Сағат
610 subscribers
321 photos
138 videos
18 files
88 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
“Уа, Раббым! Бізге әрдайым Өзіңмен бірге болғанымыздай ләззат бере гөр”.

#Бүгінгідұға
Адамның екі дүние бақытына қол жеткізу үшін 4 қана игілік қажет:

1) Аллаға тіке бастар тура жол
2) Тура жолдағылардың алды болуы үшін - тақуалық
3) Тақуалық жеңіл болуы үшін барлық мінездің төресі - адамгершілік
4) Адамгершілігің айналаңа жұғуы үшін пейілдің кеңдігі қажет.

Осы төртеуін қамтыған бір дұғамен бөлісейін⬇️
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Арабша:

اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى، وَالتُّقَى، وَالْعَفَافَ، وَالْغِنَ
Оқылуы:

Аллаһумма инни әсәлукәл- һудә, уәт-туқо, уәл-аьфәфә, уәл-ғинә.

Мағынасы:

Аллаһым тура жолды, тақуалықты, адамгершілікті, көңіл байлығын нәсіп ет.
Шерхан Мұртазаның шешесі Айша хал үстінде жатқан кездегі Дошанай молда келіп дем салған кезі:


Айша көзін әрең ашып, Дошанайды таныды.
− На - ға - шы, – деді сыбырлап. Бір нәрсе айтқысы келді, бірақ молда:
− Сөйлеме, Айша, сөйлеме, – деп безілдеді. Жарықтық өзі жардай ірі кісі болса да, даусы жіңішке еді. Сөйтіп, тамырын ұстады. Ұзақ ұстады. Босатқан кезде, Айшаның қолы сылқ ете қалды. Құрмаш жылап жіберді, оны көріп Батырхан да аңырап жіберді. Дошанай ашуланып:
− Тәйт! Дыбыс шығарма,дұға оқимын, − деді. Содан соң біз білмейтін, біз түсінбейтін тілде, әдемі, әуезді үнмен бір сарнады дейсің. Сай-сүйегіңді сырқыратып, әрі елжіретіп әкеткендей әуезге басты.
Не дегені бізге түсініксіз. Бірақ жүрекке шым-шым еніп, шымырлатып барады. Үміт отын үрлеген бір жылы леп ескендей болады. Бірақ маған түсініксіз. Дошанай атам Айшаны ажалдан құтқармақ болып жанталасып бір Құдайға жалбарынып отыр ма, әлде... иман үйіріп отыр ма? Өйткені Айша қыбыр етпейді. Шыдай алмай, Айшаның қолына қолымды создым, білегі жылы сияқты.
Өзім молдадан қорықсам да сипап отырмын. Атама қарасам, көзінен жас шығып кеткен екен. Дүниені ұмытып, мүлде бөтен әлемде отырғандай. Тек үні зарлана, боздаған аруана тектес тартады.



📚 Ай мен Айша
Шерхан Мұртаза


Өмірінің соңына дейін Алладан үмітін үзбеген қазағым-ай 💔

#Ұлттықкод
“Уа, Аллаһ тағалам! Бізді һәм ата-аналарымызды оттан қорға. Бізді һәм ата-аналарымызды – ізгі жандармен бірге, таңдаулы Пайғамбарыңның құрметіне жәннатқа кіргіз”.

#Бүгінгідұға
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қысқа мерзімді жады - өте қысқа мерзімді😃

Сондықтан кейде айтқымыз келген нәрсені ұмытып кететін де жағдайлар болады🌀

Әйтпесе, оны сіз жаңа ғана айтпақшы едіңіз.

Өйткені, ми ақпараттың керегін, таңдамалы түрде есте сақтайды. Эмоциямен бекітілмеген ақпаратты ми 20-30 секундтан кейін ұмытып кетеді. Яғни ақпаратты басында жылдам қол жеткізу үшін қалдырады, бірақ содан кейін ресурс үнемдеу үшін оны жояды.

Мысалы, сандар мида орташа есеппен 7,3 секунд, ал әріптер 9,3 секунд сақталады.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
1️⃣ СЕРОТОНИН мен ТЕСТОСТЕРОН.
Дофамин - кайф алу гармоны.
Серотонин - бақыт гармоны Тестостерон - ер адамға тән гармон. Адам ретінде сабыр сақтап, мықты фокус үшін жұмыс жасауға екі гармонның маңызы зор.

Мынандай бір қарапайым экперимент бар.
Гориллалар да альфа самец, бета самец, самка деп 3 топқа бөлінеді.
Бета қызмет етеді, самка мен альфалар көбейеді.

Бір кезде ғалымдар Альфа самецтерді алып тастайды.
Бірақ, бета самецтерді альфа самецтердің орнын басып,
басқара ма деп ойласа, олай жасамайды екен.
Солардың қол астында жүріп үйреніп, тапсырма орындауға, айтқанын жасауға үйреніп қалғандықтан,
Самкалар альфа самецтердің орнына жүріп кетеді екен.

Ғалымдар осы парадоксты түсінбей, бета самецтерге серотонин гармонын береді.
Сөйтіп, бета самецтер альфаның орнына шығып кетеді. Серотониннің басқару қасиетіне әсері зор екенін түсінген боларсыз)

#гармондар

@mendegivaib
Биологтар ұзақ уақыт қабыландардың өз күшiктерiнiң аузынан тамақты тартып алып жейтiн әдеттерiн хайуани тағылық деп бағалап келген. Бiрақ кейiн мүлде басқа нәрсе анықталған. Қабыландардың балалары қомағай болғандықтан, сырттан бiреу тоқтатпаса, тойғандарын бiлмей, күптi болып өлiп қалады екен. Қабыланның өзi болса, генетикалық жад арқылы мұны жақсы бiледi. Сол себептi артығын жегiзбейдi.
Өмiрдiң барлық саласында – iшетiн тамақтан бастап, басқа қонған бақ-дәулетте де, бәсеке-тартыста да, нәпсiде де қомағайлық пен ынсапсыздыққа бой алдырып, қабыланның күшiгiндей қатерде тұрмыз. Қабыланның күшiгiн құтқаратын күштi табиғат күнi бұрын ойластырған. Ал адамды құтқаратын өзiнен басқа күш жоқ.

Төлен Әбдік "Парасат майданы"

@kitapuzindisi
“Кім таза ықыласпен Ислам жолында қызмет еткісі келсе, Жаратушы Жаббар Ие оны сол ниетіне жеткізсін”.

(Сәйид Абдулхаким Хусейни)

#Бүгінгідұға
Өз миыңызбен таныса отырыңыз))

Ми қалай жұмыс істейді?


Басымыздағы басты мүшеміздің қалай жұмыс істейтінін бір ауыз сөзбен түсіндіріп беру мүмкін емес. Егер өзімізден «Ми қалай жұмыс істейді?» деп сұрасақ – «Компьютер сияқты жұмыс істейді» деген сияқты жауап қайтаруымыз мүмкін. Бұған таңғалудың да қажеті жоқ, себебі біз технологиясы дамыған дәуірде өмір сүріп жатырмыз және миды компьютермен байланыстыруға әбден болады. 
Алайда біз компьютер мен мидың мәліметті қабылдап, сақтауына қатысты жұмыс ұстанымдарының іргелі ерекшеліктерін оңай ұмытамыз. Компьютер еске сақтауға бұйрық берілген мәліметті ғана сақтайды. Ал мидың нені еске сақтап, нені естен шығару керек екенін басқара алмаймыз және оның еске сақтау қабілетіне билік жүргізе алмаймыз. Сондықтан да сіз бір әншінің бірнеше жыл бұрын естіп алған әнінің мәтінін еске түсіре аласыз да, қазір ғана жаттап алған мәліметті ұмытып қаласыз. 


Ми естеліктерді қалай жасайды?


Миымыз бен компьютердің екінші іргелі ерекшелігі мәліметтің қалайша қабылданып, қалайша игерілетінінде. Өз басымызда компьютердегідей ерекше тәртіппен, өз орындарында сақталған арнайы мәліметі бар файлдарды елестету оңай. Бірақ біз мидағы бір архивті ашып, оның ішінен қажетті мәліметті алып жатырмыз деп ойласақ қатты қателескеніміз.
Ғылымның айтып отырғаны да сол, жады – бұл біздің миымыздағы нақты бір нүкте емес. Бұл түрлі аймақтарында сақталатын белсенді жұмыстың нәтижесі. Егер біз белгілі бір жағдайдан хабардар болсақ, ол миымыздың бір нүктесінде ғана сақталмайды, мидың түрлі жерлеріне таралып, шашылып кетеді.  
Сонымен қатар, мидың мүмкіндігі шектеулі және осы проблеманы шешу әзірше мүмкін болмай отыр. Ғалымдар «адам баласы бір дегенде мәліметтің бес-жеті үзігін ғана еске сақтай алады» дейді.

#IQ
Әрекетсіз дұға - садақсыз оқ, ал дұғасыз әрекет - оқсыз садақ.

📓 Садақшы
Пауло Коэльо
“Уа, Раббымыз! Жәһаннам азабының бетін бізден ары қылғайсың! Өйткені, оның азабы шеті-шегі жоқ жантөзгісіз азап. Расында, жәһаннам – неткен жаман жай, неткен жаман тұрақ еді!” (Фурқан: 65-66)

#Бүгінгідұға
Forwarded from Абылай Кенжалы (.)
Жоқтан бар етіп, сені сөйлеткен Алла, қиямет күні аяқ-қолыңды, көзіңді, күнә жасаған мекеніңді сөйлете алмайды дейсің бе?!

©️ Ізгілер сөзі
Керемет бір үзінді оқыған едім

"Садақ ағашындай икемді және жолында кездескен белгілерді түсіне алатын жандарға қосылыңыз. Бұл адамдар жойқын кедергімен немесе сәтті мүмкіндікпен бетпе-бет келгенде теңселместен бағытын өзгертеді. Олардың бойында судың қасиеті бар: олар жартасты айнала ағады; жолын арнаға айналдырып, өзен болады, кейде еңістегі ойпаң толғанға дейін көлгеде айналады, одан соң жолын қайта жалғастыра алады, өйткені су өзінің тағдыры теңіз екенін және - ерте ме, кеш пе - соған жетіп жығылуы тиіс екенін ешқашан ұмытпайды."

📓 Садақшы
Пауло Коэльо

⬆️ Керемет мысал емес пе?
Мұндай адамды іздеңіз демеймін. Сіз болыңызшы. Жер әлемдегі бүкіл адамның негізгі мақсаты - адам болып қалу. Бірақ бұл барлығының қолынан келе бермейді. Адамдық деген ұлы аманатты көтеріп берер адам аз бұл әлемде.

Ендеше сол аздардың қатарынан болайықшы. Алла бізге сол жолды жеңілдетсін. Амин

#Сағаттанхат
“Мінсіздігіңді айтып Сені ұлықтаймыз. Мен өзіме кесір қылдым, кешіріміңді тілеймін”

(Әнбия сүресі, 87-аят).

#Бүгінгідұға
Неліктен теңіз суын ішуге болмайды?

Теңіз суын көп тұтыну, ағзадағы тұздың артықшылығынан өлімге алып баруы мүмкін. Бұл факт рас, бірақ адам тек ғана теңіз суын ішетін болса.

1 литр теңіз суында орта есеппен 35г тұз бар, бұл ересек адам үшін күнделікті норма. 5 күннен кейін бүйректе тұздың көптігінен проблемалар басталады.

Бірақ, ол судан басқа балама болмаса, 3 күнде бір литрден аспайтын теңіз суын ішуге болады.

Бұрынғы ұзақ сапардағы теңізшілер бұл әдісті қолданған!!

#Біліпжүр
Соғыс кезі. Пәшира апаның Өскенбай деген ұлының соғыстан оралуы. Дошанай- Өскенбайдың әкесі:


Пәшира апамның маған сүйіншіге беретін несі бар? Өскенбай оны сезген болса керек.
Дошанай атам болса, екі калошын қоңылтаяқ киіп, көрші Өреке ауылында көкжөтел қысқан бір баланы емдеуге кеткен екен. Пәшира апам маған:
− Айналайын, Барсхан, Өрекеге барып, атаңды алып келе ғой, − деді. − Абайла, байғұс қуанғаннан кәрі жүрегі жарылып кетіп жүрмесін.
Кешке жұмыстан қайтқан қатын-қалаш, бала-шаға − бәрі Дошанай атамның үйіне жиналды. Ауыл аш отырса да, кәдімгідей той болды. Ай, шіркін, сондағы ауылдың бауырмалдығы-ай. Әркім үйінен барын алып келді: біреу құртын, біреу талқанын, біреу сүтін... Біледі ғой, Дошанай бозқасқа сойып тастамайтынын. Сояр еді − жоқ қой



📚Ай мен Айша
Шерхан Мұртаза



#Ұлттықкод
Инвестицияның плюстарын мейлінше түсіндіріп өттім. Каналға өтіп, ең азы оның не екенін түсініп алуға тырысыңыз. Мейлі менен, не басқадан үйренсеңіз де сізге бастапқы түсінік қалыптастыруға жеткілікті⬇️⬇️


https://t.me/+4pL4c4jT4e0zM2Ey
“Уа, Аллаһ тағалам! Мені Исламмен қауыштырғаннан кейін жан тапсырғанға дейін мені одан, оны менен айыра көрме”.

(Абдуллаһ ибн Омар)

#Бүгінгідұға
Forwarded from KOZKARAS
Жетімнің басынан сипаған алақан жер астында жатса да шірімейді. Адамзат әр алуан. Біреулер сипаса, біреулер сол басты жарғысы келіп тұрады. Дүние содан ала-құла.


📚 Ай мен Айша