Сағат
549 subscribers
321 photos
139 videos
18 files
88 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
​​Ми жұмысын жақсартудың 5 ережесі

Жалғасы...

3. Тынығу

Тынығып босаңсу тек денеге қатысты емес. Ми да тынығу керек. Зерттеулердің көбі анықтағандай, ұйқының дұрыс болмауы, дұрыс тынықпау есте сақтауды нашарлатады. Ал ұзаққа созылған күйзеліс оқу мен жаңа ортаға бейімделуді тежейді, - дейді Санджай Гупта.

Бір сөзбен айтқанда,  ми тынығу үшін дұрыс ұйықтау керек. Ол кемінде 7 сағат тынығуға кеңес береді. Сонда ми жұмысы да жақсара түседі. Бұл үшін мына кеңестерін ұстануды жөн санайды:

• Ұйықтар алдында кем дегенде 3 сағат бұрын тамақтану керек;

• Сағат 14:00-ден кейін құрамында кофеин бар сусындарды ішуге болмайды;

• Уақытылы жатып, уақытылы ояну керек;

• Ұйықтар алдында ыстық ванна қабылдау керек немесе кітап оқыған пайдалы;

• Жатын бөлме тыныш және қараңғы болғаны абзал.

4. Дұрыс тамақтану

Санджай Гупта "таңда патша, түсте ханзада, ал кешке қарапайым шаруа секілді тамақтан" деген қағиданы ұстанады. SHARP әдісін де қолданған жөн дейді.

S: қант мөлшерін азайту;

H: көбірек су ішу;

А: құрамында омега-3 мол тағамды көбірек жеу;

R: тамақ мөлшерін азайту;

P: тамақтануды алдын-ала жоспарлау;

5. Қарым-қатынаста болу

Қарым-қатынас жасау өмірді мәнді ете түседі. Мұны ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген. Нейрохирург өз сөзінде, өзгелермен қарым-қатынас жасау ми жұмысын жақсартатынын, когнитивті мүмкіндігі сақталатынын айтады.

Санджай Гупта біреумен қарым-қатынасты қайта қалпына келтіру, достармен жолығу, пікір алмасуға үндейді. Осы арқылы адам миы да тезірек жұмыс істеуге бейімделе бастайды.

Нейрохирург осы кеңестерді ұстануға, оларды өз жоспарыңа қосуға шақырады. Алдымен біреуіне баса мән бере бастаңыз. Миыңыз жаңа ережелерге қаншалықты тез үйреніп, өміріңіз қаншалықты өзгергеніне таң қалуыңыз мүмкін.

Ақпарат көзі: massaget.kz

#IQ
​​Мидың сіз білмейтін қызметтері

Оң жарты шар

Оң жарты шардың арқасында сіз қиялдау арқылы А аймағынан Б аймағына дейін еркін серуендей аласыз.
Оның атқаратын қызметтері мынандай:

• Кеңістік бағдарлау. Оң жарты шардың көмегімен сіз өзіңіздің тұрған аймағыңызды бағдарлай аласыз. Өзіңіздің ойыңызда карта сызуға мүмкіндігіңіз болады.

• Сөзсіз, іс-қимыл арқылы берілген ақпаратты өңдеу. Символдар, бөліктер мен түрлі қимылдарды қабылдап, оларды өз қажетімізге жарата аламыз.

• Метафора. Біз метафора, тұрақты тіркес, ауыспалы сөздерді естіген кезде сол күйінде қабылдамаймыз. Міне, сол қызметті оң жарты шар атқарады.

• Дыбыс. Тыңдау әрі оны рухани азыққа айналдыру қабілетін мидың екі жарты шары да атқарады.

• Эмоция. Дыбыс секілді бұл қызметке де екі жарты шар жауап береді. Дегенмен, оң жарты шардың үлесі көбірек.

• Қиял. Кез келген қиял әлеміне «Егер...» деген сөзден соң енеміз. Бұл сөзді естіген бойда немесе ойға алған сәтте миыңызды оң жарты шары белсенді түрде іске кіріседі.

• Арман. Армандай бастаған сәтіңізде миыңыздың оң бөлігі үздіксіз жұмыс жасайтынын ұмытпаңыз.

• Дененің сол бөлігін басқару. Біз сол қолымыз бен аяғымызды қимылдатқан сәтте біздің оң жарты шарымыз жақсы жұмыс жасайды. Амбидекстрия деп аталатын арнайы жаттығулар екі ми шарының жұмысын жеделдетуге арналған. Бұл кезде адам екі қолымен де бір уақытта жазып, сыза алады.

Сол жарты шар

• Адамның логикалық, ғылыми және қалыпты ойлауына жауапты мидың маңызды бөлігі. Сол жарты шар тілдің қабілеттеріне – жазу, сызу мен оқуға жауапты. Сонымен қатар, күн атауларын, уақытты, деректер мен адам есімдерін жаттап алуда септігін тигізеді.

• Математикалық қабілет. Логика, сараптама, статистика және математикалық мәселелердің шешімін оңай табатын болсаңыз миыңыздың  сол жарты шары жақсы жұмыс жасайды.

• Сөзді сол қалпында қабылдау. Метафораларды түсінуде қиындық туып жатса, демек, оң жарты шарыңызды дамыту керек.

• Дененің оң бөлігін басқару. Оң қолыңызды жиі көтеріп, қаламды оң қолыңызға ұстасаңыз, дәл қазіргі сәтте мидың сол жарты шары жұмыс жасап жатыр.


Ақпарат көзі: massaget.kz

#IQ
​​Ми қартаюын бәсеңдететін жеті әдіс анықталды


Швецияның Svenska Dagbladet ғылыми ұсыныстар негізінде мидың қартаюын бәсеңдетудің жеті әдісін атады.


1. Ғалымдар бірінші кезекте  көбірек жаттығу жасауға шақырады. Дене белсенділігі миға да пайдалы.

2. Мидың өмірін ұзарту үшін күніне 7 сағаттан астам ұйықтау қажет. Аз ұйқы 50-60 жылдан соң мидың қартаю қаупін арттырады.

3. Жақсы тамақтану да маңызды. Каролина институтының профессоры Мэй-Лис Хеленниус көбірек көкөністер, жемістер, жаңғақтар, цитрус, зәйтүн майы және балық жеуге кеңес береді.

4. Артық салмақтан арылу керек.

5.  Ішек микрофлорасына күтім жасау керек. Басылымның мәліметінше, ми мен іш құрылысы арасында тұрақты байланыс бар. Психикалық денсаулыққа қажет серотонин гормонының 90 пайызы ішекте, он пайызы мида пайда болады.

6.  Отбасы мүшелерімен жақсы қарым-қатынаста болу өте маңызды, өйткені отбасындағы атмосфераның жақсы болуы ми денсаулығына жақсы әсер етеді.

7. Ғалымдар сонымен бірге өмір бойы жаңа нәрселерді білуге ​​ұмтылу керек екенін айтады. Өйткені ізденіс мида жаңа жасушалардың пайда болуын қамтамасыз етеді.

Ақпарат көзі: massaget.kz

#IQ
Біздің миымыз ауырсынуды сезбейді

Біздің «дирижерде» ноцицепторлар жоқ. Бұл жұлынға зақымдану туралы сигнал жеткізетін нервтер.

Бас ауруы - бас сүйекті қоршап тұрған қан тамырлар мен нервтердің әрекеті бұзылуынан пайда болады.

#IQ
​​Есте сақтауды жақсартуға арналған жаттығулар

Америкалық ғалымдардың айтуынша, адам миы белсенділігінің шыңы 27 жасқа сай келеді. Бұл жастан кейін адам ми қатпарына аз күш түсіре бастайды және көптеген ақыл-ой процестері тежеледі.

Миды не үшін жаттықтыру керек және есте сақтауды жақсартатын қандай жаттығулар тиімді?

Жас ұлғая келе есте сақтау нашарлай түседі. Оның негізгі себептері мынадай:

- Уақыт өте мида және жүйке жүйесінде жүйке жасушаларының мөлшері азая береді, олардың арасындағы байланыс әлсірейді, соның себебінен атрофия (сему) дами бастайды;
- Мидағы кей бөліктер арасындағы байланыс үзіледі. Ағзаға оларды бір-бірімен үйлестіру қиынға соғады;
- Қан тамырлар қиналады: олардың қабырғалары қатты бола түседі және олар иілгіштігін жоғалтады. Ол склерозға әкеледі.

Егер жүйелі түрде миды жаттықтырса, жаңа нейрондық байланыстар саны арта түседі.
Есте сақтауды жақсартатын қандай жаттығулар бар?

Есте сақтаудың қай түрін жаттықтырғыңыз келсе де, кез келген зияткерлік күш салу ми белсенділігін арттырады. Ең қарапайым жаттығуларға мыналар жатады:

- Оймен санау. Ауызша санау қысқа мерзімді есте сақтауды жаттықтырады.
- 100-ден 1-ге дейін кейін қарай санау. Ол жаңа ақпаратты жаттауға жауап беретін жұмыс жадын дамытады.
- "Сөздер" ойынын ойнау. Қандай да бір сөздің соңғы әрпінен басталатын сөз ойлап тауып, ойынды жалғастыру керек. Сол кезде ми жүйке жасушаларының арасындағы "ұмытылып" қалған байланыстарды іске қосады.
- Түстерге мән беру. Күні бойы тек бір түсті заттарды байқайтындай етіп өзіңізге тапсырма беріңіз. Келесі күні басқа түсті таңдаңыз. Сол кезде зейін қою қабілетіңізді жаттықтырасыз.
- Шет тілін үйрену. Ғалымдар бірнеше тіл білетін адамдар Альцгеймер секілді аурулармен сирек ауыратынын анықтаған.
- Кітап оқу. Күніне бір сағаттан аз емес уақытты кітап оқуға арнаңыз: ол кезде мида жасушалар арасындағы жаңа байланыстар аумағы түзіле бастайды.
- Спортпен шұғылдану. Жай жүрістің өзі ми нашарлауын тоқтатуға көмектеседі. Ғалымдар, спортшылардың ми көлемі басқаларға қарағанда баяу кішірейетінін анықтаған.

Ақпарат көзі: massaget.kz

#IQ
​​ӘЙЕЛ МИЫНА ЭКСКУРСИЯ.

Өмірде әртүрлі ауруларды, ауыртпалықтарды әйелдер мен еркектердің әрқилы қабылдайтыны белгілі. Сезінуі, сезімдері де солай. Бұл неліктен?

Ғалымдар оған көптен бері нақты жауап іздеп келеді. Осы зерттеу барысында: «Мүмкін, әйелдер мен еркектердің жүрегі, миы әубаста бір-бірінен басқаша жаратылған шығар, соған байланысты әйелдер мен еркектер науқасты, әр түрлі жағдайларды әрқилы қабылдайтын болар?», – деп ой айтқандар да болған көрінеді. Тек әзірге ғалымдардың анықтағаны, көлемі мен құрылымы жағынан әйелдер миының еркектер миынан айырмашылығының бар екендігі.

Яғни, әйел миының салмағы ерлер миының салмағынан орташа алғанда (дене бітімі тәрізді) 10-15 пайызға кем. Алайда «Әйелдердің миы аз» деп қорытынды жасауға асықпаңыз. Өйткені, ақылдылық мидың салмағымен өлшенбейді.

Осы орайда американдық психиаторлар мен невропатологтардың пікіріне назар аударсақ, әйелдер миының нейроны мейлінше белсенді жұмыс істейді. Іс жүзінде қаншама жетілген деп саналғанымен, ерлер миының нейрондары белгілі бір аумақтарда ғана жұмыс істесе, әйелдер миының нейрондары әлдеқайда кең көлемді қамтиды. Оны ғалымдар әйел миындағы «сезімталдық» пен «ұғымталдық» (жарты шарлар арасындағы) байланыстың анағұрлым тығыздығынан деп түсіндіреді.

Әйелдер мен ерлер миының реакциясында да алшақтықтың көп екендігі анықталып отыр. Яғни, олардың реніш сезімдері бірдей көрінгенімен, әйелдің миына салмақ сегіз есе көп түседі. Және де әйелдер кез-келген сөзге ерлерден гөрі ерекше мән береді, тез аңғарады. Соған сәйкес, әйелдерге сөзбен жұмыс істеу, синонимдік сөздерді ойлап табу әлдеқайда жеңіл көрінеді. Бұл ерекшелік олардың миына зақым келгенде тез сауығуына көмектесетін болып шықты.

Ғалымдардың анықтауынша, әйелдің жүрегі де ерлердің жүрегіне қарағанда минутына 8-10 рет артық соғады, салмағы да 10-15 пайызға кем, дегенмен, ол соншалықты төзімді. Және оттегін 30 пайыз аз қабылдайды, 40 жасқа дейін 20 ер адам инфаркт алса, 40-қа толған бір-ақ әйел осы ауруға шалдыққан.

Ақылдылық шаштың құрамынан

Қазақта «Шашы ұзын, ақылы қысқа» деген мәтел бар. Әйелге арнап айтылған. Осы мәтел тілімізге үйірілгенінде, ұзындық пен қысқалық теңеу ретінде айтылған шығар деп ойлайтынбыз. Алайда ақылдылық пен шаштың арасындай байланыс бар болып шықты. Тек ақылдылық шаштың ұзындығынан емес, шаштың бай құрамынан екен. Мұны Париж университетінің ғалымдары анықтап отыр. Олар адамның ақылы мен интеллектуалдық қабілеті шаш құрамына байланысты деп тұжырымдайды. Мұндай қорытындыға келмес бұрын ғалымдар 2 мыңнан астам адамның шашына зерттеу жүргізіпті. Сөйтіп, интеллектуалдық қабілеті жоғары адамдардың шашында мырыш пен мыс құрамы жоғары болатынын біліпті. Бұл әрине, күнделікті қабылдайтын тағамға да байланысты болса керек. Одан туатын қорытынды: мыс пен мырышқа бай өнімдер адамның есте сақтау қабілетін жақсартады, ақыл-ойдың белсенділігін күшейтеді.

Ал, фин ғалымдары инфаркт алғандардың шашын зерттегенде, жүрек-қан тамыры ауруына ағзада селен микроэлементінің жетіспеуі себеп екендігін айтады. Мұның сыртында, ғалымдардың анықтауынша, адам шашы - проблемалар мен барлық жағымсыз ақпаратты сақтаушы. Сол себепті, ауырып, күйзеліп, ауыр жағдайларға душар болғаннан кейін шашты қысқартып, қиып тастаған дұрыс.

Ақпарат көзі: massaget.kz

#IQ
Ми жайлы деректерді ұсынамыз:

1. Ми ауыртпалықты сезбейді.

2. Ми адам мүшесінің ең майлы жері, мүшенің 60% майын құрайды.

3. Ақылдылық қызметіне жауап ретінде адамдар өмір бойы жаңа нейрондарды жасап шығарады.

4. Алкоголь нейрондардың арасын жалғайтын процеске кедергі жасайды. Сол үшін мас адам "дені дұрыс" нәрсе айтпайды))

5. Дауыстап оқу, кішкене баламен ұзақ сөйлесу мидың дамуына әсерін тигізеді.

6. Әр түрлі нейрондарға байланысты ақпараттар әр түрлі беріледі. Денедегі нейрондардың типіне байланысты ақпараттардың  ең баяуы 0,5 м/сек , ал жылдамы 120 м/сек болуы мүмкін.

7. Қуану, қорқу, бақыт, ұялу деген сезімдер адамға туа бітеді, тек тәрбие оны ары қарай қалай дамытатындығын көрсетеді.

8. Мидың сол жақ бөлігі оң жақ денені, мидың оң жақ бөлігі сол жақ денені басқарады.

#IQ
Әлемдегі ең керемет кинозал — ми. Бірақ сен оны тек кітап оқығанда ғана түсінесің.

Скотт Ридли


Кітаптың миға пайдасы өте көп.

Кітап оқығанда адам оқиға орнын, кейіпкер, салыстыруларды үнемі елестетіп отырады. Тиісінше мида үлкен жұмыстар жүріп, оның қабілеттерінің ашылуына үлкен пайда береді.

Ал видео, не кино арқылы адам ол секілді пайда алмайды. Себебі барлығы дайын. Әрі айқын.

#IQ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ми шаршайды ма?

Ия, тек оған басқа себеп бар. Ол дене секілді шаршамайды. Себебі, ми бұлшық ет емес.

Бұл мәселені түсіну үшін кейбір мәліметтерді түсіну керек👇🏻

Ми «энергия молекуласы» АТФ (аденозинтрифосфат) арқылы берілетін энергия есебінен жұмыс жасайды. Ол тек глюкозадан келеді.

Зияткерлік жұмыс кезінде ми АТФ-ты белсенді түрде жұмсайды және белгілі бір уақытта бұл заттың жеткізілуі азаяды.

Бірақ психикалық шаршау физикалық күш азайғаннан емес.
Ол зейінді жинақтай алмаудан, ⬅️соның кесірінен интеллектуалдық тапсырманы орындай алмайды.
Осы себепті ол шаршайды.

Ал зейінді тұрақсыз етуге сіздің қолыңыздағы әлеуметтік желі қазір "жақсы жұмыс" жасап жатыр.

#IQ
МИДЫ ЖАТТЫҚТЫРУ

Сөзжұмбақ шешу, өлең оқу, «қалалар» ойынын ойнау, т.б.

Миды жұмыс істеуге мәжбүрлей отырып, сіз психикалық деградацияны тежейсіз және сонымен бірге жүректің жұмысын, қан айналымын және жақсы қан айналым нәтижесінде зат алмасуды белсендіресіз.

#IQ
Ми жайлы қызықты деректер

1. Ақпарат ақырын 0,5 м/сек немесе жылдам 120 м/сек өңделе алады (шамамен 268 км/сағ).
2. Сергектік арқылы сіздің миыңыз 10-н 23 Вт энергия бөледі, бұл деген бір шамды қуаттандыруға тең
3. Мидың әр бөлігінің өз функциялары бар
4. Нью-Йорктегі миллион студенттерді түскі ас кезінде консервантсыз, бояғышсыз, хош иістендіргішсіз тамақпен тамақтандырғанда, олар зерттеуге қатыспаған студенттерге қарағанда IQ-н 14% жоғары нәтиже көрсетті.
5. Көп жылдар бойы ғалымдар құлақтағы шуды құлақтың механикалық функциясына байланысты деп ойлап келген, алайда ол мидың функциясына байланысты екен.
6. Әр кез сіздер жаңа ойды ойластырғанда, миыңызға жаңа іске қосасыз.
7. Хош иіс арқылы сақталатын естелік ең мықты эмоциялық байланыс болып табылады
8. Біз жыпылықтаған сайын, миымыз жұмыс істеп, заттарды жарық етіп ұстайды. Сол арқылы біз жыпылықтаған сайын әлем жарықтана түседі. (күніне, шамамен, 20 000 рет)
9. Күлкі оп-оңай шаруа емес, адам күлген кезде мидың бес бөлігі қозғалады.

#IQ
Мұнда әртүрлі түстермен жазылған сөздердің тізімі берілген. Бірінші сөзден бастап жазылған түсті дауыстап айтып бастаңыз. Соңына дейін жүріңіз, содан кейін кері қарай қайталаңыз. Бастапқыда бұл қиын болады, өйткені мәтін мен түсті қабылдауға мидың әртүрлі жарты шарлары жауап береді.

Пайдасы:

Альцгеймер ауруының алдын алу: жарты шарлар арасында жаңа байланыстарды орнатуға көмектеседі,
зейінді шоғырландыруды үйретеді.

#IQ
Ирлан ғалымдары:

«Ұмытшақтық – мидың қалыпты қызметі. Одан қорқудың қажеті жоқ. Керісінше, пайдалы тұстары көп»

Биологтардың айтуынша, ми жаңа ақпараттарды сақтау үшін өз-өзін жаңартып, ескі ақпараттарды жадтан өшіріп отырады. Бұл – мидың табиғи қызметі. Ми өзіне қажет емес ақпараттарды жою (ұмыту) арқылы барынша ұтымды шешім қабылдап, тығырықтан шығуға ұмтылады.

«Адамның миы жаман, ескі және қажет емес ақпаратты ұмытуға бейім. Кейде өзіне ыңғайсыз жайттар мен естеліктерді ұмыту арқылы көңіл-күйін тыныштандырады. Әдетте, ми жаңа ақпаратты есте сақтау үшін ескі ақпаратты өшіреді. Бұл – мидың үйрену, меңгеру қызметінің бір бөлігі», – деп түсіндіреді зерттеу жұмысының авторы Томас Райан (Tomas Ryan).

Зерттеушілердің айтуынша, ұмытшақтық – бүкіл адамға тән нәрсе. Көбінесе, қоршаған ортамен тұрақты байланыс ұстау үшін ми ұмыту процесін іске қосады. Бірақ ол нормадан ауытқымауы шарт. Ауытқыған жағдайда бұл белгілі бір аурудың не қартаюдың белгісі болуы мүмкін.

Ақпарат көзі : massaget.kz

#IQ
​​Миға теріс әсер беретін 10 фактор:

Бүгінше бесеу⬇️

1. Ұйқының қанбауы

Бәріне таныс бұл құбылыс елеулі мәселеге айналып барады. БДҰ-ның мәліметінше, соңғы 100 жылда адамзат ұйықтау уақытын орташа есеппен 20%-ға азайтқан. Ұйқысыздықтың салдарынан адам сергек күйінде мидың әр жері баяу ұйқы фазасына ауыса бастайды. Бұл уақытта адам бір нүктеге «қадалып» қалады, бытыраңқы жүреді, ұсақ моторикасы бұзылады. Ұдайы ұйқысыздық ми жасушаларының өлуіне әкеп соғады.

2. Таңғы ас ішпеу

Таңғы ас ішпеу адамның еңбекке қабілеттілігі мен күні бойғы тонусына кері әсер етеді. Бұл түсінікті жайт болып көрінуі мүмкін, алайда мұнда тек ағзаға қажетті қуат алу мәселесі ғана емес, таңғы асты ішпеу қандағы қант мөлшерін азайтады. Ал бұл өз кезегінде, миға нәрлі заттардың жетуін төмендетеді және қиындатады.

3. Артық қант мөлшері

Алдыңғы тармақта мидың өнімді жұмыс істеуі үшін тәттіні, әсіресе ащы шоколадты не үшін жеу керектігі түсіндірілді. Алайда ағзада қанттың шамадан тыс көп болуы ақуыз бен нәрлі заттарды сіңіруді қиындатады. Нәтижесінде қант деңгейі төмен болған жағдай қайталанады: нәрлі заттар миға жетпей қалады.

4. Стресс

Қатты психоэмоционалдық стресс нейрондар арасындағы арақатынасты ажыратып, жағдайлардың себеп-салдар байланысын және жүйелілігін түсінуді қиындатады. Бұл жүйке жүйенің қатты қозуы мен шарасыздық сезімін тудырады. Жиналып қалған стресс есте сақтауды қиындатып, интеллектуалдық мүмкіндіктерді төмендетеді.

5. Антидепрессанттар мен ұйықтататын дәрілер

Жақсы әсер ететін дәрі-дәрмекке жаппай құмар болу мәселесі әсіресе АҚШ-та өзекті, себебі мұндай дәрілерді сатып алу оңай. Ұйықтататын дәрілер мен ксанакс сияқты танымал антидепрессанттарды ішу есті амнезияға дейін нашарлатуы мүмкін, сонымен қатар жарымес етіп, суицидтік ойларға жетелеуі мүмкін. 

#IQ
​​Миға теріс әсер беретін 10 фактор

Жалғасы

6. Темекі шегу

Темекі шегудің ағзаға кері әсері жайлы әңгіме қозғалғанда, ең әуелі қарайған өкпе мен құрттаған тістерді елестетеміз. Дегенмен темекінің миға қалай әсер ететіні жайлы көп айтылмайды: никотин қан тамырларын тарылтады. Миға нәрлі заттарды жеткізбеу сияқты кері әсерімен қатар, бұл зиянды әдет Альцгеймер ауруына шалдығу қатерін бірнеше есеге арттырады. 

7. Күн

Адам ағзасына күн сәулесінің жетіспеуі адамның танымдық қасиеттеріне тікелей әсер етеді. Біріншіден, күн сәулесімен бірге алынатын ультракүлгін, қан айналымын реттейді, яғни оттегі мен нәрлі заттардың тасымалын. Екіншіден, күн сәулесі серотониннің – адамның көңіл күйіне әсер ететін гормонның бөлінуіне әсер етеді. 

8. Су

Ағзаға судың жетіспеуі ми көлемінің кішірейуіне әкеледі, ал бұл оның еңбекке қабілеттілігін төмендетеді және ақпаратты сақтай алу қабілетін нөлдік деңгейге дейін түсіреді. Күніне шамамен 2 литр су ішу ұсынылады. 

9. Шамадан тыс көп ақпарат

Жыл өткен сайын адам қабылдайтын ақпарат мөлшері өсіп келеді. Бұл миды жаттықтыру мен оны қалыпты деңгейде ұстап тұруға көмектесетін сияқты көрінеді. Бірақ шын мәнінде, шамадан тыс көп ақпаратқа ми қарсылықпен жауап береді. Ол ақпаратты мүлдем қабылдай алмай қалуы мүмкін, кейде тіпті көп нәрсе естен шығып кететін кездер болады. 

10. Бір мезетте көп ақпаратты қабылдау

Ақпараттық дәуірдің тағы бір дерті: адам бір мезетте бірнеше ақпаратты игеруге тырысады. Нәтижесінде, бірде біреуі лайықты түрде сіңірілмейді, ал ес осы режимге үйрене бастайды. Ақпарат атүсті қабылданады, екіншісіне ауыспай, біреуіне ғана ден қойып орындау күн өткен сайын қиындай түседі.

#IQ
Миға зиян келтіретін азықтар


Шекер: Шекердің керемет дәмін жоққа шығара алмаймыз. Бірақ денсаулық үшін шамадан тыс қолданудың өте зиянды екенін де ұмытпауымыз керек. Шамадан тыс шекер қолдану ми функцияларын тежейді. Жасалған зерттеулерде ми белсенділігін баяулататыны, есте сақтау қабілетін төмендететіні және адамды ақылсыздандыратыны анықталған.

Қаныққан майлар: Шамадан тыс қаныққан май тұтыну ми функцияларына зиян келтіреді. 6000 әйелге 4 жыл бойы жасалған зерттеудің нәтижесінде қаныққан май қолданғандардың есте сақтау қабілетінде төмендеу, ал зәйтүн майы сияқты пайдалы майларды қолданғандарда есте сақтау қабілетінің қуаттанғаны байқалды.

Чипс, пицца және басқа да ұн өнімдері: «Fast food»-тың балаларды ақылына кері әсер ететіні анықталған. Мидың дұрыс дамуы үшін балалардың жеген тағамдарына мән беру керек.

Көмірсуы тым төмен диета: Жасалған зерттеулер бойынша 22-55 жас аралығындағы көмірсу мөлшері тым төмендетілген емдәм (диета) ұстаған әйелдерде түсіну, анализ жасау қабілетінің төмендегені байқалды. Бүкіл көмірсулар зиянды емес.

Тұзды тағамдар: Жүрекке зияндылығы белгілі болған тұзды тағамдар миға да зиянды болады. Зерттеулер жоғары мөлшерде натрий тұтынылымының мидың мәліметті қорытуына зиян беретінін көрсетеді.

Қуырылған тағамдар: Қуырылған тағамдардың Альцгеймер, Паркисон сияқты неврологиялық аурулардың қоздырғышы болатыны байқалды.

#IQ