Жарық дүниеге келгеніме екі-үш ай болғанда, шешем мені күн көзіне шығарып, Иман атамның алдына әкеліпті. Атам ерте көктем алдында ағаш отырғызып жүр екен.
- Атасының қолын ұзартып, қолғабыс беруге келді, - депті шешем ізетпен иіліп.
Атам еміреніп, мені алақанына алыпты. Қолыма жас бұтақ ұстатып:
Құрық деп берсем, құл болма,
Шыбық деп берсем, шіл болма.
Бәрінен де, шырағым
Баяны жоқ ұл болма, - деп келініне мені қайтарып берген екен.
Атасымен алғашқы дидарласуының құрметіне деп, алғашқы өсиет өмірлік өнеге болсын деп, әкем сол күні кешке мал сойып, ауыл ақсақалдарының басын қайта қосыпты.
📓"Ұшқан ұя"
Бауыржан Момышұлы
Бала тәрбиесіне қазақ ежелден ерекше көңіл бөлген. Бұл үзінді соны тағы бір мәрте дәлелдей түскендей. Былай қарасақ, Бауыржан ол кезде ес білмейтін бала болды. Анасының бұл әрекетінде риясыз ниет пен даналық жатыр деп ойлаймын. Бала бұл жағдайды ақылмен ұқпаса да түйсікпен түсінеді. Ғалымдардың айтуы бойынша ана бала емізіп отырып теледидар қараса, көрген жарнаманың өзі, баланың санасынан орын алады.
Онымен қоса анасы осы әрекет арқылы атасынан бата алды. Ал бата ол - дұға. Мүминнің мүминге еткен дұғасы қайтарылмайтын дұға. Ақсақалдардың басын қосып,тамақ беруі де үлкенді құрметтеудің бір көрінісі деп білемін...
#Ұлттықкод

Каналда өзгеріс бар!!
Әуелден каналда өз ойымды жиі айта бермеймін деп сөз еткен едім. Әлі де сол ұстанымды ұстауға тырысамын. Мейлінше, аз болса да пайдалы ақпарат жіберсем деймін.
Каналда екінші админ пайда болды.
Есімі Ерасыл.
Сіздер үшін қазақтың өмірі мен дәстүріндегі даналығын паш етпек үшін #Ұлттықкод хэштегімен жазба салып отырады.
Себеп те бар. Жалпы біз еліктеуге құмартып тұрамыз. Әсіресе біздің буын.
Біздегі мақсат
Басқа ұлт бұл қазақтың руханиятына мұқтаж болмаса, анық қазақ өзгенің қаңсығына еш мұқтаж емес!!!
Осыны көрсету ғана.

Каналдағы екінші админ аты Ерасыл деп таныстырған едім.
Енді ол жүргізетін каналмен бөлісейін⬇️
#Ұлттықкод жазбаларын көбірек оқығыңыз келсе, тіркеліп алыңыз
@kozkarasdep