Көкешім, туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Денсаулығыңыз мықты болсын! 👍 Ешқашан ауырмаңыз 💪, аспаныңыз ашық, жұлдызыңыз жарық болсын 🌟!
100 жасай беріңіз, 🌝 ғұмырыңыз ұзақ , берекелі, шуақты болсын! Жеңешем екеуіңіз тек биіктен көрініп, мақсаттарыңызға жете беріңіздер! Өсіп келе жатқан қыздар-ұлдар сіздердің үміттеріңізді ақтасын! Біз сізді қатты жақсы көреміз ❤❤❤!
#туғанкүн
#дядя
#көке

Асқар тауым — әкешім, бүгінгі туған күніңіз құтты болсын! Әр туған күнде әдемі сөздер мен тілектер айтылып жатады. Менің қолымнан дәл осылай сөзді әсемдеп жеткізу келмесе де, сізге айтар алғысым шексіз. Өмірге тәй-тәй басқан сәттен сіздің қолдауыңызды көріп өстім. Жүрегім алабұртып, алдым тұманданған сәттерде өзіңізді іздеп тұрамын. Құдды маған кез келген уақытта дұрыс бағыт сілтеуге дайын Жетіқарақшы секілдісіз. Осы күнге дейін анам екеуіңізді шалалықпен көп ренжіттім. Бірақ, ешуақытта кеудемнен итеріп, теріс айналған емессіздер. Сол себепті сіздерге рахмет!
Болат қандай берік болса, сіздің де денсаулығыңыз дәл солай мықты болсын. Шырша қандай жасыл болса, сіздің де күндеріңіз дәл солай мәңгі қуанышты сәттерге толсын! Мәртебеңіз асқар таудан асып түссін. Ең бастысы, әрдайым сіздің атыңызға кір келтірмеуге лайық боламын деп уәде беремін. Анам екеуіңіз біздің ортамызда күліп-ойнап жүре беріңіздер!
#туғанкүн
#папа
#әке

Ата-анасының еркесі, асылым, бүгінгі туған күнің құтты болсын! Алда сені көптеген сынақ пен қуанышты сәттер қол бұлғап тосып тұр. Өмірің ой-шұңқыр оқапсыз, тегіс әрі кең болсын деп тілеймін!
Сүрінген сәтте сүйеп тұрғызар аға-әпкелерің, қуанып жүгіріп келгенде маңдайыңнан сипар жандардың барын бір сәтке де жадыңнан шығарма. Біз үшін сенің жетістіктеріңнен бөлек, осы дүние есігін ашқаныңның өзі бақыт! Өмір жолың шаттық пен бақытқа толы болсын!
Бұл күн күнтізбеде қызылмен белгіленген күн болмаса да, әлемде осы сәтке жетер тамаша күн жоқ. Себебі, бұл біздің әлем, біздің шағын ғана отбасы өзіңмен толыққан күн. Зор денсаудық пен сарқылмас бақыт тілеймін, еркем!
#туғанкүн
#сестренка
#қарындас
#сіңілім

@@-коштың туған күні әрі тұсау кесері құтты болсын!
Басқан қадамы құтты, өмір жолы ұзақ және түзу болсын! Ешқашан сүрінбесін, алдағы өмірі нұрға бөленіп жүре берсін! Әр күні жамандықтан аулақ, қуанышқа толы болсын!
Қадамын сүрінбей басып, тек қана алға ұмтылып, басына бақ орнасын, Қыдыр қолдасын.
#туғанкүн
#ребенок
#тұсаукесер
#первыешаги
#малыш

«Алыстағы ағайыннан, қасыңдағы көрші артық», - деген сөз бар! Көрші, төл мерекең - туған күніңмен кұттықтаймын! Өмір өзгергенмен, арамыздағы сыйластық өзгермесін! Уақыт ұшқыр болғанмен, адал қарым-қатынасымыз сөнбесін! Әрдайым осы қалпыңнан өзгермей нағыз азамат, адал дос және бақытты отағасы болып жүре бер! Өзіме не тілесем, саған соның барлығын тілеймін көрші!
#туғанкүн
#сосед
#көрші
#туғанкүн
#сосед
#көрші