Шимайшы
253 subscribers
305 photos
132 videos
3 files
64 links
Бұл жерде түрлі оқиғаларға деген көзқарасым, тіпті, фейсбукта жазбайтын дүниелер де жазылуы мүмкін. Күнделік очм...
Download Telegram
Қарағандыда Рақымжан Қошқарбаев атамыздың құрметіне аталатын шолтиған көше бар. Қарағандының бір шетінде жатқан Майқұдықтан да әрірек орналасқан Сұрыптау бекетінде әлгі көше.
Биыл жеңістің 80 жылдығы деп атойладық. "Ресейдің өзі Рақымжан атамыздың рейхстагқа ту тіккенін мойындап отыр", деп өзеуредік.
Иә, біздің аймақ қаһарман атамыздың туған өңірі емес. Дегенмен, "көшесі бар екен, оның жай-күйі қандай?", деп алаңдаған ешкім жоқ.
Қандай екенін айтайын. Бұл көшеде атам заманнан бері асфальт болмаған. Ойдым-ойдым жолы бар тар көше...
Қаламызда соғыс ардагерлеріне қатысты бірнеше көше бар. Солардың ішіндегі ең нашары осы көше дер едім.
Біздің әкімдікте екі жол бар. Біреуі көшеге жол салу. Екіншісі ер есімін басқа көшеге ауыстыра салу😎.
Біріншісі, жергілікті биліктің тікелей міндеті. Көше кімнің атында болса да жарықтандыру, жол салу, су тарту деген мәселе үнсіз ғана атқарылуы тиіс міндеті ғой әкімдіктің.
Екіншісі, мәселені айналып өтетін жеңіл жол.
Үшінші жол бар айтпақшы. Ештеңе істемеу))))) Меніңше біздің қарағандылық билік осы жолды таңдайды.
👍4
Қарағанды облысы мәдениет басқармасына ( атауын қысқарта салдым) басшы боп келген Ғалымжан Өтелбайұлына әрине қажырлы еңбек, табыс тілеймін. Мәдениетіміздегі осал тұстарымызды дөп басып, шешілмеген сұрақтарды шешеді деп сенем. Тағайындалған күні, ертесіне құттықтауға болатын еді. Бірақ, бұндай кісілердің көтен қуысына “спальный мешок” төсеп жатып алатындармен жағаласқым келмеді.
Иә, айтпақшы табысты еңбек, нәтижелі жұмыс үшін бұ кісінің командасына ең әуелі МУЛЬТИМЕДИА сөзін қатесіз жазатын маман және “Мына жерде қате жазып қойыппыз. Осыны жарияламай-ақ қоялық”,-дейтін сана керек. Сол, очым…
#Қарағандыоблысы #айсұлтанжақыпов
😁1
Бүгінгі сот отырысынан кейін Данаға деген көзқарас өзгеріп жатқандай. Тредсте “Мақтауымды, тамсанысымды қайтып алдым”,- деп жатқандар көп.
Бишимбаев ісіндегі прокурор қыздан да батыр жасадық. Шын мәнінде бұлар қандай тапсырма түсті сол жерге дейін ғана шабады.
4
Сижу за решеткой в темнице сырой.
Вскормленный в неволе орел молодой,
Мой грустный товарищ, махая крылом,
Кровавую пищу клюет под окном…
Пушкиннен пәштій жатқа білетін өлеңім осы. Неге екенін білмеймін осы “Узник” оқушы кезімнен санама тез сіңді.
#шерзатполат сотында өзін торға түскен бүркітке теңеп өлең оқыды бір сотталушы.
Бірақ, тез бастап, тез аяқтады пәтшағар😎.
Қолына домбыра берсең Мәдише “Үстінде құс мамықтың жатушы ем”,деп сызылтайын деп тұр әлгің…
Меніңше, сотталушылардың ішінде Абзал Шынасыл деген ғана не істегендерін түсінген секілді және сол жігіттің атасы мен анасы ғана Қаржаубай тарапына жаман сөз айтпады-ау деймін…
Мен Жаңаарқа жақтың қазағымын. Қазір Ұлытау облысына қараймыз ғой. Қарағандыға қарап тұрған кезінде жазған ескертпелерімізді кішкене болса да ескеретін. Қазір, "итсің-ау, күшіксің-ау" деп те қарамайды. Жә, айтпағым ол емес.
Біздің ауданда дәрігерлерге қатысты дау жылына 1-2 рет боп тұрады. Себебі, қарапайым соқыршекке де ота жасай алмай жасөспірім баланы өлтіріп алған, кесерова жасап болған соң адамның бүйрегін қоса тігіп жіберген (өзімнің туған анамның оқиғасы) деген сынды оқиғалар жиі боп тұрады.
Соңғысы, осы көктемнің соңында болды-ау деймін. Ота жасап жатқан кезде отадағы адам оянып кетіп, қайта ұйықтатқаннан оянбай қалған...
Бұның барлығы, кәрі-құртаң хирургтардың кесірі. Баяғыда, Мәстура деген хирург "Мұхамедияның қатынын менен басқа ешкім босандырмасын"деген ауызша бұйрық беріп шешемді мүгедек қылған. Сондағы ойы "Қырыққа келгенде көрген қызығына Мұхамедиа бір тай берер" деген пендешілік. Сол кезде алпыстан асқан шағы. Қазір сексеннен асты-ау шамасы. Әйтеуір, зейнетке кеш кеткен адамның бірітін. Бұлардың отасынан соң анамызды қарағандыға әкеліп екінші ота жасатқанбыз. Сөйтіп, тігіліп кеткен сау бүйрегі алынып, аурушаң бүйрекпен қалды. Бірақ, анамыздың жаны аман қалғанымен ота жасағанда іште медициналық ине қалдырып кеткендері де бар. Жүр сол инемен... Қайта ота жасатуға қорқады... Ол кезде әскерден енді келген жас жігітпіз. Соттасайық дегенімізде әжем марқұм қойғызған...
Жә, сонымен қазір Жаңаарқада дәрігерге дефицит ресми түрде жарияланды. Бір жыл ішінде 40 шақты дәрігер зейнетке кетуі тиіс екен.
Осының бәрін өз уақытында, 3-4 адамнан жіберіп отырғанда жұрт алдында масқара болмас ек. Бұл сол жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың нәтижесі.
Дегенмен, "Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын" дегенге де салынуға болмайды. Жасы келген, қолы дірілдеп, көзі көрмейтін мамандарды зейнетке жіберу керек. Тәжірибелі терапевт, инфекционист деген секілді мамандарды науқас қабылдауға, кеңес беруге алып қалуға болады. Себебі, қандай істе болса да тәжірибенің аты тәжірибе. Жастарға бағыт беретін 1-2 үлкен маманның жүргені жөн. Егер де, нақты пайдасы тиетіні көзге көрініп тұрса, Жаңаарқа жұртшылығы мойындап тұрса, ондай маманнан айрылмау керек.
Түрлі бағдарламамен Жаңаарқаға кеп дәрігер болған жастар болды. Жарық сөніп қалған кезде смартфон фонаригімен ота жасап шыққан дәрігер де болды. Бір емес, екі рет жасаған солай. Қазір ол адамдар тірі. Керек болса оқиғасын айтып та берер. Тек, Жаңаарқаның жемқорлары мен ауруханадағы бассыздыққа шыдамай кетіп қалып жатқандары өкінішті. Көбіне сол қарт дәрігерлер көре алмаушылықпен мүйіздейтін...
🔥61
Channel photo updated
Біз, яғни, қазақ ұлты сәл екіжүзділеу халық секілдіміз.
Ана жолы Ерлан Төлеутай ағам қазақ киносының проблемасын айтып жүргенде ақпарат алаңынан орын бергендер аз болды. Жүлде алса жаппай жариялаймыз.
Біздің билік өкілдерінің өзі екіжүзділікке бейім. Сәкеннің ұлының (кім ол ваще?) тойына құттықтау хат жібереді де халықаралық фестивалден жүлделі оралған туынды жайлы тіс жармайды.
Цебі шығып кеткен белесебет құсап салдырлап, секектеп, осы екпінмен қай жерге барып құлар екенбіз?
Осыдан 2-3 күн бұрын түнгі таксиде орыс қыз(келіншек) мінді.
-У меня настроение такое. Могу ли я свою музыку слушать по блютузу,-деп сұрады. Рұқсатымды бердім.
Бірінші Анна Асти дегеннің "Я хочу быть последней женщиной" деген әнін тыңдады. Сосын “Арнау” тобының “Егіз лебізін” тыңдады. Жай ғана тыңдамайды.Қосылып айтып отырады.
- А как переводится егіз лебіз?,- деп сұрады аспан түстес көк көздерін менен алмай. Қиналған жерім осы болды.
- В двух словах не передать. Это когда две сердце бьется в одном ритме,-деп кедір-бұдыр орысшаммен жауап беріп жатырмын.
Нөмірімді жазып алды. Қарқаралыға саңырауқұлақ теруге бармақшы екен құрбысы екеуі. Саңырауқұлақ теруге дайын бір дос іздеймін. Бірақ, қашан теретінімізді нақты айта алмаймын. Барғысы келетіндер пікірге “грибы” деп жазып кетсін. Араларыңыздан біреуіңізді таңдап, жекеңізге шығатын болам…
👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Кенесары хан алатын Ақтау бекінісінің орыны
✍🏻“Мемлекеттік арнада істеп жүрміз. Әйтпесе, айналадағы быт-шыттың біразын жазар ек”, дейтін әріптестерді ара-тұра кездестірем.
📌Мәселені қай арнада, газетте жұмыс істесең де жұмсақтап болсын жеткізе алмаса журналисттің осалдығы шығар…
📌Өзімді кереметпін демеймін. Бірақ, проблеманы көрсем айтуға тырысамын. Әдемілеп айтып тұрсаң басшылығың да өткізеді ондайды.
✍🏻Мәселен, “Тер мен төр” мемтапсырыстың жобасы. Мына шығарылымда орман инспекторларының жағдайын көруге бардық. Еңбек адамы ретінде расымен де мақтауға тұрарлық мамандық иесі бұл кісілер.
Орман ішінде пікір сұраған бір тәтеміз “Орманшылар үйінде свет жоғын” айтып қалды. Бір қарасаңыз күннен заряд алатын станция тұр. Бірақ, осы уақытқа дейін болған свет(электр) қайда кетті?
📌Жауабын да таптық. Үнді шал кетіп “Qarmet” келгенде біразымыз бөркімізді аспанға атып қуандық. “Лаврентьев жарылқағалы жатыр”,дедік.
Сол Андрюшамыз 34-35 жылдан бері бар жарықты қиып тастаған. Бұған дейін “Арселлор Миттал” жарық беріп отырған. Себебі, іргесінде шахтерлардың балаларына арналған жазғы лагерь бар.
Андрей мырза, орманшылар қашанғы жарықсыз отырады?
#айсұлтанжақыпов #qarmet #андрейлаврентьев
👍3🔥1
Келместің кемесіне Қайрат ағамыз да мінді…
Біреуге бағзыдан бері театр арқылы, келесіге “Қазақ хандығындағы” Керей рөлімен таныс Қайрекең ғой…
Иә, біреу ерте кетеді. Біреу кеш дегендей. Бір қарасаңыз әділетсіз секілді. Екінші жағынан қарасақ дүниедегі ең әділ нәрсе осы ажал секілді.
Тақыр кедейге де, жалғанды жалпағынан басқан байға да, ғалымға да, кержалқауға да әйтеуір бір келеді. Қолынан жетелеп кете барады…
Иманыңыз жолдас болсын! “Жақсы адам еді”, деп ауыз толтырып айтатын тұлға еді біздің Қайрекең.
“Әлгі біздің сары қыыыыз”,-деп әндетуші еді ғой бақсы “Алдар көсе” фильмінде. Әлгі біздің Аликаның әрекетінен соң үнсіз жатпауы тиіс мекемелер бар еді негізі…
Біріншіден, ІІД шұғыл әрі ресми ақпарат беруде айыпты болды. Бейресми мәліметке сенсек Әликөш екі айға қамалды әзірге.
#достықүйі #Қоғамдықкелісім #ҚХА мүшелері шұғыл отырыс жасап, топтасып видеоүндеу түсіріп, онысын әкімдік арқылы жем жейтін инстапарақшалар арқылы таратуы керек еді. Тіпті, әрбір тұрғынүйдің чатына байқамай “тығып” жіберуіміз керек. Идеология деген осы. Сол жиынның басы-қасында менің құрдасым Alibek Aldeney жүрсе қандай жарасымды!
Жайшылықта ЛОМ, қоғам барометрі боп пікір білдіруші көкемдер мен тәтемдер де үнсіздеу…
Қол сынса жең ішінденің кебі емес…
Бұл жерде қолымыз құлап сынып жатқан жоқ, бұрап сындырып жатыр…
Бұл постым 174-бапқа симайды. Бәрі талқылап жатқан дүниеден түйеқұсша басыңды құмға тыққанмен құтыла алмайсың…
7
Абайлаңыз, алаяқ!
📌Біздегі интернет алаяқтары банк және бірнеше органмен тікелей байланыста секілді. Дәл осы күні менің шотыма әжептеуір ақша түсті. Мыналарың күн демей, түн демей хабарлама жіберуде.
📌Егер, кодты терсем бірнеше млнға қораға кіреді екенмін. Әйтеуір, код жібермей аман қалдым.
📌Ол ақшаға не ЖейЛо әпшемнің концертіне бара алмай, болмаса хәкім Абай тойына бара алмай, бірнеше жыл несие төлеп, қоңыз теріп кетер ем😎
👍1
Жолдауды тыңдадық. Ең майлы жерін, сөгін соңына қойыпты.
📌Қазіргі жүйеде Сенаттың артық екені анық. Бүгін тарқатып жіберсе де дәдемдер мен ләлемдер қол шапалақтап отыра беруші ед🤣;
📌Жалғыз палатаға партия тізімімен кіру деген сәл томпақтау секілді. Партияішілік сауда қызады;
🚩Жаңа партия тіркеле ме екен? Бір жылда үлгеруге де болады. “Уақыт аз” деп отыра беруге де болады. Партияны тіркеу, тіркемеу 👆🏼 ағалардың көңіліне байланысты енді;
📌Парламенттік басқаруға біздің ұлы дала дайын ба? Тарихқа екі президентпен кіріп кетпейік🤓;
👍1
Жекеме шығып “Қарағандыдағы майор оқиғасын неге жазбайсың?”,- дегендер бар.
Жазғым келмеген шығар бәлкім?
Барлық оқиғаны жаза беруге де міндетті емеспін. Біреудің қолымен от көсеуге мәстүр бұ қазақ. Менсіз де жазып жатыр ғой. Әйтпесе, менде де инфо бар ол жайлы. 1989 жылғы жігіт екенін, аты-жөнін білем дегендей. Бірақ, жазбайм фейсбукке
1
Бала кезімде насыбай ататын мысық туралы мультик көргенмін. “Шал, насыбай”,-деп айқайлайтын🤪🤪. Сөздің қысқасы, сол мультикті іздегеніме 10-15 жыл боп қалды
😁2🤣1
Кеше тағаланған дөңгелегімді ауыстырып алдым. Жазғысы бөлек дискте, қысқысы бөлек дискте жиналған. Бұның өте ыңғайлы тұсы - сағаттап "шиномантажукада" тұрмайсың. Ұлмен әңгімелесіп жүріп "зыр" еткіздік.
"Қарттықтың белгісі ме? Ерте қамданыпсыз" деген бауырлар да бар))). Бұл көрегендіктің белгісі. Өлік-тірік секілді дүниелерге бармасаң ұяты келетін жастамыз. Сондайға әрдайым дайын болған дұрыс. Тек, жақсы жаңалықтар мен тойларда жүздескенге не жетсін әйтпесе.
"Баяғыда, жайлауда жатқанда трактордың артқы дөңгелегін қолмен тыңқылдатушы ек. Қазіргі жастарға рахат", деп сөйлеп тұрдым ұлым мықшыңдап жатқанда)))
👍5
Біздің буын өкілдерімен аударма жайлы сөйлескенде ойымыз бір жерде тоғысатын тұс бар. Сәбет заманында және 1995 жылдарға дейінгі қазақ аудармашыларының жұмысы өте тиянақты, түсінікті һәм миға қонымды болған. Көбіміз "Незнайканы" яғни, Дымбілместі қазақ тілінде оқыған екенбіз және әлі күнге сол аудармаға тамсанамыз.
📌 Кеше арнайы түрде Абай атындағы балалар кітапханасына бардым. 1989 жылы баспадан қазақ тілінде шыққан, Болат Бодаубаев ағамыз аударған екі бөлімнен тұратын кітапты сағынышпен қолға алдым.
📌Кітапта сәтті аударма өте көп. Көліктің "сцеплениесін" ілінісу муфтасы деген. Бұл термин қағаз жүзінде әлі де солай секілді. Тек, техника, өнеркәсіп тілі орысша болғандықтан жаппай айналымға енбегендей.
📌 Кәдімгі лейкопластырді "Жабысқақ дәке" депті. Қазір "жабысқақ таңғыш" дейді-міс...
📌Кафелді "сырлы кірпішше" депті. Меніңше сырлысын алып тастап кірпішше десе де жата қалатындай.
📌Қарағанды Облысының Тіл Басқармасы қолдауымен "Сөзжасам" жобасы жұмыс істеуде. Жетекшіміз Almagul Igenova ханым. Жыл соңына дейін жүз сөздің нақты баламасын ұсыну жоспарға қойылған. Әңгіме тек қағаз жүзінде қалмасын деп әр аптада кәсіптік-техникалық бағыттағы оқу орындарына бас сұғып, оқытушылармен жүздесудеміз. Дәріс барысында кездесетін, түсіндірілуі қиын сөздерді жинақтап жатыр жұмыс тобы.
4
Бүгін өзім үшін ерекше ағалардың бірі Берик Дюсетаев мырза Saryarqa TV басшылығын замандасымыз Журагат Баманға табыстаған күн болды.
Корпорация басшылығының бұл шешімін әзірге дана не шала дей алмаймын. Дегенмен, тұстасымызға тек сәттілік тілеймін!
Айтпағым, Бекең жайлы. Жұрт екеуміздің арамыз онша емес деп ойлауы мүмкін. Бірақ, олай емесі өзіме һақ! Бекең де, мен де ракета мінезді адамбыз. “Тыз” ете қаламыз. Қайтымымыз да тез. Қиналып жүрген кездерімде Жанибек Садыканов ағамыз екеуі азды-көпті тапсырыс та ұсынып тұрды. Аштықта жеген құйқаның дәмін еш ұмытпаймын. Мен қандай болсам солай қабылдай алған дана азаматтың бірі!
Бәлкім, ротация уақыты келген де шығар… Арда азамат жерде қалмас деп ойлаймын. Аға, қамқорлығыңызды еш ұмытпаймвн! Жүрген жерімде айтып жүрем✊🏻.