🎂Құттықтаулар-тілектер Поздравления на казахском❤️❤️❤️
2.4K subscribers
305 photos
107 videos
30 links
Поздравление на казахском
Қазақша құттықтау
Администратор - @mafusailz
Download Telegram
Бауыр — адамның бойындағы ауыстыруға келмейтін нәзік мүше екен. Сол секілді туған бауырларымды ешкім де алмастыра алмайтынын, олардың өзіндік орны бар екенін жақсы түсініп жатырмын. Ағатайым, бүгінгі туған күніңіз құтты болсын! Бізге қалай демеу болып, жанымызды қаншалықты түсіне білсеңіз, сізге де дәл осындай қарым-қатынас танытар сүйікті жар жолықсын! Зор денсаулық пен мол махаббат бүгінде жаттанды тілекке айналып кетсе де, сізге ең бірінші кезекте осыларды тілеймін. Өзіңіз айтқандай, адамді биіктерге жетелейтін қос қанаты — сүйікті ісі мен сүйікті адамы болады. Алдағы уақытта сізді биік шыңдардан көру үшін осы қос қанатыңыздың талмай самғауына тілектеспін.

Осы күнге дейін жұмыстағы бастамаларыңыз бен ерекше мінезіңізді өзіме үлгі етіп келдім. Алдағы өмірде еңбегіңіз жанып, абыройыңыз арта берсін! Туған-туыс, дос-жаран, сүйіктіңіздің ортасында сыйлы болып, мәңгілік бақытты ғұмыр кешіңіз! Тағы да туған күніңізбен!

#туғанкүн
#брат
#аға
Қайырлы таң бауырлар! Бүгінгі күніңіз сәтті өтсін! 🙂
Бізге жазылып лайк басуды ұмытпаңыз!

#доброеутро
#қайырлытаң
Менің, алтыным, аяулым, періштем, өзіңіздің барыңыз үшін қаншалықты қуанышты екенімді білмейсіз. Өзіңіздей қиын-қыстау сәтте қамқоршы бола білген әпкені сыйлаған Аллаға мың да бір шүкір! Білесіз бе? Адамның адамдығы қайғыны емес, қуанышты сәттерді бөлісе білгенде көрінетін сияқты. Ес білгелі қуанғанымда қасымнан табылып, менен артық шат-шадыман болғаныңызды білемін. Кейде қабағыңызға қар жауып тұрса да, мен жақсы болсын деген оймен ғана ұрысатыныңызды сеземін. Алла сізге таудай талап пен бармақтай бақты қатар берсе екен деп тілеймін!

Есіктің алдында жайқалып тұрған емен ағашы жуан, жапырағы қалың болса да, қатты жел кезінде тамырымен бірге қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы керісінше нәзік болса да, сәл майысып, жел басылған соң бойын қайта тіктеп алады. Сіз де мен үшін күнделікті тұрмыста да, қызметте де басыңызға қандай қиын іс түссе де, жасымайтын, бағы жанса да, тасымайтын аяулы әпке, адал жар, айнымас адал доссыз. Тіршіліктің қандай ауырпалықтарын көрсеңіз де, ешуақытта мойымаңыз. Осы қасиетіңізбен мен үшін үлгі екеніңізді ұмытпаңыз. Сізді қатты жақсы көремін! Туған күніңізбен!

#туғанкүн
#сестра
#әпке
Қайырлы түн бауырлар!
Бізге жазылып лайк басуды ұмытпаңыз!

#қайырлытүн
#спокойнойночи
Қайырлы таң достар! Сәрсенбі сәтті болсын🙂
Бізге жазылып лайк басуды ұмытпаңыз!

#доброеутро
#қайырлытаң
Құрметті достар! Бүгін Әділет органдары қызметкерлерінің күні! Құттықтаймыз! Арамызда осы салада тер төгіп жүрген азаматтарымызды шын жүректен құттықтаймын! 👍👍👍

#профессиональныйпраздник
#кәсібимереке
#деньюстиции
#әділеторгандарыныңкүні