🎂Құттықтаулар-тілектер Поздравления на казахском❤️❤️❤️
2.41K subscribers
305 photos
107 videos
30 links
Поздравление на казахском
Қазақша құттықтау
Администратор - @mafusailz
Download Telegram
​​Әжетай! Әулетіміздің киесі, барлығымыздың ақылшымыз, шаңырағымыздың берекесін кіргізіп отырған асыл жан өзіңізсіз!

Беліңіз қайысқанша еңбек етіп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, мейіріміңізді төге жүріп күтіп-баптап өсірген ұл-қыздарыңыз өркен жайып, бүгінде бір-бір шаңырақты құрап, өсіп-өнді - қара орманға айналды.

Сол үшін ұрпақтарыңыз сізге мәңгі қарыздар. "Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды" - дейді. Алла сізге күш - қуат берсін! Ұл - қыздарыңыз бен немере-шөберелеріңіздің ортасында әрдайым жүзіңізден шуақ шашырап, қызығына тоймай жүре беріңіз!

#туғанкүн
#бабушка
#әже
🎂Құттықтаулар-тілектер Поздравления на казахском❤️❤️❤️ pinned «🙂👋Ребята, всем привет! 🤟 Хотите сэкономить ваше время для написания поздравлений с днем рождения на казахском языке + хорошая открытка? Изначально Канал создан был чисто для себя. Я испытывал трудности при поздравлении родственников в поисках и подборе…»
Ассалаумағалейкум @@@!

Брат, сені бүгінгі туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын!

Мені өзіңмен өмірдің бір арнасында тоғыстырған тағдырыма ризамын! Шын жүректен денің сау, отбасыңның аман болуын қалаймын және тілеймін! Өмірдегі ең басты нәрселер осы емес пе қазіргі кезде.

Көреалмаушылардың жамандығынан сақ болып, алдыңа қойған мақсаттарыңа жете біл. Өміріңде қуанышты әрі есте қалар сәттер көп болғай! Берекелі отбасы мен адам айтса нанғысыз табыстарға жетуіңе тілектеспін! Ең бастысы, әрдайым жаныңнан табылып, қуанышың мен қайғыңды бөлісуге дайын екенімді біл!

33 жасың құтты болсын!

#туғанкүн
#родной
#брат
#дос
Әрбір адамның өзіне тән ғұмыр жолы, тіршілік баяны бар, бірақ еткен еңбек, көрген бейнет, татқан зейнет, алған асу, жеткен биік әркімнің өмірінде әрқилы. Оны сырт көз өздерінше бағалап та жатады. Сондағы жалпының іздейтіні біреу: ол - кісілік келбет, азаматтық тұлға. Оған - дәл осындай адами асқақ қасиетке, қанша ғұмыр кешкенімен, жеткен де бар, жетпеген де бар.

Өзінің өнегелі өмір соқпағында сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет болар ұлттық дәстүрлерді үкілеп келе жатқан @@@мен жарты ғасырдан аса достығымыздың жарасып келе жатқанын мақтан тұтамын. Сенің де мағыналы өміріңнің, шуақты шаңырағыңның алтын діңгегі - өмірлік қосағың Жәмиләң, оның жалғасы, ертеңгі мәуелі жемісі - бауыр етің балаларың мен алтын асықтай немерелерің. Бүгінгі 70 жасқа толған мерейлі мүшел тойыңда өзіңе денсаулық, ұзақ ғұмыр, әулетіңе баянды бақыт тілеймін!

#туғанкүн
#тойғатілек
#70лет
#друг
#дос
#70жас