Сағат
556 subscribers
321 photos
139 videos
18 files
88 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
Павловтың «Я – невежда», Лениннің «Мен білетінімді ғана білемін, білмейтінім ұшан-теңіз» дегенін бұрын да түсінетін едім. Бірақ жай қарапайымдылықпен айтыла салған сөз деп ойлайтынмын. Қазір анық түсіндім. Бұл жерге қарапайымдылықтың еш қатысы жоқ екен. Шынында да аз оқитын адам баяғыда көз жүгірткен бірдеңелеріне малданып, «мен білемін» деп өзін өзі алдап жүреді. Ал, күнде оқитын адам «Ойпырм-ай, мен мұны осы уақытқа дейін қалай білмей келгенмін» деп қапалану арқылы білімге тоймайды.
Кеше бір кітапты оқып отырсам, жер бетіндегі бір адамға 200 миллион жәндіктен келеді екен! 7,2 миллиард адам х 200 миллион жәндік! Осы сұмдықты кешеге дейін білмей келгеніме таң қалдым. Шынында да ештеңе білмейтін сияқтымын.

📚 Оңашадағы онлайн ойлар
Шархан Қазығұл
“Уа, Алла тағалам! Жүрегімде Өзіңнен басқа барлық ойды, зікірді жоқ ете гөр!”

(Жунейди Бағдади)

#бүгінгідұға
Расында, Алла Расулы ﷺ пайғамбар болып келуімен адамзат өзі күткен ұлы һидаят жолбасшыларының ең кәміліне қол жеткізді. Сол себепті қазіргі таңда әлі де тек өз қара басын ойлаумен ғана нәпсісіне берілген күйде күн кешіп жатқандар, ұлы пайғамбар келмей тұрған кездегі жәһилдік адамдарынан да үлкен жауапкершілік астында.

📚Теңдессіз тұлға хазірет Мұхаммед Мұстафа ﷺ
Осман Нұри Тобаш
Адам әлсіз кезде осал тұсын көреді. Кез келген адам ішінде бір "қылмыскер" бар.

Батыс елдерінде мынадай сөз бар екен: Егер күллі адамды абақтыға жапса, әрбірі өзінің қай қылмысы үшін қамалғанын білер еді.

#пәлсапағой
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тіс туралы қызықты деректер

Тіс біз туылмай жатып өсіп бастайды. Сүт тістер жүктіліктің екінші триместрінде, ал тұрақты тіс біз туғаннан кейін қалыптаса бастайды.

Тіс саусақ іздері сияқты дара болып келеді. Екі саусақ ізі бірдей болмайтыны сияқты, екі тіс бірдей болмайды. Осы бірегейлікке байланысты стоматологиялық жазба, кейде жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін жиі пайдаланылады.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
Пайғамбарымыз ‎ﷺ өзінің бір хадисінде былай дейді:

«Кім маған салауат жолдауды ұмытатын болса, жәннәтқа жетелер жолды таба алмай адасады».

(“Жәмиғ” Суюти)

@abylaikenzhaly
“Уа, Алла тағалам! Мінез-құлқымның және нәпсімнің жамандығынан Өзіңе сыйынамын”.

#бүгінгідұға
Жер бетін топан су басқалы жатқанда Нұх пайғамбар хайуанаттарға бір рет “кемеге мініңдер” деп еді, бірден міне қойды. Ал адамдарды 950 жыл бойы үгіттесе де кері кетіп суға батты. Сау түйсік — ауру ақылдан жақсы.

@dastan_kurmanbayev
Деуші едік: «қазақ емес «әу!» демеген»,
Не пайда иманы жоқ дәу денеден?
Өтпестей көрінгенмен өмір шолақ,
Тәуірсіп жүре бермей, тәубеңе кел.

Толмайтын құлқыныңа тығын сал да,
Көзді арбар дүниеге сұғың салма.
Құдайдың құрығынан құтылмайсың,
Сандыққа алтындатқан тығылсаң да.

Шайтандарға сенгенсің,
Нұрдан емес, жерденсің.
Дәурен сүру емес, сен
Сыналуға келгенсің.

Бір-ақ тамшы судансың,
Судан майда будансың.
Көну үшін тағдырға,
Өлу үшін туғансың.

Сауық тілеп сұранба,
Елікпе бос ұранға.
«Қазақтарға жеңілдік,
бар» демеген Құранда.

Серік Қалиев
Äîðîæêà 4
Serik Kaliev
Серік Қалиев

Сізде түнгі 00:00 дейін 900 минут уақыт бар. Соның 8 минутын осы аудионы тыңдауға арнай аласыз ба?!)

Мен бұны өтініп тұрмын🙂
Имам Ахмад:

Бір қорған, сырты күмістей аппақ, іші алтындай сап-сары, бір де бір тесігі жоқ, бір кезде ол бөлінді, сынды. Ішінен көретін, еститін хайуан шықты.

Бұл жерде Имам Ахмад (рахимахуллаһ) жұмыртқаға мысал келтіріп жатыр. Жұмыртқадай ғана нәрседен құс шығарғаны Жаратушының бар екендігіне дәлел.

📚 Шарх ақыйда ат-Тахаууия, имам Бабирти
“Мінсіздігіңді айтып Сені ұлықтаймыз. Мен өзіме кесір қылдым, кешіріміңді тілеймін”

(Әнбия сүресі, 87-аят).

#бүгінгідұға
Тіл үйрену бірден 3 қабілетті іске қосады.

1) Тіл қабілеті
2) Есту қабілеті
3) Зейін

Жалпы тіл үйрену кезінде(кез келгенін) 3 бағыт бойынша жұмыс жасау қажет.

1) Сөздік қор
2) Сөздерді қосу
3) Тіл ережесі

Бірақ бұлардың ішінде ең маңыздысы - сөздік қор.

Тек ережені түсіне беру жеткіліксіз, қолданатын сөзің болмаса.
Ал тек сөзді жалғай білу, ережесіз және сөздік қорсыз қиынға түседі.

Енді, сөздік қор. Бұл ешқайсысына бағынбайды десек те болады. Яғни көп сөз білу ойыңды түсіндіруге жетеді.

Мысалы⬇️

Шет ел адамы.

Қазақша "тамақ жеу" деген сөзді біледі. Бірақ оны түрлендіре алмайды. Бірақ, сізге келіп "Мен кеше тамақ жеу" десе сіз оның аш екенін түсінесіз.

Сөз жалғау мен ереже - сөздік қор мол болса, практика арқылы өзі-ақ сіңіп кетеді.

#Біліпжүр
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тоқтаусыз қозғалыс

Көз бір орында тұрған секілді болса да, ол үнемі микросаккада деп аталатын кішкентай еріксіз қозғалыстар жасайды.

Әр көздің қозғалысын 6 дана бұлшықет басқарады. Бұл бұлшықеттер бір бағытта дәл қозғалыс жасау үшін бір-бірімен үйлесімді жұмыс істейді.

Бұл қозғалыстар көру қабілетінің төмендеуін болдырмайды.

#махаббатпенжаратқанадамзатты
“Уа, Раббым! Маған даналықты нәсіп етіп, изгілердің қатарына қоса гөр!”

#бүгінгідұға

Жұма мүбәрак болсын!!
Құран тәрбиесі
Сура 18. Аль-Кахф
Файсал Ар-Рушуд
Керемет оқылған Кәһф сүресі❤️

Бүгін Жұма. Кәһф сүресін оқу сүннет амал.
“Уа, Раббым! Жәннатқа кіретіндей ізгі ісім жоқ, Жәһәннамға да шыдай алмаймын. Раббым Өзіңнен ғана пана тілеймін!”

(Яхиа ибн Муаз)

#бүгінгідұға
Раббым! Ол екеуі мені кішкентайымда тәрбиелегендей Сен де оларды мәрхаметіңе бөлей көр!

#бүгінгідұға