Samruk Energy news
3.82K subscribers
1.66K photos
303 videos
416 links
Ірі көпсалалы электр энергетикалық холдинг
Крупнейший многопрофильный электроэнергетический холдинг
Largest diversified energy holding

www.samruk-energy.kz/ru
Download Telegram
Forwarded from UKIMET
2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы

📌 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде энергетика саласын дамыту шаралары жүзеге асырылып келеді. Аталған тапсырманы орындау аясында 2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезең аяқталды, сондай-ақ инфрақұрылымды ауқымды жаңартуға және «жасыл» энергетиканы дамытуға дайындық жұмыстары басталды.


⚡️ Күзгі-қысқы маусымның жылумен қамтуда іркілістерсіз өтуі Үкімет қабылдаған шаралар тиімділігін көрсетті. Ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді: 10 энергия блогына, 55 қазандыққа және 45 турбинаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, бұл ЖЭО мен жылу желілеріндегі жоғары тозуды азайту үдерісін бастауға мүмкіндік берді.

Қабылданған шаралар электр стансаларындағы технологиялық бұзушылықтар санын 27%-ға (1070-тен 782-ке дейін), ал температуралық кестені сақтамау жағдайларын 67%-ға (215-тен 65-ке дейін) төмендетуге мүмкіндік берді.

🔷 Маңызды жетістік ретінде 12 ЖЭО жағдайының жақсаруын атап өтуге болады: оның 9-ы «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа, ал 3-уі «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өтті. Нәтижесінде, «қызыл» аймақта 10 ЖЭО (бұрын 19), «сары» аймақта 17 ЖЭО (бұрын 11), «жасыл» аймақта 10 ЖЭО (бұрын 7) қалды. Көрсеткіштерін жақсартқандар қатарында Екібастұз, Өскемен, Жезқазған, Балқаш, Атырау, Риддер, Кентау және басқа да стансалар бар. Айрықша назар «МАЭК» ЖШС, Ақтау жылу желілеріне және Степногорск, Теміртау ЖЭО жұмысына аударылды.

✔️ 2024 жылы Екібастұз 1-ГРЭС-ті қалпына келтірген блогын (500 МВт), Атырау ЖЭО жаңа турбинасын (65 МВт) және Жезқазғандағы (+43 МВт) жаңартылған қазандықты қоса алғанда, 771 МВт жаңа қуат енгізілді. Сондай-ақ жалпы қуаты 163,35 Мвт болатын жаңартылатын энергия көздері бойынша жобалар іске қосылды.

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады, электр қуаты нарығындағы шекті тариф арттырылды, қайтарылатын инвестициялардың жылдық лимиті ұлғайтылды. 2024 жылы қабылданған шаралар жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды былтырғы деңгеймен салыстырғанда 44%-ға ұлғайтып, 327 млрд теңгеге жеткізуге мүмкіндік берді.

🔘 Сонымен қатар келесі жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті. Аталған жұмыстар аясында 10 энергетикалық блок, 63 қазандық және 39 турбинаны жөндеу жұмыстары жоспарланған, кейбір жұмыстар қазірдің өзінде жүріп жатыр. Орталықтандырылған жылумен қамту аймағындағы 66 жылу орталығында 53 қазандықты жөндеу және реконструкциялау жұмыстары жоспарланған.

Күн жылынған соң 17 мың шақырым электр желісі мен 323 шақырым жылу құбырын жаңарту жұмыстары басталады.

✔️ Ұлттық энергетиканы жаңғырту ұлттық жобасы аясында жалпы бюджеті 4 трлн теңге болатын 77,5 мың шақырым электр желілері мен 1,6 мың шақырым жылу желілері жаңартылады. 2029 жылға дейін бұл электр желілерінің тозуын 45%-ға, жылу желілерінің тозуын 42%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Генерация саласында 7,3 ГВт жаңа қуат енгізу, оның ішінде қолданыстағы стансаларды жаңарту және жаңа стансалар салу жоспарлануда. 2029 жылға дейін 29 жобаны аяқтау жоспарланған, бұл электр стансаларының орташа тозуын 40%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Жаңартылатын энергия көздерін дамыту да басым бағыт болып қала береді: 2024 жылы 153 нысан 7,58 млрд кВт·сағ немесе жалпы өндірістің 6,43%-ы өндірді. 8 жаңа станса (163,35 МВт) іске қосылды, ал 2025 жылдың соңына дейін тағы 9 ЖЭК жобасы (455,5 МВт) іске қосылады. Қазірдің өзінде биылғы жылдың ақпан айында Қарағанды облысында «Гиперборея» ЖШС-мен қуаты 50 МВт жел электр стансасы іске қосылды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ Бүгін Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күні!

Махаббат пен адалдықтың символына айналған осы ерекше күні біз сіздерге энергетика саласында еңбек етіп жүріп, өмірлік серігін тапқан жас жұптардың шынайы хикаяларын ұсынамыз.

«Махаббат станциясы»: ЖЭО қосқан қос ғашық

⚡️ Артен мен Диляра – қазіргі таңда бақытты отбасы. Ал олардың таныстығы 2012 жылы күзде басталған. Артен сол кезде жас маман ретінде АлЭС-те еңбек жолын бастаған. Күндердің күнінде әріптесінің үстелінен бір сурет көзіне түсіп, жүрегінде ерекше сезім оянады. Суреттегі сұлумен танысудың әрекетін жасайды.

💡Бір-бірін жақынырақ таныған сайын олардың араларындағы сезім нығая түсті. Ортақ қызығушылықтар, өмірге деген көзқарас, болашаққа деген үміт оларды ажырамас етіп байланыстырды. Көп ұзамай олар үлкен өмірге бірге қадам басып, үйленді.

❤️ Бүгінде олардың шаңырағында балаларының шат күлкісі естіледі. Жасмин мен Бисұлтан – ата-анасының махаббатынан туған шынайы бақыттың жемісі. Артен мен Диляраның оқиғасы – АлЭС қабырғасында басталып, махаббат пен сыйластыққа толы отбасыға айналған тағдыр тоғысы.

🌷 Бұл күн – шынайы махаббатты еске алатын күн. Ал махаббат бір қарапайым сәттен басталады.

⚡️Әдемі жұпқа лайк басып, жылы лебіз қалдырыңыз!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Жүректерді табыстырған жарық мекені

🌷Қозы Көрпеш – Баян сұлу күніне орай махаббатпен өрілген оқиғалар легін жалғастырамыз!

«Алатау Жарық Компаниясында» танысып, бір-бірін жақынырақ тани келе жүректері табысқан қос әріптес жақында шаңырақ көтерді. Ортақ жұмыс, бір мақсат, ұқсас көзқарас – бәрі де махаббатқа жол ашты.

♾️Бейнежазбадан сіз екеуінің бір-біріне деген ықыласын, сыйластығын байқайсыз.

❤️Біз жас жұпты шын жүректен құттықтаймыз! Бақыттары баянды, махаббаттары мәңгілік болсын!

Жас отбасыға қолдау көрсетіп, лайк басыңыздар!
Энергостанции Самрук-Энерго успешно прошли отопительный сезон
 
⚡️ АО «Самрук-Энерго» обеспечило бесперебойное электро- и теплоснабжение в течение осенне-зимнего периода 2024–2025 годов и успешно завершило отопительный сезон. За этот период тепловыми электрическими станциями (ТЭС) компании произведено 18,6 млрд кВт·ч электроэнергии, а объем отпущенной тепловой энергии составил 4,4 млн Гкал. Весь отопительный сезон станции энергетического холдинга функционировали в штатном режиме, соблюдая температурные графики подачи тепла.

⚡️ В ходе ОЗП 2024–2025 годов на Экибастузской ГРЭС-1 был введён в эксплуатацию энергоблок №1 мощностью 500 МВт, что увеличило общую установленную мощность станции до 4000 МВт. Таким образом, впервые за последние 30 лет станция перешла на восьмиблочный режим работы.

🔼В текущем отопительном сезоне по сравнению с аналогичным периодом 2023–2024 годов объёмы выработки электроэнергии на станциях Самрук-Энерго увеличились на 4%. Рост показателей стал возможен, в том числе, благодаря значительному снижению числа технологических нарушений, что свидетельствует о результативности проводимых мероприятий по ремонту, модернизации оборудования и улучшению культуры эксплуатации.

⚙️ В частности, на Экибастузской ТЭЦ, которая в июне прошлого года была передана в доверительное управление АО «Самрук-Энерго», своевременный ремонт части энергетических котлов и вспомогательного оборудования обеспечил надёжную и стабильную работу станции в осенне-зимний период.

⚡️ Алматинские ТЭЦ-1, ТЭЦ-2 и ТЭЦ-3 также успешно завершили отопительный сезон, непрерывно снабжая потребителей г. Алматы и Алматинской области электрической и тепловой энергией.

⚒️ С завершением отопительного сезона станции Самрук-Энерго оперативно приступили к подготовке к следующему осенне-зимнему периоду. На энергообъектах уже начаты активные ремонтные работы. В текущем году запланировано проведение 114 ремонтов на 105 единицах основного оборудования. Ремонтная кампания будет осуществлена в соответствии с утверждённым графиком и все станции Самрук-Энерго будут готовы к прохождению следующего отопительного сезона.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from SAMRUK-KAZYNA official
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
3 мамыр, Ботаникалық саябақ, Астана

🏃«Самұрық-Қазына» қайырымдылық марафонына небәрі 16 күн қалды

🧑‍🧒Жарысқа қатысып, біреудің өмірін өзгерте аласыз.

▪️Ерекше балаларға көмек беру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз - қаражат инклюзия кабинеттерін ашуға жұмсалады.

▪️Бүгіннен бастап тіркеліңіз!

🔘

3 мая, Ботанический сад, Астана

🏃До благотворительного марафона «Самрук-Қазына» осталось всего 16 дней

🧑‍🧒Один забег может изменить чью-то жизнь.

▪️Не упустите возможность помочь особенным детям - средства пойдут на организацию кабинетов инклюзии.

▪️Зарегистрируйтесь уже сегодня!
Forwarded from UKIMET
Үкіметте энергетикалық жобаларды іске асыру барысы қаралды

📌 Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша Үкімет жүргізіп жатқан жұмыс шеңберінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ, «Самұрық-Энерго» және «KEGOC» АҚ бірінші басшыларының қатысуымен кеңес өткізді.

💠 Жиынға қатысушылар Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО-ның, Қашаған кен орны мен Жаңаөзен қаласындағы газ өңдеу зауыттарының, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбырының құрылысы сияқты стратегиялық жобалардың ағымдағы мәртебесі туралы баяндады.

🔘 Кеңес барысында тиісті тапсырмалар берілді.



Ход реализации энергетических проектов рассмотрели в Правительстве

📌 В рамках проводимой Правительством работы по исполнению поручений Главы государства первый заместитель Премьер-министра Роман Скляр провел совещание с участием министра энергетики Ерлана Аккенженова, председателя АО «ФНБ «Самрук-Казына» Нурлана Жакупова, а также первых руководителей АО «НК «КазМунайгаз», АО «НК «QazaqGaz», АО «Самрук-Энерго» и АО «KEGOC».

💠 Участники совещания доложили о текущем статусе стратегических проектов, таких как строительство ТЭЦ в Кокшетау, Семее и Усть-Каменогорске, газоперерабатывающих заводов на месторождении Кашаган и в г. Жанаозен, магистрального газопровода «Бейнеу – Бозой – Шымкент».

🔘 В ходе совещания даны соответствующие поручения.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚙️В рамках Года рабочих профессий продолжаем знакомить вас с рабочими вакансиями в группе компаний АО «Самрук-Энерго».

⚡️На ТЭЦ-2 имени А.Жакутова АО «Алматинские электрические станции» требуется:
Электрослесарь по ремонту и обслуживанию автоматики и средств измерений электростанций цеха тепловой автоматики и измерений

Если у вас есть среднее специальное или высшее образование, навыки ремонта и замены обмоток электродвигателей, а также знания в области электротехники и автоматики — эта вакансия для вас!

🚀Станьте частью команды профессионалов, которые ежедневно обеспечивают надёжную работу ТЭЦ-2 и вносят вклад в энергобезопасность страны!

🔗Ссылка на вакансию https://qsamruk.kz/vacancy/55666