Сағат
549 subscribers
321 photos
139 videos
18 files
88 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
Өз миыңызбен таныса отырыңыз))

Ми қалай жұмыс істейді?


Басымыздағы басты мүшеміздің қалай жұмыс істейтінін бір ауыз сөзбен түсіндіріп беру мүмкін емес. Егер өзімізден «Ми қалай жұмыс істейді?» деп сұрасақ – «Компьютер сияқты жұмыс істейді» деген сияқты жауап қайтаруымыз мүмкін. Бұған таңғалудың да қажеті жоқ, себебі біз технологиясы дамыған дәуірде өмір сүріп жатырмыз және миды компьютермен байланыстыруға әбден болады. 
Алайда біз компьютер мен мидың мәліметті қабылдап, сақтауына қатысты жұмыс ұстанымдарының іргелі ерекшеліктерін оңай ұмытамыз. Компьютер еске сақтауға бұйрық берілген мәліметті ғана сақтайды. Ал мидың нені еске сақтап, нені естен шығару керек екенін басқара алмаймыз және оның еске сақтау қабілетіне билік жүргізе алмаймыз. Сондықтан да сіз бір әншінің бірнеше жыл бұрын естіп алған әнінің мәтінін еске түсіре аласыз да, қазір ғана жаттап алған мәліметті ұмытып қаласыз. 


Ми естеліктерді қалай жасайды?


Миымыз бен компьютердің екінші іргелі ерекшелігі мәліметтің қалайша қабылданып, қалайша игерілетінінде. Өз басымызда компьютердегідей ерекше тәртіппен, өз орындарында сақталған арнайы мәліметі бар файлдарды елестету оңай. Бірақ біз мидағы бір архивті ашып, оның ішінен қажетті мәліметті алып жатырмыз деп ойласақ қатты қателескеніміз.
Ғылымның айтып отырғаны да сол, жады – бұл біздің миымыздағы нақты бір нүкте емес. Бұл түрлі аймақтарында сақталатын белсенді жұмыстың нәтижесі. Егер біз белгілі бір жағдайдан хабардар болсақ, ол миымыздың бір нүктесінде ғана сақталмайды, мидың түрлі жерлеріне таралып, шашылып кетеді.  
Сонымен қатар, мидың мүмкіндігі шектеулі және осы проблеманы шешу әзірше мүмкін болмай отыр. Ғалымдар «адам баласы бір дегенде мәліметтің бес-жеті үзігін ғана еске сақтай алады» дейді.

#IQ
Ми жайлы 18 мәлімет

1) Біз мидың 10%-ын ғана пайдаланамыз деген мәлімет бар. Бұл жалған ақпарат. Өйткені, мидағы артық жасушалар өздігінен өледі.
2) Ми – екі жарты шардан тұрады. Сол жақтағы жарты шар – ойлау және сөйлеу, ал оң жақ – эмоция және интуция үшін жауап береді.
3) IQ деңгейі ең жоғары мемлекет – Жапония.
4) Оның энергиясы электрлі шамды жағуға жеткілікті.
5) Адамның миында 85 миллиард жүйке жасушасы болады. Бірақ олардың көпшілігі бала кезімізде жойылады. Мида тек қана пайдалы нейрондар ғана қалады.
6) Физикалық белсенділік – оттегі мен глюкозанын миға жеткізілуіне ықпалын тигізеді. Сондықтан, спортпен айналысыңыз.
7) Ол дене массасының 3%-ын ғана алады, бірақ оттегінің 20%-ны тұтынады.
8) Ұялы телефонды жиі пайдалану, мидың қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін.
9) Оның салмағы – 1200-1400 грамм.
10) Адамның ақылды болуы, мидың салмағына байланысты болмайды.
11) Асқазанда «екінші ми» бар, ол біздің көңіл-күйімізді және тәбетімізді басқарады.
12) Ми – ұйқы уақытында белсенді жұмыс істейді.
13) Май – жүрекке зиянды, ал ми үшін пайдалы. Бұл мүше 60%-ға майдан тұрады.
14) Адамның бір тәуліктегі ойларының саны – 70000-ға дейін барады.
15) Адам мас болған кезде, оның есте сақтау қабілеті төмендейді.
16) Зерттеуге сәйкес, есінеу – миды оятуға көмектеседі.
17) Бұл ойлау мүшесі, 2-11 жас аралығында жылдам дамиды.
18)Өнімділігін арттыру үшін, қажетті мөлшерде су ішу ұсынылады.

Ақпарат көзі:faktiler.kz

#IQ
Ми🧠 жайлы қызықты 10 дерек

Адамзаттың ойлау қабілеті, саналы іс-әрекеті тікелей миға байланысты. Сан мың жұлдызы сәуле шашқан ғарыш пен ми өздерінің күрделілігі жағынан бір-бірінен кем түспейді. Қабілет-қарымы, мүмкіндігінің шексіздігіне байланысты ми ғалымдардың өздерін де әлі күнге таңғалдырып келеді.

1) Ми біздің жалпы салмағымыздың бар-жоғы екі-ақ пайызын құрайды. Бірақ оның қан тарататын мыңдаған талшықтары ағзамыздағы оттегінің жиырма пайызын пайдаланады. Тіпті аш болған сәтіміздің өзінде де, ми ағзамыздағы қоректік заттардың көптеген мөлшерін тұтынады екен. Қажетті мөлшерде тамақтанбаған бала салмағының 50 пайызын жоғалтса, ал ми өз салмағының тек 15 пайызын ғана жоғалтады екен.

2) Ми ешқашанда ұйықтамайды. Біз қалың ұйқыға батқанда миымыз тыным табады деген қате пікір екен. Ғалымдардың айтуы бойынша күндізгі уақыттан ғөрі түн кезінде мидың жұмыс істеу жиілігі артады.

3) Адам білімпаз болған сайын оның ауруға шалдығу мүмкіндігі азая түседі. Интеллектуалды белсенділік, ауру ткандердінің орнын басатын, қосымша ткандердің бөлінуіне ат салысады.

4) Осы күнге дейін істеп көрмеген жұмыстармен шұғылдану – мидың дамуына әсер ететін ең жақсы тәсіл. Өзіңізден инттелект бойынша асып түсетін адаммен әңгімелесу де мидың өсуіне көп ықпалын тигізеді.

5) Үнемі Құдайға сыйыну – дем алу жиілігін кемітіп, ағзаның өз-өзін емдеуге көмектесетін мидың толқуын бәсеңдетеді. Дәрігерге діндар адамдар басқаларға қарағанда 36%-ға сирек барады екен.

6) Миға әйелдердің әңгімесінен гөрі еркектердің әңгімесін қабылду жеңілірек келеді екен. Себебі адам дауысы мидың әр бөлігіне әр түрлі әсер етеді. Әйелдердің дауысы жіңішке, баяу әрі әуезді түрде шыққандықтан оны түсіну үшін ми өзінің қосымша ресурстарын пайдаланады .

7) Ми денеден кеш оянады. Адам ерте ояна салып жұмыс істегенмен миының жұмыс істеу көрсеткіші төмен болады. Сондықтан да дене бұлшық еттеріне пайдалы таңғы жаттығулардан бөлек миды да жаттықтыру қажет. Мысалға ояна салып теледидар көргеннен газет журнал оқып, кроссворд шешкен ми үшін пайдалы екен.

8) Ер адамдардың миы әйелдерге қарағанда үлкен. Сондай –ақ ғалымдардың анықтауынша ауыру сезімдерін еркектер мен әйелдердің миы әртүрлі қабылдайды екен.

9) Үш жасар балада жүйке жасушалары ересек адамға қарағанда 3 есе көп. Егер сәбидің мүмкіндігін толығымен пайдаланбаса , жасы келе пайдаланылмаған жасушалар өледі. Сондықтан ерте кезден бастап балаларды белсенді түрде оқуға үйрету керек.

10) Адам миы 75% судан тұрады. Оның қалыпты жұмыс істеуі үшін ағза суды жеткілікті мөлшерде қабылдауы керек. Алькогольді ішімдіктерді ішкен кезде нейрондар арасында байланыс әлсірейді.

Дайындаған Бибігүл Жандарбекқызы

Ақпарат көзі: abai.kz

#IQ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Дофамин - мотивацияның негізгі көзі

Дофамин - мидағы нейротрансмиттер, ол біздің көптеген сезімдерімізге жауап береді. Махаббат, бауыр басу, ләззат және т.б.

Бұл⬆️ сезімдердің пайда болуына дофамин ықпал етеді. Сол үшін дофамин бөлінгенде ми оны "пайдалы іс" үшін сыйлық ретінде қабылдайды.

Сондықтан, біз дәмдірек тамақ іздеп, карьера қуып, лайықты деп тапқан адаммен араласқымыз келеді🧠

#IQ
Есте сақтау қабілетін дамытудың ерекше жолы

Есте сақтау жады– бұл біздің миымыздағы нақты бір нүкте емес. Бұл мидың түрлі аймақтарында сақталатын белсенді жұмыстың нәтижесі. Егер біз белгілі бір жағдайдан хабардар болсақ, ол миымыздың бір нүктесінде ғана сақталмайды, мидың түрлі жерлеріне таралып, шашылып кетеді.  

Ғалымдар «адам баласы бір дегенде мәліметтің бес-жеті үзігін ғана еске сақтай алады» дейді.

Есте сақтау қабілеті басқарылмаса, оны дамыту үшін жаттығу түрі көп. Соның бірі, мүмкін ең тиімдісі

Ұйқы алдында жатып, күніңізді кері айналдырыңыз. Қазір жатсаңыз, дәл сол сәттен кері қарай барлық сәтті өткізіңіз.

Мысалы:
Төсеконың алдын ас үйге бардымсу іштім(қандай ыдыс екенін де еске түсіре беріңіз)Сабақ қарадымүйаялдама автобус(әрі қарай)

Ұйқыға кетемін дегенше жалғастыра бересіз.

Дәл осылай, бір күні кептелісте көзге ілінген көліктің нөмірі есіңізге түседі. Ал бұл екінің бірі есте сақтай алатын бейне емес.

Бір өкініштісі, бұл телефонды ұйықтап кетемін дегенше ұстайтындарға тиімсіз😃

#IQ
Ми жұмысын жақсартыңыз

Ғалымдардың айтуынша адамдар миының аз мүмкіндігін ғана қолданады екен. Ал күнделікті бір жұмысты орындап, бірсарынды өмір сүрсеңіз, миыңыз тіпті дамымай қалады. Ми ауруларының алдын алып, ақыл мен есті дамыту жолдары бар екен. Сонымен, миды қалай жаттықтыруға болады?

1.Жұмбақтар мен есептер шығарыңыз.

2. Амбидекстрия қасиетін дамытыңыз. Қолданбайтын "жалқау" қолыңызды пайдалануға дағдыланыңыз. Мысалға, оңқай болсаңыз, сол қолыңызды оңнан кем емес қолдануға тырысыңыз. Басында компьютер тышқаның ұстау деген секілді қарапайым жаттығумен бастаңыз.

3. Оптикалық иллюзия көрініс тапқан суреттерді бақылап көріңіз.

4. Сезім мүшелеріңізді шектеңіз. Мысалы, көзіңізді байлап тамақтаныңыз, не күнделікті үйдегі шаруаларды істеп жүргенде құлағыңызға мақта салып қойыңыз. 

5. Бір қарағанда байланысы жоқ мәселелерді байланыстыра біліңіз.

6. Пернетақтаны бірнеше тілде басып үйреніңіз.

7. Қарапайым нәрсенің жаңа қолданысын іздеп көріңіз. Мысалы кәдімгі шегенің қанша қолданысын ұсынар едіңіз?

#IQ