Сағат
550 subscribers
321 photos
139 videos
18 files
88 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
Тіл үйрену бірден 3 қабілетті іске қосады.

1) Тіл қабілеті
2) Есту қабілеті
3) Зейін

Жалпы тіл үйрену кезінде(кез келгенін) 3 бағыт бойынша жұмыс жасау қажет.

1) Сөздік қор
2) Сөздерді қосу
3) Тіл ережесі

Бірақ бұлардың ішінде ең маңыздысы - сөздік қор.

Тек ережені түсіне беру жеткіліксіз, қолданатын сөзің болмаса.
Ал тек сөзді жалғай білу, ережесіз және сөздік қорсыз қиынға түседі.

Енді, сөздік қор. Бұл ешқайсысына бағынбайды десек те болады. Яғни көп сөз білу ойыңды түсіндіруге жетеді.

Мысалы⬇️

Шет ел адамы.

Қазақша "тамақ жеу" деген сөзді біледі. Бірақ оны түрлендіре алмайды. Бірақ, сізге келіп "Мен кеше тамақ жеу" десе сіз оның аш екенін түсінесіз.

Сөз жалғау мен ереже - сөздік қор мол болса, практика арқылы өзі-ақ сіңіп кетеді.

#Біліпжүр