Семей қаласының әкімдігі
3.13K subscribers
7.64K photos
2.27K videos
9 files
395 links
Акимат города Семей
Download Telegram
«Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында студенттер жалғыз басты қарияның ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді

Политехникалық колледж студенттері «Таза Қазақстанә акциясының «Өнегелі ұрпақ» тақырыптық апталығы аясында Семей қаласының жалғыз басты 85 жастағы Черпухова Любовь Георгиевнаның үйінің ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында жастардың ат салысуымен Семей қаласында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осы апта бойы еріктілер, студенттер және белсенді жастардың ұйымдастыруымен қарияларға құрмет көрсетілетін болады», - деп атап өтті Семей қаласының Жастар орталығының директоры Елдар Мақсұтов.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В рамках недели «Өнегелі ұрпақ» студенты очистили двор одинокой пенсионерки

Студенты политехнического колледжа убрали двор дома 85-летней Любови Георгиевны Черпуховой, пожилой женщины из города Семей, в рамках тематической недели "Өнегелі ұрпақ" республиканской акции "Таза Қазақстан".

"Молодое поколение нашего города активно участвуют в мероприятиях, проводимых в рамках данной акции.
Всю эту неделю волонтеры, студенты и активная молодежь города будут помогать пожилым людям" , — отметил Елдар Максутов директор Молодежного центра Семей

#Семейқаласыныңәкімдігі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қала әкімі 23 тұрғынды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов әр апта сайын азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды. Бүгін Абай облысының қабылдау орталығында Нұрбол Нұрсағатов тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында барлығы 23 өтініш қаралды.
Жеке мәселелерден басқа тұрғындар ТКШ, сумен жабдықтау, абаттандыру және т.б. мәселелермен де жүгінді.

Нұрбол Төлегенұлы қабылдауға жазылған тұрғындардың арыз-шағымдарын, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, туындаған сұрақтардың өзектілігін анықтап, сол сала бойынша нақты жауаптар берді.
Хаттамаға енгізілген мәселелердің бірқатары жедел шешімін тауып, ал келесі мәселелердің Заңды түрде шешу жолдарын түсіндірді.



Аким города принял 23 жителей по личным вопросам

Аким города Семей Нурбол Нурсагатов еженедельно проводит прием граждан по личным вопросам. Сегодня в центре приема граждан области Абай аким города Нурбол Нурсагатов принял жителей по личным вопросам.

В ходе приема было рассмотренно 23 обращений.
Помимо личных вопросов, жители обращались по вопросам ЖКХ, водоснабжения, благоустройства и др.

Аким города во время приема выслушал обращения и предложения жителей, ответил на заданные вопросы, разъяснил пути законного решения некоторых поднятых вопросов.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Қадірлі жерлестер!

🕊️Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бұл мереке басты құндылықтарымыз - бейбітшілік пен келісімнің, халық достығы мен елімізде тұратын әрбір ұлттың дәстүрін, мәдениетін сақтау мен жаңғыртудың символына айналды.

Семей қаласында 80-нен астам ұлт өкілі тұрады. Сондықтан ұлтаралық татулықты сақтап, этносаралық келісімді одан әрі нығайтуды басты мақсат етуіміз шарт. Бұл тәуелсіз еліміздің тұрақты дамуының, рухани кемелденуінің кепілі болмақ.

Айтулы мереке қарсаңында отбасыларыңызға амандық, жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілеймін! Ұлттық құндылығымызды дәріптеп, келісім мен татулық әрдайым салтанат құрсын!

Мейрам құтты болсын!

Ізгі ниетпен, Нұрбол Нұрсағатов

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Қадірлі жерлестер! 🕊️Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бұл мереке басты құндылықтарымыз - бейбітшілік пен келісімнің, халық достығы мен елімізде тұратын әрбір ұлттың дәстүрін, мәдениетін сақтау мен жаңғыртудың символына айналды. …
Дорогие друзья!

🕊️Поздравляю Вас с знаменательным Праздником единства народа Казахстана! На протяжении многих десятилетий общественное согласие и дружба этносов, для которых Казахстан стал общим домом, является ценностью, которую мы бережно храним и передаем из поколения в поколение. Нас объединяет общая история, которая не раз доказывала, что мы - единый народ и межэтническое согласие это большое преимущество нашей страны.

В Семее проживают представители более 80-ти этносов и сегодняшний праздник имеет особую важность для нас.

От всей души желаю крепкого здоровья, взаимопонимания и благополучия Вам и Вашим близким. Успехов и процветания Казахстану!

С искренними пожеланиями, Нурбол Нурсагатов

#Семейқаласыныңәкімдігі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⛲️Орталық алаңдағы субұрқақ іске қосылды

Бүгін, 1 мамырда Семей қаласындағы ең үлкен субұрқақтардың бірі – сыйымдылығы 1200 текше метр болатын орталық алаңдағы субұрқақ іске қосылды.

Сонымен қатар, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұраймыз. Балаларға субұрқақта шомылуға тыйым салынады: электр жарақаттарының пайда болу қаупі бар (ток соғуы мүмкін).

•••••••••

⛲️ Фонтан на центральной площади подключен к работе

Сегодня, 1 мая подключили к работе один из самых больших фонтанов в г.Семей – фонтан на центральной площади, который вмещает 1200 кубометров воды.

Вместе с тем, просим строго соблюдать меры безопасности. Детям запрещено купаться в фонтане: имеется риск получения электротравм (может ударить током).

#Семейқаласыныңәкімдігі
Құрметті Абай облысының тұрғындары!

Абай облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы жанынан «Виртуалды автоматты телефон станциясы» іске қосылғандығын хабарлаймыз!

Егер Сізге әлеуметтік қамсыздандыру немесе жұмыспен қамту мәселелері жөнінде кеңес керек болса, онда Сіз жоғарыда көрсетілген ұялы байланыс нөміріне хабарласып, тиісті мағлұмат ала аласыз.

📍Аталған нөмірге дүйсенбі мен жұма аралығында, яғни жұмыс күндері, сағат 09.00 ден 18.30 ге дейін

8 778 003 0333 нөмері арқылы хабарласуларыңызға болады.

🚀#АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Уважаемые жители области Абай!

Сообщаем, что при Управлении координации занятости и социальных программ области Абай запущена «Виртуальная автоматическая телефонная станция»!

Если вам нужна консультация по вопросам социального обеспечения или занятости, то вы можете обратиться по указанному ниже номеру и получить соответствующую информацию.

📍Обращаться можно в рабочие дни (пн-пт) с 09.00 до 18.30 по номеру:

8 778 003 0333


🚀#АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қ.Мұхамедханов көшесіндегі жерасты өткеліне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов көпқабатты үйлер мен жерасты өткелдерінің қасбеттерін жөндеу бойынша, сондай-ақ Холодный ключ кентіндегі жаяу жүргіншілер көпірінің жағдайы бойынша көшпелі кеңес өткізді. Тексеру барысында қала әкімі бірінші кезекте Қ. Мұхамедханов көшесіндегі жерасты өткелінің жөнделуін тексерді.

Семей қаласында 8 жерасты өткелі бар, 2023 жылы 4 жерасты өткеліне күрделі жөндеу жүргізілді. Қазіргі уақытта Қ. Мұхамедханов көшесіндегі жерасты өткеліне күрделі жөндеу жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары кезінде жерасты өткелінде әртүрлі пішіндегі муралдар бейнеленеді, жарықтандыру және бейнекамералар орнатылады. Сондай-ақ, Қ. Мұхамедханов көшесіндегі жерүсті өткелін, лифт жабдығын ауыстыра отырып, жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, Нұрбол Нұрсағатов Холодный ключ кентінің тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар Суық бұлақ кентіндегі аспалы көпірдің сапасына шағымданды. Қазіргі уақытта көпір тіректері тозған, құлау қаупі бар. Қала әкімі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әділбек Увасиловқа жөндеуді қажет ететін көпір бөліктерін ауыстыруды тапсырды.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Нурбол Нурсагатов проинспектировал ход ремонта подземного перехода

Градоначальник провел выездное совещание по ремонту фасадов многоэтажек и подземного перехода, а также по состоянию пешеходного моста в поселке Холодный ключ. В ходе проверки аким города в первую очередь проинспектировал ремонт подземного перехода по улице К. Мухамедханова.

В городе Семей имеется 8 подземных переходов, в 2023 году проведен капитальный ремонт 4 подземных переходов. В настоящее время ведется капитальный ремонт подземного перехода по улице К. Мухамедханова. Во время ремонтных работ на подземном переходе будут изображены муралы различной формы, установлены освещение и видеокамеры. Также будет проведен ремонт надземного перехода по улице К. Мухамедханова с заменой лифтового оборудования.

Также Нурбол Нурсагатов встретился с жителями поселка Холодный ключ. Жители жаловались на качество подвесного моста в поселке Холодный ключ. В настоящее время мостовые опоры изношены, есть немалый риск обрушения. Аким города поручил исполняющему обязанности руководителя отдела пассажирского транспорта и автомобильных дорог Адилбеку Увасилову заменить требующие ремонта части моста.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔤🔤🔤🔤🔤🔤🔤

Юность ауданындағы басты жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Юность және 1 шағын аудандарына барып, кварталішілік аулаларды аралады.

Айта кетейік бұдан бұрын да қала әкімі Юность ықшам ауданына келіп, аудандағы негізгі жолдарды жақын уақытта жөндеуден өткізуді тапсырған болатын. Қала басшысының тапсырмасымен №6 емханасының кварталішілік жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін Нұрбол Нұрсағатов автомобиль жолдары бөліміне шағын аудандағы жолдарды одан әрі жалғастыруды тапсырды. Жөндеу жұмыстары Селевин көшесінен бастап Юность ықшам ауданындағы соңғы аялдама аумағын қамтиды.

Сондай-ақ, қала әкімі №1 шағын ауданындағы аула аумақтарындағы жолдарды асфальттау жұмыстарымен танысты. Ағымдағы жылы №1 шағын ауданында 5 кварталішілік аулаға асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл бағыттағы жұмыстар басталды.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔤🔤🔤🔤

Проведен средний ремонт главной дороги в районе микрорайона Юность


Сегодня аким города Нурбол Нурсагатов посетил микрорайон Юность, а также 1-ый микрорайон, осмотрев там внутриквартальные дворы.

Напомним, ранее аким города посетил микрорайон Юность и поручил в ближайшее время отремонтировать основные дороги. По поручению главы города проводится средний ремонт внутриквартальной дороги близ поликлиники №6.

Сегодня Нурбол Нурсагатов поручил отделу автомобильных дорог продолжить ремонт дорог в микрорайоне. Ремонтные работы начаты от улицы Селевина до конечной остановки в микрорайоне Юность.

Также аким города ознакомился с работами по асфальтированию дорог на дворовых территориях микрорайона №1. В текущем году в микрорайоне №1 будут проведены работы по асфальтированию 5 дворов. Работы в этом направлении начаты.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семейде масаға қарсы дезинсекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр

🦟Бүгін Семей қаласында Бейбітшілік аралы мен Ескі бекініс ауданындағы өзендерде "BiofarmKz”ЖШС мердігер ұйымы зиянкестерге қарсы дезинсекциялау жұмыстарын жүргізді. Арнайы химиялық заттардың көмегімен 1,2 сатыдағы масалардың ұялары жойылуда.

🗓 Жұмыстың екінші кезеңі қолайлы ауа райы жағдайында 10-12 мамыр күндері өтеді деп жоспарланып отыр.

🧯Екінші кезеңдегі жұмыстарды мамандандырылған дезинфекторлар тобы ыстық және суық тұман құрылғыларымен жүзеге асырады.

🏞Жалпы дизенсекция иесіз су қоймалары мен таяз суларда жүргізіледі. Өңделетін жалпы аумақ қала бойынша 500 гектар.

#Семейқаласыныңәкімдігі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
В Семее проводится дезинсекционная работа против комаров

🦟 Сегодня в городе Семей на реках в районе острова Бейбитшилик и Старой крепости подрядная организация ТОО "BiofarmKz” провела дезинсекцию против вредителей. С помощью специальных химических средств уничтожаются гнезда комаров 1,2 стадии.

🗓 Второй этап работ планируется провести в благоприятных погодных условиях 10-12 мая.

🧯Работы второго этапа выполняются специализированной группой дезинфекторов с устройствами горячего и холодного тумана.

🏞Общая дизенсекция проводится на бесхозных водоемах и мелководье. Общая обрабатываемая площадь по городу составляет 500 га.

#Семейқаласыәкімдігі
Нұрбол Нұрсағатов келесі жылу маусымына дайындық бойынша көшпелі кеңес өткізді

Семейде 2024-2025 жылдардағы жылу маусымына дайындық жұмыстары басталды. Осыған байланысты, бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен көшпелі кеңес өтті, онда алдағы жылу маусымына дайындықтың аса өзекті және маңызды мәселелері талқыланды.

Көшпелі кеңеске қала әкімінің орынбасары, жауапты бөлімдер мен мекемелердің басшылары, мердігерлер қатысты.

Нұрбол Нұрсағатов қазандықты жөндеу жұмыстары басталған РК-3 барып, жөндеу жұмыстарының барысын қадағалады. Кеңесті қорытындылай келе, қала басшысы мердігерлерге жұмыстарды сапалы орындауды және оларды белгіленген кестеге сәйкес аяқтауды тапсырды.

#Семейқаласыныңәкімдігі