Семей қаласының әкімдігі
3.28K subscribers
7.27K photos
2.19K videos
9 files
378 links
Акимат города Семей
Download Telegram
Өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Бүгін қалалық әкімдік ғимаратында Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен Төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыста Семей өңірінің орманды дала өрттерінен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі туралы, сондай-ақ шомылу маусымы кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Семей қаласы әкімдігінің бөлімдері мен Жаңасемей ауданының ауылдық округтерінің әкімдеріне елді мекендердің айналасында жер жырту, қала аумағында қамыс шабуды ұйымдастыру, өзен мен көлерде адамдардың қауіпсіздігін қадағалау, қалалық жағажайларды ұйымдастыру және демалыс кезінде балалардың қауіпсіз демалуы бойынша ұсыныстар берілді.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Обсуждены вопросы пожарной безопасности

Сегодня в здании городского акимата состоялось очередное заседание городской комиссии по чрезвычайным ситуациям под председательством акима города Семей Нурбола Нурсагатова.

На заседании рассматривались вопросы по обеспечению безопасности Семейского региона от лесостепных пожаров, о пожарной безопасности в жилом секторе, а также по обеспечению безопасности граждан во время купального сезона.

Отделам и соответствующим службам были даны поручения, а акимам сельских округов района Жаңасемей рекомендации по проведению опашки вокруг населенных пунктов, организации покоса камыша на территории города, по минимизации гибели людей на водоемах, организации городских пляжей и безопасного отдыха детей в период каникул.

#Семейқаласыныңәкімдігі
«Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында студенттер жалғыз басты қарияның ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді

Политехникалық колледж студенттері «Таза Қазақстанә акциясының «Өнегелі ұрпақ» тақырыптық апталығы аясында Семей қаласының жалғыз басты 85 жастағы Черпухова Любовь Георгиевнаның үйінің ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында жастардың ат салысуымен Семей қаласында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осы апта бойы еріктілер, студенттер және белсенді жастардың ұйымдастыруымен қарияларға құрмет көрсетілетін болады», - деп атап өтті Семей қаласының Жастар орталығының директоры Елдар Мақсұтов.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В рамках недели «Өнегелі ұрпақ» студенты очистили двор одинокой пенсионерки

Студенты политехнического колледжа убрали двор дома 85-летней Любови Георгиевны Черпуховой, пожилой женщины из города Семей, в рамках тематической недели "Өнегелі ұрпақ" республиканской акции "Таза Қазақстан".

"Молодое поколение нашего города активно участвуют в мероприятиях, проводимых в рамках данной акции.
Всю эту неделю волонтеры, студенты и активная молодежь города будут помогать пожилым людям" , — отметил Елдар Максутов директор Молодежного центра Семей

#Семейқаласыныңәкімдігі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қала әкімі 23 тұрғынды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов әр апта сайын азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды. Бүгін Абай облысының қабылдау орталығында Нұрбол Нұрсағатов тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында барлығы 23 өтініш қаралды.
Жеке мәселелерден басқа тұрғындар ТКШ, сумен жабдықтау, абаттандыру және т.б. мәселелермен де жүгінді.

Нұрбол Төлегенұлы қабылдауға жазылған тұрғындардың арыз-шағымдарын, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, туындаған сұрақтардың өзектілігін анықтап, сол сала бойынша нақты жауаптар берді.
Хаттамаға енгізілген мәселелердің бірқатары жедел шешімін тауып, ал келесі мәселелердің Заңды түрде шешу жолдарын түсіндірді.



Аким города принял 23 жителей по личным вопросам

Аким города Семей Нурбол Нурсагатов еженедельно проводит прием граждан по личным вопросам. Сегодня в центре приема граждан области Абай аким города Нурбол Нурсагатов принял жителей по личным вопросам.

В ходе приема было рассмотренно 23 обращений.
Помимо личных вопросов, жители обращались по вопросам ЖКХ, водоснабжения, благоустройства и др.

Аким города во время приема выслушал обращения и предложения жителей, ответил на заданные вопросы, разъяснил пути законного решения некоторых поднятых вопросов.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Қадірлі жерлестер!

🕊️Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бұл мереке басты құндылықтарымыз - бейбітшілік пен келісімнің, халық достығы мен елімізде тұратын әрбір ұлттың дәстүрін, мәдениетін сақтау мен жаңғыртудың символына айналды.

Семей қаласында 80-нен астам ұлт өкілі тұрады. Сондықтан ұлтаралық татулықты сақтап, этносаралық келісімді одан әрі нығайтуды басты мақсат етуіміз шарт. Бұл тәуелсіз еліміздің тұрақты дамуының, рухани кемелденуінің кепілі болмақ.

Айтулы мереке қарсаңында отбасыларыңызға амандық, жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілеймін! Ұлттық құндылығымызды дәріптеп, келісім мен татулық әрдайым салтанат құрсын!

Мейрам құтты болсын!

Ізгі ниетпен, Нұрбол Нұрсағатов

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Қадірлі жерлестер! 🕊️Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бұл мереке басты құндылықтарымыз - бейбітшілік пен келісімнің, халық достығы мен елімізде тұратын әрбір ұлттың дәстүрін, мәдениетін сақтау мен жаңғыртудың символына айналды. …
Дорогие друзья!

🕊️Поздравляю Вас с знаменательным Праздником единства народа Казахстана! На протяжении многих десятилетий общественное согласие и дружба этносов, для которых Казахстан стал общим домом, является ценностью, которую мы бережно храним и передаем из поколения в поколение. Нас объединяет общая история, которая не раз доказывала, что мы - единый народ и межэтническое согласие это большое преимущество нашей страны.

В Семее проживают представители более 80-ти этносов и сегодняшний праздник имеет особую важность для нас.

От всей души желаю крепкого здоровья, взаимопонимания и благополучия Вам и Вашим близким. Успехов и процветания Казахстану!

С искренними пожеланиями, Нурбол Нурсагатов

#Семейқаласыныңәкімдігі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⛲️Орталық алаңдағы субұрқақ іске қосылды

Бүгін, 1 мамырда Семей қаласындағы ең үлкен субұрқақтардың бірі – сыйымдылығы 1200 текше метр болатын орталық алаңдағы субұрқақ іске қосылды.

Сонымен қатар, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұраймыз. Балаларға субұрқақта шомылуға тыйым салынады: электр жарақаттарының пайда болу қаупі бар (ток соғуы мүмкін).

•••••••••

⛲️ Фонтан на центральной площади подключен к работе

Сегодня, 1 мая подключили к работе один из самых больших фонтанов в г.Семей – фонтан на центральной площади, который вмещает 1200 кубометров воды.

Вместе с тем, просим строго соблюдать меры безопасности. Детям запрещено купаться в фонтане: имеется риск получения электротравм (может ударить током).

#Семейқаласыныңәкімдігі
Құрметті Абай облысының тұрғындары!

Абай облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы жанынан «Виртуалды автоматты телефон станциясы» іске қосылғандығын хабарлаймыз!

Егер Сізге әлеуметтік қамсыздандыру немесе жұмыспен қамту мәселелері жөнінде кеңес керек болса, онда Сіз жоғарыда көрсетілген ұялы байланыс нөміріне хабарласып, тиісті мағлұмат ала аласыз.

📍Аталған нөмірге дүйсенбі мен жұма аралығында, яғни жұмыс күндері, сағат 09.00 ден 18.30 ге дейін

8 778 003 0333 нөмері арқылы хабарласуларыңызға болады.

🚀#АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Уважаемые жители области Абай!

Сообщаем, что при Управлении координации занятости и социальных программ области Абай запущена «Виртуальная автоматическая телефонная станция»!

Если вам нужна консультация по вопросам социального обеспечения или занятости, то вы можете обратиться по указанному ниже номеру и получить соответствующую информацию.

📍Обращаться можно в рабочие дни (пн-пт) с 09.00 до 18.30 по номеру:

8 778 003 0333


🚀#АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қ.Мұхамедханов көшесіндегі жерасты өткеліне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов көпқабатты үйлер мен жерасты өткелдерінің қасбеттерін жөндеу бойынша, сондай-ақ Холодный ключ кентіндегі жаяу жүргіншілер көпірінің жағдайы бойынша көшпелі кеңес өткізді. Тексеру барысында қала әкімі бірінші кезекте Қ. Мұхамедханов көшесіндегі жерасты өткелінің жөнделуін тексерді.

Семей қаласында 8 жерасты өткелі бар, 2023 жылы 4 жерасты өткеліне күрделі жөндеу жүргізілді. Қазіргі уақытта Қ. Мұхамедханов көшесіндегі жерасты өткеліне күрделі жөндеу жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары кезінде жерасты өткелінде әртүрлі пішіндегі муралдар бейнеленеді, жарықтандыру және бейнекамералар орнатылады. Сондай-ақ, Қ. Мұхамедханов көшесіндегі жерүсті өткелін, лифт жабдығын ауыстыра отырып, жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, Нұрбол Нұрсағатов Холодный ключ кентінің тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар Суық бұлақ кентіндегі аспалы көпірдің сапасына шағымданды. Қазіргі уақытта көпір тіректері тозған, құлау қаупі бар. Қала әкімі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әділбек Увасиловқа жөндеуді қажет ететін көпір бөліктерін ауыстыруды тапсырды.

#Семейқаласыныңәкімдігі