Samruk Energy news
3.81K subscribers
1.67K photos
304 videos
416 links
Ірі көпсалалы электр энергетикалық холдинг
Крупнейший многопрофильный электроэнергетический холдинг
Largest diversified energy holding

www.samruk-energy.kz/ru
Download Telegram
В Самрук-Энерго прошла встреча представителей партии «AMANAT» с трудовым коллективом

🖋Во встрече приняли участие депутат Мажилиса Республики Казахстан Павел Казанцев, депутат маслихата г. Астана Нурлан Утешев, директор департамента энергетики и жилищно-коммунального хозяйства НПП «Атамекен» Жакып Хайрушев, исполнительный секретарь районного филиала «Нура» партии «AMANAT» г. Астана Жанар Жакупова и председатель первичной партийной организации в АО «Самрук-Энерго» Нариман Акылов.

💡Они рассказали о реализации Дорожной карты партии и мерах поддержки специалистов рабочих профессий. Участники встречи задали партийцам интересующие вопросы и получили исчерпывающие ответы.

✏️ В завершение встречи ряд сотрудников Самрук-Энерго были награждены благодарственными письмами партии «AMANAT» за активную общественную деятельность. Особую благодарность партийцы выразили активистам молодежной организации Jas Energy за сотрудничество и проведение благотворительных мероприятий.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда Энергетиктер алаңы ашылды

♻️ Алматы қаласының Медеу ауданында қаланың көркіне көрік қосатын тағы бір демалыс орны «Энергетиктер алаңы» ашылды. Айтулы шараға «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, Медеу ауданының әкімшілігі өкілдері және энергетика саласының ардагерлері қатысты.

🌿Демалыс алаңына Алатау Жарық Компаниясы логотипі бейнеленген постамент орнатылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді, ағаштар отырғызылды.

🌱 Бұл бастама – табиғатқа қамқорлық жасап, қоршаған ортаны жақсартуға және экологиялық тұрақтылықты қалыптастыруға қосқан үлес қана емес, сонымен қатар өскелең ұрпаққа үлгі болмақ.
Forwarded from UKIMET
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді: қазақстандық тауар өндірушілермен 1,4 трлн теңгеге келісімшарт жасалады

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың өндірістік және қаржылық көрсеткіштер туралы есебі тыңдалды.

🔷 Мемлекет басшысының басым инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Қор басшылығы экономиканың басым салаларындағы жалпы сомасы шамамен 36,4 трлн теңгені құрайтын инвестициялық 46 ірі жоба туралы баяндады. Бүгінгі таңда «Полиэтилен өндірісі», күкірт қышқылы зауыты және «Мойынты – Қызылжар» теміржол желісі, Жаңаөзен қаласындағы газ өңдеу зауыты, сондай-ақ «Шу», «Жамбыл», «Шымкент» қосалқы стансаларында Қазақстан БЭЖ оңтүстік аймағының электр желісін нығайту шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.

Нұрлан Жақыповтың айтуынша, 2025 жылдың соңына дейін «Достық – Мойынты» теміржол желісі, Алматы қаласын айналып өтетін айналма теміржол желісі, Ақтау порты базасындағы контейнерлік хаб, «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбыры, Кендірлідегі су тұщыту зауыты сияқты инфрақұрылымдық нысандарды, сондай-ақ Caspi Bitum зауытын кеңейту және Павлодар мұнай-химия зауытында дизель отынын гидротазарту қондырғысын реконструкциялау жобаларын аяқтау жоспарлануда.

✔️ Отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударылуда. Қордың сатып алу тәртібінде: тауарларды ОТӨ-ден сатып алу басымдығы, жұмыстар мен қызметтерді орындау кезінде ОТӨ-ден тауарларды сатып алу бойынша мердігерлер мен қосалқы мердігерлік ұйымдардың міндеттемелері, сондай-ақ 16-дан астам қосымша қолдау шаралары көзделген. Аталған қолдау шаралары шеңберінде қазақстандық тауар өндірушілермен жасалған келісімшарттар санын 2024 жылғы 1,1 трлн теңгеден 2025 жылы 1,4 трлн теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Импортты алмастыру бағдарламасы бойынша «Самұрық-Қазына» қоры өткен жылы қазақстандық кәсіпкерлермен 191 млрд теңгеге офтейк-келісімшарттар жасады – бұл 10 есе өсім. Кәсіпкерлікті қолдау шараларының бірі – skstore. kz электрондық дүкені. Платформада 13 мыңнан астам ШОБ өкілі және 500 отандық тауар өндіруші тіркелген. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 14,6 млрд теңгеге 25 мың тапсырысты құраған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 есеге көп.

🔘 Премьер-министр «Самұрық-Қазына» қоры басшылығына және жауапты министрліктерге жобалардың Қазақстан инфрақұрылымына, энергетикасына, көлік логистикасына, өнеркәсіптік және экономикалық дамуына мультипликативті әсерін ескере отырып, олардың уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM