбукші" қатарына кірдім деп қуануға да, кірмедім деп ренжуге де болмас. Одан өміріміз өзгеріп кетпейді. Қырт-сырт дүния жазып та кіріп кетуге болады, қаншама өзіндік контент түсіріп жүріп, осында жүктеп жүріп кірмей қалуға да болады.
Мәселен, біздің Қарағандыда Денский деген инстада оқырманы көп жігіт бар. Сол жігіт өзіндік контенті жоқ адам. Тек, жекесіне келген "Мына жастар түні бойы балконымның астында гитара тартты", "Гоголь көшесінде екі ит жабысып қапты", "Майқұдықта бағдаршам істемей тұр" дегендей шағымдарды талғамай жүктей бергеннен өскен аудитория. Ондайды сала берсек бізге де кеп жатады рас керек. Бірақ, біздің қазақша постымызға жауап бермейтін кейбір шенділер оның әлгіндей посттарына арнайы жауап беріп те жатады. Қалаға кейде осылай пайда әкеліп те жүргенін мойындаймын. Өзінің де жағдайын доп қып алды жарнама жасап.
Опшым, екі жүздіктің астыңғы жағында жүрміз. Өмірім қалай болды, солай жалғаса беретінін де білемін. Қазақ осыбір дақпырт, мақтансүйгіштігінен арыла алмай қойды...